тромбоциттер.Плазма қан құрамының 52 — 58%-іне, қан клетка-лары — 42 — 48%-не тең (24-сурет).
Қан клеткаларының жалпы гематокриттік керсеткіші 42—48%, ал қанның əр литрінде 0,42 — 0,48 литр. Соңғысы гематокриттіккөрсеткішдеп аталады.
Плазманың құрамы. Оның 90 — 92%-і судан, қалғаны (8 — 10%) құрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8
9%-і органикалық заттар, оның ішінде белок 6 — 8%; 0,9% — 1% бей-органикалық (минерал) заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%). Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин (а, р, ү) фибриноген. Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобу-линдер бауырда жəне сүйек кемігінде, кекбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липид-тер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы жəне молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зəр қышқылы, креатин, креатинин) түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі, көмір қышқылды газ, азот бо-лады.
Əдебиеттер:
Х.Н.Сəтпаева „Адам физиологиясы”
Н.Н:Гуминский „Практикум по физиологии человека и животных”
П.Ф.Текутов „Практикум по физиологии человека и животных”
А.Н.Кабанов „Руководство к практичеким занятиям по физиологии
Дəріс №8
Тақырыбы:Қанфизиологиясы Эритроциттер.
Лейоциттер,
тромбоциттер.
Қан топтары
Эритроциттер
Эритроцит — (грекше егуігоз — қызыл, суіиз — клетка) қан-ның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен əйелде бірдей емес. ЕІР адам қанының əр литрінде 4,0 — 5,0-1012 эритроцит бо-лады, Əйел қанында бұл керсеткіш аздау: 3,7 — 4,5- 1012. Эритро-Цит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0- 1012) эритроцитоз, аз болуы (3,7 — 3,9- 1012 одан да төмен) эритроцитопения деп ата-лады. Эритроцитоз бен эритроцитопения сау адамда да науқас адам да кездеседі, сондықтан олар физиологиялық жəне патоло- гиялық болып екі топқа белінеді. Сондай-ақ абсолютті эритро-цитоз бен эритроцитопения үғымдары да бар. Эритроцит саны-ньщ абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне жəне қан-Ра өту шапшаңдығына байланысты. Салыстырмалы эритроци-тоз бең эритроцитопения қан клеткалары мен плазманың аралық Қатынасына байланысты, бұл қан қойылғанда не сұйылғанда бо-латьщ өзгеріс.
Абсолюттік эритроцитоз — тканьде оттегі азайғанда (ги-поксия) болады. Гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады. Олар эритроциттердің сүйек кемігінде түзілуін жəне қанра өтуін тездетеді. Сау адамда ги-поксия ауаның барометрлік қысымы төмендеген жағдайда, яғни биік тауға шыққан кезде не кабинасы ашық самолетпен 3,5—5 мың м биіктікке көтерілген сəтте кездеседі. Сырқаттан- ған кезде болатын абсолюттік эритроцитоз — өкпе мен жүректің созылмалы ауруларға үшырауынын, салдары не қан аурулары
кезінде де болуы мүмкін.
Салыстырмалы эритроцитоз қанның сұйық бөлігі — плазма-ның азаюынан болады. Адам қара жұмыс істеп қатты терлегенде, не ыстық уақытта термен бірге құрамындағы суы сыртқа шығады да қан қойылады. Осыған орай эритіроцит саны (қанның əр мкл-де) көбейеді. Адам қара жұмыс істеген кезде де қанда су азаяды жəне көкбауырдын, жиырылуы күшейеді. Көкбауыр эрит-роциттер депосы болғандықтан жиырылған сəтте қанға көп мөл-шерде эритроциттер шығады.
Сырқаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроци-тоз да қанньщ қойылуына байланысты. Мəселен, қатты іш өткен-де онымен бірге сыртқа кеп мөлшерде су шығады, кейде су дене қуыстарына (мəселен ,плевра жапырақтарыньщ арасына) жи-налады. Осының салдарынан плазма көлемі азаяды да қан қой-ылады.
Сау адамда əдетте абсолюттік эритроцитопения болмайды. Ол қаны азайған (анемия) науқас адамға тəн. Анемия кезінде сүйек кемігінде эритроциттер түзілуі темендейді не шала жетіл-ген эритроциттер қанға шыға бастайды. Салыстырмалы эритро-цитопения қанның сұйылуына байланысты. Бірден шектен тыс көп шай (8—10 кеседен артық) не осынша қымыз ішсе біраз уақыттай қан сұйылуы мүмкін. Бірақ қанда су тұрақтылығын (гомеостаз) сақтайтын механизмдер денёдегі артық _суды тез сыртқа шығарады. Адам қансырағанда 1—2 тəулік өтісімен қан сұйыла бастайды, эіритроциттер сүйек кемігінде тек 4—5 тəулік-тен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды. Оған дейін қан тамырла-рына тканьаралық сұйықтықтар өтеді де мұндағы қанныц көле-мін арттырады, сөйтіп 1—2 кундей қан сұйылған күйінде қала-ды. Бірден көп мөлшерде изотониялық ерітінді қүйса да қан біразға дейін сұйылады.