М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ Мінбейтін, түспейтұғын молдадағы,
Өлікке байлап орын тапқан екен,- кекесінді әжуа
да осында. «Молдадағы өлікке байладық» дегенді
желеу етіп, қаралы үйдің дәулетін талан- таражға
салып, арсыздыққа салынған дүниеқоңыздар да
осында.Олардың аты-жөндері, істеген қиянаттарын
салу арқылы ұтқырлық танытқан. Расходына 15
қара шығарылған солардың кімге қалай бөлінгенін
шабдар ат былай баяндайды:
... Өлік өлсе белгілі Біләл – басы,
Талап атты ағайын кәрі-жасы .
«Басым көп, менен артық кәріп (ғарып) жоқ деп,
Бір атын алған Байбек, өз ағасы.
Ал расходқа шығарылған малды үлестіруші
Қожахмет пен Асқар олардың кім екенін:
Аттан тайлық, тайыншадан қойлық алып,
Жоқ орнынан болмашы нәсіп терген жандар
– деген сөз айқындап тұр.
Оған жырдың келесі тармақтары әбден куәлік
ететіндей :
Қожахмет Кейкіге айтқан оңаша алып,
Саған бір тай байлаттым бедел салып,
Өзіме арзан сатып кетіңіз деп қиылады,
Алаяқты алаяқ, сұмды сұм
Сүлікше сорған заман келбеті бұл ішкі есеп,
арамзалықтан біріне -бірі көш ілгері екенін:
Тай қолына тиген соң мойын бұрмай ,
Түк бермей кеткен Кейкі жер соқтырып.
Тіпті «уәде құдай аты» - делінетін қанатты
қағида . Оны да қойшы, өлген кісінің мал- мүлкін
талап алып, мұны жұртқа құдай жолы, шариғат
талабы ретінде түсіндіру нағыз имансыздық емес пе?
Ұлы Абай өзінің «Отыз алтыншы сөзінде»:
«Пайғамбарымыз салалаһу ғалайһи уәсәләмнің
хадис шарифінде айтыпты. «Мен лә хаяһун уәлә
иманһун ләһу » - деп, яғни кімнің ұяты жоқ
болса,оның иманы да жоқ»,- деген.
Мұнан әрі Абай сол ұяттың екі түрлі болатынын
айтады. «Біреуі – ондай қылық өзінен шықпай-ақ
бір бөтен адамнан шыққанын көргенде сен ұялып
кетесің. Мәшһүр де шабдар аттың зары мен мұңына
қаныққаннан кейін, Абайша айтқанда, шариғатқа
теріс, ақылға теріс, бойға теріс өзгелердің ісінен
ұялып, Шабдар аттың жалына қағазға жазған
өлеңін мықтап байлап жөніне жібереді.
Досым Омаров өзінің «Абайтану» атты
кітабында: озық ойлы, турашыл Абай енді елдің
тыныс-тіршілігіне сын көзбен қарай бастайды.
Тұрмысы жүдеу қалың елдің көрген тауқыметі,
қара ниетті адамдардың оларға көрсетіп отырған
тауқыметі, қара ниетті адамдардың оларға көрсетіп
отырған зорлық-зомбылығы Абайды терең ойға
қалдырады... Кедей-кепшік , әлсіздерге қамқор
болу қамын ойлайды.
Осы пікір ұлы Абайдың ізін ала шыққан
қазақтың ірі ойшылы, ақын Мәшһүр Жүсіп
Көпеевке де қатысты айтылғандай көрінеді.
Өйткені Абайдың да, Мәшһүрдің де қазақтың
жалпақ тілімен айтқанда, «илегендері бір терінің
пұшпағы» - демекші көксеген арман-мұраттары
қазақты надандықтың темір құрсауынан алып
шығып, қараңғылықтың қою бұлтын сейілту, атар
таның жақындату ғой.