М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет171/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   190
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Шоқан Уәлиханов Н. Г. Чернышевскиймен 
бетпе-бет кездескеннен кейін: «Чернышевский 
қандай ғажап адам еді, ол тек қана орыс халқының 
емес, басқа халықтардың да тұрмыс жағдайын, 
өмірін тамаша білетін кісі екен. Онымен сөйлесіп 
танысқан соң Россиясыз құритынымызға көзім 
жетті; орыс халқынан қол үзу – ағарту ісінен 
қол үзу екенін әбден ұқтым. Орыс халқынсыз 
біз баяғы жүгенсіз билейтін деспотизм мен 
қараңғылық басқан тек қана азиялық ел боламыз 
да қаламыз, одан басқа ешкім бола да алмаймыз. 
Чернышевский – біздің нағыз досымыз», деп 
тұжырым тауып айтқан болатын.
Шіркін, Шоқан көреген ғой! Ол: «Ағайын түгел 
болса ат көп, абысын түгел болса ас көп»; «алтау ала 
болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі 
келеді», «бірлік болмай, тірлік болмайды»; «жалғыз 
ағаш – үй болмас, жалғыз жігіт – би болмас», «ер 
елімен мықты, емен жерімен мықты»; «азамат 
елден ажыраса – мәнсіз болар, Антей жерден 
ажыраса - әлсіз болар» демекші осындай данышпан 
қағидаларды бойына түгел жинаған адам! Ол өзінің 
тағы үшін өспеген, азғантай елінің бағы үшін өскен 
азамат, сондықтан да өзіңнің табан тіреріңнен, арқа 
сүйеріңнен, күш қосарыңнан айрылма, ажырама, - 
деп кесіп айтқан ғой.
Ш. Уәлиханов орыс мәдениетін, сол арқылы 
Батыс Европа мәдениетін де терең ұғынған ғалым. 
Сонымен қатар оның назарынан шығыс әдебиетінің 
тұрлаулы туындылары да тысқары қалмағандай.
Шоқан грек-рим елінің мифологиясын да, 
алдыңғы араб Шығысының, Иранның әдебиет-
мәдениетін, Қиыр Шығыстағы монғол мәдениетін 
де жақсы білген ғалым. Доржи Банзаров оған көп 
ой салған. Арабтың «Мың бір түн» атты ертегісін, 
Иранның «Шахнаме» эпосын, монғолдың тіпті 
діни көзқарастарын да сарқа білген жан. Осының 
бәрі құрғақ сөз емес, Шоқанның өз еңбегінде анық 
айтылған.
Қырғыз елінің даңқты көне эпосы «Манасты» 
Шоқан тұңғыш рет «Дала Илиадасы» деп атаса, осы 
эпостың жалғасы «Сәметейді» қырғыз «Одиссеясы» 
деп бағалаған. Осыған қарағанда Шоқан орыс 
әдебиеті мен Батыс Европа әдебиетінің ықпалын 
бойына сіңірген, содан ғана нәр алған ғалым емес, 
сонымен қатар ол классикалық шығыс-грек пен рим 
халқындағы көне мұралардың да негіздерін жақсы 
ұққан, олардың ішіндегі күрделі ойларды Европаға 
таратушы ірі ғалым екені айқын көрінеді.
Махамбет Өтемісов, Шоқан Уәлихановтардың 
саналы салтын әрі қарай іске асыруға белсене 
кіріскен Ыбырай Алтынсарин болды. Ол
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының 
жарқырап көрінген ойшыл демократ-ағартушысы 
еді. Ыбырай Алтынсарин өзінің бар өмірін қазақ 
даласында мектеп ашып, қараңғылықта жатқан ауыл 
балаларын тәрбиелеуге, оқытуға арнады. Қазақ еліне 
орыс халқының озат мәдениетін үйретіп, балаларын 
орысша оқытты, екі елдің арасына дәнекер болып, 
табыстырып, таныстыра түсті. 
Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы «Киргизская 
хрестоматия» және «Начальное руководство к 
обучению киргизов (казахов) русскому языку» 
деген екі кітап жазып шығарды. Орынбордағы 
орысша-қырғызша мектепті бітіргеннен кейін 
Ыбырай Алтынсарин Қазан университетінің 
профессоры Н.И. Ильминский, шығыстану 
ғылымын зерттеуші В.В. Катаринский, статс-
советник А.А. Бобровников, орыс-қырғыз 
(қазақ) мектебінің мұғалімдері В.Д. Соколов 
пен А.А. Мазохин тәрізді сол кездегі орыс 
интеллигенттерімен тығыз байланысып отырды. 
Қазақ елінен шыққан көрнекті азаматтардың 
бірі және өз халқының тұңғыш ағартушысы 
Ыбырай Алтынсарин көзқарасының түп негізі 
еңбекшіл қара бұқараның мұң-мүддесін жоқтайтын 
демократиялық идеология еді. Ол өз жұртының өте 
бай ауыз әдебиетін толық білді, екінші жағынан 
өскелең орыс халқының мәдениетінен үлгі алды. 
Үшінші жағынан Шығыс елдерінде орныққан 
мәдениеттің прогрессивтік бағытынан да құр 
алақан емес еді. Осы үш арнадан шыңдалып шыққан 
Ыбырай Алтынсарин мәдениет майданында 
жоғары сатыға аяқ басты.
Ыбырай Алтынсарин ең алдымен, өрлеп өсіп 
келе жатқан орыс халқының мәдениетін терең 
меңгеруге кірісті. Өзінің көшпелі елін отырықшы 
етіп, қала салып, мектеп ашып, мәдениетке жетуге 
баулыды. «Ол екі кластық орысша-қырғызша төрт 
училище, бір қолөнер училищесін, бір әйелдер 
училищесін, болыс-болысқа таратып бес училище, 
қоныс аударған орыс шаруаларының балаларына 
арнап орысша екі училище ашқан болатын».
Осы мектеп ашылғанда, Қазан университетінің 
профессоры Н.И. Ильминскийге Ыбырай 
Алтынсариннің жазған бір хатын келтіре кетелік: 
«Николай Иванович!.. 8-го января совершилось 
давно ожидаемое мною открытие школы, и 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
158


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет