М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет47/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Пайдасыз бос орынға жүрмеймін тек,
Көрінген бір жерім жоқ ешкімге жек.
Мастанып артқандықтан тәкаппарлық,
Жүре алмай бара жатыр мынау есек.
Көріп отырғанымыздай, «бір есекке ылғи 
жалған» арту, сөзбе-сөз ұғынсақ, мүмкін емес. 
Себебі «жалған» - көзбен байқап, қолмен көтеруге 
келмейтін дерексіз ұғым. Ал, сол дерексізді бір 
есекке жүк ретінде артудың өзі оны заттандыру, бір 
жануар көтеруіне лайық салмақ мөлшерін межелеу 
белгісі. Сондай-ақ екінші бір есектегі жүктің, 
күншілдіктің, белгілі бір көлемге ие болғаны сондай, 
ол «жібек, кендір арқанмен буып тартқан» күйінде 
өрнектелген. Сонымен қатар келесі бір жүктің, 
заттанған тәкаппарлықтың, ауырлығы соншалық, 
оны артқан есек «жүре алмай бара» жатады. 
Мұның бәрі қазақ даласын жайлаған: жалғандық, 
күншілдік, зорлық, тәкаппарлық, ашкөздіктің т.т. 
қаншалық екенін айқын көріп, өлшерлік қалыпқа, 
заттандыруға, көшіру арқылы белгілі бір салмақ, 
көлемділік дарытатын әсерлі бейнелеу үлгілері. 
Қорыта айтқанда, адамдарда жиі кездесетін 
ағаттықтарды сол қалпында алмай, бәрін оқшау орта, 
ерекше әрекет, шартты сюжет көмегімен бейнелеу 
ақынның суреттеу құралдарының байлығын 
танытады. Ақын осы оқыс оқиға, шартты әрекетті 
пайдалана отырып, не бір өткір сынды да шартты 
бейне, шайтан, атынан айтқызады:
Шаршарсың базар барсаң басың қатып,
Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып.
Жұрт билейтін ұлықтар таласумен,
Алады зорлығымды пұлға сатып.
Неге болыс болады малын сатып?
Қашан болып шыққанша жанталасып.
Текке тиын біреуге кім береді,
Зорлықпенен алмаса үкімі асып.
Қарсы келсе бетіне басын шайнар,
Құнсыз-пұлсыз кедейдің соры қайнар.
Өзі апарып ұлыққа тығар малын,
Ішпес, жемес, шық бермес Шығайбайлар.
Шынында да ел билеушілердің тізгінге ие 
болуы біраз ретте таза жолмен емес, қайта зорлық, 
парақорлық арқылы іске асатыны белгілі. Оның 
үстіне солай қызмет ету тек Мәшһүр-Жүсіп өмір 
сүрген ортада емес, кейін де етек алуы мүмкіндігін 
сараптасақ, ақынның тек бір кезең емес, бар 
заманда орын алуы ықтимал, демек жиі қайталанып 
отыратын кеселдерді шебер жинақтап мысқылдай 
білгенін көреміз.
Басқа да олқылықтар тәрізді тәкаппарлықты 
да ақын жай сынап өтумен шектелмейді, оны да 
биігіне жеткізе, жіліктеп ашады:
Біреуі ұн, біреу пұттап май алады,
Біреу қой, біреу тайынша, тай алады.
Тәкаппарлық «жүгімді» қалтасы мол,
«Жетілген» надандыққа бай алады.
Томпитып қалтасына жүрген сыймай ,
Беруге ешбір жанға көзі қимай.
Алған соң тәкаппарлық сатып менен,
Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай.
Бай біткен болғандықтан қарабауыр,
Арқасы ер салмастан болар жауыр.
Не айтып, не қойғанын білмес өзі,
Тырнадай өзін өзі көріп ауыр.
Әсіресе біреудің ұн, біреудің «пұттап май», 
немесе қой, тайынша, тай алғанын келтіргесін барып, 
тәкаппарлықты «қалтасы мол» «надандыққа» 
«жетілген» бай иемденуі әсерлі. Одан әрі сол бай 
қалтасының көлемді («томпитып») екендігі, оны 
ешбір жанға беруге қимай жүретіні, «өз үйіне өзі 
сыймай» дүрдиюі- бәрі лирика жанры аясында 
тәкаппар адам бейнесін біршама кең ашуға септігін 
тигізген. 
Әдетте шайтан теріс іске итермелеуші, 
ал, періште оң жолға үгіттеуші символдық 
бейне ретінде алынатынын бағамдасақ, сөйткен 
арбаушымен адамдардың қатар тұруының өзі 
қоғамдық ортадағы азып- тозу деңгейін көзге 
ұрады. Сондықтан да шайтан:
Көтерме өтірікпен менен алған,
Бар күшін сап олар да сөйлер жалған.
Кім болса бұл заманда сол әкетер,
Қор болып қашан өтірік жерде қалған?!
- десе, бұл адамдар арасындағы жалғандықтың 
қаншама биікке көтерілгенін бөтеннің, яғни 
пенделерге ежелден жаны ашымайтын әзәзілдің 
сөзімен дәлелдеу үлгісі. Бұл жолдардың әсерлі 
естілу себебі жанашыр емес, теріс көзқарастығының 
өзінің өтірік өрлеуінің куәсі болуы, шындықты 
мойындауы деп білеміз.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы аз сөзге көп 
мағына сыйғызу үшін, белгілі бір дерексіз 
ұғымды заттандыруға, немесе заттандыра отырып 
жандандыруға жиі барады:
Ағайын егіз туған: ұрлық, зорлық,
Зорлығы- ағасында, ініде-ұрлық.
Бірі қойса, бірі де қояр еді,
Тауып тұр қоймағаннан тегіс қорлық.


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет