М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



Pdf көрінісі
бет162/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

«Жеке бір деректер» – бес бөліктен тұрады. 
Үшінші: Бұл да тарихи‑эпикалық әңгіме 
жанрына жатады. Бәсентиін – Апайбөрі-Құдяр 
қажы Құнанбаймен сапарлас болып, көп жасаған 
екен. Сол сияқты Құнанбай Алтай-Ешмұхаммед 
қажыны да жолдастыққа алған. Ал, Сұлтан қожаны 
Егізек-Жанайдар жолдастыққа алған. Олармен 
бірге Атығай-Қожахмет қажы сапарлас болған 
екен. Арғыннан екі кісі білікті болып қажы атанған: 
бірі – Орманшы Хасен қажы, екіншісі – Тоқал 
Арғын Есмұхаммед Бұқардан барыпты. Осының 
ішінде Мәшһүр-Жүсіп «Первый человек – Адам 
ата топырақтан жаратылды. 1499-ыншыда 
Әбілқайыр немересі Шейбани хан Әмір-Темір 
нәсілінен-Бұхара, Смарқанды алып» – деп жазыпты. 
Одан әрі бәйбіше балалары – Қозыбақ – Матай. 
Тоқалынан – үш баланы таратады. «Баянаулада 
Басшілік қыстаған «Төлеш жұрты» – деген жер аты 
бар. Қарабұжыр – Төлеш батыр, оның үлкен ұлы 
– Тайсары – Қыстауы-Аяқшілік» – деп аяқталады 
[32, б.214-215]. 
«Жеті жетім» – 4 тармақты, 7 шумақты өлең. 
Лирикалық жанр. Силлабикалық өлең өлшеміндегі 
ең шешуші нәрсе – буын: ырғақ пен шумақ, тармақ 
пен бунақ. Өлең жолын талдап көрелік:
/Барады/ /ғұмыр өтіп/ /күн – күн санап/ (10)
/Жолында// ғылым – Сарыф// еттім талап/ (12)
Екі жолда үш бунақ бар, алғашқы бунақта үш 
буында, басқа бунақтары төрт буыннан түзіліп тұр. 
Бір жерге мешітті қойса салып, - а
Жамағат оқымаса, оған барып. - а
Жалғанда сондай ғазиз босқа тұрса,- а 
Дүниеде не болады онан ғарып?! - б 
Аралас ұйқасқа құрылған өлең шумағы. Қ. 
Жұмалиев ұйқастың сегіз түрін атап өткен еді. 
Халықтың жетімсіреп тұрғаны «Жеті жетімі»: 
бірінші – мешіт салу, екінші – намаз оқымау
үшінші – мешіттің бос тұруы, төртінші – құр ғана 
дүние жинау, бесінші – жақсы қатын алу, алтыншы 
ғалымдардың ішіндегі наданы кезіксе, жетінші 
– құран оқылмаса мінекей, осы – мәселелерді 
Мәшһүр-Жүсіп өлеңіне арқау еткен [3, б.141]. 
«Ағадай» – Кіші жүздің ұраны. Тарихи-
эпикалық жәдігер. Көтерген тақырыбы «Кіші 
жүздің» ұрандары, олардан тараған ұрпақтар 
туралы. Шежіренің құндылығы сонда, онда 
жазылған Кіші жүздің тарихын білуге болады, әр 
рудың ұрандарын да білуге болатыны. Кіші жүз үш 
бөлімге бөлінеді: Әлім, Әлімұлы, Байұлы. Бұлардың 
үшеуі бірігіп «Алшын» – деп аталады екен. 
Немесе: «Үш Алшын» деп сөйленеді. «Жеті ру» – 
мыналар: Тама, Табын, Керделі, Керейт, Рамадан, 
Жағалбайлы, Тілеу. Кіші жүз ішіндегі «Жеті рудан» 
Керделі: Оның ұраны – Қожахмет. Таманыкі – 
Қарабура. Табындікі – Тостаған. Жағалбайдікі – 
Елди-ей, бөлди-ей. Әлім алты ата одан бөлінетін 
Тілеу ұраны – Арғымақ. «Жеті ру»: Керейт ұраны 
– Ақсақал. Байұлы он екі ата Беріш ұраны – Ағадай. 
Адай ұраны – Адай. Ысық ұраны – Бәйтерек. Алаша 
ұраны – Байбарақ. Масқар ұраны – Қаратай. Тана 
ұраны – Тана. Байбақты ұраны – Дәуқара. Алшын 
мен Жаппас ұраны – Баймұрат. Қызылқұрт ұраны 
– Жиенбай. Әлімұлында мынандай ұрандар бар: 
Кете ұраны – Майлыбай, Шөмекей ұраны – Дәуіт 
(Дуите). Шекті ұраны – Бақтыбай, Қарасақал ұраны 
– Алдияр. Мәтіннің соңында: Асан қайғы, Қазтуған, 
Орақ, Мамай, Телағыс, Шора, Едіге пәледен 


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет