М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет44/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   142
Фасонды және қисықсызықты беттерді фрезерлеу. Қолмен беріліс беру әдісімен фрезерлеу кезінде дайындама станок столына ор-
наластырылады. Ұштық фреза дөңгелектікті алу мүмкіндігіне қарай таңдалады.
Қисықсызықты контурды бірмезгілде қолмен бойлық және көл- денең берілістермен, механикалық бойлық және қолмен көлденең берілістермен немесе керісінше фрезерлеуге болады.
Таңбалау бойынша дайындаманы өңдеуді таңбалау сызығына шейін 1,5...2 мм жеткізбей бірнеше жұмыстық жүріспен қарсы фрезерлеу әдісі арқылы жүзеге асырады. Қисықсызықты профильдің барлық бойымен шамамен бірдей припуск алған соң, дайындаманы столды бірқалыпты жылжыта отырып, бойлық және көлденең бағытта берілісті бірмезгілде беру арқылы фрезерлеуге болады.
Соңғы таза жұмыстық жүрістен соң детальдің размерлері мен құрама пішінін тексеру қажет.
Дөңгелек айналу столының көмегімен ұштық фреза арқылы сыртқы және ішкі қисықсызықты беттерді фрезерлеуге болады.
    1. Беттерді ажарлау




Ажарлау түрлері мен тәсілдері. Ажарлаудың ең көп тараған түрлеріне дөңгелек, сыртқы, ішкі және жазық ажарлау жатады.
Дөңгелек ажарлаудың түрлері: осциллирлейтін және кірекесетін. Осциллирлейтін ажарлау – абразивті аспап немесе дайындама ай- налмалы қозғалыспен қатар ілгермелі-қайтармалы қозғалыс жасай- тын ажарлаудың түрі. Кіріп кесетін ажарлау – беріліс қозғалысы тек қана өңделетін бетке перпендикуляр бағытта жүретін ажарлаудың түрі.
Дөңгелек ажарлау 2.18-суретте көрсетілген тәсілдер бойынша жүзеге асырылады.
Осциллирлейтін ажарлау кезінде деталь 2 немесе дөңгелек 1 өз осі бойынша ілгерілемелі-қайтармалы қозғалыс жасайды, бұл кез- де қосарлы жұмыстық жүрістен соң тереңдікке беріліс беріледі. Бір жұмыстық жүрісте ажарлау кезінде кіші бойлық беріліспен берілген припускінің z(мм) барлығы немесе барлығына дерлік алынады, мұнда ажарлау дөңгелегінің сатылы немесе конусты түрі қолданылады.
Кірекесетін ажарлау кезінде дөңгелек биіктігі өңделетін бет ұзындығына тең (немесе үлкен) болуы тиіс; припускіні алу дөңгелектің радиалды бағытта үздіксіз немесе периодты берілісі кезінде жүзеге асырылады.



2.18-сурет. Дөңгелектік ажарлау тәсілдері:
а қосарлы жұмыстық жүрістің тереңдігіне бойлық жүріспен беру;
ә кесу тереңдігіне дөңгелекпен; б өңдеу еніне радиальді бағытта кесіп беру; в кемерлерді радиалды беріспен тізбектеп кесу; 1 ажарлау дөңгелегі; 2 – деталь; t – ажарлау тереңдігі


Ал ішкі ажарлау бойлық және көлденең беріліс әдісімен жүргізіледі. Бойлық беріліспен ажарлау кезінде беріліс дөңгелектің детальді бір айналғандағы биіктігінің төрттен үш бөлігінен аспауы тиіс. Өңделетін бетке перпендикуляр бағыттағы беріліс столдың әрбір жеке немесе қосарлы жүргісіне үздіксіз немесе үзіліспен беру арқылы орындалады.
Жазық ажарлау тәсілдері 2.19-суретте келтірілген.




2.19-сурет. Дөңгелек жиегімен жазықтық ажарлау тәсілдері:
а – көлденең берусіз кесу; ә – тереңдікке беру (көп) және өңделетін бетке перпендикуляр бағытта (аз) беру; б дәл сол тереңдікке аз беріспен
және өңделетін бетке перпендикуляр бағытта көп беріспен беру

Қатты шақтамалы детальдарды абразивті өңдеу тұрпайы ажарлау және таза ажарлау операциясы болып бөлінеді.


Тұрпайы ажарлау әдетте ірі түйіршікті дөңгелекке тереңдікте үлкен бойлық беріліс беру арқылы орындалады. Таза өңдеуге арналған
припускіні ажарлауға берілген барлық припускінің 10...30%-ы есебінде қабылдайды. Таза өңдеу кезінде кіші берілістерді таңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет