М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


арасында өз ісінің шын шебері, мәселен, би



Pdf көрінісі
бет160/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

арасында өз ісінің шын шебері, мәселен, би, 
ақын, зергер, т.с.с. табиғат сыйлаған дарын – 
өнерін басқа біреуге ақ батасы арқылы мирас 
етіп қалдыра алады деген сенім кең таралған» 
– дейді. М. Ғабдуллиннің еңбегінде тұрмыс-салтқа 
байланысты туған шығармалар деп бөлінеді де, 
бірақ бата туралы айтылмайды. Бұл да Кеңес 
дәуірінің әсерінен болған жайт сияқты. Мәшһүр-
Жүсіп ауыз әдебиетінің бір түрі батаны да, 
қарғысты да жазып алып қағазға түсіріп кеткен. 
Өзі де көптеген бата берген. Бата кейде афоризмге 
жақындайды. Кейде нақыл сөздер айтылады. 
Өлеңмен айтылса лирикалық жанрға жуық келеді. 
Қара сөз үлгісі шешендік сөздерге жақындайды. 
Айшықтаудың (фигураның) бір түрі арнау – сөз 
тіркестерін әдеттегі қарапайым сөздермен емес, 
өзгеше дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі 
басқарақ ораммен, айрықша айшықпен, сөздерге 
ерекше леп, екпін, тыныс беріп тыңдаушыға айтар 
ойын әсерлі жеткізу. Бата осы жағынан арнауға 
жуықтайды. Батаның бойында синкреттік бар. 
Батаны жарлай арнауға да жатқызуға болады. Бата 
бір адамға беріліп отырғанымен, кейде қатысып 
отыратын жалпы жұртқа да арналады. Осы жағынан 
бата басқашалау жанрға жатады. Әрбір тарихи 
дәуір әр түрлі жанрдың негізін сақтай тұра, оның 
табиғатына өзгерістер енгізе алады. Бұл – жанрдың 
ұлттық сипатына тығыз байланысты. Демек, бата 
– афоризмдік арнау жанрына жатады. Батада Ізден 
абыздың Боштай атасы Тұрсынбайға айтқан сөзі Тақ 
Сүлейменнің құмырсқаға сөйлескенін нақыл қылып 
айтады да артынан: 
Аққу азса, қанатын суға бөлер (бұлар), 
Құлан азса, тұяғын құмға бөлер (бұлар).
Хакім азса, сұмдығы жұртқа тиер,
Артынан көп кешікпей жұрты бүлер (бүлінер)!
– деп, ел тағдырын, жұрт тағдырын ойлаған келелі 
ой айтылады. Мінекей, батаның айтылар ойы тек 
қана бір адамның ауқымынан шығып, күллі халық 
қамын ойлап айтылатыны да бар. Бата көбіне 
метафорадан тұрады [31, б.75, 48, 49, б.21, 38-75]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет