273
философиялық, эстетикалық, публицистикалық мәселелер
баяндалады.
ЖЫЛНАМА – оқиғалардың болған жылы, күні бойынша
баяндайтын аса маңызды жазба деректер. Ерте заманда
абыздар,
тарихшылар, дін қызметкерлері, патша хатшылары
жыл ішінде болған елеулі тарихи оқилар мен тарихи
құбылыстарды рет-ретімен тіркеп, қайта жазып отырған.
Жылнамалар жазу дәстүрі ежелгі Мысыр, Үндістан, Қытай,
Иран, Арабия, т.б. елдерден басталған.
Ертедегі жылнамашылар
кӛбінесе патшалардың іс-әрекеттерін дәріптеп, солардың беделі
мен үстемдігін нығайтуды кӛздеген.
ЖЫР (кӛне түркі тілінде – иыр) – 1) кең мағынада,
поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Кӛне түркі тіліндегі
«иыр» сӛзі де қазіргі «поэзия» терминінің мағынасында
қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазіргі қарақалпақ,
қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт, татар, т.б. түркі
тілдерінде әлі күнге
дейін қолданылады; 2) тар мағынада –
қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буын ӛлшемі, поэзиялық
шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры,
тарихи жырлар, лиро эпостық жырлар, жоқтаулар, жыраулар
поэзиясы, толғаулар, термелер, т.б. түгел
дерлік поэзияның осы
ӛлшемдегі үлгісіне құрылған. Поэзиядағы бұл жанрды жазба
әдебиет ӛкілдері де (А.Құнанбайұлы, С.Торайғыров, т.б.)
орнымен пайдаланған. Буын санының бірқалыпқа түсіп
тұрақтануы – жыр жанры дамуының соңғы кезеңдерінде
пайда болған құбылыс. Ежелгі замандардағы жыр ӛлшеміне
аралас буын тән болған. Мұндай ӛлшем қазақ халқының
толғауларында, ноғай халқының йырларында, башқұрт
халқының қобайырларында,
қырғыз халқының санатында
сақталған. Тармақтарындағы буын саны 7-ден 15-ке дейін
жетеді. Аралас буынды үлгілер батырлар жырында да
кездеседі. Поэзияның басқа ӛлшемдеріндегі ӛлең жолдары
тұтаса келіп, шумақ құраса, жыр тармақтары тирада түрінде
шоғырланады. Тарихи-генетикалық тұрғыдан тирада үлгісі
шумақтан бұрын қалыптасқан. Демек жыр ӛрнегі ӛзге
ӛлшемдерге қарағанда әлдеқайда ерте туған.
274
ЖЫРАУ – ауыз әдебиетінің ежелгі ӛкілдерінің бірі, ірі
қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғай-жырларды шығарып
айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы, кӛрген
сәуегей.
Жырау тұлғасы ерте дәуірде, тайпалық одақтар
бірлестігі тұсында қалыптасып, ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда үлкен
ӛнер иесі және қоғам қайраткерлері ретінде танылған. Соғысқа
кірер
алдында
бата
беріп,
толғау
жырлар
айтып,
жауынгерлердің рухын кӛтерген саяси, әскери дипломатиялық
істерге кеңінен араласқан, мемлекет басшысының кеңесшісі
қызметін де атқарған. Жырау сӛзінің алғаш хатқа түсуі ХІ ғасыр.
Жыраулар ауыз әдебиетін ӛркендетуге, халықтың ӛлең-жыр
дәстүрлерін, сӛз ӛнерін
байытуға, суырып салма ақындық
ӛнердің қалыптасуына зор үлес қосқан. Жыраудың ноғай,
қарақалпақ халықтарының поэзиясында да үлкен орны бар.
Шығармалары халқымыздың рухани асыл қазынасына мол үлес
болып қосылған жыраулар – Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет,
Жиембет, Үмбетей, Бұхар, Ақтамберді т.б. Кейінгі дәуірлерде
«жырау» сӛзінің мағынасы ӛзгеріп,
ақын-жыршы, эпостық
жырларды айтушы ұғымында да қолданылатын болды
(мәселен, Марабай, Мергенбай, Мұрын т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: