М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет10/32
Дата03.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#6694
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

Әдебиеттер

1. Маргулан А. Древние сказания и легенды. Научно-исследовательские 

статьи. – Алматы: Жазушы, 1985. – 234 с. – 5 б.

2. Коныратбаев А. Казахский эпос и тюркология. – Алматы: Ғылым, 1985. 

– 256 с.

3. Геродот.  История. I том. – М., 1888. – 156 с. – 113–114 бб.

4.  Бичурин  Н.Я.  Собрание  сведений  о  народах,  обитавших  в  Средней 

Азии в древние времена. – М-Л., 1950. – 345 с. – С. 40.

5. Аманжолов К., Рахметов К. История тюркских народов. I том. – Алма-

ты, 1996. – 264 с. – 12  б.

6. Руденко С.И. Культура населения Горного Алтая в скифское время. – 

М-Л. 1953. – 357 с. – 254 б.

7. Петр Золин. Афиниада, Киприан, Астерий, Гайна, Руас.

8. Тюрки. Сост. К. Салгараулы. – Алматы, 1999. – 264 с. – 30 б.

9. Сакулин П.Н. Филология и культурология. – М., 1990. – 198 с. – 62 б.

10.  Келимбетов  Н.  Литература  древнего  периода.  –  Алматы,  Ана  тiлi, 

1991. – 195 с. – 33 б.

11. Суиншалиев Х. Казахская литература XV–XVIII веков. – Алматы, 2006. 

– 254 c. – 22 б.

12.  Магауин  М.  Алдаспан.  Антология  древней  казахской  поэзии.  XV–

XVIII в. – Алматы: Ана тiлi. 2006. – 456 c. – 312 б.

13. Жеті ғасыр жырлайды. – Алматы. Жазушы, 2008. – 523 с, I том. –  400 б. 

14. Султанов Т. История казахского ханства. – Алматы: Мектеп, 2003. – 

268 с. I том. – С. 160.  

15. Лихачев Д. Великий путь. Становление русской литературы XI–XVII 

веков. – М., Современник, 1987. – 423 c. – 301 б. 

16. Елеукенов Ш. Ғасырмен сырласу. – Астана: Елорда, 2004. – 503 с.  – 480 б.

17. Каскабасов С. Жаназык. – Астана: Аударма, 2002. – 596 с. – 584 б.

18. Каскабасов С. Литература периода Казахского ханства //  История ка-

захской литературы. Десятитомник. 3 том. Литература эпохи Алтын Орды 

и периода Казахского ханства. – Алматы: Казакпарат, 2008. – 321 с. – 208 б.

19. Казахская литература древнего периода: Исследования. – Алматы: 

Ғылым. 1983. – 236 с. – 37 б.

20. Медетбек Т. Капалы ой // Абдрахманов С. ХХ ғасыр жырлайды. Ан-

тология казахской поэзии. – Алматы: Раритет, 2007. – 316 с. – 161–123 бб.

21.  Келимбетов  Н.  Начало  казахской  литературы.  –  Алматы;  Ана  тiлi, 

1998. – 139 с. – 16 б.


152

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

22. Кирабаев С. Национальная независимость и литература. – Алматы. 

Ғылым, 2002. – 327 с. – 263 б.

23.  Бес  ғасыр  жырлайды  (Сказания  пяти  веков)  //  Сост:  М.  Магауин,       

М. Байдилдаев. I том. – Алматы. Жазушы, 1989. – 400 с.

24.  Каскабасов  С.  Литература  периода  Казахского  ханства.  –  Алматы, 

2006. – 126 с. – 36 б.

25. Суйиншалиев Х. Поэзия казахских акынов. – Алматы, 1982. – 236 с. 

–  С. 11. 

26. Дербисалин А. Размышления о литературе. – Алматы, 1990. – 186 с. 

27. Казахская литературы древнего периода. – Алматы: Ғалым, 1983. – 

186 с. – С. 129.

28. Ауэзов М.  История литературы. – Алматы, Ана тiлi, 1991. – 195 с. 

29.  Валиханов  Ч.Ч.  Собр.  сочинений  в  пяти  томах.  I  том.  –  Алма-Ата, 

1961. – 345 с. – С. 430.

30. Тилепов Ж. История и литература. – Алматы, Ғылым, 2001. – 357 с.

31.  Тилепов  Ж.  История  казахской  поэзии.  –  Алматы,  Ғылым,  1994.  –    

229 с. – С. 53.

32.  Бес  ғасыр  жырлайды  (Сказания  пяти  веков)  //  Сост:  М.  Магауин,       

М. Байдилдаев. I том. – Алматы. Жазушы. 1989. – 400 с. – С. 75.

33. Суйиншалиев Х. Казахская литература XVIII–XIX в.в. – Алматы, Мек-

теп, 1981. – 245 c. – C. 31.

34. Сүйінбай. Таңдамалы Шығармалары. – Алматы, 1996. – 254 б. – 125 б.


4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының  

дамуы кезеңі ретінде

153 


4 ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛЫҒЫ ДӘУІРІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

РУХАНИЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ КЕЗЕҢІ РЕТІНДЕ

4.1 Қазақтардың рухани өміріндегі Ш.Ш. Уәлихановтың 

әлеуметтік прогресс идеясының маңызы

Біз, прогресс идеясын негіздеп, дәріптеудегі озық тұлғаның рөлі 

қандай болады деп ойланғанда, шын мәнісінде, бұл үдерісте әрбір 

адам  мен  жеке  тұлғаның  рөлі  қандай  болу  керек  деген  түсініктің 

негізін  қалаймыз.  Мұндай  теориялық  рәсімнің

 

әдіснамалық  рөлі  – 



оны қазіргі мәдениетте жаңа қазақстандық патриотизмді, еліміздің 

демократиялық дамуындағы стратегиялық басымдылықты тәрбиелеу 

процесін түзейтін құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік беруінде.

Тәуелсіз  Қазақстан  тарихы  үшін  Ш.Ш.  Уәлиханов  –  дәстүрлі 

қазақ қоғамының тарихы мен мәдениетіне терең бойлап, халқының 

болашақ дамуының, тарихта дербес дәрежеге жетуі мен прогрессив-

ті  дамуының  стратегиясын  анықтаған  ұлтжанды  тұлғаның  үлгісі. 

Түркілер  мен  қазақтардың  тарихы  мен  мәдениетін  ауқымды  көз-

қараспен  шолып,  оларды  орыс  зиялылары  мен  патшалық  само-

державиесы  үшін  ғана  емес,  әлемдік  ғылым  мен  мәдениетке  таны-

туы  Ш.Ш.  Уәлиханов  шығармашылығын  қазақ  халқының  тарихи 

тағдыры үшін баға жетпес феномен ретінде бағалауға негіз болды.

Қазақ  халқы  үшін  отарлық  тәуелділік  жағдайында  аса  қажетті 

әлеуметтік прогресс жөніндегі мәселені ерекше өткірлікпен көтерген 

оның  теориялық  тәжрибесін  бірқатар  себептермен  жаңа  тарихи 

жағдайда  қайта  ұсынуға  болар  еді.  Біріншіден,  мұндай  тәжірибе 

өзара мәдени ықпалдар пен мәдени қарым-қатынастардың түйіс-кен 

тұсында  пайда  болды,  сондықтан  ол  өзара  түсіністік  философия-

сы дискурсында жинақталған қазіргі көзқарастарға жақын тұрады. 

Екіншіден,  шын  мәнісінде,  Ш.Ш.  Уәлиханов  өзінің  шығармашы-

лық  мұрасында  Қазақстанда  қазіргі  мәдениет  пен  саяси  тәжірибе 

басшылыққа алып отырған қазақ даласындағы әлеуметтік прогресс 

түсінігіндегі  евразиялық  ұстанымды  айқындап  берген.  Үшіншіден, 

оның  даму  жағынан  кенжелеген  қазақ  қоғамының  әлеуметтік 

дамуының  мәні  туралы  түсінігі  халық  тағдырына  алаңдаулы 

қоғамның  саяси  элитасы  мен  озық  өкілдердің  саяси  ұлттық  сана-

сезімнен бастау алған. 


154

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Оның  ой-толғамдары  қоғамның  мүддесін,  құндылықтары  мен 

дәстүрлерін  ескермейтін  еліктеуден  туындаған  бөтен  идеялардың 

көмескі  сұлбасы  емес,  әлемдік  тәжрибені  өнімді  дамытудан  туын-

дап, нақты елге арналған пайымдаулар болатын. Ш.Ш. Уәлиханов өз 

елінің болашағы мен қоғамдық прогреске жету жолдарын болжай-

тын  көзқарасы,  өз  идеяларын  туғызып,  қоғамдық  санаға  енгізетін, 

сол  арқылы  олардың  бұқараға  таралуына  ықпал  ететін  қазақ 

қоғамындағы элита өкілінің көзқарасы еді.

 

 



Кез келген теориялық көзқарас сияқты, ол да белгілі бір дүние-

танымдық  негіздемеге,  адами  дамудың  мақсаты  ретіндегі  әлеумет-

тік прогрестің мәнін ұғынуға, сондай-ақ қойылған мұратқа жетудің 

нақты қадамдарына арқа сүйеген. 

Терең дарын иесі, ой жүйесі ерек, қазақ халқының ұлттық рухын 

бойына  сіңірген  тұлға  ретінде  Шоқан  Уәлиханов  орыс  мәдениеті-

нен  келген  прогрессивті  идеяларды  жатсынбай  қабылдаған.  Бұл 

идеяларды  Батыспен  мәдени  қарым-қатынас  орнатудың  нәтиже-

сінде  сондағы  буржуазиялық  қоғамның  прогресивті  дамуы  қалып-

тастырған  идеялардың  әсерімен  Ресейдегі  әлеуметтік  прогресс 

теоретиктерінің  жасағаны  белгілі.  Сондықтан  әртүрлі  мәдени 

әлемдердің  пікірталасынан  туған  идеяларды  басшылыққа  алған 

Ш.Ш. Уәлихановтың Қазақстанның болашақ дамуы мен прогресіне 

деген  көзқарасын  біз  біржақты  яки  таяз  дей  алмаспыз,  өйткені 

оның түсініктері әлемге ортақ өткір проблематиканы қамтыған. Ал, 

қазақ халқының тағдыры мен лайықты тарихи дамуының болашақ 

мүмкіндіктері  –  ғалымның  бүкіл  ғылыми,  философиялық,  тарихи, 

лингвистикалық және т.б. ізденістерінің басты уәжі мен әлеуметтік-

философиялық дүниетанымының өзегіне айналды.       

Ш.Ш. Уәлиханов өзі өмір сүрген тарихи жағдайда қазақ қоғамы-

ның прогресивті даму идеясын тұтастай әрі нақты тарихи негіздеген 

деп айта аламыз. Ол, қазақ жұртының ауыр материалдық жағдайы мен 

өлкенің артта қалушылығының кері әсері болған қазақ менталитеті 

мен  мәдениетінің    ерекшелігі  мен  өзгешелігін,  ақыл-парасатының 

даму деңгейі мен дүниетанымдық көкжиегінің шектеулігін ескеріп, 

оларға ерекше мән берді. Патриот және жауапкершілігі мол саяси 

қайраткер ретінде ол, орыстың озық зиялы қауымы мен оның саяси 

элитасының  назарын  қазақ  қоғамының  әлеуметтік-саяси  даму  аху-

алына  көбірек  аударуға,  сондай-ақ,  мүмкіндігінше,  қазақ  қоғамын 

оятуға тырысты.

Жеке  тұлғаның  қоғамдық  прогресті  танып,  түсінуі  нақты 

тарихи  жағдайда  қалыптасатыны  белгілі  және  ол  тұлғаның 

өмірбаяны  басталған  сәтте  қалыптасып,  өмір  бойы  өзгеріп  отыра-


4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының  

дамуы кезеңі ретінде

155 


тын  құндылықтар  мен  құндылықтық-мәндік  бағдарлар  жүйесіне, 

әлеуметтік-мәдени  және  психологиялық  ерекшеліктерге,  түрлі 

объективті және субъективті сипаттағы факторларға негізделеді.

Қазақ  қоғамының  дегдар  қабатынан  шығып,  оның  саяси  пи-

рамидасының  шыңынан  орын  алған  Ш.Ш.  Уәлиханов,  қазақ 

даласының  мәдениетін,  құндылықтары  мен  дәстүрлерін  бойына 

сіңіріп, тамаша білім алады, өзінің жеке дарынын одан ары дамы-

тады. Оның асқан дарындылығына онымен дос болып, араласқан, 

бірге  оқып,  бірге  жүргендердің  бәрі  куәлік  етеді.  Замандас-

тарымыздың  қолында  А.Н.  Потаниннің,  П.П.  Семенов-Тян-

Шанскийдің,    Н.И.  Веселовскийдің  және  т.  б.  ресейлік  қоғамдық 

ойдың және ғылымының көрнекті өкілдерінің естеліктері бар, онда 

Ш.Ш.Уәлиханов тұлғасының алуан түрлі қырлары ашылып, жарқын 

біртумалығы мен әлеуметтік тағдыры айқын көрініс тапқан.

Ф.М.  Достоевскийдің  Ш.Ш.  Уәлихановты  өз  бауырынан  артық 

сүйетіні жайлы және оның қоғамдық-тарихи миссиясы туралы мы-

надай пікір айтуы да тегін болмаса керек: – «…Ресейде сахара мен 

өз халқыңыздың Ресейге қандай қатысы бар екенін алғашқылардың 

бірі болып түсіндіру, сонымен қатар орыстардың алдында Отанына 

көзі ашық жоғын жоқтаушы ретінде қызмет ету» [1, 178–179 бб.].  

Ш.Ш.  Уәлиханов  туған  өлкесінің  географиясы  мен  этнографи-

ясын  жақсы  білген,  тамаша  эрудит,  жан-жақты  дарын  иесі  болған 

ғалым,  «соқыр  нанымсыз»  жаңалық  пен  белгісіз  нәрсені  зерттеу-

ге  құштар  болатын,  ол  өз  елін  сүйген,  оған  жоғарыдан  қарамаған. 

«Уәлиханов өз өмірінің мақсаты қырғыз халқына қызмет ету, орыс 

билігі  алдында  оның  мүдделерін  қорғап,  ақыл-ой  қабілетін  қайта 

түлету деп білген, – деп жазады А.Н. Потанин» [2, 94 б.]. Халқының 

мұндай қайта түлеуі Ресейдің прогрессивті дамуының арнасында ғана 

мүмкін болады деп санаған ғалым, Ресейді ақсүйектер салондары мен 

ресми қабылдаулар арқылы ғана емес, оның терең қайшылықтары 

арқылы  да  таныған.  Сондықтан,  Н.М.  Ядринцевтің  бағалауынша, 

Ш.Ш. Уәлиханов «өз өмірінің жаңа Құранына табынған»: «қоршаған 

орыстық ортаны жақсы түсінген және онымен европалық өркениет 

топырағында туыстасуға әрқашан дайын болған» [3, 96 б.].  

Әлеуметтік-тарихи 

жағдайлар 

тұрғысынан 

келгенде,                           

Ш.Ш.  Уәлихановтың  мұндай  әлеуметтік-философиялық  ұстаны-

мын әдебиетте күрделі әрі әрқилы түсіндірілетін Қазақстанның Ре-

сейге  қосылу  үдерісінен  туындаған  контекст  қалыптастырды  –  бұл 

үдеріс  жүз  жылдан  астам  уақытқа  жалғасты  және  оның  жағымды 

да,  жағымсыз  да  салдары  болатын.  Сол  кездің  өзінде  қазақтың  са-

яси  элитасы  мұндай  бірігудің  тарихи  қажеттілігін  түсініп,  таңдап 



156

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

алынған  әлеуметтік-саяси  дамудың  артық  және  кемшін  аспектіле-

рін байқап, оның әлді және әлсіз тұстарын қабылдады. Тұлға ретінде 

Ш.Ш.  Уәлихановтың  маңдайына  өмір  бойы  орыс-қазақ  қарым-

қатынасының  өтінде  жүріп,  қазақ  қоғамының  Ресейге  қарай  бет 

бұру траекториясы мен орбитасына кірігу жазылған еді. Сонымен 

бірге,  бұл  азаматтың,  ғалым  мен  патриоттың  ерікті  әрі  жауапты 

таңдауы да болатын.

Қазақ қоғамының ақсүйек табынан түлеп ұшқан азаматтың да-

муы сол кездегі Ресейдің отар шалғай аймақтарының өкілдері мен 

«жат  діндегілер»  үшін  қол  жетімді  ең  тәуір  оқу  орындарында  өтті 

және ол жерде әртүрлі терең білім алуға жақсы мүмкіндіктер бол-

ды. Омбы кадет корпусында оқыған кезде де, одан кейін де, оның ай-

наласында  Ресейдің  тарихына  немқұрайлы  қарамайтын,  оған  жан-

тәнімен берілген, Ресейдің мүддесі мен гүлденуі үшін жанын қиюға 

дайын адамдар көп болды.

Ресейдің  әлеуметтік-саяси  дамуы  жайлы  талқылаулар  мен  ай-

тыстар  Ш.Ш.  Уәлихановтың  әлеуметтік-саяси  проблематикаға  де-

ген  көзқарасының  қалыптасуына  ықпал  етіп,  қазақ  халқы  үшін 

әлеуметтік  прогрестің  мәнін  анықтап,  қалыптастыруға  мүмкіндік 

берді. Мұны А.Н. Пыпин де атап өтеді – «Уәлихановты жақсы білетін 

адамдар өзінің ақыл-парасатының бағыты мен ұнатулары бойынша, 

Уәлиханов орыс батысшылы болған дейді; ол Ресейді риясыз жақсы 

көрді, оның кемшіліктерін көрді және озық адамдармен бірге оның 

жаңаруын тілектес еді. Ол алпысыншы жылдардағы қозғалысқа әуес 

еді»  [4,  84  б.].  И.И.  Стрелкова  да:  «Шоқан  Уәлиханов  тарихшылар 

кейін Ресейдегі алғашқы революциялық жағдай деп атаған маңызды 

дәуірдің қоғамдық өмірінің иіріміне тартылды», – деп атап өтеді [5, 

61 б.]. Бұл жағдайды 1825 ж. тарихи айырықша оқиғалардан кейінгі 

Ресейдің барлық әлеуметтік-саяси дамуы, орыс шаруаларының ауыр 

жағдайы  және  оны  басыбайлықтан  құтқару  үшін  күрес,  Ресейдің 

дамыған  еуропалық  елдердің  даму  деңгейіне  көтерілуі  дайындап 

берген еді.

Әлеуметтік  прогресс  тақырыбы  Ресейдің  әлеуметтік-саяси  ой 

өрісі үшін негізгі әрі анықтаушы тақырып болатын. Ресейдегі Ш.Ш. 

Уәлиханов заманындағы, сондай-ақ XIX–XX ғғ. шегіндегі әлеуметтік 

прогресс түсінігімен байланысты мәселелер шоғыры сан алуан еді. 

Оларды  орыс  зиялыларының  соншалықты  жан-жақты  әрі  қызу 

талқылауына қарап, біз, ресейлік қоғамның әлеуметтік-саяси ой өрісі 

–  қарсыластардың  шешімдері  мен  пікірлерінен  бұрқырап  қайнап 

жатқан идеялардың қазаны іспетті болған дей аламыз.

Оның  сипатын  әлеуметтік  прогресс  мәселелерін  шешудегі 

ұстанымдар мен пікірталастар, прогрестің мақсаты, оған жету жол-


4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының  

дамуы кезеңі ретінде

157 


дар  мен  формалар,  идеяларды  қоғамдық  санаға  ұсыну  тәсілдері 

анықтай алады.

XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  ресейлік  тарихқа 

ретроспективті  шегініс  жасап,  ресейлік  қоғамның  әлеуметтік-

философиялық  ұстанымдарының  кең  шоғырын  қайта  қалпына 

келтірсек, оның алуан түрлілігі мен тарихында болған әлеуметтік про-

гресс түсінігіне қатысы бар белгілі бір парадигмалық ұстанымдарды 

байқаймыз  және  олар  қазіргі  кезге  дейін  Ресейде  бар  болып 

шығады.  Әртүрлі  елдердің  қоғамдық  дамуы  бірдей  болатының 

мойындайтын мұндай ұстаным эволюциялық еді және плюралдық 

ұстаным  да  бар,  ол  алуан  түрлілік  принципіне  негізделіп,  субъ-

ект  пен  әлеуметтік  факторлардың  дамуындағы  ерекшеліктер  мен 

өзгеліктерді  алға  тартады.  Бір  парадигмалық  ұстанымда  қоғамның 

әлеуметтік  прогресін  оның  индустриялық,  ғылыми-техникалық  да-

муы  анықтау  тиіс,  ал  басқа  ұстанымда  –  қоғамдық  прогрессте,  ең 

алдымен,  рухани  адамгершіліктің  дамуы  бірінші  орында  тұрады. 

Бірінші  парадигмалық  мақсат  қоғамның  батыстық  даму  жо-

лын  көздесе,  екіншісі  –  «батысшыл»  және  «славянофил»  өкілдері 

ұстанымдарының қарама-қайшылығынан көрініп, өзінің дербес әрі 

қайталанбас жолын іздейтін мақсат.

Осыған  орай  әлеуметтік  өзгерістердің  басты  әрекет  етуші 

тұлғасы ретінде субъект танылады, ол «халық», «шаруалар қауымы», 

«адам» ретінде қарастырылды. Әлеуметтік өзгерістердің мақсаты да 

әртүрлі, ондай өзгерістер ретінде конституциялық монархия, демо-

кратия, социализм ұсынылатын. Мақсатқа жету жолдары да әртүрлі 

еді – капиталистік қоғамға қарай бірте-бірте жылжу реформалары, 

сондай-ақ  революциялық  үндеулер  мен  капиталистік  даму  жолын 

тежеп,  кері  қарай  оралу,  мысалы,  византинизмге  қарай  оралуға 

шақыратын үндеулер болған.

Бұл  көзқарастарды  немістің  классикалық  философиясына, 

француздың  Ағартушылық  философиясына  және  Ж.Б.  Вико  мен     

И.Г.  Гердердің  тарих  философиясына,  Фурьенің  утопиялық  социа-

лизміне  және  т.  б.,  сондай-ақ  христиандық  діндарлық  ілімге,  көбі-

несе  проваславияға  негізделген  орыстың  әлеуметтік-саяси  ойын-

дағы  либерализмді,  консерватизмді,  демократизмді,  социализмді 

жақтаушылардың  философиялық  ұстанымдары  қалыптастырды. 

Мәскеу  мен  Санкт-Петербург  университеттерінің  аудиториялары 

мен түрлі үйірмелерге, масондық ложалар мен қоғамдарға сау ете 

түскен  зиятты  нөпірдің  астарында  желтоқсаншылар  көтерілісінің 

қайғылы сабақтарын, ресейлік шаруалардың езгідегі ахуалын, жал-

пы Ресейдің мешеулігін тарихи таразылау тәжірибесі жатқан еді.


158

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Европада  буржуазиялық  қатынастар  дәуірінің  басталғанын 

куәландыратын әлеуметтік-саяси оқиғалардың ықпалымен ресейлік 

қоғамдық ойының әлеуметтік прогресс проблемаларын құндылық-

мәндік  тұрғыда  қайта  қарастыру  деңгейі  сондай  биік  еді,  тіпті, 

соңында Ресей жаңа әлемдік қозғалыстың өзегіне де айналды. Белгілі 

бір дәрежеде ресейлік қоғамдық ой өрісінің дискуссиялық кеңістігінің 

мұндай зияткерлік-рухани ахуалы ой кеңістігінің өзіндік матрицасы 

мен калькасына айналды және ол кеңістік кейін ресейлік империяның 

шетте  орналасқан  елдеріне  де  тарай  бастады.  Қалай  болғанда  да, 

зияткерлік  элитаның  көрнекті  өкілдері  арқылы  шалғайда  жатқан 

отар жұрт тарихи оқиғалардың иіріміне, империяның жалпы тари-

хын және өз тарихын таразылау үдерісіне тартыла бастады.

Ш.Ш.  Уәлиханов  үшін  қазақ  қоғамындағы  әлеуметтік  прогресс 

мәселесі өзекті болғанда, бұл мәселе оның айналасындағы ресейлік 

орта үшін де өзекті еді. Бұл орта П.Я. Чаадаевтың «Философиялық 

хаттар»  рухы,  В.Г.  Белинский,  М.В.  Буташевич-Петрашевский,       

А.И.  Герцен,  Ф.М.  Достоевский,  Н.Г.  Чернышевский,  Н.А.  Добро-

любов және т. б. айтқан идеялар туғызған дүниетанымдық ахуалдың 

қызуынан сырт қалмады.

Ш.Ш.  Уәлихановтың  айналасында  тек  қана  Қазақстандағы 

ресейлік  әкімшіліктің  өкілдері  болмағаны  белгілі,  олардың  ара-

сында  Қазақстанға  саяси  қылмыстары  үшін  жер  аударылған  озық 

ойшылдардың,  сондай-ақ  қазақтың  саяси  элитасының  өкілдері  де 

көп болғаны аян. Олардың көзқарастарын сараласақ олар Ресейдегі 

болашақ әлеуметтік прогресс пен мемлекеттік құрылысты құлатуға 

қатысты  мәселелерде  тым  өткір  әрі  шектен  асқан  шараларды 

құптамаған.  Олар  көбінесе  ағартушылықтың  бейбіт  формаларына 

бейім  болып,  шаруалардың  ауыр  халін  өзгерту  қажет  дегенді  алға 

тартып, ресейлік қоғамның әрі қарайғы прогресін қолдаған.

Жер  аударылған  Ф.М.  Достоевский  мен  С.Ф.  Дуров,  мыса-

лы,  өздерінің  әдеби  шығармашылығында  ой  еркіндігі,  әлеуметтік 

қарсылық, қоғамдық прогресс жолдарын анықтау идеялары жайлаған 

ресейлік қоғамдағы әр алуан көзқарастарды көрсете білген. С.Ф. Ду-

ров рухани жағынан өзіне жақын көрнекті еуропалық ақындар мен 

жазушылардың шығармаларын аударған және сол аудармаларында 

оның  демократиялық  мақсаттылығы  айқын  көрініс  тапқан.  Оның 

үйірмесінде  Ресейдегі  алғашқы  революциялық  жағдайдың  көңіл-

күйін беретін орыс халқына арналған үгіттеу шығармалары жарық 

көрген,  олар  ресейлік  шаруалардың  ауыр  жағдайына,  Ресейдің 

әлеуметтік-экономикалық  мешеулігіне  және  оның  болашағына  де-

ген терең алаңдаушылық пен мазасыздыққа толы еді.



4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының  

дамуы кезеңі ретінде

159 


Ресейдің  әлеуметтік  прогреске  қатысты  ең  маңызды  сауалдар-

ға  рухани-адамгершілік  және  гносеологиялық  жауаптар  іздеу 

шеңбері,  Ш.Ш.  Уәлихановтың  патриархалдық-феодалдық  қазақ 

қоғамында  әлеуметтік  прогреске  жетудің  жолдары  мен  тәсіл-

дерін  іздеуінен  қайта  көрініс  табады.  Қазақ  халқын  ғасырлар 

бойы  созылған  мешеуліктен  құтқарып,  озық  ғылым  деңгейінде 

білім  беріп,  тұрмысын  жақсартып,  қоғамдық-экономикалық 

қатынастардың прогресивті түрін орнатамын деген өз ұмтылысында 

ол  озық  ресейлік  қоғамдық-саяси  ойдың  реформациялық  сары-

нына еліктейді, өзінің айналасындағы ресейлік достарының ең ізгі 

деген  ниеттерінен  үлгі  алады.  Көшбасшы  ретінде  әрі  әлеуметтік 

дәрежесіне, білімі мен мәдениетіне сай Ш.Ш. Уәлиханов дәстүрлі 

қазақ қоғамын реформалаудың өзекті мәселелерін шешуге тиіс бо-

латын.


Дала  өлкесінің  әлеуметтік-экономикалық  дамуының,  қоғамдық 

қатынастарының,  дүниетанымының,  қазақтардың  дәстүрлері  мен 

әдет-ғұрыптарының  ерекшеліктері  мен  қыр-сырлары  бар  екенін 

дәлелдей отырып, ол Ф.М. Достоевскийдің «топырақшылдық» және 

Г.И.  Потаниннің  «облысшылдық»  идеяларына  жақын  еді.  Қазақ 

халқының мүдделерін қорғай отырып, ол алпысыншы жылдардың 

озық  идеялар  рухына  жақын  болды,  өз  отандастарын  батыстық 

өркениет  пен  европалық  мәдениетке  бейімдеу  үшін  барын  салуға 

дайын тұрды. Десек те, европалық мәдениетті қанша құрмет тұтса да 

ол өз халқының адал ұлы болып қалды, оны жан-тәнімен сүйді және 

оған қызмет етуді өмірлік мақсатына айналдырды.

Батыстың қоғамдық-саяси тарихы көрсеткендей, ондағы мәдени 

және  әлеуметтік-саяси  дамудағы  маңызды  өзгерістер  идеялардың 

дамуы  мен  ауысуы  негізінде  жүзеге  асып  отырды  –  Қайта  өрлеу 

дәуірі  (Ренессанс),  Реформация,  Ағарту  (Просвещение)  және  т.  б. 

Шын  мәнісінде  олардың  тарихы  зияткерлік  тәрбие  беру,  терең 

ой  қызметімен  айналысудың  тұрақты  машықтарына  үйрету, 

мәдениетті, білім беру және ағарту дәстүрлерін дамыту мектебі бо-

латын, бұлардың бәрі сақталған жағдайда идеялар елді де, қоғам мен 

мемлекетті де өзгертер еді. Бұрын П.Я. Чаадаев Батыста идеялардың 

қуаты қоғамды алға сүйрегенін, ал сол идеяларды ұстанатындар сол 

идеялардың жалауына айналатынын ресейлік қоғамға көрсетіп бер-

ген еді. Оның айтуынша, ол жақта сенімдер мүддеден туындамайды, 

керісінше, сенімдер мүдделерді негіздеп, туғызады, сондықтан да ол 

жақта болып жатқан революциялардың бәрі рухани революциялар 

еді. Ақиқатты іздеген ақыл иелері еркіндікке де, қоғамның дәулеті-

не  де  қол  жеткізген.  Дәл  осыған  байланысты  П.Я.  Чаадаев  өзінің 


160



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет