М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет125/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
сол үшін жауапкершілік мойынға жүктелсе керек. 
Ал, мұндай асқаралы міндеттерді орындау тіпті 
де оңай емес. Ақынның азаматтығы көпті оятып, 
қауымды жарқын болашақ үшін қимыл-әрекетке 
жұмылдырар жемісті еңбексіз, белсенді күрессіз, 
қара қылды қақ жарған әділдіксіз, шындықты 
қаймықпай бетке тура айтар, тура айтып қана 
қоймай, іске жедел асырар батылдық, батырлықсыз 
жүзеге аспайды. 
Жоғарыда айтылғандар абзал адамдықтың, 
азамат ақындықтың, халық перзенті, елдің Ері 
болудың шын да шынайы өлшемдері болса, шайыр 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өзі, сөзі – алуан 
шығармалары осынау үлкен талап-міндеттерге 
қалай және қаншалықты жауап береді деген сауалға 
жауап іздейміз. Бұл үшін, әрине, алдымен ақынның 
не жазғанын, қандай тақырыптарды қозғағанын, 
оларды қаншалықты көркемдікпен игеріп, қазақ 
әдебиетіне қандай үлес қосып, қаншалық азаматтық 
танытқанын – өз кезіндегі елі мен жері жаңарып, 
халқы оянып, өсіп-өзгеруі үшін, яғни заманына 
лайықтылық танытып, келешегін кемелдендіруі 
үшін қаншалықты сөзімен көмектесе алғанын 
саралап, зерттеп, талдап-таразылауды жөн санадық. 
Ақындықпен ұйқыдағы алашын серпілту, 
қоғалысқа түсіру, ел болу үшін күреске жұмылдыру, 
сөзімен замандастарының көзін ашып, көңілін ояту, 
басқа озық елдердің қатарына қосылуға бастау, 
өзінен көп бұрын көш бастап, халқын қамшылап, 
қазақтың бас ақынына, сөз көсеміне айналған 
Абайдың жолын жалғастыру, Абай бастаған іске 
үлес қосу – Мәшһүр Жүсіптің алдында тұрған ұлы 
да ұлағатты міндеттер болатын. Рас, бастапқы кезде 
– жасөспірім шағында-ақ өлең жолына түсіп, өнерін 
көпке таныта бастаған Мәшһүр Жүсіп бірден анық 
Ақын, үлкен Ақын бола алған жоқ. Ол әуелгі кезде 
жай төреші болу, көргенін көргеніндей етіп қағазға 
түсіру, сырт бақылаушыдай бағамдап-баяндау, 
тек ақ-қараны ажырату деңгейінен көтеріле алмап 
еді. Әрине, оның бұл өлеңдерінде де ғибрат, 
насихат, өмір көріністерін көрсету кездесетін. 
Кейде келелі кеңес, озық ой, көркем кестелер 
де молынан ұшырасатыны бар. Алайда біздің 
іздеп отырғанымыз – қоғамды сілку, алаштық, 
азаматтық мақсат-мүддеге ойысу, өзі күн кешкен 
қоғам, табиғат кескіндерін бедерлеу деңгейінде 
қалып қоймай, келешекке бет бұру болғандықтан 
ғана бұларды осылай қабылдайтынымыз өзінен өзі 
түсінікті болса керек. 
Ақынның төл поэзиясы топталған кітаптары 
– 20 томдық шығармалар жинағының, негізінен, 
1-томы мен 4-томы. Осындағы ақынның жазылуы 
жөнінен бізге мәлім тұңғыш өлеңі – «Исабек 
ишан». Ол 1871 жылы қағазға түсіріліпті. Бәлкім, 
осы томдықтарда Мәшһүр Жүсіптің бұдан да 
бұрын жазылған туындылары бар шығар. Алайда 
соңында дүниеге келген жылы көрсетілмегендіктен 
олардың қайсысы бұрынырақ жазылғанын білу 
қиын. Аталмыш алғашқы жыр былай басталады:
Бісмілла, сөз бастайын асыл тектен,
Түскендей асыл еді-ау аспан көктен! 
Керуендей бұл дүниеге аз күн қонып,
Пәниден жақсы, жаман – бәрі де өткен.
Бір жұрнақ заттан шыққан асыл еді,
Қара түгіл қожадан асып еді.
Әркімнің өз заманына дегендейін,
Тақсырдың шарапаты басым еді.
Өзі – ишан жұрт бастаған, заты –қожа, 
Сейітзада нәсілі сондай таза.
Әр түрлі қасиеті еске түсіп,
Қайғымен қапаланып болдым наза.
Егер Жүсіп ақынның тырнақалды туындысы 
осы болса, оның басталуының өзі – біз келтіріп 
отырған үш шумақтың өзі разы етпей ме? Құйылып 
тұрған қазақтың дәстүрлі қара өлеңі. Есептеп 
қарасақ, бұл кезде – Жүсіп бар-жоғы 13 жаста. 
Бүгінгі күн көзқарасымен алғанда, әлі мектептің 
орталау буынын бітірмеген, көжесін жылап ішіп 
жүрген бала. Бірақ ХІХ ғасырдың қалыбы бөлек 
жосығы басқа. Сондықтан ол осындай өлең жазған. 
Дәлірегі – жаза алған. Ұзақ өлең. Әрі жақсы 
туынды. Ал мұның өзі жасөспірім Жүсіптің тым 
таланттылығын, шайырлықтағы қадамын шынайы 
бастағандығын байқатып қана қоймайды. Сол 
кездегі қазақ өмірінің өз мүшелеріне – ер балалар 
мен қыз балаларға да қатаң талап қойып, тез 
ержеткізіп, бойжеткізетінін де байқататындай. 
«Он үште – отау иесі» деген сөз-пайым – тек 
мақал ғана емес, сол уақыттағы өмір шындығы, 
тіршілік талабы. Бұл кезде адам баласы бірінші 
мүшелге толып, ғұмырдың тұңғыш бел-белесіне 
көтеріледі. Демек, қазақтың мүшелдік жыл 
санауы жай ғана даналық қасиет-тұжырым емес, 


123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет