М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет126/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
табиғаттың заңдылығына – адамның биологиялық-
физиологиялық тұрғыдан да пісіп жетілуіне де дөп 
келетін шығар. Міне, осы тұңғыш мүшелінде Жүсіп 
ақындық тұрғыдан да адамдық-азаматтықтың 
алғашқы сатысына шығып үлгерген түрі бар. 
Осындай екі жақсы себеп-салдардың жемісі де 
шығар, жас автор-шайыр тұңғыш өлеңінде-ақ ХІХ 
ғасырдың үшінші ширегіндегі Арқа өмірінен, қазақ 
халқының ахуалынан, рухани күй-кеспірінен де 
жақсы хабардар етеді.
Бұл жырдың шекесіне «жоқтау» деп қойылған. 
Бұдан кейін осы өлеңде кейіпкер ишанның бейнесі 
еске түсірілетіні, жақсы пенде, зор дін басшысы 
болғандықтан лайықты мақталатыны даусыз.
Жасынан-ақ халыққа пірлік қылған,
Хақлық болса, бас тартпай ерлік қылған.
Нәсілінен сайып келіп әулиелік,
Келгенде отыз беске пірлік қылған. 
Пір болып кереметлі жұрт бастаған, 
Заманында өзінен жан аспаған.
«Мен, мен» деген ишандар «тақсыр-ай» деп, 
Ешбірі хылап тауып таласпаған. 
Шариғаттың жолынан адаспаған,
Дін тұтпаған наданға жанаспаған.
Қырмызы қызыл жібек сықылданып,
Қай мінезі бар еді жараспаған ?!
«Өнер алды – қызыл тіл» шешенім-ай, 
Жылжыған жорғадайын көшелім-ай.
«Абылай аспас сары бел» – Сүйіндікке
Пір болып үлгі шашқан көсемім-ай.
Ақын осылай шалқыта жырлап, үлкен сөздерді 
бекер айтып отырмаған шығар. Исабек ишан да 
мұндай мадаққа лайық жан екені ақиқат. Өзі де 
жас кезінен хақ дін жолына түскен, имандылықты 
ұран еткен ақын сол кезде өмір сүрген, аса үлгілі, 
адамгершілігі асқақ жанды қауымға үлгі етіп отыр. 
Жас ұрпаққа – өнеге, егде кісілерге – ғибрат етеді. 
Х.Досмұхамедұлы ақындық поэзия өкілдері 
туралы олардың ұлттық сөз өнерін сақтаудағы, 
дамытудағы қызметіне жоғара баға бере келе: 
«Қалың бұқара арасынан шыққан олар – халық 
әдебиетінің мән-мазмұны мен тіл тазалығын 
сырттан келетін жат әсерлерден қорғаушылар, 
әрі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, 
қазақ халық әдебиетін сақтаушылар»,- деген 
екен. Шынында да Мәшһүр Жүсіптің осы көлемді 
туындысын ары қарай оқығанда оның кейіпкерінің 
балдырған ұрпаққа үздік үлгі, ал үлкендерге 
тағылым-тәрбиесі мол игі-таза тіршілік иесі, дін 
көсемі екенін көреміз:
Айбатың бар-ды әділ Омардайын,
Түзедің шариғаттың әрбір жайын.
Күндіз – күлкі, түн болса – ұйқы көрмей,
Дін ісін берік тұттың солардайын.
Шыншылдық Әбубәкір Сыдықтай бар,
Көрдің бе бір жалғанын, ей, жарандар?!
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ»,
Артынан жұрт таба алмай, болдың ғой зар!
Жомартлығың сахаба Сәдуақастай,
Би баһа ол кібірит ақ мәр тастай.
Сүннатын пайғамбардың мағхам тұтқан,
Кәнекей, кім бар еді сонан басқа-ай!
Сөйлеген әрбір сөзің – ғылым, хикмет,
Өзіне тәңірім берген бән михнет.
Тариқат, мағрипаттан үлгі шашқан,
Құдайға бек лайықты қылып қызмет.
Мақсат өзіміз жалаң түсіндіруші болып сөйлеп 
кетпей, ақын өлеңін нақты тану, өзіндік айтарын, 
өзгеше ерекшелігін ашу болса, мына шумақтардан 
дінге қатысты мол білім ала бастамаймыз ба?! Біз 
ислам дінінің бастауында тұрған Омар, Әбубәкір 
Сыдықтардан, Сәдуақас сахабалардан хабардар 
болып қана қоймай, ақын нысанасы Исабек 
ишанның да анық озық, керемет «көсем» кісі 
екендігіне көз жеткізе бастамаймыз ба?
Жоқтау, дауыс салу-өлген адамға арналған 
өлеңдер. Қазақта жерлеу, салт өлеңдерінің шығу 
мезгілі қай кез екенін анықтау қиын. Сөйтсе де 
зерттеушілер М.Әуезов пен Ә.Марғұлан жоқтау 
өлеңдерінің мазмұны ежелгі Орхон-Енисей 
жазбаларымен ұштасып жатқанын айтады. Мәшһүр 
Жүсіп ақындыққа араласқан тұста жоқтау – кең 
етек алып, қазақ өмірін дүбірлетіп тұрған өлең түрі, 
өмір көрінісі. Сондықтан да жас ақынның алғашқы 
туындысы жоқтау болып, кейін де көп жоқтаулар 
жазуы – осының айғағы. Осы тұрғыдан келгенде 
тұңғыш туындының төрт аяғын тең басқан туынды 
екендігі, көркемдігі өз алдына, өмірлік дерегі, сол 
кездегі естіген халыққа, оқыған жұртқа деректік 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет