М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата12.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#8949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Қазақ  әдебиеті  тарихында  ерекше  орыны 
бар,  ақын,  фольклортанушы,  дінтанушы,  ғалым 
Мәшһүр-Жүсіп  шығармашылығы  сан  қырлы. 
Әдебиет  қашанда  адамзат  проблемасын  ашуға, 
адам  деген  кім,  не  үшін  жаратылған  деген 
мәселелерді  шешуге  ұмтылады.  Дінді  терең 
білген  ғұлама  ақын  құан  хикаяларындағы  әр 
тұрлі  оқиғаларға  құрылған  әңгімелер  арқылы 
осы мәселеніә ашуға тырысқан. Олай дейтініміз 
әрі ақын, әрі ғалым адам ретінде Мәшһүр-Жүсіп 
өз  шығармашылығында  қазақ  әдебиетіне  жаңа 
түр, жаңа бағыт әкелген ақын. Ғұлама ақынның 
бүкіл шығармашылығының бір қырын ғана алып 
қарастырсақ, бұған көзіміз әбден жетеді. Мәселен 
ақынның  сюжетке  құрылған  өлеңдері  қазақ 
әдебиеті  балладаларының  қалыптасуының  басы 
деуге  болады.  Ақын  өлеңдеріндегі  шағын  ғана 
сюжеттің өткір динамикасы мен терең мағыналы 
тартысқа құрылуы да осыны айғақтайды. 
Баллада  сөзі  қазақ  әдебиеті  теориясына 
кейіннен  кіргенімен  қазақ  әдебиетінде  өткір 
сюжетке, оқиғаның динамикалы өтетін оқиғалы 
өлеңдер ертеректе де болған. 
  Мәшһүр-Жүсіп  дінтанушы  ретінде  қазақ 
даласында құран хикаяларын халыққа түснікті тілде 
түсіндіруді мақсат еткен сияқты. Ақынның сюжетті 
өлеңдерінің  көбі  діни  тақырыпта.  «Құдайым 
жексенбі  күн  жер  жаратты»,  «Адам  ата  мен 
шайтан», «Сүлеймен мен Ібіліс», «Абыраһа мен 
Мұтылаб», «Мұхамедке пайғамбарлық келгені», 
«Ғалының  ниеті»,  «Жаппардың  әңгімесі»  тағы 
да  басқа  көптеген  өлеңдеріндегі  сюжеттік  желі 
құран хикаяларымен сабақтас. Ақын адамгершілік, 
тазалық,  адалдық,  ішкі  жан  дүниенің  ізгілігі 
сияқты мәселелерді қарапайым тілмен түсіндіреді. 
Мәселен,  «Жаппардың  әңгімесі»  деген  өлеңде 
Жаппар  деген  адам  Расулымызды  қой  сойып 
қонақ еткен екен. Сол кезде далада ойнап жүрген 
екі  ұлының  үлкені  кішісін  «қойша  соямын»деп 
ойнап  отырып  өлтіріп  алады.  Артыныан  іздеп 
барған шешесінен қашамын деп ұлкен ұл да құлап 
өледі. Пайғамбар ренжиді деген оймен екі баланың 
қазасын  ешкімге  айтпай  беттерін  жауып  тығып 
қояды. Пайғамбардың алдына ас келгенде оның 
қасына келген Жебірейіл періште екі бала келмей 
тамақ жеме дейді. Жаппар амалсыздан екі баланың 
өлгенін хабарлайды. Сол кезде пайғамбар қолын 
жайып дұға етеді:
Иа Рабха, ниетімді қабыл қылсаң,
Жаппардың екі ұғлына жан бер! –дейді.
Дұғасын Хақ тағала қылды ажайт,
Сол сағатта екі бала тірілді енді.
Балалар  тірілген  соң  жанындағылар  қайда 
болғанын  сұрайды. Сол  кезде  екі  бала  жұмаққа 
кіргендерін, жәннат тағамынан жегенін айтады. 
Мұны  естіген  көп  жөһит  иман  етіп  дінге  кірді 
деп өлең оқиғасы аяқталады. Өлеңнің шағын ғана 
оқиғасының мақсаты ислам дінінің шын адал дін 
екенін насихаттаудан шыққан. Адам баласы ғажайп 
нәрсені көзімен көрмей сенбейтіні үшін осындай 
оқиғалар арқылы дәләлді түрде айту Аллаға деген 
сенімді нығайтатына анық. Сол себепті де ақын 
өз шығармаларында шағын болса да динамикалы 
тартысқа толы сюжеттерді пайдаланған. Сондай-
ақ,  ақын  өз  өлеңдерінде  тыңдаушыға  барынша 
түсінікті  болуы  үшін  арап  сөздерін  азырық 
қолдануға  тырысқан,  қазақи  дүниетанымға  сай 
сөздерді  пайдаланған.  Қазақ  даласында  ислам 
дінінің  дұрыс  түсіндіріліп,  таралуына  зор  үлес 
қосқан ақын шағын сюжетке құрылған өлеңдерінде 
діни хикаяларды қолданады. Сондай-ақ, ақынның 
логикалық  жұмбақ  өлеңдерге  де  шебер  екені 
белгілі. Осындай жұмбақ өлеңдерінде ақын діни 
аңыздардың  оқиғасын  арқау  етеді.  Мәселен 
«Қанағат туралы жұмбақ өлең»атты шығармасында 
адамның бойындағы асыл сезімдердің бірі қанағатты 
ӘОЖ 821.512.122.+821.512.161
МӘШҺҮР - ЖҮСІПТІҢ СЮЖЕТТІ ӨЛЕҢДЕРІНІНІҢ 
КӨРКЕМДІК ҚҰРЫЛЫМЫ
А.С. АҚТАНОВА
ф.ғ.к., доцент, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ.
Ш.С. АҚТАНОВА
магистрант, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ. 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
10
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жұмбақтайды. Мұнда да шебер ақын адамның ішкі 
жан  дүниесіндегі  асқақ  сезімді  жандандырып, 
тірі  бейнеге  айналдыра  отырып  суреттейді. 
Мәшһүр –Жүсіптің суреткерліәк шеберлігі туралы 
Қуандық Жүсіп : «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 
әлем  жаратылысы,  жер  мен  көк  сыры,  ислам 
діні  тарихы,  ізгілік,  хақ  жолын  іздеген  адамдар 
өнегесіне  арналған  аңыздарға  негіздеп  біраз 
дастандар жазғаны белгілі. Біздің қоса айтарымыз: 
ақын  тек  хикаялар  емес,  өлеңдердің  біразын  да 
сол  тақырыпқа  арнаған.  Соның  бірі-  «Мәшһүр-
Жүсіптің тырнамен айтысы», «Мәшһүр-Жүсіптің 
ала қарғамен айтысы» өлеңдері. Мұнда да ақынмен 
сұхбаттасушы болып адам емес, шартты бейнелер: 
тырна, қарға алынған. Шартты дейтініміз: сөзбе-
сөз ұғынсақ, тырнаның да, қарғаның да тіл қатуы, 
көне  тарихты  баяндауы  мүмкін  емес.  Әйтсе  де 
сол  шарттылық  арқасында  адамдар  арасындағы 
келіссіздік сыры, жер бетіндегі тіршілік тарихы 
соншалық  әсерлі  де,  шынайы  жеткізілген. 
Түйіп  айтқанда,  Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы  ХІХ 
ғасырдың  соңғы  ширегінде-ақ  суреттеудің  бай 
амалдарын:  көркем  жинақтау,  шартты  әрекетті 
қолдану, дерексіз ұғымды заттандыру, т.т. шебер 
пайдалану арқасында шағын жанр лирикаға эпос 
мүмкіндігіндегі жүк артып, шындықты кең қамту 
шеберлігін  көрсетті.»  -деген  сөздерін  назарда 
ұстай отырып, діни тақырыпты арқау ете отырып, 
адамды,  биік  идеал  тұлға  мәселесін  ақынның 
алдыңғы  кезекке  шығарғанын  байқауға  болады. 
«Қанағат  туралы  жұмбақ  өлең»  шығамасының 
шағын сюжеті соғықа шыққан мол шерудің далада 
сусыз қалып, шөл қысқаны туралы. Сол шөл далада 
кездескен судан шыдап ішпей өту керек болады. Ал 
шыламай су ішіп қойғандары кеседге шалдығып, 
қырыла бастайды. Жұмбақтың шешуінде ақын : 
Ұлығы патшалардың - патша Құдай,
Дүниені бір дария ғып қойған солай!
Бұ жалғанның жүзіне келіп, кеткен –
Өтпекші  бұл  дариядан  шулай-шулай!  - 
деп  өмірдің  өзін  жұмбақтағанын  білдіреді. 
Өмір  дарияның  қызығына  тоймай  жүріп  жетер 
мақсатыңнан,  бағытыңнан  айрылып  қалма, 
қанағатшыл  бол  деген  ойды  білдіреді.  Өлең 
соңындағы оқиғаны қорытындылай келе ақын:
Есті адам - қанағатты,
Қанағатты адам тиянақты.
Тиянақты адам көнтерілі,
Көнтерілі адам қайғысыз.
Қайғысыз адам бақытты.
Ендеше есті адам баққытты болады.
Жақсылар қорғасындай ауыр келер,
Көзі –соқыр, құлағы сәуәр келер.
Жарлының жаздай мінген шолағындай,
Аяғы  –ақсақ,  арқасы  жауыр  келер.  –  деп 
аяқтайды.  Мұндағы  негізгі  ой  қанағаттылық 
адам  баласының  барлық  жақсылықтарының 
бастауы екенінде. Адам баласының бар бақыты 
шыдамды  болу  қазақ  тіліндегі  қазақ  ұғымына 
сай  «көнтері»  деген  сөзбен  берілген.  Көнтері 
деген әбден иі қанып иленген, жұмсақ тері деген 
алғашқы мағынасынан төзімді, сабырлы адам деген 
метафоралық мағынаға ауысқан. Жақсы адамның 
көп нәрсеге көзін жұма қарап, естіген дүниелерге 
де сабырмен қарап тарзылап отыратынын қиындық 
көре жүріп өзін бақытты санайтынын айтады. Бұл 
Абайдың толық адамы болса, Шәкәрімдегі арлы, 
таза адам. Олай болса, қазақтың ұлы, данышпан, 
ғұлама ақындардың адам қандай болу керек деген 
сөздеріне берген жауабы осылар. Мәшһүр-Жүсіп 
қазақ танымына сай сөздер арқылы шынайы таза 
жүректі адам бейнесін жасайды. 
Ақынның тағы бір назар аудартып отырған 
өлеңіндегі сюжет те құран әңгімелерінен алынған. 
Ол  «Сүлеймен  мен  Ібіліс»  атты  шығармасы. 
Сүлеймен пайғамбар Аллаға тілек айтып адамдарды 
дұрыс жолдан азғыратын шайтанды байлап қоюға 
рұқсат алады. 
Жараттың оны неге әуел бастан,
Атамыз адамзатқа қылып қастан?!
Сенен бір сұрағым бар - билігін бер, 
Қояйын байлап соны, өлсем де аштан! – деп 
Алладан  ризлығын  алған  Сүлеймен  пайғамбар 
шайтанды байлап тастайды. Өзі де патшалықтан 
тамақтанбай,  өз  еңбегімен  талдан  зәнбіл  тоқып 
сатып қоектенеді екен. Ағаштан тоқыған заттарын 
базарға  апарып  сатып  тамақ  алмақшы  болып 
базарға барса, тірі жан жоқ екен. Бұл қалай десе, 
жұрттың бәрі мешітке барып Хаққа жалып тілек 
тілеп отыр екен дейді. Ешкімнің дүние тірлігімен 
ісі  жоқ  оларға  Сүлеймен  қайран  қалады.  Сонда 
Алла :
Отырған бір орыннан бұлар тұрмас,
Бас қосып бір бірімен кеңес құрмас.
Себепсіз ешбір нәрсе жаратпадым,
Шайтансыз үшбу дүние дүние болмас! –деп 
өзінің шайтанды жаратқандағы мақсатын айтады. 

11
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Бұл өлеңнің оқиғасындағы негізгі тартыс адамның 
өзінде екенін білдіреді. Себебі адам қашанда өзінің 
ішкі шайтанын жеңіп жүруі керек. Ал шайтаннның 
адамның  ішінде  қалай  қалып  қойғаны  туралы 
«Адам  ата  мен  шайтан»  өлеңінде  баяндалады. 
Бұл өлеңнің сюжеті бойынша Адам ата мен Хауа 
ананың  жұмақтан  қуылып  жерге  түскенінде 
шайтанның да бірге түсіп адам баласына қастық 
жасауға көшкенімен оқиға басталады. Адам ата 
біржақтан куелсе үйде хайуан кейпінде шайтанның 
баласы Ханнас жүеді. Шайтан Хауа ананы алдап 
балам осында тұра тұрсын деп тастап кеткен екен. 
Адам ата ашуланып оны қылышпен турап тастайды. 
Адам ата кеткен соң шайтан келіп баласын сұайды 
, жоқ екенін көріп, атын атап шақырғанда қайта 
тіріліп  кетеді.  Адам  ата  осылайша  шайтанның 
баласын бірнеше рет өлтіреді, бірақ ол қайта –қайта 
тіріліп келе береді. Соңында Адам ата мен Хауа ана 
амалдары таусылып оны қылышпен турап қазанға 
қайнатып  жеп  қояды.  Шайтан  келіп  баласының 
атын  атап  шақырғанда  ол  Хауа  ананың  ішінде 
жатқанын айтады. 
Шайтан сонда: 
Жайғастың балам! - дейді,
Сен іштен мен тыстан шалам!-дейді.
Адамды жан –жағынан біз азғырсақ,
Жанбай  ма  жаһаннамға  олар?!  –  дейді. 
Осылайша адамның жауы өз ішінде, өз пиғылында 
екенін ақын бейнелі түрде жеткізеді. 
Әдебиет  адам  болмысын  танытып  қана 
қоймайды оның дұрыс жолын да көрсетеді. Дінді 
жақсы білетін философ ақын өзінің бар білгенін 
қазақ  халқына  қазақи  таным-түсінікке  сай  беру 
арқылы  адамзаттың  дұрыс  жолын  көрсеткен. 
Себебі барлық халықтардың оқымысты , білгірлері 
кезінде адам деген кім, не үшін тіршілік етеді, оның 
өмір жолындағы идеал не деген сияқты сұрақтарға 
жауап  іздеген,  Мәшһүр  –Жүсіп  осы  сұрақтарға 
жауап ретінде құран хикаяларындағы оқиғаларды 
пайдалана  отырып,  сюжетті  өлеңдер  тудырды. 
Белгі философ Ғарифолла Есім өзінің «Адам-зат» 
атты эсселер жинағында: «Адам болмысы туралы 
мәдениет  тарихында  қандай  ілім,  концепциялар 
болмады  десеңізші.  Ежелгі  Үнді,  Қытай,  Грек 
фалсафасында кешегі әлемнің жартысына үстемдік 
етіп, жаңа «дінге» айналған маркстік-лениндік ілім 
ауқымында замынына орай адам туралы көптеген 
ойлар  айтылды»  -деп,  адам  болмысы  тарихына 
тоқталады. 
О л а й   б о л с а ,   М ә ш һ ү р   – Ж ү с і п 
шығармаларындағы  діни  философиялық  ұғым-
түсініктерді оқырманға түсіндіру де бүгінгі күн 
талабы.  Өкінішке  орай  ақынның  мұраларының 
ішіндегі  діни  философиялық  сарындағы 
шығармалары әлі де жеріне жете насихатталмай 
отыр. Бұл алдымен дінді де әдебиетті де жеріне 
жетіп  түсіндіре  алатын  әмбебап  мамандардың 
аздығы  болса  керек.  Ақын  шығармалаындағы 
адамгершілік  тұжырымдамасымен  түйінделетін 
ойларды  тек  әдеби,  тек  діни  тұрғыдан  қарамай 
оларды тұтастықта талдау жағы жеткіліксіз болып 
отыр. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қуандық Мәшһүр Жүсіп «Абай және Мәшһүр Жүсіп: көркемдік үндестік» // «Қазақ тілі мен 
әдебиет», 2005 ж., №10. 
2 Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1-том. - Павлодар, 2010. - 308б.
3 Ғ.Есім Адам-зат. Философиялық эсселер кітабы –Астана, 2008. - 381б. 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
12
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
(Әулие әз Тәйтеке Байбекұлы, Бұқар жырау 
Қалқаманұлы мен Мәшхүр Жүсіп Көпейұлының 
қазақ  халқының  болашағы  туралы  көрегендік 
өсиет-тілектері және болжау өлеңдері)
Әулие әз Тәйтеке би 1666-1722 жылдары өмір 
сүріп, 56 жасында дүниеден өткен. Өзі өлген соң 
1723  жылы  ақтабан  шұбырындының  алдын-ала 
болжап, кейінгі ұрпақтарына төмендегідей өсиет-
тілектерін жазып кеткен.
Жалғанда әз Тәйтеке дүниеден өтті, 
Бар жоғы елу алты жасқа жетті.
Бағыну бір көсемге дұрыс қой деп,
Боларын ақ табанның біліп кетті.
Төреден тілімді алсақ безін деді,
Келді енді көсем сайлар кезің деді,
Қазақты өз батыры басқармаса,
Құл қылып қалмақ алар сезін деді.
Хан, сұлтан, төре күні кеткен деді,
Оларда ақыл, айла біткен деді.
Қазағым одақтасып, тұтас ел боп,
Қорғайтын өзіңді уақыт жетті дейді.
Ақылды болсын көсем батыр деді,
Біріксе қазақ болар есен деді.
Көрші елмен татуласып, тіл табысар,
Болсын өзі тағы да шешен деді.
Ішінен көптің көсем ізде деді,
Хандардан құтылуды көзде деді.
Қазақты төре орыс жеткізет деп,
Малтаңды би мен бектер езбе деді.
Үш жүзден үш ақылшы болсын деді,
Қазаққа бақ пен дәулет қонсын деді.
Сайлаған көсемдерің кемеңгер боп,
Халықына қызметші болсын деді.
Соңынан төре орыс жұрт ермесін, 
Хандарға бауыр басып дос көрмесін.
Хан, сұлтан, төре, орыс бәрі құзғын,
Тізгінін басқаруды ел бермесін.
Басқарса тозған елді көсемдерің,
Ақылды болсын сөзге шешендерің.
Хан, сұлтан, төре, орысты дос санама,
Тізе қос, күшті жинап аңғал елім.
Қыздарым босқа жатпай топ құрыңдар,
Жауыңа мойын сұнбай сақ болыңдар.
Ұрыста әйелмін деп берілмеңдер,
Қалмақты селебемен басқа ұрыңдар.
Қиыншылық көп ұзамай өтер-кетер,
Ерлерің жауды ұзатпай тентіретер.
Бөгенбай, Сары, Асқат, Жабай, Көшек,
Қалмақты шапқа түртіп мезі етер.
Ақылды би мен бектер еске алмады,
Өздері дұрыс кеңес қоса алмады. 
Үш жүздің шонжарлары төре жоқ боп,
Ішінен батыр-көсем шыға алмады.
Өткен іс өтіп кеткен қайта келмес,
Бақыт құс ұшып кеткен енді оралмас.
Өсиетін әз Тәйтеке еске алып, 
Төле, Қазбек, Ақсуат би шайқады бас.
Торғауыт, жоңғар, ойрат бәрі қалмақ,
Орыстар мен қытайлар алған жалдап,
Қолтығына су бүркіп дем берген соң,
Қазақтарды құртпақшы отша жалмап.
Күнгей жақты қаптаған қалмақ алды,
Жетісудің өңірі елсіз қалды.
Бостырып үйсін, найман, қоңыратты,
Мал баққан қазақтарға ойран салды.
ӘОЖ 882.151.212.2
МЕЙРАМ СОПЫ РУЫНЫҢ ХАЛЫҚШЫЛ ТҰЛҒАЛАРЫ
Қ. АЛЛАБЕРГЕН
т.ғ.д., профессор, С. Торайғыров ат. ПМУ, Павлодар қ. 

13
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Қор болды бірлігі жоқ сорлы қазақ,
Басынып ата жауы етті мазақ.
Орыс пен қытайлардан қару алып,
Көрсетті жауыз қалмақ елге азап.
Қазақтың тарихына болып қанық,
Әлсіздігін олардың пайдаланып.
Иесіз қалған жерге шатыр тігіп,
Орыстар жанталасты қорған салып.
Зерепшанға ел кетті,
Естілерден ес кетті.
Дүние, малды тартып ап,
Қазақты орыс еңіретті.
Аяғы ауыр әйелдердің ішін жарып,
Найзасына шапалақты іліп алып.
Кемпір, шалды азықсыз шырылдатып,
Кетеді бала-шаға басын шауып.
Бұл туралы 346 хадисте Пайғамбарымыздың 
айтқан сөзі бар. «Патша Алланың көлеңкесі. Кім 
оны  құрметтемесе  Тәңірді  құрметтеген  болып 
табылады. Егер кім оны қорласа, тәңірді қорлағаны 
болады. Әулие Алланың жердегі еркесі. Алла оның 
тілегін қабылдайды. Әулиенің тілін алмаған мәңгі 
оңбайды. Сондықтан, су ішкен құдығыңа түкірме, 
сусының құриды. Алланың жердегі көлеңкесі мен 
еркесіне тіл тигізбе, тұқымың құриды. Патшаны 
ғайбаттау тәңірді ғайбаттау. Әулиенің тілін алмау 
оңбаудың белгісі».
Осындай  қазақты  орысқа  бағындырсаң 
бодандықтан басың арылмайды деген сөзді болжап 
айтқан  көмекей  әулие  Бұқар  жырау  болатын. 
Ол 1730 жылы Абылай ханға халқыңды орысқа 
бағындырмай «Екі жыл малды ту сақтап, шалдары 
жүзге  келмей  өлмеген,  қойлары  бір  жылда  екі 
қоздаған, қатын-бала қамы үшін Жиделібайсынға 
көшір»,- деп төмендегідей болжау өлең айтқан. 
Егер бағындырсаң қазақты орысқа,
Екі бастан амандас Сарыарқа деген қонысқа. 
Билігі кетер басынан,
Берекесі кетер асынан.
Тектен-текке күйдірер,
Күйдіруші көрші қасыңнан.
Қызығып тұрсың байқамай,
Қорыққаннан айта алмай.
Көрінісі орыстың,
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны арамдық,
Ісіктен аққан іріңдей.
Абақты деген үйі бар,
Сонда қазақ қамалар.
Қазулы даяр көріндей,
Жемтігіне шыбын үймелер.
Бір емес соры мың қайнар, 
Құбыладан келер бір кәпір.
Аузы-басы жүн кәпір,
Құдайды білер діні жоқ.
Жамандықтан басқа ісі жоқ,
Күн шығысқа қарайды.
Шашын алмай тарайды,
Жаяулап келер жұртыңа.
Бал мен май жағар ұртыңа,
Ел қамын айтқан жақсының,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Қара шекпен кигізіп,
Түрегеп тұрып сигізіп.
Құлдар менен құтаның,
Қолына билік тигізіп,
Есеп алар малыңнан.
Әскерге алар ұлыңнан,
Күндердің күні Абылай.
Еститінің көп болар,
Есіктегі құлыңнан.
Осы айтқаным Абылай,
Болмай қалмас артыңнан
Естідің міне қартыңнан.
Ағаш үйде кәпір бар,
Мұсылманның баласы.
Сірә, бір кеңес құрыңыз,
Бірауызды болыңыз.
Қалған елді тастаңыз,
Бөтен елмен үйір боп,
Іргеңізді қоспаңыз.
Кәпір алмас демеңіз,
Наны қатты жемеңіз.
Зәбірі қатты бұл кәпір,
Алмай қоймас демеңіз.
Осындай тағы бір көрегендік өсиет-тілектер 
мен 1916-2016 жылдарға арналған болжау өлеңнің 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
14
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
иесі  әулие  данышпан  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев 
болып  табылады.  Оның  бұл  шығармасын  көз 
жұмарының  аз-ақ  алдында  белгілі  Мәшһүр 
танушы  Төлепберген  Алдабергенов  ақсақал 
«жиенге  аманат»  деген  тілекпен  менің  қолыма 
тигізіп еді. Енді соны аз-маз түзетумен сіздердің 
назарларыңызға отырмын оқырман.
«Тәубә»  сүресінің  4-8-27  аяттарында: 
«Оқымайсыңдар, құдайдан қорықпайсыңдар. Оқып 
білсеңдер де Алланың бұйрығын орындамайсыңдар. 
Алла қайтып ондырады. Ақыры кесірлерің халыққа 
тиетін болыда»,- деп жазған хикімет бар. Осыған 
орай менің айтарым.
1. Ақыр заман деген сөз азу. Хайуан молдай 
дінінен, тілінен, әдет-ғұрып, салтынан безу, әлсіз 
халық  әлді  халықтың  ықпалына  еніп,  тіл,  дін, 
салтынан айырылып азуы. Бұл азу әрбір ғасырда 
болуы мүмкін. Бірақ жан иелері құрымайды.
2. Ал қиямет-қайым елу мың жылда бір рет 
болады. Ол кезде жер бетінде ешқандай тіршілік 
қалмайды. Қалай болатыны құранда жазулы.
3. Сондықтан бұл заман құритын заман емес. 
Озатын заман. ХХ ғасыр ғылым мен білімнің заманы.
4.  Тағы  бір  болжау.  Қытай,  шүршіт  улап 
құртады деген. Бірақ 2021 жылы өздері де құриды. 
Шүршіт шығып Ташкентті алады, 
Қоқан менен Қожазанды да алады.
Ұлыһ ғайбат приод болса керекті.
Шүршіт шығып жүріс қылып,
Самарқандта ұрыс қылып,
Шаһизанда шатақ шығып,
Шүршіттердің бәрін қырып,
Апат қылса керекті.
Иман Мұхамед әл Мағди келіп,
Бүкіл дүнижүзіне ислам дінін таратып,
Мұсылмандар дәуірлеп өссе керекті.
5. Орыс арамза, ойшыл халық кендір арқан. 
Қазақ күншіл, тойшыл, есер халық. Осы арамзалар 
кендір арқандарымен буып-матап дінінен, тілінен 
бездіріп, аздырып мәңгүрт қылады.
6. Бірақ осы кендір арқан 70 жылда бір шіриді 
екен. толып жатқан ұйымы боп, пайдасыз жиыны 
боп, ақыры бұ да құриды деген. Осындай азудан 
қалған қазақ түбі бір күні оңалып, өз алдында ел 
болады дегенді менен де бұрын әулие әз Тәйтеке 
би мен көнекей әулие Бұқар жырау да біліп, болжап 
айтып кеткен екен.
7. Осы оңалу 2015-2016 жылдан басталмақ. 
Қай күні өзіңнен ұл туады, сол күні басыңа күн 
туады. Қазағым, қашан басыңа осы күнің туғанша 
көретін  қиыншылығың  да  жеткілікті  болар. 
Алайда,  түбі  бір  қайыр  болатындығына  сеніп, 
үміттен күдер үзбеңдер.
8. Уақыт хабарым бойынша сол алда болатын 
1916-2016 жылдар аралығын баяндап берейін.
Әуелгі атым еді Адам Жүсіп, 
Сүйгеннен халқым кетті Мәшһүр десіп. 
Петрбур, Лондонға атым мәлім,
Мен сендерге айтайын көңіл түсіп.
Шешендер шыға алмайды тұнығынан,
Баса алмаймын батпақтап ұйығымнан.
Баяғыңды ойлама енді қазақ,
Бақытыңды тайдырған шығыңнан.
Жақсы болсаң жау болар өз ауылың,
Жаман болсаң жат болар өз бауырың.
Әртүрлі сөзге еріп, жала жауып,
Шірітер түрмесінде мұжық бауырың.
Тұрарда таң намазына кер боларсың,
Шығарда шыбын жаның тер боларсың.
Кеудеңе ала ботан жусан шығып,
Бір кезде аяқ басар жер боларсың.
Қалған жоқ Сарыарқа сенде қызық,
Сандалатын Сарыарқаны алды мұжық.
Қолыңнан келер де жоқ, өнер де жоқ,
Баласы сорлы қазақ қалдың мыып.
Таптайды Сарыарқаны қаншама жыл,
Байың жоқ, батырың жоқ, қалғаның тұл.
Ерініп, еңбек етіп, егін салмай,
Мұжыққа қала салып, боларсың құл.
Байлар-ау, бердің зекет атаң басы,
Жинаған сол байлығың жанның қасы.
Ішпей-жемей жинаған бар малдарың,
Жоқ-жітік кедейлердің сыбағасы.
Отыз екінші жыл болар сондай ауыр,
Адамдар аш-жалаңаш болып жауыр.
Кетеді айдалаға есі шығып, 
Ағайын, туған-туыс суып бауыр.
Адыра тұл қалады, құлап шаңырақ,
Кетеді айдалаға иесі аңырап.

15
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Тірі кісі табысар бір заманда,
Қойдай маңырап, қозыдай жамырасып.
Дүниеге жарасады күн менен ай,
Бұл заман да тұра бермес бұрынғыдай.
Мысалы бұл дүниені мен айтайын,
Теңеледі сол заманда кедей мен бай.
Өзгеріп онан кейін заман болар,
Жолына шариғаттың күмән болар.
Қызығы кәрі-жастан ұят кетіп,
Тәртіпсіз, ар жойылып, тәмам болар.
Кедейлік болар ма екен мұндай қиын,
Ойын-күлкі, айт пен той, қалар жиын.
Еститінің жаман сөз, суық хабар,
Жұмыртқадай шайқалар күнде миың.
Күншілдер көрінгенге қуғын салып,
Ақыры күнәсізге жала болар.
Үлгілі-өнегелі салты құрып,
Қаптаған айналасы қала болар.
Шайтан мен ел, құдайдан жат болды ғой,
Адамдар нәпсілерін ұмытты ғой.
Жер мен көктің кеңдігінен пайда болмай,
Жақсылық пен тыныштық ұмтылды ғой.
Жұрт көреді құдай ісі оңайлығын,
Қысы-жазы тыным жоқ, ыңғи шығын.
Пенде асығып жеткенше тарығады,
Мың да тоғыз жүз қырық бесінші жыл,
Жылқы шығып, қой кірер оны да біл.
Қойдан қоңыр заманды бір көресің,
Қой анасы бестен деп бусайшы бел.
Сарыарқа, Сарыжайлау жер тарылып,
Өрісі жоқ, жырық-жырық дала болар.
Сапырулы сар қымыз қолдан кетіп,
Сарғайтып ішетұғын шайы болар.
Үлгісіз ата менен ана болар,
Еркекті әйел билеп дана болар.
Ұлы арсыз, қызы ұятсыз есірік болып,
Бала емес пәле баққан жайы болар.
Биік тау төбе болар тас кеткен соң,
Жақсы ауыл ұры болар бас кеткен соң.
Қадірі бәйбішенің юола бермес,
Қолынан қара саба, ас кеткен соң.
Ақсақал төрде отырып кім болады,
Келіннен тыныштал деп сөз жеткен соң.
Ер жігіт мырза болып не қылады,
Қолдан дәулет, басынан бақ кеткен соң.
Ханның да қара тілін ала бермес,
Бастан тәж, астынан тақ кеткен соң.
Әкеден бала безер күн болады,
Қуат кеміп, сексенге жас жеткен соң.
Түн қараңғы, күндізді бұлт демеңіз,
Мынау жарлы, мынау бай күндемеңіз.
Ата-анасын қаңғытқан ұл мен қызды,
Аузы түкті кәпірден кем демеңіз.
Бір жылы мешін деген жыл болар,
Нәсілсіз біреу ел басқарар.
Ақыры елді аздырып,
Бір-біріне қас қылар.
Өзіңнен туған бел балаң,
Саудагердей сарт болар.
Бірге туған туысың,
Алаштан бетер жат болар.
Бір жыл болмаса бір жыл қой жылы болар,
Баршылық, молшылық болса да таршылық болар.
Қилы-қилы заман болар,
Ақша құнсыз қағаз болар.
Қоян жылы заманың тар болар,
Ел тапшылық пен жоқтыққа тап болар.
Қоғамның жиған малы топалаң келіп,
Қысы жұт, азық қымбат, нарық болар.
Бұл сөзім өтірік емес, шын расы,
Мұнан соң ұрлық қылар кәрі-жасы.
Кедейліктің иісі қазақта тұр,
Ондырар ма сәулесіз өңкей масы.
Сол заманның бірталай ұлықтары,
Ұры-қары сұмдардың жан жолдасы.
Қазақ талай ел болмақ тарағын-ау,
Ойлайтыны әркімнің өз пайдасы.

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
16

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет