М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕН КӨРІНІСІ



Pdf көрінісі
бет124/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕН КӨРІНІСІ
Ж.Т. САРБАЛАЕВ
ф.ғ.к., профессор, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.
Е.Ж. САРБАЛАЕВ
ф.ғ.к., доцент, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ. 


121
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Оның шын мәнінде кітап деп айтуға тұратын 
алғашқы кітаптары – таңдамалысының 1-інші, 
2-інші томдары тек 1990, 1992 жылдары жарық 
көруінде, 20 томдық шығармалар жинағының енді 
ғана 2003 жылдан бастап жариялануының осындай 
себептері бар. Ақын мұраларының көптомдық 
болып жарыққа шығуына пікір білдіре отырып, 
ғалым Р.Тұрысбек: “Көптомдықта әдебиеттің 
барлық жанрлары қамтылған әрі жүйелілік пен 
ізденіс, бірізділік байқалады. Әрбір туындының 
тақырып табиғаты, жанрлық-құрылымдық һәм 
көркемдік ерекшеліктері де сақталып, жазылуы мен 
жариялануы, нұсқалық белгілеріне де зор маңыз 
беріледі. Біздіңше, басты байқалар ерекшеліктердің 
бірі М.Ж.Көпейұлының төл туындылары 
мен халық мұрасы, шежірелік сипатындағы 
шығармалар дәстүр мен сабақтастықты, жанр мен 
жауапкершілікті, көркемдік мұраттарды негізгі 
назарда ұстаған” деген байсалды түйін жасайды. 
Қазақтың танымал ақындарының бәрі дерлік 
қоғамы ұсынған жүкті талмай көтерген азамат ақын 
болғаны баршаға мәлім. Арыға барсақ, Асан қайғы, 
Шалкиіз, Доспамбет, Бұқар жырау, Махамбет, 
Абай, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, 
Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Мағжан 
Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыровтар, беріден 
тартсақ, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, 
Сырбай Мәуленов, Қадыр Мырзалиев, т. б. 
Әдетте үстіне кім-кімнің де жасаған жақсы 
ісіне, әйтпесе қарымды қызметіне риза болып 
жатсақ, «Мынау азамат екен» деп жатамыз. Сонда 
осы азаматтық дегеннің өзі не? Ақын-жазушылар 
шығармашылығындағы азаматтық бітімді, әлеуметтік 
әуенді қалай бағалап, қалай ажыратамыз? Бір 
қарағанда бұл баршамызға белгілі, оп-оңай танып, 
тауып алатын түсінікті ұғым көрінгенімен, іс жүзінде 
жеңіл, бадырайып көзге көрініп, айқайлап тұрған 
нәрсе емес. Ендеше ең әуелі ақын Мәшһүр Жүсіп 
поэзиясындағы азаматтық әуенді айқын танып, 
ажарлы ашу үшін мұның өзі не нәрсе екенін өзіміз 
біліп алмай болмайды.
Азаматтық жоқ жерде ақындық тұл. Бұл 
жерде сөзіміздің басындағы осындай ордалы ойға 
қайта оралуға, табан тіреуге тура келеді. Сонымен 
бірге осы мәселеге арнайы ат басын бұрып, елеулі 
екі мақала жазған көрнекті сыншы-әдебиетші 
Сағат Әшімбаевтың: «Былай қарасақ, азаматтық 
атты сөздің мән-мағынасынан айқын және одан 
туындайтын міндет пен жауапкершіліктен анық 
ештеңе жоқ сияқты. Сондай-ақ азаматтыққа 
жататын, болмаса жатпайтын жайларды ажырату 
да пәлендей қиын емес секілді. Ал, осы сөздің 
төңірегінде тереңірек ойланып көрсек, оны басқа 
өнер-білімімен, озық тарихымен тамсандырған 
елдердің басындағы терең тамырлы азаматтық 
дәстүрлердің даму кезеңдерімен салыстырып 
көрсек, біздің арамызда бұл ұғымды түсінуде тарихи 
тұрғыдан эталондық үлгі ретінде ұсынатындай 
берік қалыптасқан нақтылық жете бермейтіндігі 
байқалады?»,- деген пікірлерін алға тартудың 
еш әбестігі жоқ. Гәп – бұл жерде алаштың, 
қазақтың басындағы азаматтық рухтың кемдігінде 
немесе әлсіздігінде емес. Өйткені қазақтың 
азаматтығы – батырлығы мен байсалдылығы – 
жер бетіндегі қайсы бір халықтан артық болмаса, 
кем емес. Тек осы бір маңызды концепциялық 
ұғымның мағынасы нақтыланып, алға ұсталуында, 
төбемізге ту сияқты көтерілуінде жатыр. Өйткені
ХVІ ғасырда өмір сүрген француз ойшылы М. 
Монтень: «Халық өзінің азаматтық манифесін 
ғасырлар бойы қанымен де, жанымен де жазады. 
Азаматтық манифесі айқын емес халықтың 
болашағы да айқын емес»,- деп жазғандай, 
қазақ ұлты өзінің азаматтық құранын ғасырлар 
бойы ерлігімен де, еңбегімен де жазып келді. 
Бұл тұрғыдан ол көштен қалып көрген жоқ. 
Ендеше оның келешегі келісті екені күмәнсіз. 
Мәселе – алаштың азаматтық концепциясын, 
ақындық азаматтық кредосын айқындауда, ақиқат 
алға тартуда. Осы тұрғыдан келгенде алаштың 
азаматтық концепциясы, ақындардың азаматтық 
көзқарас-көсегесі қандай? Біздіңше, арғы-бергі 
даналардың айтқандарын еске алып, Асан Қайғы, 
Абайдың айтқандарын саралай келгенде, мұның 
өзі адам - ақынның елін – жерін, Абайша айтқанда, 
«қалың елі, қазағы, қайран жұртын» жақсы көріп, 
қадірін біліп, шын сүюінде.
Екіншіден, осылайша азамат ретінде бағалап, 
сүйгендіктен халқының жақсылықтарын асырып 
қана қоймай, жамандықтарын, келеңсіз құлық, олқы 
мінез-қылықтарын жасырмай әшкере етіп, ащы 
сынауында. Үшіншіден, осындай елді өшірер, ерді 
өсірмес қоғам кемшіліктерін, халық жетімсіздіктерін 
жою үшін ымырасыз күресе білуінде жатыр. 
Бұл айтқандардан азаматтық таным, көзқарас-
бағдар, позиция айқындалып, азамат ақын 
алдындағы әлеуметтік-қоғамдық міндеттер, 
адамдық-адамгершілік парыз бен қарыз анықталып, 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
122


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет