М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007



бет17/25
Дата09.06.2023
өлшемі429 Kb.
#99983
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
b201 3

1.16 Мәшһүр Жүсіптің айтыс өлеңдері

Лирика жанры аясында орын алғанымен, эпосқа бір табан жақын, тіпті аралық лиро-эпикалық жанр түріне жатқызуға болатын үлгінің бірі – айтыс өлеңдері. Бұл сипатты туындылардың ерекшелігі: онда бір адам емес, екі адам қатар әрекет етеді, екеуінің сөзі алма-кезектесіп беріледі. Екі кейіпкер сөзін өрістетіп беру, оқиға, әрекеттер орын алуы оны эпосқа, тым болмаса аралық жанрға жақындатары сөзсіз. Әйтсе де, шартты түрде бөліп алынған сол екі бейнені де бір ғана лирикалық қаһарман толғанысы тұрғысынан өрнектеп, оған бір ғана көзбен қарау және соның бәрі лирикалық қаһарманның бір не, бірер сәттегі сезімі айнасы ретінде берілуі – тағы да шығарманы лирика жанры аясына алып келеді. Мәселен, ақынның «Сүлеймен мен Байғыз» өлеңінде алдымен Сүлеймен пайғамбардың бір сұлуға үйленгені, кейін сол сүйіктісінің айтқанын орындаймын деп, яғни құс сүйегінен үй салмақ болып, орынсыз қан төге жаздағаны, мұндай теріс ниеттен оны Байғыздың тапқырлығы құтқарғаны бейнеленген. Мәселен, Сүлейменнің: «Тіріні өліменен салыстырсаң, // Білдің бе екеуінің қайсысы артық?!» - деген сауалына Байғыз жауап бере келіп, әйел тілін алған Сүлейменнің өзін өліге санағанын айтады. Сүлеймен сыннан қорытынды шығарып, тамам құсты азат қылады:



  • Қаралдың жұдырықтай, ақылың-зор,

Қатын тілін алғанды қылдың ғой қор!
Айырдың қан төгетін көп кінәдан,
Байғызым, қанша дүние тұрғанша тұр!

Қылыпты тамам құстың бәрін азат,


Байғыздың бұл сөзіне көп болып шат.
Қатынның басын сонда алдырыпты:
«Сен мені жұртқа рәсүр қылдың, - деп, - мат.»

Талайды қатын жолдан аздырыпты,


Ақымақтың көбіне көр қаздырыпты.
«Хазірет сөзі кейінгіге қалсын, - деп, - жад!»
Кітапқа мұны-дағы жаздырыпты [22, 279 б.].
Міне, осындағы соңғы шумақта лирикалық қаһарманның да Байғыз пікірін құптауын сездіртуі жүзеге асуы – бәрі туындының лирика жанрына жататынын дәлелдей алады.
Сырт қарағанда, «Мәшһүр Жүсіптің шабдар атпен айтысы» өлеңінде екі-ақ бейне: Мәшһүр Жүсіп және шабдар ат қана бар тәрізді. Онда Имамбек қажының ұлы Исламбектің (Сләмбектің) қырқына барған Мәшһүр Жүсіпке өлік шыққан үйдің туыстарының бір шабдар атты сыйға бергені, аттың ұрлықтан түскен олжа екенін білген ақының атқа сауал беруі және оның жауабын тыңдауы сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет