М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



Pdf көрінісі
бет123/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

МӘШҺҮР ЖҮСІП ҰРПАҚТАРЫ
М. РАХМЕТОВ 
Баянауыл ауданының ақсақалдар алқасының төрағасы 


119
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Айналасы 3-4 жылдың ішінде Мәшекең туралы 
бірталай мақаласы жарық көрді. Бір тоға қақ-
соқпен жұмысы жоқ асыл азамат Тәуелсіздік 
берген осы мүмкіндікті ерекше бағалайтын, жаза 
түскісі келетін. Тек ажал, шіркін, оның бұл асыл 
арманын толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді, 
әйтседе оның есімі ел есінде «алғашқы Мәшһүр 
Жүсіп танушы» ретінде сақталатынына күмән жоқ. 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
120
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Поэзиядағы азаматтық әуен туралы қазір 
сауатты адамдардың аузынан, зиялы қауымның 
ортасында жиі айтылатын сөз. Бірақ аталмыш 
ой-ұғым – халықтың мақалы емес, әйтпесе 
әдебиетімізден ойып орын алған үлкен тұлғаның 
мәйекті лебізі де емес. Кейінгі кездері зиялы қауым 
арасында мойындалған қанатты сөз. Бәлкім, оның 
алғаш айтқан авторы да болған шығар. Бірақ 
гәп – онда да емес, осы бір сөздің орайлы ақиқат 
екендігінде. Батыста әдебиет – әдебиет үшін, өнер 
– өнер үшін деген бағыттар бұрыннан кездеседі. 
Біздің қазақ әдебиетінде мұндай тамыры таяз, 
сыңаржақ бағыт, тек байлар мен бағландардың 
көңілінен шығып, соларға қызмет қылғаны белгілі. 
Бұқараға жат ақындық иелері орысқа бодандыққа 
дейін де, кешегі кеңес кезеңінде де кездеспегені 
мәлім. Еліміз егемендігін алған бүгінгі таңда 
мүлдем мұндайдың ұшқыны жоқ, бәлкім алдағы 
уақытта да ұшыраспайтын болар. Себебі бағзы 
замандардан-ақ, тіпті қазақ жаратылған шақтан-
ақ халқымыз өлеңді ермек, өнерді тек көңіл 
көтеру құралы деп қарамаған. Ақиқаты: қазақ 
үшін қашанда өлең – өмір. Өмір – өлең. Қазақ 
поэзиясы өзінің даму арнасында заман озған сайын 
жаңашылдыққа бет түзей бастады. 
Ұлы Абайдың:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең , 
– деп айтуы, міне, сондықтан десек қателеспейміз. 
Әрине, бұл жерде өлең деген ұғымның өзі синкреттік 
бітімде екенін, сөздің әннен, әуеннен бөлек тұрмай, 
бірлікте танылатынын айта кеткеніміз абзал. Нақ 
осы себептен де поэзияның қазақ халқы өмірінде 
кеше де, бүгін де аса маңызды рөл атқарғанын, 
оның қашанда қоғамдық-әлеуметтік сипатта 
болғанын, ал азаматтық әуен, рух – жалпы қазақ 
поэзиясының әрқашан күретамыры, негізгі өзегі, 
алтын арқауы болғаны шындық екені ешқандай 
дәлел тілемесе керек.
Туған әдебиетімізде өзіндік орны бар белгілі 
шайырларымыздың бірі – ХIХ ғасырдың екінші 
жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде 
өмір сүріп, қазақ жазба поэзиясының дамуына 
үлкен үлес қосқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. 
Сонымен бірге оның ауыз әдебиетінің үлгілерін 
жинаушы, фольклортанушы, тарихшы, этнограф, 
педагог болғаны баршаға мәлім. Құдай берген 
қабілеті жан-жақты, ескіше де, жаңаша да хат 
таныған ағартушы ақынның өз басы өнегесіне қоса 
қалың халыққа өнер-білім шашып, мұның үстіне 
өзі өмір сүрген кездегі ел өміріндегі өзгерістерге, 
елеулі оқиғалар мен жаңалықтарға, жақсылықтар 
мен жамандықтарға дер кезінде үн қатып, өлең 
тілімен паш етіп отырғаны көзі тірісінде-ақ оның 
атын әйгілі етті. Сондықтан болар ол көп ақынның 
бірі, жай ақын Жүсіп болып қалмай, Мәшһүр 
Жүсіп атанды. Міне, осының өзі-ақ оның жас бала 
шағынан ақындық өнерді киелі деп біліп, қадірлеп, 
бұл реттегі әрбір қадамға жауапкершілікпен 
қарағанын аңғартады. Оның ақын ретінде 
әрбір айтқаны, жасаған әрбір іс-әрекеті ғана 
емес, ақын ретінде жазған әрбір шығармасы 
көпшілік көңілінен шығып отырғаны белгілі. 
Мұның өзі оның ұсақ, жеке бас қамын күйттеген, 
тақырыбы тар, отбасы қамынан артылмаған 
дарынсыз, кішкентай өлеңші емес, ә дегеннен-ақ 
әлеуметтік көкейкесті мәселелерді көтере білген, 
көркемдікпен жеткізе алған азамат ақын болғанын 
байқатады. Міне, осындай азаматтық бітім, дәлірек 
айтқанда, осындай көзқарас, позиция, концепция 
ғана ақынды қазақ даласының шартарабына 
әйгілі етіп, одан ел билеушілері ығатын, патша 
шенеуніктері қорқатын ақынға айналдырса 
керек. Мәшһүр Жүсіпті кеңес өкіметі де құшақ 
жайып қарсы ала қойған жоқ. Мұның өзі оның 
кейінірек халық жақсы танып, дақпыртын естіп 
емес, қандай кісі екенін дәл біліп, әдебиеттегі 
төл орнын иемденуіне кедергі жасағаны анық. 
ӘОЖ 821.512.122.+821.512.161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет