М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ Жан жек көрер ... «пақыр»- десе,
«Кадалфуыр әлі әлкіфір», - мұны білсе,
«Қырып алшы кәләмі алшы !» -деген сөз бар,
Несіне оның мәз боласың «кәпір» - десе?!
Кімнің кәпір болғаның көрді көзін,
Дұрыс қой: «Аят жазба !» -деген сөзің
Өлең айтқан бәрі де, надан болса
Сен де - өлеңші, байқасан , надан өзін !
Өлең сойыл, өлеңші ұры болса,
Өзін де санды ұрының болдың бірі,
«Өлеңмен аят жазба деген сөзің дұрыс қой»,-
дей отырып, өзінің де өлең жазатынын, сөйтіп,
санды надандардың қатарына өзі де қосылатынын
ашып айтады, ал одан әрі «Өлең-сойыл, өлеңші-
ұры» болса, сен де санды ұрының бірісің дегенді
алға тартады.
Осы айтыста Мәшһүр Жүсіп Ғалыны бір
рет болсын ақын деп атамайды. Өлеңші дегенді
қатарынан екі рет айту арқылы оның сөз асылын
парықтай алмайтын, ел кезген өлеңші екенін
есіне салады. Сол сияқты молдалығы да күмән
тудырады. Шала молда дінбұзар екенін :
Япырым-ау, шыға қалдың қайдан, Ғалы?
Бізбенен үміт қылдың ойланғалы, – деу арқылы
астарлы жеткізгені байқалады.
Төлеуге Айдаболға келіп тұрмын ... Кезінде қазақтың аса көрнекті ақыны,
филология ғылымының докторы, профессор Әбділда
Тәжібаев: «Қазақ зиялыларының ішінде Мәшһүр
Жүсіп Көпеевті білмейтіндер жоқ шығар. Әрі ақын,
әрі ақылгөй жан ұлы Абайға ілесе шықты да осы
даналықты ұстаздың ағартушылық жолын берік
ұстады, ақындық мұратын да өзіне мұрат етті...»
Турашыл болып тұра айтқаны ақты қара, қараны
ақ демегені үшін ел билеушілерге жақпаған. Бұл
ретте тартқан азабы да аз емес деп пікір түйіндеген
екен. Оның бұл сөзіне Мәшһүр Жүсіптің Шабдар
атпен айтысы толық дәлел болатындай.Осы орайда
Мәшһүр Жүсіптің өзі жинақтаған қазақтың ауыз
әдебиеті үлгілері арасында жануарлар мен өлі мен
тірінің айтысы аз кездеспейді. Бір сөзбен адамдар
халықпен бірге жасасып келе жатқаны көпке үлгі.
Солардың бізге белгілілерінің біріне тоқтала кетейік .
Мал иесі:
Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба ?
Биылғы жыл соғымға сояйын ба?
Биылғы жыл соғымға сойып алып,
Танабайға жаяңды қояйын ба?
Сонда сиыры :
Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,
Қу шолақты соялық дескеніңде .
Қу шолақты соғымға сойып алып,
Бүржекейлеп көрермін көшкеніңді,
- дейді. Өзара айтысушы мал иесі де,оның сиыры да
бірін-бір қыжыртумен, қорқытып үркітумен болады.
Езуге күлкі үйіргенімен ойлантып толғантпайды.
Оқиғаның негізгі тіні белгісіз болып қалады. Әзілге
құрылғаны байқалады. Ал Мәшһүр Жүсіптің
Шабдар атпен айтысы бірден-ақ Мәшһүрдің :
Сен, шабдар, қай жағымнан келдің маған,
Кім ығыр ғып осынша мінген саған?
Арқа- басын ошақтай жауыр болған,
Мал сықылды түрін жоқ, сиқын жаман.
деген сауал тастап.
Шабдар аттың атынан
«Келдің,- деп , айыптама мені қайдан ?»
Шыққан жоқ жергілікті малды байдан .
Төлеуге Айдаболға келіп тұрмын,
Көк тақым қандыбалақ ұлы Алтайдан,
деген жауап береді. Сол жауап арқылы көп
нәрсенің беті ашылып, мәні аңғарылады. Енді оған
ақын аяушылықпен қай көзі ашылмағыр оңбаған
ит сені соншама жерден сүйретіп алып келген деген
сауал қояды.
Шабдар аттың айтысынан бір қолдан бір
қолға өтіп, ақыры кісісі өлген күйінішті үйге
тап болғанын сол жерден әйтеуір өлген кісі
мінбейді деп расходына байлап жібергенін айтады.
Осы орайда оқырманға түсінікті болу үшін
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларының 1-
томында түсініктер бөлімінде берілген Жолмұрат
Жүсіпұлының деректеріне аз- кем тоқталайық.
Жолмұраттың жазысына қарағанда,
Айдаболдың мал қозы руынан - Исламбек қажы,
өзі ертерек қайтыс болған. Қолындағы кіші ұлы
Исламбектің татар дәмі таусылған тұста Мәшһүр
Жүсіп қажының бәйбішесі Айбибіге көңіл айту
үшін қаралы үйге ат басын тірейді. Қайтарында
Мәшһүрдің арбасының жетегіне өзі арық, арқасы
жауыр бір шабдар дөнен байлайды. Айтыс сол
шабдар дөнен мен Мәшһүрдің арасында өрбиді.
Мәшһүр шабдар атпен айтысу арқылы оның қайдан
шыққаны, бұл халге қалай тап болғанын жоғарыда
баяндап өттік. Онан әрі Мәшһүр Жүсіп :
Мінген сені желіп шапқан екен,
Арқанды ошақтай ғып баққан екен,- деу
арқылы малға қыры, ең бастысы аяушылығы жоқ
жаның ақыры.