М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері



бет36/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері


Бір литр қанда 4,5—9-109 лейкоцит болады. Лейкоцит (Іеисо-суіиз) қанның ақ клеткасы (Іеисо — ақ, суіиз

  • клетка). Эритро-Циттен айырмашылығы — ядросы бар, эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12 мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқ-тар шығарып (псевдоподий) қозғалады.

Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан лейкоцитоз физиология-ЛЬІҚ жəне патологиялық лейкоцитоз болып екіге бөлінеді. Лей-крцит санының көбеюі қан клеткаларының түзілуіне, қан түзіле-тін ағзалар қызметінің күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Мəселен, абсолюттік лейкоцитоз эмоция (катты шаттану, зорығу т. б.) салдары болуы мəселен, микробтарды аяқтарымен қармалап алып ферменттер-мен қорытады. Ол — үш сатылы процесс. Бірінші миграция (кө-шу) сатысы. Лейкоциттер амеба сияқты жалған аяқтарын созып, капилляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады.
Лейкоциттер оң зарядты, олардың хемотаксис қасиеті бар, бөгде денелермен ұқсастығы күшті. Табиғаттағы физиотаксис құ-былысы өздеріне белгілі. Ол өсімдік жапырақтарының күн сəу-лесіне қарай І^имылдауы. Лейкоциттер бөтен заттарға қарай қи-мылдайды, оны оң хемотаксис дейді. Қимылдау кезінде олар кан ағысына қарсы жүруі мүмкін, сөйтіп бөгде заттарға жақындаған кезде қылтамыр қабырғасындағы эндотелийлер арасына жалған аяқтарымен еніп, лейкоцит протоплазмасы сыртқа қарай ығысып бүтін қылтамыр сыртына шығады. Осы құбылысты диапедез деп атайды. Сыртқа шығысымен лейкоциттер жылжып бөгде затқа жақындай түседі.
Фагоцитоздыц екінші сатысы — бөгде затты танып, қармау, жұту фазасы. Микробтарға жақындаған сəтте лейкоцит денесі-нен опсонин деген зат бөліп шыға;р.ады да, бөгде заттарды дене-дегі клеткалардан ажыратады (таниды), осыдан кейін оларды лейкоцит мембранасына жабыстырады. Бетіне жабысқан бөгде затты лейкоцит аяқшаларымен айнала қармап қоршайды да, өз протоплазмасына қарай тартады.
Фагоцитоздьщ үшінші сатысы — жұту жəне қорыту. Лейко-циттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманын, түрлі ферменттері əсер етеді. Бұлардың ішінде бөгде заттарды бейтараптайтын бактериоцидтік заттар (пероксидаза галоидтар — .1, С1, лизосом-дық катиондар жəне гистондар), вирусқа қарсы заттар — инте- роферондар бар.
Фагоцитоз — бейарнамалы иммунитеттің бір түрі.
Фагоцитоз барлық лейкоциттерге тəн қасиет. Бірақ олардың ішінде бір жұтқанда 30—40 денені бірақ жұтатын — микроцит-термен (нейтрофилдер) қатар макроциттер — моноциттер жəне лимфоциттер бар. Бір моноцит 100 шақты бегде затты бірден жү-тады.
Нейтрофилдер — лейкоциттердің ішіндегі ең көбі (50—70%). Ядроларының пішіні олардың пісіп жетілуіне байланысты. Нейт-рофилдердің ең жасы метамиелоциттер (ядросы үлкен 'бүршақ тəрізді), онаң соң таяқ-ша ядролылар, əбден жетілген нейтрофил-дің ядролары сегменттелген. Бүлар лейкограммада жетілу дəре- жесіне қарай ең жасы сол жақта, ал əбден пісіп жетілгені од жақта орналасады. Метамиелоцит қанда кездеспеуі мүмкін, сондықтан ол 0—1%, таяқша ядролы 1—5% дейін, ал сегмент ядролы нейтрофилдердің саны 45—65%. Кейбір ауруларда жас нейтрофилдер мен сегмент ядролардың арақатынасы өзгеріп, жас- тарының саны (метамиелоциттер мен таяқша ядролылардьщ) кебейіп кетеді. Жас жəне пісіп жетілген нейтрофилдердің арақа-тынасын регенерацияльщ индекс деп атайды. Қалыпты жағдайда ол 0,05—0,1 тең. Нейтрофилдердің жас түрлерінің көбеюі, яғни регенерациялық индекстің жоғарылауы лейкограмманың солға карай жылжуы болып саналады. Бұл сүйек кемігшде леикоцит-тер түзілуінін, күшейгенін көрсетеді.
Нейтрофилдер организмді микробтар мен улы заттардың за-лалды əсерлерінен қорғайды. Оларды қоршап жүтады жəне фер-менттер арқылы ыдыратып жояды. Мұнымен бірге залалды зат-тармен əрекеттесетін белоктар жəне вирустарға қарсы интерфе-рон бөледі. Нейтрофилдердің қимылы басқа лейкоциттерге қа- рағанда өте тез. Сондықтан олар басқа лейкоциттерден бұрын залалды əсерлерге жауап қайтарады.
Моноциттер денедегі елі клеткаларды жұтып, жаңа клетка-ларға орын дайындайды. Сондықтан олар күзетші тазартқыш «сыпырғыш» деп те аталады. Олардың əрекеті əсіресе өте қышқылды қабыну нүктесінде күшті болады. Моноциттің бе-тінде қармаушы дене, комплементтерге арналған рецепторлар бар. Моноциттер қан тамырынан шыққан соң макрофагқа айна-лып денеде арнайы иммунитет қалыптасуына қатысады, яғни бөгде заттарды жүтып, өзгертіп, иммуногендер түзеді. Капилляр-дан сыртқа шыққан моноциттермен бірге гистиоциттер, купфер клеткалары сияқты фагоциттер мононуклеаралық бір ядролы клеткалар деп аталады, олар бүртұтас жүйе — мононуклеара-лық фагоциттер жүйесін құрады. Бұлар организмнің бегде əсер-лерге төзімділігін күшейтеді.
Лимфоциттермен бірігіп моноциттер иммундық жауап реак-циясына қатысады. Моноцит ісікке, вирустарға қарсы (интерфе-рон) зат, лизоцим, эластаза, коллагенді ыдрататын ферменттерді де шығарады.
Базофилдер гепарин бөліп шығарады, олар гепариноциттер деп аталады. Гепарин — қанды үйытпай сұйық қалпында сақ-тайтын зат. Базофилдер капиллярлар кенересін селдірететін, сөйтіп басқа заттардың етуін жеңілдететін зат —• гистаминді бө-ліп шығарады.
Эозинофиль — гистаминді ыдырататын гистаминаза фермен-тін беліп шығарады жəне қүрамында гистамині көп өлі базофиль түйіршіктерін қармап алып қорытады. Сондықтан да эозинофил-Дердің саны аллергиялық реакция кезінде кебейіп кетеді жəне Қанда гистамин өте көбейеді. Эозинофиль белоктан тұратын уыт-ты заттарды (токсиндерді) залалсыздандырады, антидене қа-лыптастыруға қатысады, плазмоген (фибринолизин) жасайтын затты бөліп шығарады.
Лимфоциттер арнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл денедегі иммунитет жайын қадағалайды. Олар залалды заттар-Ды, клеткаларды жоятын арнайы клеткалар жəне плазмалық антиденелер беліп шығарады. Лимфоциттер — Т (тимуске бай-ланысты), В (бурсаға байланысты) жəне О — лимфоциттер бо-лып үшке бөлінеді.
Т лимфоциттер сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі де тимус безінде одан əрі дамиды. Олар киллер, хелпер, супрессор Деп аталатын үш түрлі клеткаларға бөлінеді. Киллер — өлтіруші клетка ісік клеткаларын, адам денесіне жат ағзалар мен ткань-
дерді (транспланттарды) дамытпайтын иммунитет клетка. Ол сондай-ақ медиатор — лимфокин бөліп шығарады. Лимфокин өзге жат клеткаларды ыдыратып, жоятын лизосом ферменттерін, макрофагтардыц əсерін күшейтеді. Хелпер — көмекші клетка, В — лимфоцитпен əрекеттесіп, оны плазмалық антидене шығара-тын клеткаға айналдырады. Антидене антигенмен əрекеттеседі. Супрессор — қысым көрсетуші (реттеуші) клетка. Ол В — лим-фоциттің жəне Т — киллер реакциясы кушейіп бара жатса, те-жеп отырады. Т — лимфоциттер арасында иммунитетті ұзарта-тын еске сақтау клеткалары да бар.
В лимфоциттер жілік майында түзіліп, ішек пен бүйеннің (тоқ ішектің) лимфоидтық тканьдерінде, бадамша бездерінде одан əрі дамиды. В — лимфоциттер мен Т — лимфоциттер өзара əре-кеттескен соң иммунды глобулиндер (антиденелер) шығарады (гу-моральдық иммунитет).
Лимфоциттер клеткалардың креаторлық байланысын сақтауға қатынасады, яғни басқа клеткалардың генетикалық қызметін рет-тейтін информация жеткізетін макромолекулаларды тасиды.
0 клетка Т немесе В маркері (белгісі) жоқ лимфоциттер, басқа клеткаларды ерітіп ыдырататын ауытқыған клетка.
Лейкоциттердің барлық түрі опсонин (бегде затты таныйтын) бəліп шығарады.
Қорыта келгенде, лимфоциттер мен моноциттер организмнің арнамалы иммунитетін қалыптастыратын болса, лейкоциттердің бəрі де фагоцит ретінде бөгде заттарды жұтады, жояды, залал-сыздандырады. Базофилмен зозинофилдер қанды үйытпай капил-лярлардың өтімділігін күшейтіп, лейкоциттердің тез қимылдап капиллярлардан сыртқа шығуына көмектеседі, сөйтіп фагоциттер-тердің бəгде заттармен кездесуіне жағдай жасайды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет