М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет68/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78
Байланысты:
open-file

КӚРКЕМДІК ҚИЯЛ – кӛркемдік ойлау ерекшелігі
суреткердің дүниеде, ӛмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, 
жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп 
кӛрсету тәсілі. Кӛркемдік қиял шындық пен шарттылықтың 
бірлестік-тұтастығына негізделеді. Кӛркемӛнерде тақырып 
таңдау, оның тереңіне бойлау, ӛмір құбылыстарының ішкі 
қабаттарына барлау жасау, солардың әлеум.-эстетикалық мәнін 
ұғыну, сан алуан кейіпкердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс-
тұрысын суреттеу кӛркемдік қиялға байланысты. Бұл жерде 
ескертетін жай – кӛркем әдебиетте шындыққа сай келетін ӛмір 
кӛрінісі де, сондай армандау, қиялға берілу арқылы жасалатын 
әдемі елес түріндегі болжам негізіндегі шығармалар болады. 
КӚРКЕМДІК УАҚЫТ – әдеби шығармадағы уақыттың
суреттелуі, зейінге алыну, қабылдауының ӛзгеше сипат-
ерекшелігін түсіну үшін кӛркемдік уақыт деген ұғым 
қолданылады. Ол түсінік уақытқа байланысты. Реалды уақыт – 
бұл ӛмірдегі нақтылы қалпы. Оның басты ӛзгешелігі – 
объективтілік сипаты. Реалды уақыт үздіксіз ӛтіп жатады және 
үнемі алға, біркелкі жылжиды. Ал енді осы уақыт бар да, оны 
адамның сезіммен қабылдауы бар. Бұлардың ӛзі екі түрлі сипат 
алуы ықтимал. Біздің сезінуімізде уақыт кейде ақырын, кейде 
жылдам ауысқандай болады. Ал әдебиет шығармасында 
уақыттың жылжуы уақиғаның суреттелуіне байланысты бірде 
жедел, бірде баяу болып, кейде тіпті үзіліп кетіп отыруы 
ықтимал. Ал тағы бірде уақиға аяғынан басталып баяндалса
жазушы уақытты кейін қарай жылжытып кӛрсетуі де мүмкін. 
Сонымен әдебиет шығармасында автордың,кейіпкерлер мен 
оқырмандардың уақытты қабылдау ерекшеліктері ескеріледі. 
Кӛркемдік 
уақыт 
әдеби 
шығарманың 
танымдық 
мүмкіншіліктерін, әсерлілігін арттыра түседі. Мысалы, «Абай 
жолы» эпопеясын алсақ, мұнда жарты ғасырға таяу мерзім 
алынған. Оқырман Абаймен алғаш кездескенде, ол 13 жаста 
болса, кітап аяқталған тұста 60-қа таяп, дүниеден қайтады. Осы 
мерзім кітапта үздіксіз суреттелмей, кейде жазушы арада 
бірнеше жылдар ӛтті деп, бір талай уақытты атап кетіп те 
отырады. Ал, бірақ кітаптағы кӛркемдік уақыттың кӛлемі 
әлдеқайда кең. Ондағы ӛткен замандағы ӛмір суреттерін еске 


278 
алсақ, ескі аңыз-жырдағы оқиғаларды ескерсек, кітаптың 
уақыттың сыйымдылығы әлдеқайда мол екенін аңғарамыз. 
Оның үстіне, роман-эпопеяда маңызды тарихи кезең алынып 
отырғанына және назар аударсақ, әдеби шығармада бейнелі 
түрде суреттелген кӛркемдік уақыттың қаншалық мағыналы, 
әсерлі болатынын айқын аңғаруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет