М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Сыртқы және ішкі цилиндрлік беттерді ажарлау



бет45/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   142
Сыртқы және ішкі цилиндрлік беттерді ажарлау. Дөңгелекті ажарлау станоктарында көбінесе дайындаманы жылжымайтын цен- трлерге орналастырады. Станок центрлері мен дайындаманың центрдегі тесіктерінің күш көтеретін беттері станоктың жылжу сызығына па- раллель бір осьтің бойында жатуы және де олардың конустарының бұрыштары сәйкес болуы тиіс.
Ажарлау станоктарында дайындамаларды көбінесе центрлік және консольдік құралбіліктерге бекітеді. Құралбіліктердің түрлері: қатты, қысқыш, жылжымалы элементтермен, гидравликалық қысыммен (2.20- сурет).


2.20-сурет. Ажарлау үшін дөңгелек құралбіліктері:
а гильза белбеулерін ажарлау үшін центрлік; ә цангалы қысқыш;
б гидропластпен; 1 гильза; 2,4,8 – гайкалар; 3 құралбілік; 5 – цанга;
6 конус; 7 дайындама; 9,14 бұрандалар; 10 втулка; 11 тығынжыл; 12 – центрлегіш втулка; 13 – гидропласт

Қабырғасы жұқа дайындамаларды ажарлау үшін, мысалы, гильза, втулка т.б., дайындаманы осьтік бағытта әсер ететін күштермен қысып бекітетін қысқылар қолданылады.


Центрлік емес дөңгелектік ажарлау. Центрлік емес ажарлаудың (2.21-сурет) мәні мынады: ажарланатын дайындама 2 ажарлау 1 және жетекші 3 дөңгелектердің арасына орналастырылады да, оларды тірек пышақ 4 ұстап тұрады. Дайындама центрі екі дөңгелектің де центрлерін байланыстыратын сызықтан біршама биік болуы тиіс, яғни шамамен 10. 15 мм және одан да көп.
Ажарлау дөңгелегінің шеңберлік жылдамдығы Vg = 30….65 м/мин, ал жетекші дөңгелектікі Vж=10...40 м/мин. Дөңгелек 3 пен өңделетін дайындама арасындағы үйкеліс коэффициенті дайындама мен дөңгелек
1 арасындағы үйкеліс коэффициентінен жоғары болғандықтан, жетекші дөңгелек дайындаманы айналмалы беріліс жылдамдығымен vб айнал- дырады.
Центрлік емес-ажарлау жартылай автоматы мен автоматтарында цилиндрлік, конустық және фасондық бетті айналу денелері типіндегі деталь дайындамаларын ажарлауға болады. Ажарлаудың екі әдісі қолданылады: өтпелі (берілісті бойлық беру қозғалысы әдісі, 2.21-сурет а) және кіріп кесетін (берілісті көлденең беру қозғалысы әдісі, 2.21- сурет ә). Бірнеше жұмыстық жүрістегі өтпелі ажарлау кезінде дәлдіктің 6-шы квалитетіне қол жеткізуге болады ( Ra  0, 2 мкм).
Кірекесетін ажарлаумен (2.21-сурет ә) дөңгелек детальді және
формасы конус болып келетін дайындамаларды өңдейді. Бұл әдісте дөңгелектер осьтері параллель немесе жетекші дөңгелек кіші бұрышпен (  0, 2...0, 50 ) орналасады, ал өңделетін дайындаманың осьтік жылжуына қондырылған тірек кедергі жасайды.


2.21-сурет. Центрлік емес дөңгелектік ажарлау сұлбалары: а – өтпелі; ә – кесу


Жануыштау. Ілгерілемелі-қайтармалы және айналмалы қоз- ғалыс жасау нәтижесінде абразив дәндері бетті өңдейтін абразивті қайрақтардың көмегімен іске асырылады. Жануыштауды ішкі цилиндрлік, конустық және басқа беттерді (тесіктерді), кей кездері сыртқы цилиндрлік беттерді өңдеуге қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет