М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет72/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78
Байланысты:
open-file

ПОРТРЕТ (франц. рortraіt – бейнеленген) – әдеби 
кейіпкердің сырт кӛрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын 
суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық
ашып кӛрсету үшін оның портретін мүсіндеудің де үлкен мәні 
бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әр түрлі жағдайда, 
күрес-тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы, 
ӛзінің әрекет-қимылдары, істеген істері арқылы айқындай 
отырып, жазушы портреттік сипаттауға да кӛңіл бӛледі.
Жазушы негізгі қаһармандардың келбетін, бой- тұлғасын, 
жүріс-тұрісін, сӛйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп, әсерлі 
бейнелеуге мән береді. Сонымен бірге жазушылар, ақындар 
әйелдің, сұлу қыздың бой тұлғасын, бет-әлпетін сӛзбен 
мүсіндеге бейім тұрады. Қазақ поэзиясындағы осындай 
портреттің тамаша үлгісі – Қыз Жібектің сұлулығын бейнелеу,
Ақжүністің кӛркін суреттеу. 
РИСАЛАТ – араб әдебиетіндегі прозалық жанр, ұйқас пен 
ырғаққа құрылған кеңсе қағаздары, елшілік құжаттар, ғылыми 
және діни шығармалар, саяси үндеулер мен арнаулар. Рисалат 
жанрының негізін салушы атақты араб халифы Марви ІІ-нің 
хатшысы, ұлты парсы Абд әл-Хамид әл-Катиб болып саналады 
(?-750 жж.). 
РОМАН (ХІ-ХІІ ғасырларда роман тілдеріне жазылған әр 
түрлі шығармалар атауынан шыққан) – күрделі және дамыған 
сюжетті, кӛбінесе қара сӛзбен, кейде ӛлеңмен жазылған кесек 
тұлғалы эпикалық әдеби шығарманың бір түрі. Романның 
жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Дегенмен оның 
жаңалық сипаттары бертінде қалыптасты қазақ әдебиетінде 
М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Т.Жомартбаевтың «Қыз 
кӛрелік», С.Кӛбеевтің «Қалыңмал», С.Торайғыровтың «Қамар 
сұлу» романдарынан бастау алған бұл жанр Кеңес үкіметі
қалыптасып, жан-жақты дамыды. Қазақ романын кӛркейтуде 
М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің, Х.Есенжановтың, 
Ә.Нұрпейісовтің, 
І.Есенберлиннің, 
Т.Ахтановтың,
М.Мағауиннің т.б. еңбектерібар. Қазіргі заман әдебиетінде 
романның түрлі типтері қалыптасқан. Олар: әлеуметтік-


283 
психологиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, т.б. 
роман-эпопеялардың пайда болуы романның дамуына кең 
мүмкіндіктерін танытты. Елдің жағдайына зор әсер еткен аса 
ірі тарихи оқиғаларды, халықтың тарихтағы шешуші күшін 
кӛрсететін роман-эпопеялар әдебиеттен барған сайын кең орын 
алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет