М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет181/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   190
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
кетпейді. Толқыннан толқын туады, толқынды 
толқын қуады. Толқынмен толқын ауысады. Бір 
толқынның орнын екінші толқын басып, ауысып, 
өзгеріп жатса да, түпсіз тереңдер я әлі күнге 
орында, әлі күнге тірі қозғалады, ұшы-қиыры 
жоқ ауданды кең бесігінде толғанады». Осы сөзге 
менің жаным ырза болды, оны орыс деп айту 
жарамайды, «ерсің!» - деп сөйлеу керек. Дарвин 
айтады: «Талай замандар өткенде, биттей көзге 
ілінбейтін бір бүршікті құрттан мал, құс, аң, ағаш 
сияқты жәндіктер мен өсімдіктер шығады» - деген. 
Үшінші сөз Михаил Баскин сөйлеген: «Әлем 
жүзіндегі барлық нәрселер тоқтаусыз қозғалып, 
өзгеріп отырады. Осы күнгі қап-қатты болып 
тұрған жеріміз бір кезде дауылдап жанып тұрған 
отты зат болған. Нешелер замандар өтіп сырты 
суый бастаған соң, осы қалыпқа келген» - дейді 
[9, 56]. Мәшһүр-Жүсіп тек қана оқып қоймаған 
көңіліне жаққан сөздерді қойын дәптеріне жазып 
қойған және де өзінің ойын пікірін де ашық 
айтқан. Айталық, Мұсабековтің рақмет ғұмұмия 
дегені, Дарвиннің тұрмыс – тартысын сөйлегені, 
Виссарион Белинскийдің: «Толқынды толқын 
қуады – дегені, Мұхтар Әуезовтің осы жүрген 
жандарды: «Босқа еріп жүрген соқыр» - дегені, 
оның ішінде «Ақын – жынды қатын» - дегені, 
Михаил Баскиннің: «Бұл жүрген жанның көбі 
басы жоқ мұжық» - дегені, Затаевичтің қазақтың 
әнін жұрт көзіне түсіргені. Бұл сөздерге қол 
қойған – Мәшһүр Жүсіп Көпей баласы» дейді [9, 
60]. Жилинус атанған бір данышпан айтқан: «Һауа 
түзу бұзылмаған уақытта өзі жүруге жарамай 
қалған жан арбамен болса да, күнде бір қабат таза 
ауада жүруді ғадат (әдет) қылсын!» - деген [10, 
26]. Сол сияқты, 1828-інші жылда 10 сентябрьде 
туып, 1910-жылда 20-ыншы ноябрьде өлген – Лев 
Николаевич Толстой: 1801-1851-інші жыл туған 
жаннан 30 жас үлкендігі бар 82 жаста қаза тапқан» 
- депті [11, 180]. Бұл - ақынның орыс-еуропа 
әдебиетін, философиясын, географиясын көп оқып, 
тоқығандығының белгісі, дәлелі болып табылады. 
Мәшһүр-Жүсіп: ««Л.Н. Толстой және басқалар 
айтқандары» - дегенде: Адам баласынан – озған күн 
жоғалмаса, аты жоғалмайтын Лев Николаевич 
Толстой «Ұят-ай!»- деген мақала жазды: «Біз адам 
емес пе едік?» Ұят біздің белгіміз емес пе еді? 
Осы жалғыз белгіден айрылып, ана төрт аяғынан 
сыйынған аталарымыздың аулына қайтқанымыз 
ба?!» - деп. Адам баласының сөлекеттік қылған 
ісін-«Хайуандықпен қылған ғой»! – деуге болады. 
Ғылымды, білімді болған затлар бізді қанша 
жоғары тартса да, біз тырысып, ащыға қашқан 
түйедей, төрт аяқтының аулына қайтып жатырмыз. 
Орыс жазушысы Салтыков «Түзулік пен шошқа» 
- деп, мақала жазған: «Түзулік, сен: «Күн бар»! 
– дейсің, рас па, мен көрмеген күнді сен қайдан 
көрдің?» - деп шошқа түзулікті балтырдан алған. 
Сонда түзулік айтқан:
- Шошқа, сені Құдай жаратқанда, жоғары 
қаратпай жасатқан. Сен күнді осы себеппен көрмейсің.
-Есті (ыссы) күнде көретұғын, жұрта көрсетіп 
тұрғандар, балтырды басқаға бере беріңдер! – деген.
1910 – ыншы жылы опат болды дума 
члены Василий Иван Королев. Бұл төрт жыл 
Шилисбилпорых абақтысында отырып, ғұмырынша 
Сібірге айдалған еді. 
1910 – ыншы жыл жазғытұры үшінші (3-інші) 
дума, государский думаға дін құрдастығы туралы 
Закон жобасы қаралды. Сонда Королев докладчик: 
«Дін бәрі құрдас (кордас) дінге бостандық, Құдай 
жолы-адам көкірегінде. Бұған ешкімнің таласы 
жоқ!» - деп. 
Думаның оң жағынан бір депутат: 
- Каторжник! - деп, жуандық қылып, Королевтің 
бетінен алды. Осы надандық, әдепсіздік қылған 
депутат бір поп еді. Қазақшаға тәржімә қылсам, 
қажы деуге зор ұқсайды. Сонда Королев айтты: 
- Рас, мен абақтыда отырдым, айдалдым да, 
міне, сендердің государский думаға отырғандарың 
– осы мен атқарған істің аяғы. Мен бұған 
мақтанамын! - деп. Осы Королевтің попқа берген 
жауабы би бетінде тасқа жазулы. 
- Королев өлгенде, 3-інші Уфа губерниясынан 
депутат мола Тоқаев жас әйел баласына ұстатып гүл 
әкеліпті. Дүйсекең бұған не айтар? Қажы Дүйсекей 
осы Королев, Потанинмен бір қос болмай: 
- Сенімен бір жүріп, тозаққа кетірейін бе?! 
Жақынға қас қылған Қабыл мен Яһуданың қайда 
екені белгілі еді. Бұларға да бір атшы керек қой! 
Жолың болсын! – «Қыр баласы» баласы. Қазақ 
ішіндегі надан қажылармен айтысу жарамайды. 
Бәрінің сыбағасына осы сөз де жетерлік сөз. Рахмет 
«Қыр баласына!»- Анадан бала туса, осындай ту! 
(Қыр баласы - Ә.Бөкейханов -Ә.А.)
54-інші номер «Қазақ» газетасында басылған 
сөз: «Күллі дүниедегі қажыларға тартылған бір 
табақ».


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
168


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет