М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет33/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Əдебиеттер:


  1. Х.Н.Сəтпаева „Адам физиологиясы”

  2. Н.Н:Гуминский „Практикум по физиологии человека и животных”

  3. П.Ф.Текутов „Практикум по физиологии человека и животных”

  4. А.Н.Кабанов „Руководство к практичеким занятиям по физиологии

Дəріс №7


Тақырыбы: Қан физиологиясы
Дəріс мазмұны:

1 Қан мен лимфа органнзмнің ішкі ортасы екендігі. 2 Қанның физикалық жəне химиялық қасиеттері


3 Қанның құрамы. Плазма қасиеттері.


  1. Қан мен лимфа органнзмнің ішкі ортасы екендігі.


Қан, лимфа жəне клеткааралық (интерстициялық) сұйықтык организмнің ішкі ортасьщ құрайды. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаньщ оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы. тұрақты-лықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі езгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суығын-да да, оңтүстіктің шыжыған ыстығъшда да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса кажет шарт екеніне тұңғыш көңіл белген француз физиологі Клод Бернар еді. Организмнің ішкі сұйықтык, ортасының салыс-тырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет, деп мəлім-деді ол 1878 -жылы. 1929 ж. америка физиологі В. Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты-басты биологиялық керсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дəрежесін белгілеу үшін гоме-остаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан келемі мен құрамының жəне физикалық, химиялық, биологиялық қаси-•еттсрінің тұрақтылығы,. яғни барлық биологиялық константалар-ды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т. т.) айтады. Клеткалардың тіршілігіне байланысты жəне олардың айна-ладағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым-қатынас жа-сауы əрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ буйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай-ақ денедегі арнайы меха- низмдердің қатысуымен гомеостаз əдетте бұзылмайды. Осыған
орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрак,тылықтан гөрі салыстыр-малы жəне динамикалық гомеостаз тəн.
Қан — жан-жануарлардың тіршіліх етуіне аса қажет сұйық-тық. Жарақаттану салдарынан қаннын, 25—30% сыртқа ағыгс кетсе, тіршілікке қауіп тенеді, ал 50% ағып кетсе еледі. Қан та-мырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір клеткалар, əсіресе ми қыртысынын, нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5—6 минуттан кейін бұзыла бастайды.
Қанның негізгі функциялары:

  1. Тіршілікке қажет заттарды клеткаларға, тканьдерге жет-кізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып оты-раДы (тасымалдау қызметі).

  2. Оттегін өкпеден тканьдерге, клеткалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді

(тыныс алу щызліеті).

  1. Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су меи тұздарды (минералдарды) тканьдерге жеткізеді (трофикалыщ, яғни қоректендіру қызметі).

  2. Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мəселен^ адам денесіндегі уытты заттар, азот ңалдықтарын тканьдерден бүйрекке, екпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп о-лардьв шығарып тастайды (экскреторльщ қызмет).

  3. Қан клеткалары (лейкоциттер), плазмадағы антиденелер-денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғаты жат, улы зат-тарды бейтараптап, зиянсыздайды (қорраныс қызметі).

  4. Адам денесіндегі көптеген функцияларды, процестерді рет-теуге қатысады (гуморальдық реттеу). Қандағы биологиялық. əсері күшті заттар — гормондар, медиатоірлар, метаболиттер ағзалар мен клеткаларға өтіп тікелей немесе қан тамырларының. ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқы-лы əсер етеді (рефлекстік реттеу).

  5. Қан клеткалары (формалы элементтер) ткань клеткалары-мен креаторлық байланыста болады. Қреаторлық байланыс жа-ңарған клеткалардың жəне тканьдерд-ің табиғи құрылысы ме» кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа клеткалар құрылы-сы жағынан ескі клеткаларға ұқсас болу үшін клеткааралық ин-формациялардың маңызы өте зор. Қлеткаларға қажет мағлұмат-тарды макромолекулалар тасиды. Марлұматтар бір клеткадан екінші клеткаға клеткааралық .каналдар арқылы жəне пиноци-тоз жолымен жеткізіледі. Мұндай макромолекулаларды басқа клеткаларға қан клеткалары да жеткізіп отырады.

  6. Қан бүкіл денеге тəн гомеостазды сақтай отырып клетка-лар мен тканьаралық сұйықтьііқтың коллоидтық, осмалық тұрақ-тылығын сақтайды. Осмалық тұрақтылық бұзылса клеткалар ісіп не бүрісіп қалады. РН тұрақтылығын сақтауда буферлік роль атқарады.

  7. Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суыта-ДьІ, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқа-лыпта сақтауға қатысады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет