Мақалалар, баяндамалар жинағы


Ғылым тілі және әдеби тіл статусы



Pdf көрінісі
бет36/45
Дата22.12.2016
өлшемі3,09 Mb.
#25
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45

Ғылым тілі және әдеби тіл статусы

Бүгінгі  таңда  дамыған,  марқайған,  кемеліне  келген  ұлттық 

әдеби  тілдердің  көп  белгілерінің  бірі  –  сол  тілдегі  ғылыми  стильдің 

қалыптасуы болып саналады. Басқаша айтқанда, әдеби тілдің әдебилігі 

мен  толыққандылығы  «ғылым  мен  техника»  тілі  деп  аталатын  «кіші 

тілдің»  («языковая  подсистема»  мағынасында)  әлеуметтік  қызметіне 

байланысты болса керек.

Осы тұрғыдан алып қарағанда жан-жақты дамып отырған бүгінгі 

казақ әдеби тілінің әлеуметтік қызметі мен қолданыс аясында ғылым-

техника тілінің атқаратын орны ерекше. Мәселе осы жайында.



411

Алайда, мәселенің байыбына тереңірек бару үшін «әдеби тіл» мен 

«ғылым  тілінің»  арақатынасын,  қалыптасу  жолы  мен  даму  процесін 

анықтап алған жөн. Ең алдымен айтарымыз: «ғылым тілі» мен «ғылыми 

тіл» де ген ұғымдар өзара байланысты болса да, екеуі бір емес. «Ғылыми 

тіл»  әр  саладағы  ғылымның  өзіне  ғана  тән  тілдік  ерекшеліктерінің 

белгілі  жүйесі,  қолданыс  тәсілдері.  Бұл  терминді  көбінесе  «ғылыми 

стиль»  деп  те  атайды.  «Ғылыми  тілге»  қарағанда  «ғылым  тілінің» 

мағынасы  әлдеқайда  кең,  ауқымы  зор.  Өйткені  «ғылым  тілі»  деген 

ұғым жалпы әдеби тілдің атқаратын әлеуметтік-қоғамдық қызметінің 

үлкен бір саласын қамтиды. Бұл сала ғылыми-техникалық прогрестің 

шарықтап  дамуына  бай ланысты  қанатын  кең  жайып,  тамырын 

тереңдете түседі, өзі де дамиды, жалпы әдеби тілімізді де кемелдендіре 

түседі. Басқаша айтқанда: қоғам өміріне ғылыми-техникалық прогресс 

қаншалықты қажет болатын болса, сол қоғам мүшелеріне қызмет етіп 

отырған ғылым тілі де соншалық қажет.

Осы арадан келеді де, жалпы жазба әдеби тіл мен ғылым тілі өзара 

байланыса,  астарласа  дамитын,  қалыптасатын  құбылысқа  айналады. 

Әдеби  тілдің  кұрамында  ғылым  тілінің  пайда  болуы  оның  қоғамдық 

қызметі  мен  қолданыс  аясын  кеңейту  қажеттілігінен  туады  да,  бұл 

оның  төрт  құбыласы  тең  дербес  тіл  ретінде  өмір  сүруінің  бірден-бір 

кепілі болып саналады. Әдеби тілдің құрамында ғылым тілінің белгілі 

бір  себептермен  қалыптаса  алмауы,  немесе  қалыптасса  да,  ғылыми 

қауым  тарапынан  кең  қолданыс  таппай,  қалың  көпшіліктен  оқшау 

тұруы,  сайып  келгенде,  әдеби  тілдің  қоғамдық  статусына  нұқсан 

келтіреді. Басқаша айтқанда, ғылым тілі қалыптаса алмаған әдеби тілді 

толыққанды  әдеби  тіл  деп  айтуға  болмайды.  Сондықтан  да  ғылым 

тілінің  қалыптасуын,  ғылымның  жан-жақты  дамуына  сай  жүйелене, 

жетіле түсуін әдеби тілдің әдебилігі мен әмбебаптылығының шартты 

белгісі деп қараған жөн.

Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі қазақ жазба әдеби тілінің бұл салада 

қол  жеткен  мол  табыстарымен  қатар  ойландыратын  жақтары  да  жоқ 

емес.

Ғылым  тілін  жалпы  әдеби  тіл  тұрғысынан  алып,  оны  бейнелі 



түрде  «кішігірім  тіл»,  «үй  ішінен  тігілген  үйшік»  деп  («подъязык», 

«языковая  подсистема»,  «миниязык»  мағынасында)  қарайтын  болсақ, 

осы «үйшіктің» дүниеге келуін жазба әдеби тіліміздің қалыптасуынан 

басталды  деп  қараған  жөн.  Өйткені,  жазу-сызуы  болмаған,  не 

кенжелеп  қалған  тілде  ғылым  тілінің  дүниеге  келуі  мүмкін  емес; 


412

Бұл,  бір.  Екіншіден,  қашанда  болмасын,  ғылым  тілі  белгілі  бір 

жүйеге  түскен  терминологиялық  лексикаға  негізделеді.  Ол  лексика 

тілдің  жалпы  лексикалық  байлығының  бір  тұтас  бөлшегі  ретінде  ең 

алдымен  ғалымдарға  қызмет  етуі  керек.  Үшіншіден,  бұл  лексиканың 

қалыптасуына,  жүйеленуіне,  реттелуіне  және  байып,  да муына  ана 

тіліміздін өз мүмкіншіліктерімен қатар орыс тілінен және ол арқылы 

шетел тілдерінен қабылданған терминдер мен терминдік тіркестер де 

негіз  болды.  Төртіншіден,  терминологиялық  лексика  ғылым-техника 

салаларының өзара жүйеленуіне және іштей дифференцияға ұшырауына 

байланысты әр саладан жасалған терми нологиялық сөздіктер негізінде 

қалыптасады. 

Осы  бір  объективті  процесті  жалпы  әдеби  тіл  статусы  мен 

қолданыс  тұрғысынан    алып,  оның    бүгінгі    нақтылы  жағдайын  сын 

көзбен  қарастырып  көрсек,  жалпы  ұлт  тілінің  жан-жақты  дамуына 

нұқсан  келтіретін  келеңсіз  жағдайларды  көруге  болады.  Алайда  біз 

бұл  жағдайларды  біле  тұрсақ  та  тоқырау  жылдарында  ашық  айтып, 

оның  объективті  себеп-салдарын  анық  көрсете  алмадық.  Ал,  бүгінгі 

күні  плюрализм  принциптерінің  дамуына  байланысты,  ащы  болса 

да  шындықтың  бетін  ашып,  ана  тілімізге  кінарат  келтіріп  отырған 

кемшіліктер мен келеңсіздіктерді жөндеуге саналы түрде ат салыспасақ 

болмайтын сияқты. 

1.  Осыған  орай  ең  алдымен  мойындайтынымыз:  ғылым  тілі 

бүгінде  әдеби  тіліміздің  ең  сүбелі  саласы,  жон  арқасы.  Сондықтан 

да  оның  өзіндік  мәселесі  аз  емес,  айта  берсең,  өзге  проблемалардың 

ішінде өзектісі де, тіл тағдырына тікелей қатыстысы да ғылым тіліне 

байланысты.  Өйткені  ғылым  тіліне  тек  «таза»  ғылым  мен  техника 

атаулары ғана емес, сонымен қатар оған ғылыми негізде дамып отырған 

бүкіл  рухани,  мәдени  өміріміздегі  сан  алуан  құбылыстардың  мән-

мағыналарын  жүйелі  түрде  анықтайтын,  саралайтын,  түсіндіретін 

ұланғайыр  лексикалық  байлығымыз  да  жатады.  Ресми  түрде 

қалыптасып,  іштей  жіктелгенімен  олардың  қолданылмайтын  саласы 

кемде-кем. Арнаулы ғылыми-техникалық терминдерді былай қойғанда, 

мектептегі оқу-тәрбиеден бастап, әр саладан мамандық беретін жоғары 

оқу орындарына дейін, саяси-әлеуметтік өмірде, өндіріс-шаруашылық 

саласында,  мәдени-тұрмыс  жағдайында  күнделікті  қолданылып 

жүрген жүздеген, мыңдаған көпшілік қолды терминдердің өзі қаншама. 

Осылардың  барлығы  әдеби  тіліміздің  актив  қорына  жатады.  Шын 

мәнісінде солай болу керек еді, бірақ ол іс жүзінде олай емес. 


413

  2.  Оның  бірнеше  себебі  бар  сияқты.  Күн  санап,  тоқтаусыз 

жасалып,  толығып,  байып  жатқан  терминологиялық  лексиканың 

жалпы  тілдік  лексикамен  арақатысында  үлкен  алшақтық  байқалады. 

Мәселен,  қазақ  тілінің  10  томдық  түсіндірме  сөздігінде

1

  варианттар 



мен  диалектизмдерді,  етістіктің  парадигматикалық  формаларын 

қосып  есептегенде,  67  мыңдай  лексикалық  единица  қамтылған  екен. 

Олар 103,5 мыңдай мағына береді

2

. Бұл сөздікке бірен-саран болмаса, 



ғылыми-техникалық терминдер енбеген. Сонда, «байырғы лексикалық 

байлығымызға енбеген термин мен бір тұтас мағына беретін терминдік 

тіркестер қанша?» деген сұрақ тууы мүмкін ғой.

Совет дәуірінде жарык көрген 83 терминологиялық сөздік терминдік 

лексиканың жалпы санын шамамен айтуға мүмкіндік беретін сияқты. 

Біздің  шамалауымызша  техника  және  табиғат  ғылымдары  саласынан 

жасалған  51  сөздік  пен  қоғамдар  ғылымы  бойынша  жасалған  32 

сөздіктегі терминдік единицалардың жалпы саны 10 томдық сөздіктегі 

сөздердің  санынан  әлдеқайда  артық.  Мәселен,  М.  Исабаев  тарапынан 

жасалған 

орысша-латынша-қазақша 

медицина 

терминдерінің 

сөздігінің бір өзі

3

 шамамен 10 мыңдай терминдік единицаны қамтыса, 



сол  сияқты  500-ден  3  мыңға  дейін  термин  енген  сөздіктер  қатарына 

жалпы  биология

4

,  металлургия



5

,  экономика

6

,  математика



7

,  физика

8



заң



9

,  әдебиеттану

10

,  тіл  білімі



11

  сөздіктерін  жатқызуға  болады.  Тек 

1 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, Т. 1–1974; Т. 2 – 1976; Т. 3 – 1978; Т. 4 – 1979; 

Т. 5 – 1980; Т. 6 – 1982; Т. 7 – 1983; Т. 8 – 1985, Т. 9 – 1986, Т. 10 – 1986.

2

 Ысқақов А. Қазак тілінің он томдық түсіндірме сөздігі: (Соңғы сөз орнына) // КТСС. 

10-т., 1986, 500-6.

3Исабаев  М.  Орысша-латынша-қазақша  терминология  сөздігі.  5:  Медицина.  Алматы, 

1960.


4  Мұсақұлов  Т.  Биология  терминдерінің  орысша-қазақша  сөздігі.  Алматы,  1960;  Сол 

автор. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік. Биология терминдері. Алматы, 1962.

5  Бехмухаметов  Е.  Краткий  русско-казахский  словарь  терминов  металлургической 

промышленности. Алма-Ата, 1959.

6 Насырова М. И. Русско-казахский краткий словарь социально-экономических терминов. 

Алма-Ата, 1979.

7  Әмірбаев  М.,  Бектаев  К.  т.  б.  Математика  терминдерінің  орысша-казақша  сөздігі. 

Алматы, 1959.

8 Аққошқаров Е. Физика терминдерініц орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы, 1974.

9Байсалов  С.,  Уәлиев  М.,  Әбжанов  К.  т.  б.  Зац  терминдерінің  орысша-қазақша 

түсіндірме сөздігі. Алматы, 1986.

10Әбетов Ғ. Әдебиеттану терминдерінің қысқаша қазақша сөздігі. Алматы, 1962.

11Кеңесбаев І. К., Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орыс ша-қазақша сөздігі. Алматы, 

1962.


414

коғамдық ғылымдар саласынан ғана Тіл білімі институты тарапынан 

ЭВМ  арқылы  сұрыпталып,  реттеліп,  баспаға  дайындалып  жатқан 

қазақша-орысша  және  орысша-қазақша  сөздіктердің  өзі  жалпы  саны 

60 мыңға жуық терминдік единицаны қамтып отыр. Сөйтіп, тұлғалық 

жағынан қайталауын есептемегенде, терминологиялық мағына беретін 

единицалардың  жалпы  саны  шыкқан  және  шығатын  сөздіктерде  67 

мыңнан әлдеқайда көп екендігіне таласуға болмайды.

Бұл  нені  көрсетеді?  Бұл,  бір  жағынан,  әдеби  тіл  лексикасының 

ғылыми-техникалық  прогресс  дәуіріндегі  заңды  түрдегі  дамуынан 

дерек берсе, екінші жағынан, бұл тәрізді лексиканың жалпы халықтық 

лексикадан  сан  жағынан  асып  бара  жатқанын  көрсетеді.  Дәл  осы 

жерде  біз  әдеби  тілдің  көркемдік  сипатынан  гөрі  стандарттық  және 

ресмилік  белгісінің  арта  бастағандығын  айқын  аңғарамыз.  Әрине, 

мұндай  құбылыс  барлық  тілдерде  кездеседі.  Мысалы,  орыс  тіліндегі 

терминологиялық лексиканың саны да жай лексикадан әлдеқайда артық. 

Бірақ бұл жағдай ерекше қарқынмен толығу процесін басынан кешіріп, 

өзінің барлық ішкі потенциялдық мүмкіншілігін іштей саралап, сарқа 

пайдалана алмай отырған аз сан ды халыктардың тілі үшін айтарлықтай 

табиғи  құбылыс  болмаса  керек.  Осыған  орай  екі  түрлі  жағдайды 

ескерген жөн.

Біріншіден,  өз  қабілетін  толық  ашып  үлгермеген  шағын  ұлт 

тілдерінің  лексикасына  жалпы  тенденция  бойынша  қажеті  болса  да, 

болмаса да төпеленіп, үсті-үстіне қабылданып жатқан жаңа ұғымдар мен 

«судай жаңа» атаулар сол тілдің табиғатына тереңдеп сіңбесе, жалпы 

сөз  байлығымен  етене  араласып,  қолданыс  аясында  біте  қайнасып 

кетпесе, олар санда бар да, санатта жоқ басы артық «балласт» болып 

қалуы  мүмкін.  Мұндай  терминдерді  тіліміз  «қабылдады»  деп  кесіп 

айту қиын. Екіншіден, күнделікті жасалып жатқан жаңа терминдердің, 

көпшілік  қауым  тарапынан  қолданыс  таппауы  тіл  табиғаты  үшін  бір 

қасірет болса, сол терминдерді жасаушы, әрі тұтынушы мамандардың 

өздері тарапынан іске қосылмауы, әдеби тілдің сүбелі саласы ретінде 

емін-еркін қолданылмай, кітап сөрелеріндегі сөздік түрінде ға на қалып 

коюы, одан да жаман. Шын мәнісінде ғылым тілін дамытқымыз келсе, 

ең алдыменен оларды мамандардың өздері өз саласында толық қолдана 

(жаза да, оқи да, сөйлей де) білуі өте қажет. Әрбір маман әдеби тілдің 

нормасына сай ғылыми стильді жетік меңгере отырып, өз еңбектерін 

қарапайым  халыққа  да,  қаламдастарына  да  түсінікті  етіп  жаза  білсе, 

айтайын  деген  ойын,  ғылыми  пікірін  ауызша  дәл  де  бейнелі  түрде 


415

жеткізе  білсе,  әдеби  тілдің  әдебилік  статусы  шыңдала  түскен  болар 

еді.  Бұл  тәрізді  үлкен  өнерді  меңгеру  әрбір  парасатты  азаматтың  ана 

тілі  алдындағы  абзал  борышы  бол са  керек.  Ол  болмаған  жерде  шын 

мәнісіндегі ғылым тілі жоқ, ал ғылым тілі қалыптаспаған, қалыптасса 

да,  қолданыс  таппаған  жерде,  әдеби  тілді  толыққанды  әдеби  тіл  деп 

тануға болмайды.

Осы тұрғыдан алып қарағанда бүгінгі қазақ әдеби тілінің жағдайы 

біле білген адамды алаңдатпай қоймайды. Мәселе қазақ әдеби тілінде 

ғылым  тілінің,  ғылыми  стильдің  толық  қалыптаспауында  емес,  сол 

тілдің қол даныс аясының тым тарлығында, еркін дамымауында болып 

отыр. Ғылым тілі қызметін бүгінде кемелдене түскен көркем шығарма, 

публицистика,  информация  тілімен  салыстыруға  болмайды.  Ғылым 

тілінің  көпшілік  қолды  элементтері  бұл  салаларда  да  қолданылады, 

бірақ олардың бәрі де тар мағынадағы ресми терминдердей емес.

Сонымен,  «ғылым  тілінің  басқа  салаларға  қарағанда,  кенжелеп, 

қолданыс  аясының  тым  тарылып  кетуіне  қандай  себептер  болды?» 

деген сауалға жауап іздейтін болсақ, оның негізгі себебін экологиялық 

кінаратқа  ұшырап  отырған  тіліміздің  жалпы  жағдайынан  байқауға 

болады.  1979  жылғы  санақтың  мәліметі  бойынша  республикадағы 

қазақтардың 98,6 проценті өз тілін ана тілім деп есептейді екен. Бірақ 

бұл  дерек  шындыққа  жанаспайды.  Біздің  пайымдауымыз  бойынша 

қазақ тілін мүлдем білмейтіндер мен шала-шарпы білетін қазақтардың 

өзі қазірде-ақ 40 проценттен көп болмаса, аз емес. Бұл проценттің, саны 

бұдан кейін де өсе түсуі мүмкін.

Осындай  объективті  себептермен  кінаратқа  көбірек  ұшырап 

отырған  ғылым  тілі  екендігін  мойындап,  тиісті  шараларды  бүгін 

қолданбаса, ертең кеш болатыны сөзсіз. Бір қарағанда республикамызда 

ғылым  тілінің  толық  дамуына  қажетті  объективті  жағдайлар  да  жоқ 

емес.  Басқаны  былай  қойғанда,  совет  дәуірінде  дүниеге  келген  83 

терминологиялық сөздік, сондай-ақ ана тілімізде оқып, үйреніп отырған 

В.  И.  Лениннің  55  томдық  ғылыми  мұрасы  мен  басқа  да  марксизм 

классиктерінің  еңбектері  нені  көрсетеді?  Бұл  еңбектерде  жүздеген-

мыңдаған қоғамдық-саяси, әлеуметтік, философиялық, экономикалық, 

социологиялык,  праволық  т.б.  терминдердің  қазақшалануы  бәрімізге 

белгілі.  Бірақ  мәселе,  сайып  келгенде,  осы  терминдердің  сала-сала 

бойынша,  өз  жүйесімен  іс  жүзінде  қолданылуында  болып  отыр. 

Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми еңбек жазу, баяндама, лекциялар 

оқу  республикамызда  біршама  жолға  қойылса  да,  табиғи-техникалық 


416

ғылымдар саласында бұл дәстүр әлі қалыптасқан жоқ. Физика, химия, 

биология,  математика,  металлургия,  астрофизика,  геология  т.  б.  толып 

жатқан  ғылымдар  бойынша  монографиялық  еңбектердің  қазақ  тілінде 

жазылуы  әлі  күнге  дейін  әдетке  айналмағандығы  өкінішті-ақ.  Ғылым 

тілінің  қалыптасуында  арнаулы  «Ғылым»  баспасының  атқаратын  ролі 

орасан зор. Алайда жыл сайын шығатын жүздеген ғылыми еңбектердің 

басым көпшілігі (80–90 проценті) орыс тілінде шығады. Мәселен, 1989 

жылы  осы  баспадан  шығатын  ұзын  саны  150  еңбектің  тек  15-і  ғана 

қазақша  шықпақшы.  Оны  30  институттың  ішінен  негізінен  Тіл  білімі 

институты мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғана 

шығармақшы болып отыр. Мұндай жағдайда, әрине, ғылым тілін дамыту 

мүмкін емес. Ғылыми басылымның бұл түрімен әдеби тіліміздің статусын 

қалыптастыруға тигізер септігі шамалы. Осы жағдай бәрімізді де қатты 

алаңдатады. Өйткені ғылым тілі дамымаған жерде әдеби тілдің статусы 

ғана  емес,  жал пы  рухани  өміріміздің,  ұлттық  мәдениетіміздің  дамуы 

жайында  сөз  ету  қиын.  Сондықтан  да  ғылымның  республикамыздағы 

дамуын  тек  оның  қол  жеткен  табыстарымен  ғана  бағаласақ,  ашқан 

жаңалықтарымен ғана өлшесек, мықтап қателесеміз. Егер біз ғылымның 

барша  жаңалықтары  мен  табыстарын  ең  алдымен  адамның,  халықтың 

игілігіне қажет дүние деп танысақ, бұл арадағы тілдің атқаратын орасан 

зор қызметін де ұмытпағанымыз жөн. Өйткені қандай ғылым болмасын 

халыққа  қызмет  ету  үшін  ол  сол  халыққа  етене  жақын,  түсінікті  тілде 

дамуы тиіс. Бұдан, әрине, басқа тілде білім алуға болмайды деген пікір 

тумаса керек. Дегенмен орта мектептерді ана тілінде бітірген жастардың 

жоғары  білім  мен  мамандық  алуды  сол  тілде  жалғастыруы  өте  тиімді 

болар еді, өйткені тіл тосқауылы («языковой барьер» мәнінде) әрқашан 

да білім саласына, мамандық игеруге жағымсыз әсер етеді.

Ана тілімізде ғылым дамытудың негізгі тетігі қазақ зиялыларының, 

интеллекті қауымның тіл табиғатына аса сергектікпен қарап, оның өсу, 

даму процесіне саналы да белсенді түрде ықпал жасауына байланысты. 

Осы  орайда  сан  алуан  мамандық  иелері  (инженерлер  мен  техниктер, 

агрономдар  мен  дәрігерлер,  архитектор  мен  конструкторлар,  физиктер 

мен  математиктер,  химиктер  мен  металлургтер,  философтар  мен 

экономистер, тарихшылар мен археологтар, тілшілер мен әдебиетшілер 

т. б.) ана тілін өз саласында сөйлете білсе, оның қоғамдық потенциясы 

аса түсіп, қолданыс шеңбері әлдеқайда кеңейген болар еді.

Амал жоқ, бұл саладағы табыстарымыздан гөрі кемшіліктеріміз әлі 

де молырақ.


417

Енді  қазақ  тіліндегі  терминологиялық  лексиканың    жасалу, 

қалыптасу жолдары мен оның тұлғалық және мағыналық құрамына 

әдеби тіл статусы тұрғысынаи аз-кем тоқталып өтелік.

30-жылдары қабылданып, күні бүгінге дейін барлық ұлт тілдерінде 

қолданыс  тауып  келе  жатқан  «әрбір  тілдің  ішкі  мүмкіншіліктерін 

сарқа  пайдалану»  және  «орыс  тілінен  және  орыс  тілі  арқылы  шет 

тілдерден қабылдау» деген ғылыми принциптер негізінде барлық ұлт 

тілдерінде  терминологиялық  фонд  жасалғандығы  бәрімізге  белгілі. 

Терминология мәселелері әрбір тілде бір шама зерттелсе де, осы бір 

ортақ  дүниенің  тілдік  табиғатымен  жасалу  жолдары,  кұрамы  мен 

мазмұндық сапасы әлі күнге дейін арнайы да, салыстырылып та сөз 

болған емес

121


.

Дегенмен  осы  мәселенің  егжей-тегжейін  ойластыратын  уақыт 

жеткен  сияқты.  Өйткені  түркі  тілдерінде  жасалып  жатқан  ортақ 

терминологиялық  фонд  жайында  біз  көп  айтамыз  да,  осы  фондтың 

құрамы  мен  мазмұнына,  әрбір  тілдің  табиғатына  үйлесімділігі  мен 

сыйымдылығына көп мән бермейміз, бұл процестің сыры мен сипатын 

жеке  тілдердің  шеңберінен  шығып  барып,  бүгінгі  талап  биіктігінен 

қарамаймыз.

Ал  ол  қажет  екен.  Қажет  болатын  себебі,  біріншіден,  өз  күйін 

күйттеп, өзінше термин жасап жатқан туыстас тілдердің лексикалық 

байлығындағы  «ортақ  интернационалдық  фонд»  дегенді  анықтау 

үшін болса, екіншіден, сол дүниенің, әрбір тілдегі қолданыс активтігі 

мен пассивтігін айқындай түсу үшін керек.

Ең  алдымен  туыстас  тілдердің  терминологиялық  лек сика 

құрамындағы  интернационалдық  фонд  деген  не,  соған  тоқталайық. 

Мәселен, қазақ, қырғыз, өзбек т. б. туыстас түркі тілдердің бәрінде 

де революциядан кейін термин жасаудың бірден-бір қайнар көзі және 

оны  бағыттаушы,  бағдарлаушы,  әрбір  тілдің  өзіндік  потенциясын 

ашушы орыс тілі болып саналады. Ғылым мен тех ника саласындағы 

жаңа  ұғымдар  мен  саяси-әлеуметтік  өмірімізде  күн  санап  туындап 

жатқан жаңа түсініктердің бәрі де ең алдымен орыс тілінің негізінде 

қалыптасып, СССР халықтарының тілдеріне бірдей «тарап» отыруда. 

«Тарау»  деген  сөздің  мәнісін  жоғарыда  аталған  термин  жасаудың 

екі  принципі  тұрғысынан  «термин  жасау»,  «термин  қабылдау»  деп 

түсіну керек.

12 Кайдаров А. А., Абдрахманов А. А. Казахская терминоло гия // Развитие терминологии 

на языках союзных республик. М., 1987 С. 29–49.


418

Шынында  да  осы  екі  принцип  бойынша  мыңдаған  ғылыми-

техникалық,  табиғи  және  қоғамдық  терминдерді  жасауда  әрбір  тіл 

өзінің лексикалық байлығын, дербестігін, өзіне тән ерекшелігін сақтап 

келеді.

Осының  нәтижесінде  бір  «ортадан»  тараған  терминдер  мен 



терминдік тіркестер бірде аударылып, бірде аударылмай сол қалпында 

туыстас  тілдерден  орын  алып  келеді.  Мәселен,  орыс  тіліндегі 



Центральный  Комитет  деген  саяси  терминді  қазақ  тілі  Орталық 

Комитет, қырғыз тілі Борбордук Комитет, татар тілі Өзәклек Комитет, 

ұйғыр  тілі  Мәркизий  Комитет,  ноғай  тілі  Центральный  Комитет 

түрінде  қабылдап  отыр.  Дәл  осы  тілдердің  алдыңғы  төртеуінде  бұл 

термин  жартылай  калька  болса,  кейінгі  біреуінде  ауыс-түйіс  ретінде 

қабылданған.  Қалай  болған  жағдайда  да  аталмыш  тілдерге  ортақ  бір 

терминнің 5 түрлі ұлттық варианты жасалып отыр. Ал бұл терминнің 

жер жүзіндегі тілдердің көбіне тарағанын ескерсек, оның халықаралық 

интернационалдық терминдер санатына жататыны сөзсіз.

Орыс  тілі  арқылы  тарап,  СССР  халықтарының  тілдерінде 

қолданыс  тауып  отырған  осындай  ғылыми-саяси  терминдер  көп-ақ. 

Сондықтан да бізге оларды әртектес тілдерде кең тарауына байланысты 

интернационалдық термин деп қарауға болатын сияқты. 

Ендігі  мәселе  осы  ұлтаралық  ортақ  терминдердің  ара  салмағын 

ажыратуда.  Бұл  мәселенің  төркіні,  түптеп  келгенде,  тілімізде  термин 

жасаудың алғашқы кезеңдеріне барып саяды. Біз жоғарыда тіліміздегі 

терминологиялық лексиканың жалпы лексикалық байлығымыздан (сан 

жағынан) асып бара жатқанын ескерткен едік. Енді осы терминологиялық 

лексикамызды іштей сұрыптап, тілдік табиғатына қарай жіктеп көрсек, 

терминдік мәнге ие болған байырғы қазақ сөздері (оған тілімізге ертерек 

еніп,  сіңісіп  кеткен  араб,  парсы,  монғол  элементтері  де  жатады)  мен 

орыс және иптернационалдық термии-сөздерінің ара салмағы айрықша 

назар аударады. 

Біздің  пайымдауымыз  бойынша  70  мыңнан  асып  ба ра  жатқан 

тіліміздегі  терминологиялық  лексиканың  басым  көпшілігі  совет-

интернационалдық  терминдердің  үлесіне  тиеді  екен.  Сөзіміздің 

дәлелді болуы үшін біз мәдени өмірімізде басқаларға қарағанда көбірек 

қолданылатын  әлеуметтік-экономикалық  терминдердің  орысша-

қазақша  сөздігіне

13

  талдау  жасап  көрдік.  Осы  сөздікте  қамтылған 



1150  терминнің  тікелей  орыс  тілінен  қабылданғандары  531  единица 

13

 Айтбаев Ө. Қазақ, терминологиясының атасы // Қазақстан әйелдері. 1989. № 4. 7–8-6.



419

(олар мына тәрізді: коммюнике, компаньон, комплекс, локаут, ломбард 

сияқты  жеке  сөздер  мен  компрадор  буржуазия  –  компрадор ская 

буржуазия,  монополиялық  рента  –  монопольная  рента,  гектарлық 



принцип  –  гектарный  принцип  сияқты  калька-сөз  тіркестері)  болса, 

232-сі  (сыртқы  заемдар  –  внешние  заемы,  ішкі  рынок  –  внутренний 

рынок, қорытынды баланс – заключительный баланс тәрізді) жартылай 

калька да, қалған 387 единица (алым – по дать, пайда – прибыл, өсімқор 

– ростовщик, қайта құру – перестройка; реорганизация, қосымша еңбек 

–  приба вочный  труд)  тәрізді  таза  қазақ  тілінде  жасалған  тер миндер 

екен. Сонда орыс тілінен толық, жартылай каль ка түрінде қабылданған 

жеке  терминдер  мен  терминдік  тіркестер  (жалпы  саны  763  единица) 

таза қазақша алынған терминдерден (ол 387 единица) екі еседей артық 

болып тұр.

Осы  келтірілген  деректер  дәл  болмаса  да,  жалпы  тіліміздегі 

терминологиялық лексиканың тілдік құрамын, қазақша терминдер мен 

шеттен  қабылданып  жатқан  совет-интернационалдық  және  құрамы 

аралас  терминдердің    ара  салмағын    біршама  дұрыс  айқындайтыны 

сөзсіз.  Сонда  қазақ  тілінде  жасалған  терминдердің  үлесіне  34-35 

процент тисе, қалған 64-65 процент орыс тілінен алынған таза және аралас 

терминдердің есесіне тиіп тұр.

Бұл  объективті  факторлар  нені  көрсетеді?  Біріншіден,  бұдан 

біз  тіліміздегі  совет-интернационалдық  терминдерінің  қазақ  тілі 

негізінде  жасалған  терминдерден  басым  екендігін  көрсек,  екіншіден, 

«қазақшаланған»  терминдердің  көпшілігі  халықаралық  емес,  орыс  тілі 

негізінде  жасалған  терминдердің  баламасы  болып  отыр.  Оған  дәл  осы 

сөздіктің  өзінен  де  көптеген  мысалдар  келтіруге  болады.  Мәселен: 

прибавочный продукт – косымша өнім, прибавочная стоимость – қосымша 

құн, платежеспособность – төлем кабілеттілігі, издержки производства 

– өндіріс шығындары, срочная ссуда – мерзімді қарыз, торговая прибыль 

– сауда пайдасы. Уде шевление – арзандату, удорожание – қымбаттату 

т. б.


Бұдан  шығатын  қорытынды:  орыс  тілінде  жасалған  терминдердің 

ұлт тілдеріне аударылуға бейім тұратындығы. Оның бір себебі: түсінуге 

жеңіл,  аударуға  оңай.  Орыс  тілінің  ұлтаралық  қатынас  кұралы  ретінде 

басқа ұлт өкілдеріне етене жақын болуы, белгілі дәрежеде меңгерілуі оның 

аударылуына  мүмкіншілік  тудырып  отыр.  Ал  халықаралық  терминдер 

жайында  оны  айтуға  болмайды.  Олар  (мәселен:  коммунизм,  социализм, 



демократия т. б.) термин ретінде тұтас қабылданады да, оның кұрамы, о 

420

бастағы мағынасы біз үшін айқын бола бермейді. Сондықтан болу керек, 

орыстың  байырғы  төл  сөз  ретінде  (совет,  председатель,  сот,  пулемет, 

самолет т. б.) алынған терминдері қазақ тілінде де, басқа түркі тілдерінде 

де  өте  аз.  Өйткені  олар  көбінесе  аударылып  алынады  да,  түпкі  тегі 

халықаралық терминдер болса, негізінен аударылмай алынады. Осы арада 

орыс  тілі  интернацноналдық  терминдерді  тек  өз  қорына  қабылдаушы, 

яғни аккумулятивті қызмет атқарушы ғана емес, сонымен бірге СССР-дегі 

басқа халықтардың тіліне өткізуші (индуциялаушы) тіл ретінде де белгілі 

роль атқарып отыр. 

Бұл мәселенің бір жағы ғана. Оның екінші жағы: тек орыс тіліне ғана 

бағдарлау деген сөз барлық тілдерге тән баласа да, ол өз мүмкіншіліктерін 

сарқа пайдалануға тежеу салып, біршама шектейтін сияқты.

Егер (20-30 жылдары) түркі тілдері біресе пуристік тенденцияға бой 

ұрып, орыс-интернационал терминдерін қайткен күнде де аударуға, одан 

кейінгі  бір  дәуірде  оларды  сол  қалпында  қабылдауға  тырысса,  қазіргі 

кездегі терминология жасау процесіне тән принцип – дифференциациялық 

бағытта жүргізіліп отыр.

  Бұл  принциптің  ерекшелігі  ертеректе  өз  тіліміздің  мүмкін-

шіліктерін толық ескермей, қабылдана салынған кейбір терминдерді 

қайта  қарап,  оларға  жаңа  балама  табу,  немесе  мағыналық  жағынан 

өзара жіктеу арқылы терминдік мән беру болып саналады.

Осыған орай айта кететіп бір жағдай: сол 20-30 жылдары жасалган 

терминдердің  кейбір  ғылым  саласында  тұрақтап,  күні  бүгінге  дейін 

өзгеріссіз  қолданылып  келе  жатқандары  да  жоқ  емес.  Бұған  мысал 

ретінде Ахмет Байтұрсынов тарапынан жасалған тіл білімі мен әдебиеттану 

саласындағы  әбден  қалыптасып  кеткен  көптеген  терминдерді  келтіруге 

болады. Тіл білімінде қолданылатын орыс және халықаралық терминдерді 

басқа ғылымдар саласындағыдай қалай болса солай ала салмай, оқырман 

көпшілікке  түсінікті  болу  үшін  оларды  жүйелі  түрде  қазақ  тілінің  өзіне 

тән  байырғы  сөздер  негізінде  тыңнан  жасауға  ғалым  көп  күш  салған. 

Қазақ тілімен туыстас түркі тілдерінде терминология проблемасы белгілі 

бір жүйеге түспей, үйлесім таппай жатқан кездерде А. Байтұрсыновтың 

жаңашыл әрекеті түркологияда ерекше көзге түскен еді. Оның байырғы да 

казақи сөздер негізінде жасаған қарапайым халыққа түсінікті тер миндері 

о  баста  жеке  мақалаларында,  кейінірек  «Оқу  құралы»,  «Тіл-құрал»  деп 

аталатын (I. Фонетика – «дыбыс жүйесі», II Морфология – «сөз жүйесі», III. 

Синтаксис – «сөйлем жүйесі»), «Тіл жұмсар» («Қолданбалы грамматика») 

деп аталатын еңбектерінде кеңінен қолданыла бастайды. Мәселен: дыбыс, 


421

дауыссыз  ды быс,  жарты  дауысты  дыбыс,  қатаң  дыбыс,  ұяң  дыбыс, 

ымыралы дыбыс, буын, сөз аяғы, сөз басы, қос сөз, қосалқы сөз, туынды 

сөз, тұлға, түбір, жалғау, жұрнақ, қосымша, септік – атау, ілік, барыс, 

табыс, жатыс, шығыс, көмсктес, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, 

етістік, үстеу, шылау, демеу, одағай, сөйлем, жай сөйлем, жалаң сөйлем, 

жаңылма  сөйлем,  сүраулы  сөйлем,  болымды  сөйлем,  болымсыз  сөйлем, 

бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыш  т.  б. 

жүздеген лингвистикалық терминдер қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов 

есімімен байланысты айтылады.

Әрине, отызыншы жылдардан кейінгі жарты ғасырдың ішінде қазақ 

тіл білімі қарқындап дамыды, жаңа терминдік ұғымдармен толыға түсті, 

байи  түсті.  Бірақ  А.  Байтұрсынов  жасап  кеткен  терминдердің  кейбіреуі 

болмаса  (мыс.:  ымыралы  дыбыстар  –  индифферентные  звуки  т.  Б.) 

басым көпшілігі ғылыми терминдік статусқа ие болып, күні бүгінге дейін 

қолданылып келеді.

Терминолог  ғалымдардың  пікірі  бойынша  кейбір  терминдерді  орыс 

тілінің  үлгісімен  жасалған  деген  сылтаумен  қолданыстан  шығарып 

тастауға,  не  ауыстыруға  әрекеттер  де  болған.  «Бірақ,  деп  жазады  Ө. 

Айтбаев,  –  бұл  әрекеттен  ештеңе  шықпады.  Қайта  бұдан  артық  үлгіні 

қанша әрекет еткенмен, жасай алмайтындарына көздері жетіп, елдің бәрі 

А.  Байтұрсынов  терминдерін  негізге  алды.  Күні  бүгінге  дейін  мектеп 

пен  жоғары  оқу  орындарында  пайдаланып  келе  жатқан  оқулықтардағы 

терминдік жүйе түгелімен Ахаң есімімен байланысты»

14

.



Бұл келтірілген фактіден біз екі түрлі қорытынды шығара аламыз. 

Біріншіден, орыс және халықаралық ғылыми терминдерді түркі тілдер 

негізінде де қалыптастыруға болатындығы, екіншіден, мұндай терминдер 

басқа  ауыс-түйіс  терминдерге  қарағанда  өзінің  карапайым  халыққа 

түсініктігімен, дәлдігімен және өміршеңдігімен ерекшеленетіндігі.

Енді  осыдан  келіп,  «әрбір  ұлт  тілі  термин  жасауда  өзінің  ішкі 

мүмкіншіліктерін  сарқа  пайдалануы  керек»  деген  қағиданың  шын 

мәнісінде  іске  асырылуы,  немесе  үстірт  орындалуы  жалпы  ұлт  әдеби 

тілдерінің  қалыптасуына  және  оның  өзекті  саласы  –  ғылым  тілі 

статусына  тигізетін  ықпалы  анық  байқалады.  Жоғарыда  біз  келтірген 

байырғы сөз байлығы мен терминдік лексика арасындағы диспропорция, 

сайып  келгенде,  тілдің  біржақты  дамуына,  ұлттық  табиғилықтан  гөрі 

жасандылыққа, ресмилікке әкеліп соғады. Егер біз ұдайы осы біржақты 

принципті өрістете берсек, терминологиялық лексикамызды байытуда тер 

14  Айтбаев Ө. Қазақ, терминологиясының атасы // Қазақстан әйелдері. 1989. № 4. 7–8-6.


422

төгіп ізденуден гөрі, термин жасаудың оңай жолы – «Шеттен кабылдау» 

тәсіліне көбірек бой ұрсақ, күндердің күнінде әдеби тіл менен ондағы 

терминологиялық лексиканың арасын алшақтатып алуымыз мүмкін.

Ана  тіліміздің  тағдыры,  оны  жан-жақты  дамытудың  бір  тетігі, 

демек, Ғылым тіліне де байланысты – Ғылым тілін зерттеу жұмысына 

мән беретін уақыт жеткен сияқты.

Ғылым  тілі  тұрғысынан  алып  қарағанда  түркі  тілдерінің  тағдыры 

ортақ.  Олардың  бүгінгі  күндегі  даму  заңдылығы  мен  ерекшеліктері 

түркологтардың назарынан тыс қалмауы керек

15

.

«Терминдер мен олардың аудармалары»,



 Алматы, 1990. 9-21 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет