М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет183/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
сол уақыттың орфографиялық нормасына сай 
термин жасаған. Оны төмендегі келтірілген нақты 
деректерді оқығанда көзіміз жететін болады. 
Мысалы, Мәшһүр-Жүсіп: Жердің үстінде 
бірдей қылып екіге бөлген бір сызық бар. Ол 
сызық күннің жүретін жолын орысша «экватор» 
- дейді. Оны екіге бөліп: Бұл бөліктің бір жағына 
– сол жақ жарты, екіншісі – оң жақ жырты. 
Жерді хыритаға (картаға) түсіргенде, сол жағы 
жоғары қарайды, оң жағы төмен қарайды. Күннің 
жүретін жолы қатты: ыстық болады. Екі жақ шет-
ыстықтығына қарағанда, беске бөлінеді. Ыстық 
жер-күннің жүретін жолының әр екі жағынан 9440 
шықырымнан болады. Екінші орта жер – ыстық 
жердің әр екі жағында 4490 шықырымнан болған. 
Жерорта әуелі сол орта, әуелі жерден екі жақ 
қарай болған суық жер дейді. Құрғақ дүниенің 
бөлімдері. Жер үлкен беске бөлінеді. Олардың 
әрқайсысыг бөлім дейді. Олардың аты мыналар: 
Еуропа, Азия, Америка, Аустралия. Бұлардың 
әуелгі үшеуін де «Ескі дүние», соңғы екеуін де 
«жаңа дүние» - дейді. Бұл бөлімдердің құрғақ 
жерлері әр түрлі аталады. Айналасы су болған 
құрғаққа Арал дейді. Сондай құрғақтар бір-біріне 
жақын көп болса: «Аралдар»-дейді. Бір жағы 
құрғаққа тұтасып, үш жағы су болса: «Жартыарал» 
- дейді. Жартыаралдың құрғаққа тұтасқан жері 
жіңішке болса, «Бірзық»; қазақша «Мойын» - 
дейді. Құрғақтың теңізге сүйір болып шыққан 
жерін «Тұмсық» - дейді. Жердің үстінде жоғары 
көтерілген биікке тау дейді. Төбесінен от түтіні 
шығып тұрған тауға «Жанартау» дейді. Таудың 
үсті тегіс болса: «Иайла»-дейді. Таусыз жерде 
болған тегіске «жазық» дейді. Егін, шөп өспейтін 
құмды жерге «шөл» дейді. Судың бөлімдері 
дүниені айналып алған үлкен суларға: «Тысқы 
теңіз (деңіз)» - дейді. «Сол жақтағы мұз теңізі», 
«Оң жақтағы мұз теңізі». Үлкен теңіз –Һинді 
теңізі, Атлас теңізі – теңіз аталып, беске бөлінеді. 
Бұлардан айрылып құрғақтың ішіне кірген 
сулар... «Ішкі теңіз»-дейді. Бір жағы суға тұтасып, 
үш жағы құрға[қ] болған суға «Гүрпаз» дейді. 
Гүрпаздың пароход тоқтауға жасалған орнына 
«Лимін» - дейді. Екі судың қосылған тар жеріне 
«Қылма» - дейді («бұғаз» дейді). Егер ол су адам 
күшімен қазып қосылған болса: «Канал»-дейді. 
Бір жерден екінші жерге ағып тұрған суға «Өзен» 
дейді. Өзеннің шыққан жағын: «Мынбых», құятын 
жағын: «Мынғып» (мынсып) дейді. Өзеннің құятын 
жағына қарсы қарап тұрған кісінің оң жағы – судың 
оң жағы – кісінің сол жағы. Судың сол жағы биік 
жерден ағып түскен суын: «Ғышалла» (хышалла)-
дейді. Құрғақтың ортасында ақпай тұнған суға: 
«Көл» - дейді. Бес бөлімнің әр бөлімдері бірнешеге 
бөлініп, әрбір бөлігі бір патшаның қол астында 
болады. Сол бөлімдердің патша қол астында болған 
жерін: «Патшалық жер» - дейді. Патшалардың 
тұрған шаһарын: «Астана» - дейді. Қазіргі «Астана» 
қаласының атын еске түсіріңіз. 
Жердің үстінде болған топырағын һәм суларды, 
патшалық шаһарларды айырып көрсеткен қағазға: 
«Харита» (карта) - дейді. Әр патшалықты қағазға 
түсіріп, [ол] кітап сияқты түптелген болса: «Атлас» - 
дейді. Жердің домалақтығын жасап қағазға түсірген 
нәрсені креміс (глобус) [дейді]. Сол жерді екіге 
жарып көрсеткен қағазға: «Кіремстиға» - дейді. 
Жер жүзінде миллиард алты жүз миллион халық 
бар. Бұлардың тірісінің түсіне, бетінің қияпаиына 
қарап, 3 түрге бөлінеді. Бірінші-ақ, екінші-сары, 
үшінші қара түсте келеді. Ақ түсте – бұларға 
Еуропада, Азияның күнбатыс жағында, Африканың 
сол жағында, Американың әр жерінде тұрушы 
адамдар. Бұлар ғылдауандарда ең ілгері халық. 
Екінші Сары түсте келеді. Бұлардың ескі қонысы 
Азияның күншығыс жағы болса да, осы көне Азия, 
Еуропа, Америка һәм Аустралияда бар. Бұл үш 
түрде басқа Американың тұрған елі – қызыл түсті 
һәм Аустралияда тұрған Мализ жұрты. Бұлар 
сарыға қосылады. Осы адамның тіршілігі. Адамның 
тіршілігі туралы дүние жүзіндегі кісілер тіршілік 
жағынан үшке бөлінетінін де жазып кеткен. 
Мәшһүр-Жүсіп дін туралы жер жүзіндегі 
адамдар дін жағынан екіге бөлінеді. Бірі – Құдайды 
бір дос (дош), бірі Құдайды бір демеуші, «бір» 
деушілерге кітабы дейді. «Бір» демеушілерге 
«Бір» деушілер 3 түрлі. Ғайса, Мұса, Мұхаммед-
бір деме-осылар. Будда, Бірахмен, Мәжуси, 
Һубасқа түндей болады. Жер үстінде кітаптан, 
мішіріктер көп. Тіл туралы жер жүзіндегі болған 
адамдардың тілдері түрлі-түрлі. Санағандар: 
«Мың шамалы түрі бар»-дейді. Бұлардың дүниеге 
ең көп жайылғандары үшке бөлінеді. Бірінші-
Һинд һәм Еуропа тілдері. Екінші – күншығыс 
Азия тілдері. Үшінші: Хам, Сам тілдері дейді. 
[Бұлардың] Еуропа бөлімі 5 бөлімінің ең кішкенесі 
болса да, мәдениет жағынан ең бірінші дәрежеде 
саналады. Үлкендік һәм бөлігі, Еуропа бөлімі-
Ескі дүниенің жарты-аралы күншығыс жағында. 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет