М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет12/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78
Бақылау сҧрақтары: 
1. Тарихи 
тұлғаларды кӛркем шығарма кейіпкеріне 
айналдырудың қиындығы неде? 
2. Тарихи роман кейіпкерлері қандай қасиеттерімен 
ерекшеленеді? 


73 
10-дәріс. Тарихи романдардағы ел билеушілер образы 
І.Есенберлиннің «Кӛшпенділер» трилогиясында реалистік, 
эпикалық, қаһармандық образдар жасаған. Қазақ хандары 
Абылайдың, Кенесарының бейнелерін эпикалық сомдауға 
жатқызуға болады, себебі жазушы олардың қоғам қайраткері 
тұлғасын жасау үстінде ешқандай детальді жасырмаған, 
шығарманың ӛн бойында хандардың дипломатиялық қасиеттері 
де, соғыс даласындағы тактикалық шеберліктері де, ӛз 
мақсатына жету үшін жасаған қастандықтары да, кӛпшілік 
алдындағы айыбын сезінген кезде жасаған әрекеттері де, сезім 
иірімдері де кӛрініс табады. Ол ӛз туындыларында 
кейіпкерлердің іші-тысын, сӛзі мен ісін қоғам талабына сай 
кӛрсетеді. Кейіпкерлері тарихи тұлғалар болғандықтан, жазушы 
шығармаларының идеялық-кӛркемдік концепциясы терең. 
Туындыдағы хандар бейнесіне нақты деректер бойынша 
тоқталып ӛткен жӛн. Шыңғыс ұлы Жошының ұрпағы Барақ 
ханның тұсында астанасы Сығанақ қаласы болып, қазақ 
хандығының шаңырағы кӛтеріледі. 1456-1477 жылдары осынау 
ел болу жолындағы қозғалыста Жәнібек хан мен Керей хан 
қолдаса дем беріп, қазақ хандығының іргесін біржола 
орнықтырды. Бұл туралы А.Тарақтының «Балталы, бағаналы ел 
аман бол» атты шежірелік еңбегінде нақты сипатталады. 
Жәнібек хан – Барақ ханның бел баласы. Керей хан болса Барақ 
ханның ағасы Болат сұлтанның баласы. Яғни, Жәнібек пен 
Керей немере. Ол кезде Алтын Орданың сынықтары сияқты Ақ 
Орда, Кӛк Орда, Сары Орда (Сырлы Орда) атанған 
хандықтардың бәрін осы күнгі қазақ халқының құрамындағы ру-
тайпалар құрады. Олар негізінен кӛшпелі мал шаруашылығымен 
айналысатын. Хандықтың ішіндегі талас-тартыс аласапыранда 
Жәнібек пен Керей батыл қимылдап, Әбілқайыр ханнан ат 
құйрығын кесісіп, Шудың солтүстік қапталындағы Қозыбасы 
деген жерге Орда тігуі ең алдымен кӛшпелі қазақтың ел болып, 
еңсе кӛтерсек деген ынтасын оятты. Бір шеті Дешті Қыпшақ 
даласынан (дұрысы кӛшпелілер даласынан), келесі шеті Ӛзбек 
хандығынан түріле кӛшкен ел Жәнібек пен Керейдің маңына 
шоғырланды. Осы күнгі ғылым тілінде «кӛшпелі ӛзбектер» деп 


74 
жүргендердің бәрі кӛшпелі қазақтар болатын. Оған қоса ХҮ 
ғасырдың 50-70-жылдары арасында Әбілқайыр ханның қол 
астынан екі жүз мыңдай адамның кӛшіп, Жәнібек хан мен Керей 
ханның қол астына келіп, қазақ хандарының күш-қуатын 
арттырады. Қазақ хандығының тақ иесі жасы үлкен Керей хан 
болса (шамамен 1456-1473 жылдары хандық құрды), кейін ақыл 
иесі Әз-Жәнібек (1473-1480 жылдары хандық құрды) болды. 
Екеуі қолдаса қимылдап жүріп, елдің кӛсегесін кӛгертті (30-31 
бб.). 
Ал роман мазмұнында Жәнібек пен Керей хандар қазақ 
халқының тәуелсіздігі үшін күреседі. Олардың мақсаты – 
Әбілқайыр хандығынан қазақ руларын бӛліп алып, дербес 
мемлекет құру. Тарихқа сүйенетін болсақ, Жәнібек пен Керей 
Қазақ хандығының шекарасын кеңейтуге, оны Сырдария 
ӛңіріндегі қалалар мен Шығыс Дешті Қыпшақтың қырдағы 
аудандарына дейін жеткізуге ұмтылады... Жәнібек пен Керей 
Әбілқайыр ӛлгеннен кейін, Шығыс Дешті Қыпшақтағы ӛзара 
талас 
күресіне 
араласты. 
Жошы 
әулетімен, 
Маңғыт 
мырзаларымен, оларды қолдаған қазақ билеушілерімен ұзаққа 
созылған күрестің нәтижесінде Әбілқайырдың мұрагері, оның 
баласы Шах-Хайдар толық жеңіліп, ӛлтірілді. Бұл осылай Қазақ 
хандығының құрылуындағы тағы бір қадам болды. Ал Кӛк 
орданың ӛзінің іші қалай? Шіри бастаған теріге ұқсас. Хан 
салған алым-салықтың зардабына шыдай алмай күні бүгін 
Әбілқайырдан бӛлінгелі тұрған қазақ рулары аз емес... Тек 
солардың санын кӛбейте түсу керек. Жәнібектің бұл ойларын 
жӛнге шығарар ӛткен жылғы бір оқиға сұлтанның кӛз алдынан 
кетпей қойған. Ол аңнан келе жатып Әбілқайыр лашқарлары 
шауып кеткен бір ауылдың үстінен шыққан. Шаңырағы күйреп 
жерге түскен үйлер... Ұлдары сойлға жығылып, ботасы ӛлген 
інгендей боздаған аналар... Жәнібекті таныған ақсақал:
– Шырағым Жәнібек, – деген, – алым-салықты тӛлемедіңдер 
деп ханның аш бӛрілері ауылымызды шауып кетті, Еділ 
бойында да кӛрген күніміз осылай болатын. Бӛтен елдерді 
шабуға жігіттеріңді бермеңдер, мерзімінде енді бізді құтқара гӛр 
бұл қорлықтан! 
– Қалай құтқарам? – деген Жәнібек. 


75 
– Кӛк Ордадан руларыңды бӛліп ал, – деп жауап қайырған 
қарт. – Ӛзгенің жер-суына қызықпайтын, ӛз еліне жат жұрттай 
ауыр салық салмайтын жеке шаңырақ кӛтер! 
Қытай, жоңғар жағының рулары да осындай ойлар 
білдірген. Осыдан Жәнібек жеке хандық құрудың кӛптің арманы 
екенін және ӛз басының қамы мен ел-жұртының арманының 
сабақтаса бастағанын кӛптен түсінген. Сұлтан күйінде де кесек 
тұлға, артынан хан дәрежесіне кӛтерілген Жәнібек – автордың 
Әбілқайырға қарсы қоятын кейіпкері. Ол тарихтың беталысын, 
халық тынысын аңғарғыш, кӛреген қайраткер ретінде танылған. 
Оны тіпті, Әбілқайыр да мойындайды: «...Әрине осыншама 
жұрт жиналған, мына ұлы тойда Жәнібек пен Керей кӛп би, 
батырлармен тіл тапты. Қазақ батырлары Қаптағай, Бӛрібай, 
Оңай, Бекет, Қарақожа босқа топтанып жүрген жоқ...». Бұл 
Әбілқайырдың қазақтардан, оның ішінде, Жәнібек пен Керейден 
алғаш сескенуі емес... Жәнібек хан жоғарыда айтып кеткендей, 
ел қамын ойлайтын адам және де ол асқан кӛріпкел деп айтуға 
да болады: «Қазақтың кӛшпелі рулары алмас қылыш, – деп 
ойлаған Жәнібек, – егер жұмсай білсең, – ол жауыңа айбар, жер-
суыңа қорған. Қара халық ӛз бетімен бірімен бірі соғыспайды, 
тыныштықты, достықты тілейді. Бар пәле бізде, хан, 
сұлтандарда. Қолыңдағы осындай күшті аужайлап пайдалана 
алсаң, ойыңдағыдай хандықты құруға болады. Ноғай, Қазан, 
Қырым, Астрахан хандары мен сұлтандары таламасын десең, 
арғы жағыңдағы орыс елімен тіл тауып, одақтасқан жӛн. Бірақ, 
ондай күнге жету үшін ең алдымен Әбілқайыр ордасынан бӛліну 
қажет». 
Жәнібектің бастауымен қазақ халқы сол кезде басын қосып 
үш жүзге бӛлінді. «...Жиналған батыр, билер енді қазақ 
руларының сӛзсіз бірігуі керек екенін, егер бірікпесе Әбілқайыр 
хан, не басқа бір хан құл ететінін ұқты. Хан кеңесі қайтадан 
мәжіліске отырды. Барлығы келешекте үш жүзге бӛлініп, бір 
ханға бағынуды мақұлдасты... Ұлы жүзге – аға рулар Үйсін, 
Дулат, Жалайыр, Орта жүзге – Арғын, Қыпшақ, Найман, 
Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты, Кіші жүзге – Байұлы, Жетіру, 
Әлімұлы кірсін десті... Осылай дәлелдермен Асан Қайғы 
қазақтың сол кездегі басты қырық руына таңба үлестірді. Бұл 


76 
қырық таңба сол күні Нұраның Қаратұзының жарына түсірілді. 
Халық бұл жерді сол күннен бастап Нұраның таңбалығы деп 
атады. Асан Қайғы батасын беріп, ертеңіне Жәнібекті боз 
түйенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге кӛтеріп, қайтадан бар 
қазаққа хан сайлады». Бұл – қазақ халқының мемлекеттілігін 
қайта құруға деген арманына үн қосты, яғни Жәнібек секілді 
тарихи тұлғаның бейнесін биіктете түсті. Жәнібек хан қазақ 
халқының бостандық алуына, еркін тыныстауына, келешек 
ұрпағының еркін мекенде ӛмір сүруіне ӛз үлесін қосты. 
Осындай 
ұлдарының 
арқасында 
Туған 
Жер-Анамыз 
бостандықтың дәмін татты. 
Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына, Жәнібек 
пен Керейдің билігінің нығаюына бӛгет жасауға ұмтылысынан 
еш нәтиже шыққан жоқ. Қайта Жәнібек пен Керейдің қол 
астындағы тайпалар саны 1468 жылы Әбілқайырдың қазасынан 
кейін кӛшіп келушілермен ұлғая түсті.
«Алмас 
қылыш» 
романында 
бейнеленген 
жарқын 
тұлғалардың бірі Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың 
ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалауға 
қатысқан Жәнібек ханның ортаншы баласы. Жазушы Қасым 
сұлтанның бейнесін ақылды, жігерлі, ер тұлғалы батыр кейпінде 
суреттейді. Әбілқайыр ханның ұлы Шах-Будақтың қайтқанына 
жыл толғанда берілген аста Асан Қайғы тӛрелік еткен Қотан 
жырау мен Қазтуған жыраудың айтысы кезінде Қотан 
жыраудың мазмұнды жырына қанып, аталы сӛздеріне риза 
болған жас Қасым ел алдына шығады: 
– Мың жаса, атажан, – деді кенет қайратты бір жас дауыс, – 
дария тоқтаған бӛгетті бұзып, суды тасыту бір адамның қолынан 
келеді. Мүлгіп тұрған орманға шақпақ тастан от беріп, телегей-
теңіз ӛрт шығару о да бір адамның атқара алар ісі. Сол тасыған 
суды тоқтату жүз адамның да қолынан келмейді. Тоғайды алған 
қалың ӛртті мың адам да сӛндіре алмайды. Ерлік кӛрсетіп, ел-
елдің арасын бүлдіру қай рудың қолынан болса да келеді. 
Бүлінген жұрттың басын қосып, ел ету тек халқына жаны 
ашыған ұлдарының ғана қолынан келеді. Олардың қолынан 
әзірге елді біріктіру келмесе де, сол елді біріктіру – арманы. Сол 
арманды мына қауым алдында жайып салғанының үшін, 


77 
Арғынның ардақты ұлы, жырау Қотан ата, сізге жас болсам да 
ӛз есімімнен алғысымды білдіремін.
Жұрт осы сӛздерді айтқан жігітке қарай қалды. Бұл жігіт 
Жәнібек сұлтанның баласы Қасым еді. Ұзын бойлы, қошқар 
мұрын, ақ сұр жігіт ӛзіне қадала қалған самсаған жандардан 
қайыспай, кӛзі шоқтай жанған қалпында қозғалмады. Үстіне 
бадана кӛз кіреуке киген, хан алдында суырыла сӛйлеген осынау 
жас батыр кенет жұртқа ұнай қалды (49-64 бб.). 
«Жанталас» романында батырлығымен даңқы шыққан 
Шыңғыс хан әулетiнiң кiшi буыны Ӛсеке ұрпағы Қажы 
сұлтанның баласы Әбiлқайыр баһадүр хан (1693-1748) жан-
жақты бейнеленген. Әбілқайыр хан соғыста батырлығымен
айлакерлiгiмен, аса дарынды ұйымдастырушылығымен кӛзге 
түсіп, ӛз беделiмен 1710 жылдан ӛмiрiнiң соңына дейiн хан 
болады. 1728-30 жылдары жоңғар қалмақтарына қарсы 
Аңырақай жерiнде соғысқа қолбасшылық жасап, ӛз жерiн 
дұшпандардан тазартады. Романдағы Әбілқайыр образы ыстығы 
мен суығына бірдей кӛнетін, қажырлы, ойлы халық басшысы 
қандай болу керек деген сұраққа жауап бере алады. Оның 
осылай жарқ етіп тарих сахнасына шығуы заңды. Жазушы хан 
бейнесін әр қырынан сипаттайды: «Әбілқайыр ханның Россия 
патшалығының қол астына кірумен қатар, патша үкіметі алдына 
қойған екі негізгі мәселесі болатын. Бірі – Кіші жүз еліне Еділ 
мен Жайық ӛзендерінің аралығынан жайылым беру. Екіншісі Ор 
ӛзенінің Жайыққа құятын сағасынан Ор қаласын салу, 
Әбілқайырдың ондағы ойы – қол астындағы орыс бекінісі 
арқылы ӛзінің билігін күшейту, бекіністегі әскерді бақ күндес 
сұлтандарға қарсы пайдаланып, үстемдігін арттыра түсу; бүкіл 
қазақ елін ӛз дегеніне кӛндіру» (347-б.). Бұл жерде жазушы 
ханның Ресей патшасының бодандығына мойынсұнуын емес, 
хан ретінде ӛз талабын қоя білендігін кӛрсетеді. Сонымен қатар 
ханның халық қамы үшін де әрекет жасағандығы кӛрінеді.
Ал ханның жеті атасынан бері шежіресін тарқатқан жазушы 
Жәнібектің тоғыз баласының ішінде Ұснақтан тараған балалары 
хан болып кӛрген жоқ, бақ пен дарын жеті атадан кейін бір 
қонады дегеннен болар, жетінші буыны хан болды дей келе 
Әбілқайырға жағымды сипаттама береді: «Кіші жүз жеке отау 


78 
тігіп, Әбілқайырды ӛзіне хан сайласа, о да сонау Үш жүздің қара 
шаңырағы – Үлкен Орда хандығы болжырап нашарлап 
кеткеннің нәтижесі! Ал ел басына күн туып, Жоңғардың қалың 
әскері қаптағанда, қазақ жұртын біріктіріп жауына қарсы 
тұруды басқарса, онысы ӛзінің ерлігінің, кӛрегендігінің арқасы. 
Әбілқайырдың бұл қасиеттері жұрт алдында абыройын асырды, 
кейде исі қазақ елінің кӛсемі дәрежесіне дейін кӛтерді. Орта 
жүздің кейбір ру басшысы, Жәнібек секілді батыры бұның 
соңынан ерді, қарындасын алып, жекжат болды. Солардың 
демеуімен Әбілқайыр ӛзін кейде бар қазақтың жоқтаушысы 
ретінде сезінді» (359-б.).
Ханның образын жан-жақты суреттей келе жазушы оның 
саяси әрекеттеріне тарихи кӛзқарас тұрғысынан оң баға береді: 
«...Әбілқайыр ханды бағалай білмеген кейбір орыс пен қазақ 
тарихшылары оны қара басының қамы үшін жұртын сатқан, бақ 
күндес жауларын табанының астына саламын деп қазақ елін 
Россия патшасына бағындыру саясатын қолдаған дейді. Сол бір 
қилы кезеңде Әбілқайырдың түпкі ойы солай-ақ делік... Бірақ 
болашақ тарих ұстағын жолының дұрыс екенін айқындады. 
Қазақ елінің Россияға бағынуының қажеттігі Әбілқайырдың ӛз 
басының қамынан гӛрі, әлеуметтік қасиетін жоғары сатыға 
қойды. Әбілқайыр ұстаған саясаты үшін еш уақытта күрестен 
бұғып қалған емес. Оған куә қан майданда үнемі алғы шепте 
болуы, қауіп-қатерлі кезеңдерде ӛз басын қорғап тығылып 
қалмауы. Ұстаған жолы үшін ӛз басы түгіл, туған балаларының 
ешқайсысын аямай кезек-кезек аманат ретінде патша қол астына 
беруі» (361-б.), – деп, ханның тарих шешіміне саяси-әлеуметтік 
тұрғыдан оң ӛзқарасын білдіреді. Осы сәт Ә.Кекілбаевтың 
«Үркер», «Елең-алаң» тарихи дилогиясында жалғасын табады. 
Әбілқайыр ханның саясаты ел қамы үшін жасалғандығын, халық 
тыныштығы үшін осындай қадам жасау барысында ӛзінің 
балаларын аманатқа берген қадамының қиындығын жазушы 
кӛркем суреттейді: «Жұлдыздай ақ меңі бар күрең тӛбелдің 
үстінде құлағы қалқиып ырғай мойын ақсұр бала Ералы отыр. 
Кӛзіне түсе берген сусар бӛркін қамшысының сабымен жоғары 
кӛтеріп, жаутаң-жаутаң әкесіне қарап қояды» (142-б.). 


79 
Ә.Кекілбаевтың 
эпикалық 
тынысы 
кең 
тарихи 
романдарында да негізгі кейіпкер – Әбілқайыр хан. Ол – ең 
алдымен, хан тұқымы, сұлтан. Осы тұқымға тән билікқұмарлық, 
ӛзімшілдік сезімдерден де құр емес. Жазушы оның ел 
билеушілік психологиясына үңіледі. Жазушының сипаттауында 
Әбілқайыр бірден кӛзге түсіп, билікке ұмтылмайды. Ол хан 
тұқымына, жалпы билік басындағыларға тән даңғойлық пен 
кеудемсоқтықтан аулақ. Ӛзін қарапайым, сыпайы ұстап, 
халықпен салмақты, байсалды қарым-қатынас жасайды, 
кӛпшіліктің ортасында болып, адам тануға ұмтылады. Оның хан 
тағына жетуге дейінгі дайындығы кӛкірек кӛзін халық 
даналығымен ашқанымен сипатталады. Әбілқайыр хан халық 
тілегін орындау мен ынтымағы аз, кӛшпелі жауынгер елді 
бағындыратын жол ерлік кӛрсету екенін түсінеді. Ол ел 
жақсыларымен тізе қосып қимылдаудың қажеттілігін жете ұғып,
айналасына Бӛкенбай, Есет, Жәнібек батырларды жинайды, 
бұлар оның алынбас қамалына, қолдаушыларына айналады. 
Әбілқайыр Мәртӛбе сапарында халықтың әлеуметтік және 
рухани тіршілігімен терең танысып, кӛрші елдермен қарым-
қатынас орнату туралы ойланып, қазақтың үш биі – Тӛле, 
Қазыбек, Әйтекенің сүбелі сӛздерін тыңдайды. Дилогияда: 
«Тәуке ханнан кейін қазақта әзір Әбілқайырдан беделі аса 
қойған тӛре жоқ. Ол Тәуке ханның тұсында-ақ хан атанып кӛзге 
түскен. Қазақтың қазіргі ханмын, сұлтанмын деп жүргендері 
ешқайсысының Әбілқайырдай еңбегі сіңген емес... Ол үш 
арыстың басын қосқан талай-талай іргелі шайқастарды 
басқарды. Жоңғар мен қалмақтан абырой алған соғыстардың 
бәрінде тізгін соның қолында болды. Тәуке тұсында қол 
басқарды. Осыдан екі жыл бұрын ақ киізге кӛтеріп бас сардар 
сайлаған. Қазақ ғаскері оның алдына шыға алмайды» (193-б.), – 
деген шешуші сӛздері арқылы жазушы Әбілқайыр хан образын 
асқақтата түседі. 
Ал Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» тарихи дилогиясында 
Әбілқайыр ханның бейнесі жоғарыда келтірілген тарихи ісіне 
қарай кӛрінеді. Романда оның бейнесіне «қазаққа құлдық 
бұғауды алып келуші» тұрғысынан баға беріледі. Бұған қарап 
автор ханның еліне сіңірген еңбегін жоққа шығаруды 


80 
діттемейді. Ол шынайы деректер бойынша Әбілқайыр ханның 
ӛз кезінде қазақ қосындарын бастап, жоңғарға қарсы үлкен 
майдан ашқанын, әскери қолбасшылық қабілетінің арқасында 
жауға ауыр соққы бергенін, сӛйтіп ауыр жеңілістерден кейін 
қазақтың рухын қайта кӛтергенін ашып айтады. Әбілқайыр хан 
мен Барақ сұлтанның арасындағы қақтығыс «Жанталас» 
романында да, «Дарабоз» дилогиясында да сипатталады.
Соңғысында бұл қақтығыстың тақ таласы, енші бӛлісі үшін 
емес, саяси қақтығыс ретінде үлкен мәні бар екені ашылады.
Қазақтың соңғы ханы, қазақ елінің дербес мемлекет болуын 
аңсаған Кенесары хан Қасымұлы (1802-1847) І.Есенберлиннің 
«Қаһар» романына негіз болған басты кейіпкер. Ол бала күнінен 
ат құлағында ойнап ӛседі, атысу, шабысу, сайысу, аударыспақ 
т.б. дала сарбазына қажетті ерлік ӛнерінің бәрін толық 
меңгереді, аңшылық дегенде ішкен асын жерге қояды. Ақын 
М.Жұмабаев ӛзінің «Оқжетпестің қиясында» атты поэмасында 
«...Арқада Бурабайға жер жетпесе, Алашта Кенекеме ер 
жетпейді», – деп дәріптейді (23-б.).
Патшалық Ресей ӛкілдері Кенесарыны «қарақшы», 
«жабайы», «бұзақы» деп сипаттап жазғанымен, оның айлалы 
саясаткер, ақылды қайраткер, қаһарман қолбасшы екендігін 
жоққа шығармаған. Осы тарихи деректі орыс ғалымы Н.Середа: 
«Кенесары ӛз халқына мәңгілік бостандық тіледі, шынайы 
патриот ретінде орыс мемлекетінің ӛздерін толық жаулап алуға 
ұмтылғанын түсіне білді», – деп сипаттайды (Ахметов Қ. 
Кенесары хан Ұлытау ӛңірінде, 5-б.). 
Фольклорда да, жазба әдебиетте де Кенесары бейнесін 
сомдауға қалам тартқан жазушылар аз болған жоқ. Фольклорда 
Кенесары тек ӛз бойына ғана тән (стиль, ӛмірбаянының жеке 
сарындары, тұлғаның ерекшеліктері, «ӛзіндік» іс-әрекеттері) 
және оны сыртқы саясатқа қарсы күресуші ұлттық батырлардың 
белгілі қатарына қосуға мүмкіндік беретін типологиялық 
қасиеттерді біріктіреді. 
Кенесары 
туралы 
ауыз 
әдебиеті 
шығармалары 
кӛпқырлылығымен және саяси-тақырыптық молдығымен 
ерекшеленеді. Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық 
кӛтеріліске байланысты поэзиялық шығармалардың қатарында 


81 
тарихи поэмалар (Нысанбайдың «Кенесары – Наурызбай», 
Кӛкбайдың «Абылай – Кенесары», С.Керімбековтің «Кенесары 
батыр», О.Шипиннің «Кенесары мен Наурызбайдың Адырлы 
мен Байтақ қалаларын алуы», Н.Ахметбековтің «Кенесары – 
Саржан», «Сары Кене» («Жасауыл қырғыны») жырлары), 
лирикалық поэмалар («Наурызбай – Қаншайым», «Наурызбай – 
Фатима» (авторы белгісіз), туған жермен қоштасу ӛлеңдері 
(«Кенесарының Кӛкшетауға қоныс аударуы, бұған Досқожаның 
атйқан ӛлеңі»), жоқтау ӛлеңі («Нысанбайдың Кенесары мен 
Наурызбайға арнаған жоқтауы», «Наурызбайдың Саржанды 
жоқтауы»), ауызша поэтикалық арнау («Кенесарының Балғожа 
биге хаты», «Балғожа бидің Кенесарыға жауабы»), толғаулар 
(Д.Әлімбаевтің 
«Кенесары», 
М.Ж.Кӛпеевтің 
«Сарыарқа 
кімдікі?» жырлары) бар. 
Аты аңызға айналған хан ӛмірі мен қызметі туралы 
шығармалар әрқилы әдеби жанрларда жүзеге асып келеді. 
Кенесары туралы кӛркем шығармаларға тарихи-биографиялық 
очерк жанрында жазылған шығармаларды (А.Кенесарин 
«Кенесары мен Садық сұлтандар»), күнделік түріндегі 
(А.Янушкевич «Күнделіктер мен хаттар»), шығармаларды 
немесе мемуарларды (К.Барон «Қырғыз тұтқынындағы тӛрт ай», 
А.Орлов «Орыс әйелі Кенесарыда қонақта») жатқызуға болады. 
К.Қасымұлы бастаған кӛтеріліс жаңғырығы Г.Шевченконың 
«Құдай есігінің алдында сокира жатты...» деген ӛлеңінде 
кӛрініс тапты және Ж.Верннің «Патша жаушысы» атты 
романында да суреттелді.
Хан бейнесі Ә.Бӛкейхановтың «Кенесары» ӛлеңінде, 
М.Сералиннің 
«Топжарған», 
І.Жансүгіровтың 
«Күйші», 
М.Жұмабаевтың 
«Оқжетпестің 
қиясында», 
«Ертегі» 
поэмаларында, Қ.Бекхожиннің «Батыр Науан» поэмасында, 
М.Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясында, І.Есенберлиннің 
«Қаһар» романында кӛркем сипатымен кӛрінеді.
«Қаһар» романында келтірілгендей, Кенесары Ташкент пен 
Қараӛткел, Қызылжар арасындағы керуендерді талап, ырқына 
кӛнбеген кейбір сұлтандардың ауылын шауып, Чириков пен 
Карповтың жасақтары секілді патша әскерлерінің шағын 
топтарымен ғана қақтығысып келді. Ал ертеңнен бастап үлкен 


82 
айқасқа шықпақ, патша әскерлері мен Россияға берілген қазақ 
сұлтандарына қарсы майдан ашпақ. <...> Кенесары бұл 
майданды ашпастан бұрын, патша әскерімен таласты соғыссыз 
шешпек боп қолдан келген амалын аяған жоқ. Маңайына ақ 
патшадан зәбірлік жеген жұртты жинаумен қатар, мүмкін, 
күннен-күнге кӛбейіп жатқанымызды кӛріп бізбен санасар деген 
үмітте де болды, Омбы бастықтарына хат үстіне хат жолдады. 
Ең ақырғы хатын ол Шу мен Сарысуды қыстап шығып, 
Сарыарқаның бел ортасы Қарақойын Қашырлыға кӛшіп келген 
соң, Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков князьға 1838, 
яғни қазақша Ит жылы мамыр айының басында жазған. Оны 
Тоқтының Табылдысы мен Қазанғаптың Кӛшінбайы деген 
ӛзінің екі сенімді адамы арқылы жолдаған. Бұл хатта Кенесары 
Қасымұлы сұлтан: «менің тілегім екі патшалықтың халқы да 
тыныштықта ӛмір сүру еді... Менің айтып отырғаным мынау: 
біздің бабамыз хан Абылайға тиісті жерлерде сіз дуан 
салдырдыңыз және қазақ халқынан алым-салық аласыз, сӛйтіп 
бізді қыспаққа алып отырсыз. Біз бұған риза емеспіз және алым-
салық тӛлеп сіздің қарауыңызда тұра алмаймыз... Сондықтан да 
біздің жай-күйімізбен санасуларың керек. Әрине, мен Баянауыл, 
Қарқаралы һәм Ақмола қазақтарын ӛзіме қосып алдым, әлі де 
болса халқымды ӛз жағыма қоса берем деген ниетім бар; алайда 
қазақ халқы бұрынғыша ӛз алдына ел болып ӛмір сүрсе жақсы 
болар еді... Бірақ дуанбасылары ел аралаған кезде сиязға деп 
сылтауратып қазақтың жақсы ат, киім-кешектерін алатын 
кӛрінеді. Біздің мүлкімізді талан-таражға салуға тиым болсын 
деген патша ағзамның заңы бола тұрса да, дуанбасылары 
қазақтардың айтқан арызын құлағына да ілмейді... Сізбен 
әрқашанда достық қатынаста тұруды кӛздеп мен мына 
тӛмендегілерді талап етемін: 1) Ақтау қорғанысы жойылсын; 2) 
Ақмола дуаны жойылсын; 3) Біздің жерімізге салынған сондай 
мекеме орындары тегіс жойылсын; 4) Қамауға алынған біздің 
адамдар һәм Қоңырқұлжа сұлтанға жіберілген екі адам 
босатылсын» (596-597 бб.). Бұл хатына да жауап ала алмаған 
Кенесары сұлтан дұшпандарының айқассыз теңдік бермейтініне 
кӛзі жетіп, шабуылды бастауға бел байлады. Содан кейін 
Кенесары ерліктері аңызға айналды.


83 
Жазушылар қазақ хандарын суреттеуде олардың бойында 
халық үшін күрескен елжандылық сезімі әрқашан жалындап 
тұрғанын кӛрсетеді. Тарихи романдардағы Жәнібек, Қасым, 
Хақназар, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары бейнелерін сомдауда 
олардың билік үшін таласымен қатар, елді біріктіру туралы 
ойларының кӛрініс табуы хандардың тек ӛз қара басының қамы 
үшін емес, шын мәнінде ел билеуші ретінде мемлекет құру 
жолындағы күресіп, жер үшін тартысып, халық қамын 
ойлағанын кӛрсетеді. 
Тарихта болған әйгілі тұлғаларды кӛркем шығармада 
бейнелеудің бір қиындығы – олардың халқы үшін жасаған 
ерліктеріне әділ баға беріп, халық алдындағы шын бейнесін 
дұрыс жасау керек. Себебі оқырман қауым тарихи тұлғаның 
кӛркем шығармада суреттелген бейнесіне қарап, оның 
характеріне қанық болуды қалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет