М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ тұрғыдан қатты керегі – өнегелі тағдыр-тарих,
кенеулі тағылым-ғибрат болуы да тәнті етеді.
Біз сол себептен де осы бірінші томның
соңындағы түсініктерде берілген мынадай
мағлұматтарға жүгіне кетуді де орынды санаймыз:
«Екібастұз тұрғыны, 1928 жылы туған еңбек
ардагері Манабаев Сағат ақсақалдың айтуынша,
Исабектің түп-тегі – қожа, кезінде әулиелігімен
жұрт назарын аударған адам. Ел аузынан естіп,
бізге жеткізген Сағат ақсақал әңгімесін де оқырман
назарына ұсынғанды жөн көрдік: «Жазғытұрым
Шідерті өзені тасып жатқан кез. Өзен жағасында
ол кезде тал болған. Соның түбіне келіп, өзеннен
өткенде су болмас үшін, ішінде Исабек ишан бар,
біраз адамдар сырт киімдерін шеше бастайды. Сол
кезде тал арасынан ұрылар шыға келген:
– Андағы киімдеріңді, көліктеріңді
қалдырыңдар да, өздерің жүре беріңдер! – деген.
Исабектің жолдасы тұрып айтады:
– Біздікін алсаң да, мына жігітке
тиіспе! Бұл – жаңа шығып келе жатқан
керемет иесі!
Сонда ұрылардың біреуі айтты:
– Ә у л и е б о л с а , а н а ұ ш ы п к е ле
ж а т қ а н а л т ы а қ қ у ды а л ды м а ә к е л і п
қондырсын!
Сонда Исабек отыра қап дұға оқиды да, алты
аққу төмендеп, қаңқылдап әлгі ұрының алдына
келіп қонады. Сонда ұры:
– Біз жаңылдық, шырағым. Сен атыңды
бермей-ақ қой. Сен бізден ал! Талдың ар жағында
олжамыз бар. Ал!
– Жоқ, рақмет, бізді өзеннен өткізіп жіберсең
болды.
Олар көмектесіп, бұлар өзеннен өтеді. Біраз
жер ұзағасын жанындағы жолдастарына Исабек
айтады:
– Мен бір қателік жібердім-ау! – дейді.
– Сіз ешқандай қателік жіберген жоқсыз.
«Алты аққуды түсір», – деді, түсірдіңіз. «Олжадан
ал!» – деді, алмадыңыз. Сонда Исабек:
– С е н д е р б і л м е д і ң д е р ! К ү н д е р д і ң
к ү н і н д е м е н і ң ұ р п а ғ ы м н ы ң б і р і
тұтқында болады-ау! Мен алты аққуды
тұтқын еттім ғой. Байлап кеттім-ау! –
дейді. Содан айтқандайын, 1937 жылы Исабектің
бір ұрпағы түрмеге түскенде сол сөз еске алынды.
Исабек қайтар жолда өзенге таяу бір жерге
таяғын шаншады:
– К ү н д е р д і ң к ү н і н д е о с ы
ж е р г е м е н і ң ү р і м - б ұ т а ғ ы м қ о н ы с
тебеді! – дейді.
Исакеңнің ұрпақтары қазір сол жерде тұрады.
Ол «Талды ұжымы” деп аталады. Екібастұз
ауданына қарайды. Екібастұз қаласынан 60
шақырым.
Мен бұл әңгімені сол жердің тұрғын адамы
Ахметов Мәкен деген кісіден естідім. Ол кісі
қазір дүние салған. Жасы ұлғайған кісі. Руы –
Қанжығалы. Оның ішінде – Сары. Сөз білетін адам,
бір кезде колхоз бастығы болған».
Көріп отырсыз, келтірілген мына деректердің
өзі керемет. Тірлікте нақ осылай болды ма,
болмады ма, әрине, оған бүгін куәлік жасау қиын.
Десек те ақын бұлай тегін жырлап отырған жоқ.
Аңыз да ақиқатқа тамыр тартса, сол кездегі халық
иманды, діни көсемін соншалықты әулие тұтқанын
айтпағанда, жырда келтірілген дерек-мәліметтер
бекер емес.