М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007



бет18/25
Дата09.06.2023
өлшемі429 Kb.
#99983
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
b201 3

Мәшһүр Жүсіп.


Сен, Шабдар, қай жағымнан келдің маған,
Кім ығыр ғып осынша мінген саған?
Арқа-басың ошақтай жауыр болған,
Мал сықылды түрің жоқ, сиқың жаман.

Шабдар ат.


«Келдің, - деп, айыптама мені – қайдан?»
Шыққам жоқ жергілікті малды байдан.
Төлеуге Айдаболға келіп тұрмын,
Көк тақым қандыбалақ ұры Алтайдан [22, 283 б.].
Одан әрі аттың жеке өзінің қандай жағдайда келгені ғана емес, сол өлікке қамқор болып жүргендердің басқа да пендешіліктері, тіпті күнәлары сөз болады да, шығарма соңында адам мен ат сөйлесуі тоқталып, ақынның тіке өзі кірісіп баға беруі орын алған:
Арқасы тап ошақтай жауыр болды,
Сойса асқа жарарлығы сауыр болды.
Алтайдан келгендігін ат айтқан соң,
Жетектеп алып кету ауыр болды.

Атанған бала жастан Мәшһүр өзі,


Барғаны Сіләмбектің қырқы кезі.
«Ат олжа емес маған, сөз – олжа!» - деп,
Мәшһүрдің сонда жазып кеткен сөзі:

«Арқаң бар мінгізбейтін ерді салып»,


Шыбын бар қуалайтын мазаңды алып,
«Жаз – жауырдан без!» - деген бұрыңғылар,
Таба ғой жылы орныңды өзің барып.

Мойныңа, бағып жүрсем, сүйек байлап,


Күл-талқан қылар бір күн ит-құс шайнап!»
Жауырына жапсырып бір қағазды,
Жіберген қуып Мәшһүр үйіріне айдап [22, 286 б.].
Міне, мұнда айтысушы атты бір бейне, Мәшһүр Жүсіпті екінші бейне десек, соның бәріне баға беруші лирикалық қаһарманның бар екенін аңғару қиын емес. Атқа тіл қатқан Мәшһүр Жүсіп бір ғана адам, бір ғана бейне болса, Мәшһүр мен ат айтысына баға беруші үшінші бір бейне, яғни әрі Мәшһүр Жүсіпті, әрі сол ақын тәрізділер ойын жинақтап жеткізуші адам, жинақтаушы тұлға ретінде лирикалық қаһарманның тұрғанын байқаймыз. Ендеше ол екеуге, ат пен сауал беруші екінші лирикалық бейне Мәшһүр Жүсіп қана емес, сол ақынды қатыстыра отырып, ақын тәрізді басқа да күрескерлердің сезімін жинақтаушы, оларды әрі қамтыған, әрі олардан биік тұрған үшінші лирикалық қаһарман бар екенін діттесек, біз туындының лирикаға жататынын толық дәлелдей аламыз. Тек осы тәрізді екі адам, не адам мен құс т.с.с. айтысын бере отырып, оның бәріне үшінші бір бейне, лирикалық қаһарман тұрғысынан баға беру үлгісі ақынның басқа да айтыс өлеңдерінде де: «Мәшһүр Жүсіп пен Ғалы Күзембайұлы айтысы», «Мәшһүр Жүсіп пен Жүніс Шалқарбайұлы», «Күйеу мағзұм мен аруақтар», «Мәшһүр Жүсіптің қарғамен айтысы», «Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы», «Мәшһүрдің ақындығымен қоштасқаны» орын алған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет