285
кейіпкерлер бейнесі, уақыты қалпында алыну керек. Осының
бәрі жанды бейнеленіп берілсе, оқырманға берер әсері, тәрбиесі
мол болмақ. Ол үшін әдебиетте әдіс, тәсілдер қалыптасып
келеді.
ТАРТЫС, конфликт (лат. қақтығыс) – кӛркем шығарма
мен ондағы образдар арасындағы
арақатынастар принципін
айқындайтын қайшылықтар жүйесі, қарама-қарсылық. Тартыс
оқиғаның қозғаушы күші ретінде әдебиет пен ӛнер
шығармаларының кӛпшілігінде кездеседі. Тартыс шығарманың
ӛн бойына тартылған үзілмес желі ретінде оқиғаның
баяндалуындағы сюжеттік байланыстан бастап, оның шарықтау
шегіне
дейін оны дамытып, ӛрбітіп, күшейтіп отырады.
Тартыс кӛбінесе шығарманың шешімінде шешіліп отырады.
Тартыс әдеби қаһарманның ӛзін қоршаған ортаға деген
кӛзқарасымен,
басқа
кейіпкерлермен,
кейде
ӛз-ӛзімен
қақтығысқа, қарым-қатынасқа түсуімен айқындалады. Мысалы,
«Абай жолы» эпопеясындағы басты тартыс Құнанбай мен
Абайдың арасында ӛтеді. Осы шығармада Абайдың ӛз
айналасындағы «надан кеуде, ӛзімшіл» жандармен тартысы,
сондай-ақ түрлі толқуға түскен сәттегі ӛз кӛңіл-күйінің
тартысы да бар.
ТРОП (грек. tropos – иін, иірім) – сӛз немесе сӛз тіркесінің
кӛркем шығармада тура мағынасында емес, ауыспалы мағынада
қолданылу тәсілі. Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі
ӛзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары,
реңктері, дыбыстары,
бояулары болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге
қызмет етеді. Стилистика мен поэтикада сӛз бір мезгілде тура
және астарлы мағынада қолданылады. Бұлардың бір-бірімен
байланыстылығының
ӛзі
заттар
мен
құбылыстардың
ұқсастығына әрі контрастылығына байланысты. Кӛркем тілде
троп түрлері ӛте кӛп.
Троп екі нәрсенің, не құбылыстың бір-
бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде
жасалады
(метонимия,
синекдоха),
не
сипатталатын
құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне
ұқсастыру, ауыстыру тәсілі арқылы туады (метафора, теңеу).
Троп бір нәрсені үлкейту, не кішірейту, не сықақтау яки қарсы
286
мағынада сипаттаумен, әсірелеу
сарынымен де шендеседі
(гипербола, литота, кейіптеу, ирония).
Достарыңызбен бөлісу: