Бақылау сҧрақтары:
1. Тарихи шығармалардағы кейіпкер мен жағдай қалай
байланысады?
2. Тарихи прозадағы ақын-жыраулар бейнесі қандай
кӛркемдік белгісімен ерекшеленеді?
3. Тарихи прозадағы билер бейнесінің жасалу ерекшелігі
туралы айтыңыз.
102
12-дәріс. Батырлар бейнесі – отансҥйгіштік тәрбие қҧралы
Тарихи романдарда қаламгерлер халықтың ӛткен тұрмыс-
тіршілігін тарихи деректер негізінде бүгінгі жағдаймен
байланыстыратын кӛркем бейнелер арқылы аша түседі. Яғни
тарихи романның оқиғасы қай кезеңді суреттеуге арналса да,
онда ерлікті, елдікті, ұлттық құндылықтарды насихаттау идеясы
маңызды орын алады. Тарихи романдарда халықтың кӛне
дәуірдегі қаһармандық күресі мен тарихы, ұлы тұлғалардың іс-
әрекеті кӛркемдік қырынан суреттеледі. Бұл ретте тарихи роман
эпостық дәстүрді жаңа сапаға кӛтерді. Тарихи туындыларда
батырлар образы кең және ауқымды кӛрініс тапқан.
Ғалым Қ.Әбдезұлының «Қазақ батырлары және кӛркем
әдебиет»
туралы
мақаласында:
«І.Есенберлиннің,
Ә.Әлімжановтың,
Т.Әлімқұловтың,
С.Бақбергеновтың,
Д.Досжановтың, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауиннің,
Қ.Жұмаділовтің, Х.Әдібаевтың, Ә.Сарайдың, Ж.Тұрлыбаевтың
Қ.Мұханбетқалиұлының және тағы басқалардың тарихи
романдарындағы батырлар бейнесі, олардың заманға сай кӛрініс
берген батырлық ерліктері, адамилық қасиеттері, хан-
сұлтандармен қарым-қатынасы т.б. суреттеулер, барлығы
жиылып келгенде осынау батырлар бейнесінің енді тарихи
тұрғыдан тұтасқан, замандар елегінен ӛткен, бірегей бітім
тауып, ірілене, кесектене түскенін байқауға болады», – делінген
(www. massaget.kz).
Бүгінгі қазақ әдебиетінің алтын қорын құрайтын кӛлемді,
құнды туындылардың бірі І.Есенберлиннің «Кӛшпенділер»
трилогиясында қазақ халқының ХҮ-ХІХ ғасырлардағы азаттық
күресінің шешуші кезеңдері, қазақ елінің әлеуметтік жағдайы,
ел қорғаған ерлердің ерлігі мен батырлығы сипатталады, яғни
жазушы шығармаларының идеялық-кӛркемдік концепциясы
терең. Трилогияны батырлар бейнесінің жиынтығы деуге
болады. Мұнда бейнеленген тарихи тұлғалар қатарында «Алмас
қылыш» романындағы Қаптағай, Бӛрібай, Қарақожа, Ноғай,
Қобыланды, Орақ, Саян, Қаражал, Қамбар, Сұлтан; «Жанталас»
романындағы Қабанбай, Бӛгенбай, Елшібек, Гауһар, Қияқ, Тұяқ,
Баян, Тайман, Жолымбет; «Қаһар» романындағы Сейтен,
103
Есенкелді, Саржан, Байтабын, Наурызбай, Ағыбай, Иман,
Тӛлебай, Басықара, Жанайдар, Бұхарбай, Есіркеген секілді
батырлар бейнесі әрқилы суреттеу үлгісімен сипатталған.
Солардың қатарында Қобыланды, Қабанбай, Бӛгенбай,
Наурызбай, Баян батырлардың кӛркемдік бейнесі әдебиетімізде
мол суреттелген.
Ел қорғаған батырлар тұлғасы тарихи романның негізгі
ӛзегі деуге болады. Жорық жылдарындағы батырлардың еңбегі
мен
ерлігі
ӛлшеусіз.
І.Есенберлиннің
«Кӛшпенділер»
трилогиясындағы батырлардың кӛпшілігі ӛмірде болған тарихи
тұлғалар. Олардың тарихтағы бейнесі де біртіндеп қалпына
келтіріліп жатыр. Соның бір айғағы Ақтӛбе жерінен
Қарақыпшақ Қобыланды батырдың бейіті табылып, ресми түрде
тексеріліп, оны ұлықтау рәсімінің кең кӛлемде аталып ӛтуі.
«Қобыланды батыр» жыры – қазақ эпостарының ішінде ең кӛп
зерттелген жыр. Бұл орайда М.Ғабдуллиннің зерттеулерін
ерекше
атаған
жӛн.
Бүгінгі
күні
«Мәдени
мұра»
бағдарламасының аясында «Қобыланды батыр» жырының
түгелге жуық нұсқалары 100 томдық «Бабалар сӛзі» жинағының
35, 36, 37, 38-ші томдарына еніп, кӛпшілікке ұсынылды.
Жазушы І.Есенберлин халық арасына кеңінен мәлім батырлық
эпосқа ӛзек болған Қобыланды батыр бейнесін романда тарихи
шындық тұрғысынан сипаттап береді.
Қарақыпшақ Қобыланды батырдың Ақтӛбе жерінде
мәңгілікке тыныстаған орнында ескерткіш орнатылып, кесене
тұрғызылып, оны ұлықтау рәсімінің кең кӛлемде аталып ӛтуі
әдеби-тарихи зерттеулердің нәтижесінде жүзеге асты. Бүгінге
дейінгі бізге жеткен деректерге сүйенсек, Қобыланды батыр,
Қарақыпшақ Қобыланды – шамамен ХҮ ғасырда ӛмір сүрген
адам, тарихи қайраткер. Кӛшпелі ӛзбек мемлекетінің негізін
қалаушы Әбілқайыр ханның бас батыры болған. Қазақ
хандығының бӛлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған
делінеді.
Түркітанушы ғалым В.Радлов Қобыланды батыр туралы
аңыз-әңгімені алғаш рет баспа бетінде жарияласа, «Қобыланды
батыр» жырының алғаш жарық кӛруі ХІХ ғасырдан басталады.
Жырдың Марабай нұсқасын жазып алған Ы.Алтынсарин оның
104
«Тайбурылдың
шабысы»
деген
тармағын
«Қырғыз
хрестоматиясына» (1879) енгізген. Ал «Қобыланды батыр»
жыры туралы алғаш рет «Женщины по киргизской былине
Кобыланды»
деген
кӛлемді
мақаласын
Ә.Бӛкейханов
«Туркестанские ведомости» газетінде жариялады, содан кейін
1925 жылы «Таң» журналында М.Әуезовтің «Қобыланды
батыр» атты зерттеу еңбегі жарық кӛрді. Ал ғалым М.Ғабдуллин
«Қобыланды батыр» жырын зерттеп, 1947 жылы «Қобыланды
батыр»
жырын
ғылыми
зерттеудің
проблемалары»
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, жырдың 15
түрлі нұсқасын жариялады. Бүгінде жырдың 29 нұсқасы белгілі,
оның жиырма алтысында Қобыланды батырдың ерліктері
жырланса, үшеуі оның ұрпақтарының іс-әрекеттерін баяндауға
арналған.Бұл
жырлардың
оқиғаларына
қарағанда,
Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы
жауы – қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық
жасаған ханы Ғазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан
кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты
Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды
батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы –
Қазақ хандығының ӛзара іштей екіге бӛлінген Ноғай ордасының
бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға
тартады. Ал Қобыланды батырдың эпостық қаһарманнан тарихи
тұлғаға айналуы, 2007 жылы Ақтӛбе қаласында «Қобыланды
батыр:
аңыздар
мен
шындықтар
тоғысында»
атты
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ӛткізілуі
«Қобыланды батыр» жырының зерттелуінің тағы бір жаңа
белесі болды. Сонымен қатар «Қобыланды батыр» жырын қазақ
жерінде жырлаған Марабай жырау, Мергенбай жырау, Айса
Байтабынов,
Мұрын
Сеңгірбаев,
Нұрпейіс
Байғанин,
Қарақалпақстанда жырлаған қазақ жыршылары Қуанышбай
Досымбаев, Тәжік жырау және т.т. қай-қайсысы да қазақ
батырының ерлігін ӛзінше сипаттаған. Осылардың ішінде
академиялық оқулықтарға енгені – Марабай нұсқасы болып
табылады.
Батыр бейнесінің әдебиетіміздегі кӛрінісі І.Есенберлиннің
«Алмас қылыш» романында жалғасын тапты. Бұл шығарма
105
жазушының қазақ халқының жеке хандық құру жолындағы
күрестерін және қазақ хандығының толық тарихын бейнелеуге
арналған бес ғасырлық тарихи кезеңді қамтитын «Кӛшпенділер»
трилогиясының бірінші кітабы.
Романның сюжеттік желісі ХҮ ғасырдағы біртұтас Қазақ
хандығын құру жолындағы Әбілқайыр хан мен Керей, Жәнібек
хандар арасындағы тартысқа құрылған. Романның негізгі
оқиғалары Қарақыпшақ Қобыланды батыр бейнесі арқылы
ӛріледі. Жазушы Арғын Ақжол би мен Қыпшақтан шыққан
Майсара Қобыланды батырдың арасындағы таласты шеше
алмай Әбілқайыр ханның қиналған сәтін суреттейді. Екеуі де
белгілі адамдар, екеуінің де соңынан ерген қалың ел бар. Бұл
талас Қара Қыпшақ Қобыланды батыр мен Арғын руының
абызы Қотан қарттың жиені жас Саян батырдың арасындағы
түсініспеушіліктен туындаған еді. Әбілқайыр хан ӛзімен
жауласып жүрген Қазан ханының жеріндегі Орманбет бидің
ұрпақтарының ауылын шабуға «үш түмен қосын мен бақан
бойлы, шоқпар қолды» Қыпшақ Қобыландыны аттандырады.
Жазушы осы жерде Қобыландыны: «Бұл атақты Қажымұқан
балуанның он екінші атасы. Қазақ пен Ноғай бӛлінгенде
айтылған «жылау, жылау, жылау күй» жырындағы «қара
орманынан айрылған», Торғай мен Ор бойына Қаратау
маңынан, Арыс пен Бадам ӛзендерінің тоғысқан жеріндегі
Қараспан тауынан кӛшіп келген, қазақтың атан жілік, арқар
мүйіз батырларының бірі», – деп сипаттайды.
Қобыланды осы жорықта Саян батырға Орманбет бидің
ұрпағы Әділгерейдің қызы есірей (ескі қыпшақ тілінде «қолға
түскен тұтқын») Қарашашты олжа етемін деп таласты деген
айып тағады. Бұл Арғын биі Ақжолдың шамына тиеді. Себебі,
біріншіден, батырлық заңы бойынша олжаға таласу – қатындық
болса, екіншіден, сол кездегі Шыңғыс ханның заң жинағы –
Ясысында олжаға таласқанға ӛлім жазасы берілетін болған.
Әбілқайыр хан ӛзі тұтатқан осы таласты ӛз пайдасына шешуді
мақсат тұтып, Саян батырды ӛлтіртуге Арғын руының
ызғарынан тайсалып, ӛлтіртпесе ӛз сӛзінің құны болмайтынын
ойланып жүргенде, Ақжол бидің кӛмегімен жас батыр қашып
кетеді. Енді хан Ақжол биге деген ӛшпенділігін аңғал батыр
106
Қобыландының қолымен қайтаруды кӛздеп, мәрт батырды
Ақжол биге айдап салады. Қобыланды батыр сала құлаш кеуделі
Кӛксеңгірімен аңшылықта жүрген Ақжол бидің тобының
үстінен шығады да, биді жекпе-жекке шақырады, бірақ қарусыз,
дайындықсыз Ақжол би батырдың тегеурінді күшіне тӛтеп бере
алмай, қаза табады. Қобыланды батыр мен бидің таласының
тағы бір себебі – Әбілқайыр ханның Маңғыт руынан алған
бәйбішесінен туған Гүлбаһрам-Патшайым сұлу еді. Шешесі
Ақжол биге тоқалдыққа бермекші болып жүрген бұл сұлуға
Қобыланды батыр да ғашық еді. Ал жас сұлудың кӛңілі мүлдем
басқа жанға – жас батыр Саянға ауған еді. Осы жағдайлар қас
батыр Қобыланды – Ақжол би – жас батыр Саян арасындағы
сюжеттік тізбекке негіз болған.
Мақсатына жеткен Әбілқайыр хан нӛкерлерімен Ақжол
бидің қазасына кӛңіл айтуға аттанады: «Бұлар Ақжол бидің
қазасына арнап тіккен ауылға таяп қалды. Кеңгірдің
жазғытұрым тасығанынан пайда болатын қара қамысты
Қарасуды жағалай, қарабастырық пен ат құйрығын найзаға
байлап босағаға іліп қойған бұл ауылдың қаралы жағдайын
кӛрсеткен жүзге таяу ақбоз үй тұр. Сол ақ боз үйлердің тӛрінде,
топ аққудың ортасына ұшып келген қара бүркіттей он алты
қанат, шымқай қара қой жүнінен бастырған сұсты қара орда
ерекше кӛзге түседі. Шаңырағына байланған Арғын руының кӛз
таңбасы салынған сала құлаш құйрықты қара жалау... Қара
орданың түрі тым сұсты, бүкіл Арғын руының айбары тәрізді...
Ӛліктің бас жағында баласы қаза болғаннан бері шабылған
қурай тәрізді кеуіп, қаусап қалған Қотан жырау, қобызын
күңіренте кӛзінен жасы парлап, даусы шығар-шықпас болып
сарнайды... Орданың сырты қандай болса, іші де сондай қан
жылаған екен. Алтын, күміспен зерлеген қара сырлы уық,
кереге, бақан. Абажадай қара шаңырақтан жерге салбыраған
қара шуда жіптен ӛрген шашақты тұжырма. Үй іші адамның
зәресін алып, құтын қашырғандай…Жырау сыбырлай зарлайды:
«Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!
Сексен асып таяғанда тоқсанға,
Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!
Адасқанын жолға салдың бұл ноғайлы ұлының!
107
Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың,
Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!»
Жалғыз ұлынан айрылған қарт жырау ұзақ сарнады. Біресе
ӛзі тоқтап, кәрі қобызын аңыратты. Әлден уақытта қарт жырау
«Аһ» ұрып әзер тоқтады», – деп жазушы аяулы арысынан
айрылған елдің, белгілі биінен айрылған қазақтың игі
жақсыларының, кӛкірегі қайғыдан қарс айрылған жыраудың
бейнесін, осы арқылы қазақ халқының ӛлікті құрметтеу дәстүрін
сӛзбен, іс-қимылмен, психологиялық толғаныспен шебер
бейнелейді.
Мұндай оқиғадан кейін Арғын руы Әбілқайыр ханның
Ақжол бидің құнына Қыпшақтан үш жігіттің басын ал дегеніне
кӛнбей, Қобыландының ӛзін сұрады. Хан Қобыландыны бере
алмады. Бұған келіспеген Жәнібек пен Керей Арғын, Тарақты,
Керей, Найман, Қоңырат, Уақ руларының біраз ауылын ертіп,
Моғолстанға қарай кӛшті. Кӛшпестен үш күн бұрын қазақтың
сол кездегі ардақты батырлары мен билері Қобыланды батырға
келіп, оның да ата қонысы Торғайға кӛшуін талап еткен еді.
Қайсар батыр Әбілқайыр ханның сӛзіне еріп, ашу сезімін билей
алмай, халқына қарабет болғанын кеш аңғарып, енді ел-
жұртынан алыс кетпекке бел буады. Қазақ руларының үдере
кӛшкенін естіп, хан Ордасына қарай шапқан батыр ӛз ісінің
кесірінен қазақ ауылдарының іргесі сӛгілгенін кӛріп, құлазып
тұрғанда тӛбе басынан Гүлбаһрам-Патшайым сұлуды кӛреді де
оған Ақжол биді де ӛлтірген, Саян батырды да ӛлтіртпек болған
себебі ӛзіне ғашықтығы екенін жеткізеді, дегенмен жас сұлу
оның бұл тілегіне келіспейтінін айтады. Бұл оқиғаны естіген
Әбілқайыр хан Қара Қыпшақ Қобыландыға Гүлбаһрам-
Патшайымды қоспақ болғанда, батырдың кӛшіп бара жатқанын,
ал қызының қашып кеткенін естиді. Қазақ руларының арасына
үлкен іріткі салған бұл оқиғаның соңы Әбілқайыр хан әскерінің
қолына түскен Қобыланды батырды Саян батыр мен Гүлбаһрам-
Патшайымның құтқарып, екі батырдың бір-бірін кешіруімен
аяқталады.
Қобыланды батыр мен әйгілі би Ақжолдың (Дайырқожа)
арасындағы қанды оқиғаға себепші болған қақтығысты
зерттеуші Қ.Салғараұлы былай суреттейді: «Тоқсандағы
108
Қотанның (Құтан, Қыдан, Қодан) таным зердесі жоғары тұр.
Үміт еткен ұлына сыбырлап, қайғы жұтып, қан жылаған қарт
баласының ӛлі денесін айнала жүріп, күйіне зарлайды, бірақ
баласын мерт қылған Қобыландыны қарғамайды. Себебі,
заманының ахуалын тамыршыдай тап басып, танып отырған
дана қарт анық айыптының кім екенін біледі. Ел жақсысын бір-
біріне айдап салып, атыстырып-шабыстырып отырған аяр
саясаттың залалын ӛз ғұмырында талай кӛрген зерделі ақын
ұлының соның қармағына ілігіп, Қобыландыға жауыққанына
қазалана аһ ұрады». Бұл оқиға тарих сахнасында ұдайы болып
тұратын келіспеушіліктердің кесірі абзал азаматтарды да
құрбандыққа шалатынын кӛрсетеді. Тарихшы Қ.Салғараұлы
ӛзінің «Қазақтар» атты роман-эссесінде Қобыланды батырға
қатысты ойын әрі қарай тарқатады: «...Қобыландының
Дайырқожаны ӛлтіруі – елдің екіге айрылуының себебі емес, тек
желеуі, ал елдің екіге айрылуының тарихи шындығы басқада.
Есен Бұғының Керей мен Жәнібек сұлтандарға Шу ӛңірінен
шұрайлы жерді сайлап беруінде терістік шығыстан еміне енген
ойраттар мен оңтүстік-батыстан кӛзінің сұғын қадаған Ақсақ
Темірдің шӛбересі Әбу Саид мырзаға арқа сүйеген ӛз ағасы
Жүніске қарсы күресте ӛзбек жауынгер жігіттерін қалқан етемін
деген мақсаты, ізгі үміті жатыр», – деп жазады.
Батыр бейнесі қашан да халық жүрегінде сақталатын тұлға.
Оның ерлігі – халық ерлігі. Оның ісі қашан да халқынан қолдау
тауып отырған. Қазақ халқына аңыз болып тараған Қара
Қыпшақ Қобыланды батырдың бейнесі кӛркем шығармаға
осылай ӛзек болған. Жазушы І.Есенберлин ӛзінің жазушылық
шеберлігі мен образ жасау тәсілін шебер қолдана отырып, халық
батырының бейнесін толық жасап шыққан.
Халық басындағы қиын-қыстау кезеңде қол қусырып
отырмай, ел басына тӛніп келе жатқан осы бір алапатта билікті
ӛз қолына алып, «ұлтарақтай жер» үшін, ұлдары құл, қыздары
күң болмас үшін батыр тәуекелге бел буып, «ер етігімен су
кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» заманда халқы батырларын
қолпаштап, қолдап, соңынан ерген. І.Есенберлиннің «Жанталас»
романындағы Қабанбай батырдың батыл іс-әрекеті былай
беріледі: «Ел билеген тӛрелердің бәрі осындай болса, жетіскен
109
екенбіз. Жоқ, тӛрелерге сенуге болмайды. Жауға қарсы халықты
кӛтеріп, қазір дабыл қағу керек. Болат, Әбілқайыр, Сәмеке
қарамағындағы руларға тезірек ат шаптырып хабар берейін», –
деді ішінен Қабанбай. Бағзы заманнан «үлкенге – құрмет, кішіге
– ізет» деп, бірінің алдын бірі кеспеген қазақ халқында әр
нәрсенің ӛз орны, ӛз жолы, ӛз реті бар. Ханға, сұлтанға, тӛреге
қаралар қол кӛтермеген. Ызалы болса да, ашуын ақылға
жеңдірген Қабанбай батыр не нәрсенің де байыбына барып,
ақылмен ойлап, керек кезінде шешен, қажет болса, басшы
болған: «Ал, халайық! Келе жатқан осал жау емес... Елімізді,
жерімізді сақтап қалу үшін бізден жүректілік табылар, тек бірлік
керек. Түркістанды жауға берсеңдер, қазақ елінің шаңырағы
құлап түскені. Жас деп қырын қарамаңдар, еріңіздер мына
Елшібек ердің соңынан! Талаптының алдынан нұр жауар. Ел
бастаймын деген батырдан қашанда батылдық табылады!». Осы
жолдардан қашанда сӛзі мен ісінде алшақтық табылмаған
Қабанбай сынды батырымыздың тар жерде қиындықтың
қисынын таба білгенін кӛреміз. «Ақ найзаның ұшымен, ақ
білектің күшімен» жерін, елін қорғаған, атамекенінің талан-
таражға түскенін қаламас батыр жауға қаймықпастан қарсы
шапқан. Елі үшін қызмет еткен ұлын халқы да еш уақытта
ұмытпаған. Оның ізгі істерін ілтипатпен еске алған.
Қабанбай батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі
айтулы ірі шайқастардың бәріне қатысқан. «Хан батыры»,
«Дарабоз» деген атақтарға ие болған. Сан рет шайқас алдындағы
жекпе-жекке шығып, бәрінде жаудың үміткер батырларын жер
жастандырып, жауынгерлерін жеңіске рухтандырып отырған.
Халқы оны «Қаракерей Қабанбай» деп аруақ тұтып, есімін
жырға бӛлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Халық арасында
Қаракерей Қабанбай батыр жӛнінде аңыз-әңгімелер, жыр-
дастандар ӛте кӛп, солардың ең кӛрнектісі және кӛп тарағаны
«Қаракерей Қабанбай батыр» жыры.
Бұл жырдың негізгі оқиғалары Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз»
романына негіз болған, мұнда жазушы Қабанбайдың батырлық
ғұмырындағы тарихи мәні жоғары оқиғаларды, Арқауылмен,
Әтеке жырықпен, Қарабекпен жекпе-жектерін суреттейтін
тұстарына ерекше кӛрік береді. Қабанбай батыр туралы тарихи
110
жырлар мен тарихи аңыздардың желісіне сүйенсек, батырдың
есімі Ерасыл – Ізбасар – Қабан – Қабанбай – Дарабоз болып
ӛзгерген және әрқайсысының шығу тегі әр түрлі тарихи
оқиғамен байланысты болып отырған. Қ.Жұмаділовтің романы
Абылай хан берген «Дарабоз» есімімен аталған. Тарихи
құжаттарда Қабанбай батыр туралы ел арасында бітімгершілікте
жүрген дана, би ретінде де айтылады. Оның: «Адамдар бақуат,
бейбіт ӛмірге әбден зарығып, шӛлдеп қалған екен-ау. Осы соғыс
деген пәленің қайғы-зар, азап-сордан ӛзге адамзатқа берері бар
ма? Бірақ, амалың қайсы, әлімжеттік, зорлық бар жерде соғыс
жалғаса береді... Ел намысы, ата кегі ғой шыдатпайтын», – деген
ойлары батырдың сан қырлы бейнесін аша түседі. «Дарабоз»
романында Қабанбай батыр бейнесі асқақ шыққан. Жоңғарларға
қарсы азаттық соғысынан жеңіспен оралған кездегі батырдың
жан толқынысы мен кӛңіл қуанышын жазушы: «Қабанбай бір
топ батырлар қоршауында, басқалардан оқ бойы алда келе
жатқан-ды. Мерейі үстем, кӛңілі кӛтеріңкі. ...Ӛмірінде талай
жорықтардан олжалы оралып жүрсе де, ӛзін дәл осы жолғыдай
бақытты сезініп кӛрген емес... оның кӛз алдында ұрыстан
қалжыраған қазақ даласы да дәл қазір тӛрт құбыласы
түгенделіп, тӛрт пұшпағын тӛрт тарапқа жіберіп, еркін
тыныстап жатқан батыр сияқтанды», – деп бейнелейді. Бұл
жерде жазушы елі, жері үшін жанын аямаған қазақ батыры мен
дархан қазақ даласының арасына теңдік белгісін қойып,
батырын қару қылса, даласын дана етіп әсірелейді.
Батыр бейнесін жасауға автор әр қырынан келеді, Қабанбай
ауырып, бәбішесімен қоштасқандай болғанда бәйбішесі
Майсары батырдың қарындасы Ханбибі: «Тағдыр бізге
Қабанбайдай батырдың қосағы болуды жазса, одан артық
құдайдан тілейтініміз не? Қол бастап жауға аттанғаның –
қуаныш болмап па еді біз үшін?! Сен – отбасына ғана пана емес,
иісі қазаққа қорған болған адамсың... Бізге сенің алыстағы
айбының, басымызға қондырған бағың да жетеді!» – деп
батырын ұлықтаса, ӛз батыры Әтекенің кегін алу үшін
Қабанбайды ауырып жатқан жерінде мұқалтуға келген
қырғыздардың арасындағы егде адамының Қабанбайдың ат
үстінде тұрғанын кӛргенде: «...мынау Қабанбай батыр ғой! Енді
111
соғысуда мән жоқ. Батырдың аяғына жығылып кешірім
сұрайық!» – деген сӛзі батырдың аруақты айбынын, қажырлы
қайратын, қаһарын кӛрсетеді.
Қазақтың қас батырларының бірі Бӛгенбай бейнесі де
І.Есенберлиннің «Жанталас» романында кездеседі: «… Сол
дүрліккеннің бірі Арқадан бес жүз сарбазбен келген Бӛгенбай
батыр еді. …Әбілқайырдың бұл кезде сонау Жайық бойында
жорықта жүргенінен хабардар Бӛгенбай ғана қызуын баса
алмаған. Бӛгенбай: «Әбілқайыр үлгере алмайды, Хиуа жолына
біз жақынбыз!» – деп ханға келіп жорыққа шығуын ӛтінген.
Бірақ Әбілқайырға ӛкпелі хан кӛнбеген. Ашуға мінген Бӛгенбай
ӛзінің бес жүз жігітіне атқа қонуға бұйырған. ...Ұрыс біткеннен
кейін, Бӛгенбай жігіттерімен Кіші жүз еліне қонаққа барған,
Бӛгенбайдың батырлығына риза болған Әбілқайыр және бұл
секілді батырды ӛз жағында ұстауды жӛн кӛріп, Сақыпжамалды
Бӛгенбайға қосты». Біз осы жолдардан қорқу білмес қазақ
батыры Бӛгенбайдың кӛзсіз ерлігіне куә боламыз. Қызын қараға
бермес хан тұқымының қарындасын батырға қосуы бұл да ел
айбаты ерлеріміздің абыройын кӛрсетеді.
Ел тағдыры сынға түскен сол заманда ісімен ғана емес
сӛзімен де қалың қазақты мойындата білген батырдың бейнесі
былайша кӛрінеді: «…Жылан мен мысық арбасуындай, Ақ Орда
ішін бір суық ызғар биледі. Ашулы Барақ тағы сӛйлемек болып
келе жатыр еді, бағанадан бері жұмған аузын ашпай отырған
Бӛгенбай жартас үстіне қонған бүркіттей қомданып саңқ ете
қалды …Бӛгенбай ат арқасына ерте қонған батыр еді. Осыдан он
бес жыл бұрын ӛзі Үргеніш жақта жорықта жүргенде,
жоңғардың бір аламан жасағы ауылын шауып, қатын-баласын
найзалап ӛлтіріп кеткен. Содан бері Бӛгенбай ер үстінен түскен
емес. Еліміздің жат жауларымен сан рет айқасты. Және үнемі
жеңіп жүрді. Бұл күнде атағы алты алашқа аян болып,
даңқының кӛтерілгені соншалық, тіпті бұл істемеген ерлікті де
қазақ бұған таңды. Бӛгенбай аңызға айналды. Халқының
осыншама құрметі мен ӛзінің жеке басының батырлығы
арқасында, ол жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ елінің
жауына қарсы жалау етіп кӛтерген кӛсемдерінің бірі болды,
112
қандай хан болсын, сұлтан болсын Бӛгенбаймен ақылдаспай
майданға шықпайтын күйге жеткен».
Қазақтың қай батыры, жырауы, шешені болсын ел басына
күн туғанда бес қаруын асынып тірек болса, шешімі жоқ таласы
кӛп дауда би де бола алады. Олардың дәлелді сӛзіне хан да,
сұлтан да құлақ асқан. «Алты алаштың айдары» атанған
Бӛгенбай батырдың парасаттылығы, терең ойлылығы, жарғақ
құлағы жастыққа тимей, ер үстінен түспей елінің жай-күйін
ойлағаны романда кӛрініс тапқан.
Бӛгенбай Қожекеұлы – батыр қолбасы. Орта жүздегі
арғынның Қараман атасынан. Бӛгенбай арғын-қыпшақ қолын,
кейін Кіші жүз қазақтары мен ноғай әскерін басқарған.
Маңғыстау аймағы, Жайықтың шығыс жағалауы, Ойыл, Жем,
Сағыз ӛзендері бойы мен Түркістан, Шу, Жетісу, Аягӛз
ӛңіріндегі т.б. шайқастарға қатысып, қазақ, ноғай, қарақалпақ
халықтарын, Алатау қырғыздарын жоңғар, қалмақ шабуылынан
қорғауда ерлігімен танылған. Архив құжаттарында Бӛгенбайдың
әлеуметтік-экономикалық мәселелерге де араласқаны туралы
дерек келтіріледі. 1748 жылы 20 маусымда Ор қамалында
А.Тевкелевпен бірге қазақтардан Жәнібек тархан, оның баласы
Жауқашар, Бӛгенбай батыр және тағы алты адам арасында
қазақ-орыс ӛзара қарым-қатынасы жӛнінде құжат қабылданды.
Бұл құжатта Бӛгенбай батыр Жәнібек тарханның сенімді адамы
әрі орынбасары ретінде «бригадир Тевкелевпен бірге тең
дәрежеде» болғаны кӛрсетіледі. Бӛгенбай 1759 жылы жазда
Маңғыстау аймағын түркімен басқыншыларынан тазартып,
жеңіске жеткен соғыста ауыр жараланып, сарбаздары найзаға
салып әкеле жатқан жолында қаза табады.
Кӛрнекті жазушы Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң»
атты тарихи романдарында Бӛгенбай батырдың Есет, Жәнібек
батырлармен бірге Әбілқайыр ханның алынбас қамалына,
қолдаушыларына
айналғаны
кӛркем
суреттелген.
Бұл
романдарда Қазақстанның Россияға қосылу кезеңінің шындығы
суреттелген. «Үркер» романында Әбілқайырдың Петербургтен
хабар күтуі, патша елшілігімен келіссӛз жүргізуі, осы әрекеттің
ұзақ тартыстан соң сәтті аяқталуы суреттеледі. «Елең-алаң»
113
романында Кириллов пен Татищевтің қазақ ӛлкесін басқару
саласындағы отаршылдық шешімдері туралы айтылады.
Әдебиетіміздегі тағы бір кӛрнекті батыр образы Баян
батырға тән. І.Есенберлиннің «Жанталас» романындағы келесі
бір күрделі тұлға – осы Батыр Баян. «...Ал бұл жеткен – бар
болғаны үш мың жауынгері бар Батыр Баян еді. Ол Іле бойында
бұрын да қалмақпен сан айқасқан, сан жеңген, жау жағына
бұрыннан белгілі батыр. Ақбоз атын қол алдында кӛсілдіре
салып келе жатқан жігітті кӛргенде жоңғарлар «Батыр Баян» деп
шу ете түсті». Жоңғарларға үрей тудырған аты алты алашқа аян
батыр атына заты сай ер болған. Қазақ жерінің қай шетін жау
шалса, сонда табылар ол халқының бағына туған ер. Ақ
найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерін, атамекенін
сақтаған сол бір арпалыста ӛзінің жанкешті әрекетімен кӛрінген
Батыр Баянның жарқын бейнесі есте қаларлық. Біз Баянның
кӛзсіз ерлігінен оның үлкен отаншылдық және намысшылдық
сезімінің куәсі боламыз. Батыр Баян хикаясы ел намысын
жібермеу ердің бас борышы дегізетін әруақты пафосынан нәр
алады. Баян батыр қалмаққа қашқан інісі мен ғашығына садақ
тартады. Бірге туған інісі мен ғашығын қиып түсіреді. Осы ісі
жүрегіне күйік болып қадалады. Қан майданнан ажал іздеп,
ақыры оған кезігеді. Трагедия Батыр Баян бейнесін асқақтата
түседі. Ел мүддесін бәрінен жоғары қоятын Баян батыр ұлт
тілегін жеке басының құлқынына айырбастайтын уақ кісі емес.
Баян оғы намыссыздыққа, ел мүддесін аяққа басқандыққа
тӛзбейтін ыза-назаның оғы еді.
Романдағы
хикаяның
басты
идеясы
бұл
жолы
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасымен сабақтасады.
Поэманың Батыр Баянға арналған бӛлігін Р.Нұрғали
«шығарманың күре тамыры» деп нақ айтқан, шығармада ордаға
«Жау қайда?» деп, ұрандап жиылған ӛңшең ноян, батырлар мен
жыраулардың жиналғанына біраз уақыт ӛтсе де, Абылай хан
батыр Баян келмесе жауға аттанбайтынын хабарлайды.
Жиналғандар арасында Қанжығалы Бӛгенбайдай, Қошқарұлы
Жәнібектей әйгілі қолбасшы батырлар, Бұқар, Тәтіқара сияқты
жыраулар болса да «наркескен», «қайтпас болат», ӛзгелерден
ерекше дара тұлғалығы, ойын тура және қарсы айта алатын
114
жүректі, батылдығы жас батыр Баянды күттіреді. Хан кешігіп
келген батырдан себебін сұрамай, оның артында бір сыр барын
сезеді, жанынан орын беріп, құрмет кӛрсетеді әрі ӛз жарлығына
қарсы сӛз айтуын түсіністікпен кешіреді. Әрі қарай батырдың
кешіккен себебі, яғни Баянның тегі мен ерліктерінен бастап, бір
жорықта қалмақ сұлуын алып қайтқанын, оған он бес жасар інісі
Ноянның ғашық болғанын, сұлудың елдегі анасының алдынан
ӛту керектігіне сендіріп, екеуі қалмақ еліне қашатыны, оларды
Баянның қуып жетіп ашу-ыза үстінде жандарын қиып, кейін
қатты опынып, қайғырып, жас денелерді жерге берген соң
Абылай ордасына бет түзегеніні туралы баяндалады.
«Жанталас» романында жас та болса, бас бола білген
Елшібек батырдың қажырлы қайратын, табандылығын,
қайсарлығын таныған Қабанбай батыр күллі халықты, қаланы
сеніп тапсырады, оның бейнесі: «Жұртты қақ жарып, жолбарыс
мүшелі, нар кеуделі, жиырма бестер шамасындағы ақсары жігіт
алға қарай ұмтылды. Бұл Шыршық ӛзені бойынан
Түркістандағы нағашысының үйіне келіп жатқан Сіргелі
руының «бала балуан» атанған Елшібек атты батыр жігіті еді», –
деп сипатталады.
«Қаһар» романында Кенесарыдан кейінгі басты орынды
Наурызбай иеленеді, жазушы: «...Наурызбай Кенесарының оң
қолы, оң кӛзі – онсыз ол жарты жан емес пе?» – деп жазады.
Осы романда тартымды да нанымды суреттелген образдар-
дың бірі – Жоламан батыр бейнесі. Қолбасшы, Табын руының
биі, сұлтан, халық батыры Тіленші ұлы Жоламанның ХІХ
ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ халқының Ресей
империясының
отаршыл
саясатына
қарсы
ұлт-азаттық
кӛтерілісінің басшысы болғаны, Кенесары жасағымен бірігіп,
отаршыл саясатқа қарсы күрес жүргізгені, «халық кегіне
суарылған ақ семсер жүзі мұқалмайынша бетімнен қайтпаспын»
дейтін сӛзге беріктігі туралы жазушы «Қаһар» романында
шынайы суреттеген.
Қазақ тарихында аты мәлім, тарихи тұлғасы айқындалған
батырлардың бірі елі үшін жоңғар шапқыншылығына қарсы
соғыста аты аңызға айналған, он жеті жасында жоңғар
басқыншыларына қарсы күресте ерен ерлік кӛрсетіп, батыр
115
атанған Райымбек бейнесі: «тумысынан дарынды, соғыс ӛнеріне
жас кезінен үйренген, айлакер де тәсілді батыр... он бесінде ат
құлағында ойнаған, он алтысында орда бұзар атанған», – деп
сипатталады.
Барша қазақтың басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігінің
тұтастығын, қүш-қуатын жаңа тарихи, саяси, қоғамдық-
әлеуметтік биікке кӛтерген ұлы хан Абылайдың тӛңірегінде
топтасқан қазақтың үш бас батыры Қаракерей Қабанбай,
Қанжығали Бӛгенбай, Шапырашты Наурызбайдың үшеуі де
қазақ әдебиетінде терең, әрі кӛп жырланған тұлғалардың
қатарынан орын алады. Басқа ақын-жазушыларымызды
айтпағанда, бір ғана Бұхар жыраудың, Ақтамбердінің,
Үмбетейдің, Тәтіқара ақынның және тағы да басқа осы кезеңде
ӛмір сүрген ақын-жыраулардың шығармашылығының ӛзінде
осы үш батыр бейнесіне айрықша маңыз беріледі. Жалпы,
Қабанбай, Бӛгенбай, Баян, Наурызбай сынды атақ-даңқы алысқа
кеткен батырлардың тұлғасын биікке кӛтере, марапаттай
жырлайтын, олардың ата-тегін, ата-жұртын, асыл елін ӛлең-жыр
арқауына негіз ететін, жалпы батырлықтың, қаһармандықтың
қазақ тағдырындағы тарихи маңызын сипаттайтын ӛлең-жырлар
аз болған жоқ.
Осылардың ішінен Шапырашты Наурызбай батыр туралы
кӛркем әдебиет үлгілерінің ӛзі бір тӛбе. Айталық, Наурызбай
батырға, оның жаужүрек ерлігіне шығармалар арнаған Бұхар
жырау Қалқаманұлының, Үмбетей Тілеуұлының толғаулары,
Шәді тӛре Жәңгірұлының «Тарихат» дастаны, Шапырашты
Қазыбек бектің «Түп-тұқияннан ӛзіме шейін» деген әдеби-
тарихи еңбегі т.б. туындылар, жиылып келгенде Абылай ханның
арқа сүйеген, қиналғанда қолтығынан демеген, қайраттанғанда
дұшпанына жасын болып шүйілген, елін, жерін жаудан сақтаған
хас батыр Шапырашты Наурызбайдың тарихи тұлғасын әр
қырынан танытқандығымен құнды болды.
Қалданменен ұрысып,
Жеті күндей сүрісіп,
Сондағы жолдас адамдар:
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бӛгенбай,
116
Шақшақұлы Жәнібек,
Сіргелі қара Тілеуке
Қарақалпақ Қылышбек,
Тӛкеден шыққан Сатай, Бӛлек,
Шапырашты Наурызбай,
Қаумен, Дәулет, Жәпек батыр қасында,
Бақ-дәулеті басында,
Сеңкібай мен Шойбек бар.
Таңсыққожа, Молдабай,
Қатардан жақсы қалдырмай,
Есенқұл батыр ішінде.
Ӛңкей батыр жиылып,
Абылай салды жарлықты,
Қалдан ханды қашырып, – деген жолдардан басталатын
Бұхар жырау толғауында Наурызбай батырдың барлық
қаһармандық қырлары, туған елі мен туған жері үшін қасық
қаны қалғанша жаумен жаға жыртысып ӛткен батыр
тұлғасының сырт келбетімен қоса, онын рухани жан дүниесіне
де баға беріледі. Осы орайда жырау аузымен халық сӛйлеп
тұрғандай, батыр ерлігіне елдік баға беріліп турғандай әсерде
боламыз.
Ал Тәтіқара ақынның бір топ қазақ батырларына арналған
келесі:
Бӛкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы.
Ӛзге батыр қайтса да бір қайтпайтын,
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бӛгембайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген.
Еменәлі Керейде, ер Жабайды айт, – деп келетін жырында
Бӛгембай батырдың тұлғасына байланысты жігіттік пен ерлік
мінез басты қасиет ретінде қатар кӛрсетіледі.
Бұқар жырау Абылай ханға бас қолбасшыларының бірі
Бӛгембай батырдың қазасын тӛмендегідей тегеурінді де, қуатты
жыр жолдарымен жеткізеді:
Қиядан қиқу тӛгілсе,
117
Аттың басын тартпаған.
Қисапсыз қол кӛрінсе,
Қорқып жаудан қашпаған…
Қарсыласқан асылдар –
Қорғасындай балқыған,
Батырың ӛтті Бӛгембай…
Бұл жыр жолдарынан батырдың ерлік жорығын дәріптей
отырып, дәстүрлі жыраулық поэзия үлгісінде ӛмірге келген
әдеби шығарма – жоқтаудың бір ұтымды үлгісін кӛреміз.
Мұндай үлгілер сол кезеңдегі қазақ ақын-жырауларының
шығармашылығында мол кездеседі. Жалпы, шешендік ӛнер мен
ақындық қуаттың қос арнасын қатар, жарыстыра ӛріп отыратын,
соның тоғысқан тұсында құнарлы, тегеурінді ой-толғамдарын
топтап, түйіндеп жеткізетін кӛркемдік әдіс-тәсіл сол кездегі
қазақ поэзиясына етене тән қасиеттердің бірі. Осы кӛркемдік
арналар кейінгі кезде Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Жамбыл,
Нұрпейіс, Иса, т.б. қазақ ақындарының шығармашылығынан
кӛрініс тапты.
Тәуелсіздік кезеңінде жарық кӛрген белгілі жазушы
Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романы қазақтың
атақты биі әрі батыры Сырым Датұлының бейнесін жасауға
арналған. Батырдың Ресей отаршылдығына қарсылық іс-
әрекеттерінің тарихи шындығы романда кӛркемдік шешімін
тапқан. Ресейдің отаршылдық саясатын қазақ даласында жүзеге
асырушы казак-орыстар қазақ ауылдарын барымталап,
ауылдарды ойрандаса, Сырым батыр да олардың күтірлерін
(хуторларын) шабады. Отаршылдардың арнайы жазалау
жорықтарынан
қорғанып,
қарауындағы
елді
бұрынғы
қоныстарынан кӛшіріп, жаңа қоныстарға орналастырады.
Қазақ әдебиетінде С.Датұлы туралы ақын-жыраулардың
жырлары мен дастандары, жазушылардың кӛркем туындылары
бар. ХХ ғасырдың басында ағартушы ақын Ғ.Қараш «Сырым
батыр» туралы тарихи жырында батырдың болмысын: «Сырым
деген ер болған, Халқының қамын жер болған», – деп
жырлайды.
Алаш
қайраткері
Х.Досмұхамедов
«Қазақ
батырлары: Исатай, Махамбет» және «Тайманұлы Исатайдың
қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат» атты мақалаларында
118
Сырым бастаған ұлт-азаттық кӛтерілістің негізгі себебі
отарлауға қарсылық деп ӛзінің кӛзқарасын айқындайды: «1785-
1800 жылдардағы Байұлы Сырым батырдың кӛтерілісі
барысында Сырым Нұралы ханды тақтан түсіріп қуды, Есім
ханды ӛлтірді, патша ӛкіметімен жауласты». Жазушы
С.Мұқанов «Сырым Датұлы туралы» атты мақаласында:
«Сырымның кӛтерілісі, одан кейін, екі жүз жылға созылған
қазақ халқының азаттық жолындағы ұлы күресінің басы», – деп
баға береді («Сырым баба ізімен», 56-б.). Ал Ж.Тілешовтің 1945
жылы майданда жүріп жазған «Сырым батыр» дастанында:
Сол адам ханға тіл қатты:
Менің атым ер Сырым
Менің сырым ел сыры
Еңіреген еріңмін
Асқақтап аққан Жайықпын,
Атыраудай асау теңізбін.
Топанымын халық кегінің
Сеңіме сені сүздіртіп,
Селкілдетіп Ордаңды,
Он тӛрт жыл соққан желіңмін, – деп, халықтың кегін
қайтаруды кӛздеген батырдың ер тұлғасы сомдалады («Қазақ
әдебиеті», 1992, 21 тамыз).
Батыр әрі би Сырымның шешендік сӛздері «Шешендік
сӛздер» (1967), «Ел аузынан» (1989) жинақтарында берілген,
бұл халықтың жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып
келе жатқан ауызша аңыз әңгімелерге сүйеніп жазылған.
С.Датұлының қоғамдық-саяси қызметі кемеңгер жазушы
Ғ.Мүсіреповтің «Болашаққа аманат» атты тӛрт перделі тарихи
драмасында суреттелген, туындының негізгі идеясы ұлт
азаттығы, халықтың ӛзін-ӛзі билеуі жӛніндегі идеямен ұштасып
жатады. Жазушы Сырымның: «Қай ел болса да ӛзінің қандай ел
екенін ӛз тізгіні ӛз қолында тұрғанда ғана кӛрсете алады», –
деген сӛздері арқылы батырдың асқақ арманы мен аманаты
халқының тәуелсіздігі екенін оқырманға жеткізе білген
(«Жұлдыз», 1981, №1, 16-40 бб.).
Әдебиетіміздегі С.Датұлы туралы осындай туындылардан
кейін Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романында
119
батырдың кӛсемдік-басшылық образы реалистікпен сомдалған:
«Түсі сұп-суық. Сесінің ӛзі-ақ жұртты оған еріксіз
бойұсындырып, байлап-матап тастаған. Дәл осы сәтте ол не
айтса да, мына ел, қалың ағайын, оның сӛзін екі етпеуге қайлы
еді», «Томай құлақ ұзын торы аттың үстінде тіп-тік шаншылып
отырған күйі кӛзін қарсы алдына қадаған қалпынан танбастан,
сіресіп тұр. Әшейінде де апсағай ірі кісі, қысқы қалың киімімен
түйедей торы аттың үстінде тӛбедей боп отырғанында тіпті
айбынданып кетеді екен». Романда би Сырым мен батыр
Сырым бейнесін алмастыра суреттеп отыратын жазушы бір
мезетте батыр тұлғасын сипаттайды: «...Осыдан кейін ӛзі де
іштей тастүйін бекініп алған ол, табиғат мол жаратқан
адамдарға тән әншейіндегі алды кең ел ағасынан – келелі
кеңестерде алшиып отырып, ағылып сӛйлейтін Сырым биден, –
кенет ...бұрын да талай-талай жорықтарға қатынасқан, сан мәрте
қалмақпен қидаласып, сан рет башқұртпен барымталасқан, олар
түгілі, оғы қардай бораған от қарулы орыспен де жан алысып,
жан берген небір шайқасқа кіріп, қақырғанда қан түкірген, бірақ
ешқашан рухы жасып, жігері мұқалмаған мүлде басқа адам-
тұғын. Бұл – би Сырым емес, батыр Сырым-ды».
Романның кӛркемдік сипатын танытатын ерекшелігі – басты
кейіпкер Сырымның қолбасшылық-батырлық қасиеттерін
даралайтын сыртқы келбеті (портреті) мен мінез-құлық
психологиясының поэтикалық тұтастықпен ӛрілетіндігі. Басты
кейіпкердің кескін-келбетін киген киімімен, мінген тұлпарымен,
сол мезеттегі табиғат құбылысымен, жанындағы адамдардың
кӛңіл-күйімен, сонымен бірге халық тағдырының ӛткені мен
бүгінгі
болашағын
сабақтастыра
толғанған
жан
ділі
күйзелістерімен тұтастыра бейнелеудегі кӛркем шындық
эстетикасына тән ӛрнектері мол байқалады. Басты кейіпкер
Сырымның ел ағасы – би тұғырындағы және батырлық-
жауынгерлік рухы кӛтерілген сәттерінің ел тағдыры жолындағы
азаматтық-қайраткерлік тұлғасын құрайтын психологиялық
күрделі жағдайы соңына халық берік сеніммен ерген адам
тұрпатын айқын елестетеді.
Ширек ғасырға жуық тӛл тарихымызды, С.Датұлы туралы
деректерді зерттеген жазушы Қ.Мұханбетқалиұлы шын мәнінде
120
ұлт-азаттық қозғалыстардың бастауында тұрған ерен ердің
кӛркем образын жасай алды. Қаламгердің халық даналығын,
мақал-мәтелдерді,
би-шешендердің
қанатты
сӛздерін
поэтикалық-кӛркемдік шешіммен үйлесімді қолдана білгендігі
романның кӛркемдік сипатын күшейтіп тұр. Романды жазуға
автордың ұзақ уақыт сарыла ізденіп, қыруар материал жинап,
мұқият дайындықпен келгендігі сол кездегі орыс-қазақ
қатынастарының құжаттары, орыс әкімшілігінің басқару жүйесі,
билер мен рубасыларының әрекеттері, оқиға ӛтетін аймақтың
жер бедері, жергілікті жұрттың, әр кейіпкердің сӛйлеу мәнері,
тұлғасы, шешендердің ерекшеліктері, киім-кешегі және т.б.
детальдардан айқын білінеді.
Ақын-жазушыларымыз
М.Жұмабаев,
Ғ.Мүсірепов,
С.Мұқанов, Ғ.Қараш, Ж.Тілешов, І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев,
Қ.Жұмаділов және т.б. батырлар бейнесін суреттеу арқылы
қаһармандық танытты, олар халық алдындағы қаламгерлік
парызын ӛтеді. Қаламмен сомдалған батырлар бейнесі – тарихи
факті мен кӛркемдік сипатты бойына жинақтаған біртұтас
бейнелер.
Мәселен,
І.Есенберлин
«Кӛшпенділер»
трилогиясында қазақ батырларының біртұтас топтамасы
жасалған, батырлар бейнесінің мұндай кӛлемді жинағы бұрын-
соңды
қазақ
әдебиетінде
кездеспеген.
Қазақ
халқы
батырларының қаһармандық бейнесін кӛркемдеп жасау –
жазушының ерлігі. Себебі кемеңгер жазушы М.Әуезовтің
сӛзімен айтқанда: «Біз адамның сыртқы ісін кӛп баяндап, оның
ішкі дүниесіне аз үңілеміз, образды даралау, характер
дәрежесіне жеткізу үшін психологиялық талдауға кӛңілді баса
бӛлген жӛн» (Замана шарты // «Қазақ әдебиеті», 1960, №68).
Тарихи туындылардың әрқайсысы – тӛл тарихымыздың кӛркем
беттері, сондықтан ақын-жазушыларымыздың бұл арнадағы
еңбектері ұрпақ тәрбиесіне қосылған елеулі үлес. Олар
батырларымыздың тарихи факті мен кӛркемдік сипатты бойына
жинақтаған біртұтас бейнелерін сомдау арқылы ӛздерінің де
қаһармандығын танытты. Қаламгерлерімізді осы тұрғыдан
келгенде нағыз патриоттар деп атауға болады, олар – ұлтын
сүйетін ұлт жанашырлары және ұлт жазушылары.
121
Тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда қазақ батырларының
ерліктерін, тарихи ерліктің құнын терең қадірлеуіміз қажет.
Қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның ұшымен
қорғап қалған қасиетті, кең байтақ қазақ жері – бізге, бүгінгі
ұрпаққа мұра болып қалған басты игілік осы. Қазақ
батырларының қаны тамған киелі жеріміздің қойнауындағы,
жердің асты мен үстіндегі бар байлығымыз – батырларымыздың
бізге аманаттаған жан сыры, жүрек нұры. Осының қадіріне
жетіп, кӛздің қарашығындай сақтай білу парыз.
Тарихи туындыларды оқыту арқылы білім беру – халықтың
мол тағылымдық мұрасынан сусындату. Сондықтан жас ұрпақ
тарихи тұлғаларды біліп, олардың ерліктерінен сусындап ӛсуге
тиісті. Елдің еркіндігі мен азаттығы, теңдігі үшін күрескен,
қазіргі
тәуелсіздігіміздің
бастауында
тұрған
жалынды
күрескерлері, батырларымыздың рухын еске алып, істерін үлгі
тұтып, сӛздерінен тағылым алып, есімін қастерлеу, осы арқылы
кейінгі ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу бәрімізге ортақ
парыз болуға тиісті. Олай болса, халық қамы үшін күресіп,
батырлығымен, даналық тапқырлығымен, шешендігімен тосын
жерден жол тапқан батырларымыздың әдебиеттегі бейнесі –
тәрбие құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |