Мақалалар, баяндамалар жинағы


Кемел елге кемел әліпби керек



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата22.12.2016
өлшемі3,09 Mb.
#25
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45

Кемел елге кемел әліпби керек

Қазақстан Республикасының Президенті 

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына

Ашық хат


Қадірлі Президент мырза!

Өркениет  биігіне  шеру  тартып  бара  жатқан  еліміздің  ұлы 

көшін  бастап,  осынау  бір  қиын-қыстау  кезеңде  бейбіт  өміріміздің 

шырқын  бұзбай,  берекесін  кетірмей,  ел-жұрттың  татулығын  сақтап, 

болашағына үлкен сеніммен қарауына қажет барлық жағдайды жасап 

отырғаныңызды дос та, дұшпан да жақсы біледі. 

Қазақ халқының рухани, мәдени, саяси өмірінде кейінгі жылдары 

қол жеткен мол табыстарымыздың бірін ана тіліміздің биік мемлекеттік 

мәртебеге  ие  болуы  десек,  ендігі  жерде  осынау  бір  қоғамдық  үрдісті 

жалғастыруға, санамыздың оянып, салтымыздың жаңғыра түсуіне аса 

қажет тағы бір күрделі қадам – ұлттық жазуымызды қалыптастыру.

Әрине  елу  жылдың  ішінде  әбден  қалыптасып  қалған  кирил 

әліппесін  латын  әліппесімен  алмастыру  Қазақстан  жағдайында, 

әсіресе,  бүгінгі  экономикалық,  саяси-әлеуметтік  қиыншылықтар  мен 

этнодемографиялық  ахуалға  байланысты  қиыннан  да  қиын  іс  екенін 

бәріміз  де  жақсы  түсінеміз.  Дей  тұрсақ  та,  барлық  түрк  елдерінде 

басталып кеткен осы бір қоғамдық үрдістен Қазақстанның, қазақтардың 

бой тасалап, сырт қалуы мүмкін емес. Егер арамызда «бұл мүмкін» деп, 

15   

Мусаев К. М. Ленинские заветы и развитие тюркских язы ков // Советская тюркология. 

1988. № 2. С. 3–23



423

ойлайтын  сәуегейлер  табылса,  олар  мықтап  қателеседі.  Өйткені  бұл 

мәселе еріккеннің ермегі емес, замана талабы, өркениетті де тәуелсіз ел 

болудың алғышарттарының бірі.

Сондықтан  қазақтар  да,  басқа  түрк  халықтарының  ең  соңында 

болса  да,  ерте  ме,  кеш  пе,  әйтеуір,  жазу  мәселесін  бір  шешуі  сөзсіз: 

өмірдің  өзі  осыны  талап  етеді,  өзімізді  тәуелсіз  елміз  деп  қаншама 

марапаттасақ та, туыстас елдермен қауымдаса өмір сүрмесек болмайды. 

Ал оның басты шарты – елара алтын көпір, ортақ жазу. Демек, бізге де 

бұл қауымнан бөлектеніп, саяқ жүрудің еш жөні жоқ және ол мүмкін де 

емес. «Бөлінгенді бөрі жейді» дейтін халық даналығы да, міне, осыны 

аңғарса керек. 

Жер  бетінде  тарыдай  шашылып,  тарап  кеткен,  бүгінде  130 

миллиондай түрк тектес халықтар үшін жазу, әліппе мәселесі көптен 

(1926ж)  бері-ақ  дұрыс  шешімін  таба  алмай  келе  жатқан  күрделі  мәселе. 

Әркезде  қолданыста  болған  (орхон,  араб,  латын,  кирилл)  жазуларының 

ішінен бүгінгі заман талабына сай, әрі қолайлы, әрі ортақ жазу сайлап 

алуға  байланысты  түрк  халықтары  арасында  кейінгі  кезде  қайта  өріс 

ала  бастаған  қоғамдық  үрдістің  барысын  бағамдап  қарасақ,  елдің 

ықылас-ниеті  көбіне-көп  латын  әліппесіне  ауып  отырғанын  айқын 

көреміз. Басқаларды былай қойғанда, бүгінгі ТМД елдеріндегі отыздан 

астам  түрк  халықтары  мен  ұлыстары  ішінен,  мәселен,  әзірбайжан  мен 

гагауыздар латын әліппесін ресми қабылдап, іс жүзінде қолдана бастаса, 

түрікмендер  мен  өзбектер  осы  жазуға  өту  жөнінде  жақында  шешім 

қабылдады. Қырғызстан болса, Президенті арнайы құрған Мемлекеттік 

комиссияның  латын  әліппесі  жөніндегі  ұсынысын  қабылдау  алдында 

тұр. Осы сияқты әрекеттердің Татарстанда да, Башқұртстанда да, Қырым 

татарлары, қарашай, балқар арасында да қызу жүріп жатқандығын жақсы 

білеміз.

Өкінішке орай, бұл мәселенің Қазақстанда ресми түрде қолға алынбай 

отырғанын, Президент мырза, Сіз өзіңіз де жақсы білесіз. Мүмкін айып 

Сізде  емес,  қоғамдық  пікір  туғызып,  Үкімет  алдында  мәселе  қоймай 

отырған  ұлттық  зиялыларда  шығар.  Өйткені  сіз  1991  жылғы  Түркияға 

барған  ресми  сапарыңызда  латын  жазуына  көшу  туралы  сондағы 

туыстастарымыздың сауалына, есіңізде шығар, «егер халық қалап жатса, 

ал оның қажеттігін ғалымдар дәлелдеп жатса, мен неге қарсы болайын» 

деген едіңіз. Осы сөздің растығын білгім келіп, жазушылармен кейінгі бір 

кездесуіңіз үстінде тәптіштеп тағы сұрағанымда, Сіз «ұсыныстарыңызды 

әкелсеңізші» деген сыңай таныттыңыз. 


424

Міне,  сол  ұсынысымызды  әріптестерімізбен  ақылдаса,  кеңесе 

отырып,  ойланып-толғанып  барып,  енді  ғана  атыңызға  ашық  хат 

жазу  арқылы  жұртқа  паш  етуді  мақұл  көріп  отырмыз.  Бұл  хатты 

Сізге өз атымнан жазуыма, біріншіден, осы мәселенені республикада 

алғаш  (1991)  көтеруші  тіл  маманы  ретінде  де,  екіншіден,  кейінгі 

кездерде  алфавит  проблемасына  арналып,  өтіп  жатқан  көптеген 

коңференцияларға  қатысушы,  әсіресе  үстіміздегі  1993  ж.  наурыздың 

8-10-да  Түркия  мемлекеті  Сыртқы  істер  министрлігі  мен  Түрік 

қарым-қатынас  және  жаңғыру  Басқармасы  (ТІКА)  тарапынан 

ұйымдастырылып, ең ірі алты түрік мемлекетінің (Түркия, Өзбекстан, 

Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркменстан) басын қосқан 

Анкарадағы  конференцияға  қатысып,  түрк  халықтарына  қолайлы  да 

ортақ бола алатын латын әліппесінің жобасына қол қоюшылардың бірі 

ретінде де моральдық құқым бар ғой деп есептеймін.

Ең  алдымен,  түрк  тілдеріне  ортақ  жазудыі  негізі  болатын  латын 

әліппесінің  жобасына  байланысты  өткен  сол  тарихи  конференцияда 

қабылданған  шешімнен  үзінді  келтірудің  артықтығы  жоқ  қой  деп 

ойлаймын:

«1. Түрк мемлекеттері өздерінің тегі, тілі, тарихы және мәдениеті 

жағынан  ортақтығына  байланысты  білім,  мәдениет,  өнер,  әдебиет, 

экономика,  технология,  денсаулық  сақтау  салаларындағы  қарым-

қатынастарды дамытуды қажет деп табады. Бірақ түрк дүниесі бүгінде 

көп жазулы, көп әліппелі дәуірді басынан кешіріп отыр. Бұл жағдай түрк 

халықтары, демек тәуелсіз түрк мемлекеттері арасында өз шешімін таба 

алмай, арман болып келе жатқан бір мәселені тағы ортаға салып отыр. 

Конференция  мемлекеттер  арасындағы  әр  салада-ақ  қажетті 

туыстық  қарым-қатынастың  саналы  да  берік  әрі  ұзақ  болуын 

қамтамасыз  ету  үшін  әр  түрлі  әліппені  қолданудың  ыңғайсыздығын 

көрсете отырып, түрк жазба тілдеріне бір принцип негізінде түзілген 

ортақ  әліппенің  болуы  түрк  тілдерінің  өзара  жақындасуы  үшін  өте 

қажет екеніне ерекше көңіл аударады.

2. Конференция түрк халықтарының қарым-қатынас саласындағы 

осы бір кемістіктерді ерекше сезіммен түсініп, оларды болдырмау үшін 

түрк  мемлекеттері  өзінің  алғашқы  қадамын  бір  принцип  бойынша, 

қазіргі  заман  талабына  сай  латын  негізінде  түзілген  төмендегі  (34 

әріптен тұратын) ортақ түрк әліппесін түзуден басталатынын қайталай 

отырып, оны әрбір түрк тілі өз ерекшеліктеріне сәйкес қабылдайтынын 

жариялайды. 


425

 Ортақ түрк әліппесі:

Aa, Bb, Cc, Dd, Ee, Әә, Ff, Gg, Hh, Xx, Ii, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, 

Rr, Ss, Tt, Uu, Vv, Ww, Yy, Zz

Түркия  мемлекеті мен түрк ғалымдарының, мәдени қайраткерлерінің 

бұл іске белсене ат салысып, мұрындық болуында да ерекше мән бар екен. 

Еске салып келсек, 20-жылдары КСРО-да жасайтын түркі тілдес халықтар 

мен  ұлыстар  латын  әліппесін  жоғарыдан  болған  үкіммен  қабылдап 

жатқанда, шетелдік мемлекет – Түркия ғасырлар бойы қалыптасып қалған 

араб жазуын алмастырып, өз еркімен латын әліппесіне көшкен болатын. 

Оның  шынайы  себебін  кейін  елбасы  Мұстафа  Кемал  Ататүрктің  өзі: 

«біз латын әліппесін КСРО-дағы қалың түрк туыстарымыздан қол 

үзіп, көз жазып қалмау үшін қабылдағанбыз» деп түсіндірген екен. 

Ал  бұрынғы  Кеңес  елдеріндегі  түрк  халықтары  болса,  бас-аяғы  10-15 

жылдың ішінде үш түрлі (араб, латын, кирилл) әліппені алмастырып та 

үлгірген болатын. Түрік халқы болса, күні бүгінге дейін сол латынменен-ақ 

экономикасын да, мәдениетін де дамытып, жер жүзіндегі өркениетті елдердің 

бірі болып отыр.

Міне,  сондықтан  да  Түркия  елінің  түрік  ғалымдары  мен  мәдениет 

қайраткерлерінің  латын  әліппесіне  байланысты  мәселеледің  бәріне  белсен 

араласып, жыл сайын конференциялар ұйымдастырып, әбігерленудің басты 

себебі – пайда іздеу, «ағалық жасау» емес, - түрк әлемінің басын біріктіру, 

достыққа, қауымдастыққа шақыру. Алайда, бұл ізгі ниетті керісінше жорып, 

«ой-бай,  бізді  түріктендіріп  жатыр»,  «түрік  болғымыз  келмейді»  деп, 

байбалам салушылар да арамызда жоқ емес. 

Құрметі Президент мырза! 

 «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» ретінде тоқ етерін айтсақ, басқа 

халықтар сияқты қазақтар да латын әліппесі негізінде өзінің ұлттық жазуын 

қалыптастыруға тиісті.

Әрине, бұл мәселе жөнінде республика жұртшылығының пікірі біркелкі 

емес. Бұдан бір жыл бұрын газет-журнал беттерінде пікір алысқанымызда, 

біреулердің  орхон,  біреулердің  араб,  біреулердің  латын,  біреулердің  ойлап 

тапқан  өз  жазуын,  ал  енді  біреулердің  үйреніп  қалған  кирилл  жазуын 

қолдайтынын аңғардық. Дегенмен, пікір айтушылардың көпшілігі-ақ латын 

әліппесі  негізінде  ұлттық  жазу  дәстүрін  қалыптастыру  жағында  екенін 

байқатты. 

Қалай болған жағдайда да , бұл мәселені республика үкіметі мен Жоғарғы 

Кеңесінің өзі шешетіні баршаға мәлім. Бірақ қандай шешім қабылданбасын, 

ол замана талабына, қалың жұртшылықтың мақсат-мүддесіне сай болуы тиіс. 


426

Олай  болса,  бұл  мәселені  «ойланып  пішкен  тон  келте  болмас»  деген 

принцип бойынша үкімет пен ел-жұрт өзара ақылдаса отырып шешкені жөн. 

Осыған  орай,  ортаға  салар  ойлар,  анықтай  түсетін  пікірлер  мен  жауабын 

жұртқа жария етіп айтуға тиісті сұрақ-сауалдар да аз болмаса керек. Біз енді 

солардың біразына тоқталып өтпекшіміз.

1. «Жарты ғасырдай қолданыста болып, етене үйренсіп кеткен кирилл 

жазуын латын әліппесімен алмастырудың қандай қажеті бар?» деген сұрақ 

әрдайым бірінші қойылады. 

Бұл  сұраққа  бір  ғана  сөзбен  ғана  үзілді-кесілді  жауап  беру,  әрине, 

оңай  емес.  Өйткені  жазу  алмастыру  тек  тіл  саясатына  ғана  емес,бір 

жағынан  экономика  мен  демографиялық  жағдайға  да,  бір  жағынан 

әлеуметтік, демократиялық үрдіске де, бір жағынан өркениетті ел болуға 

қадам басқан халқымыздың жарқын болашағын ойлауға да байланысты 

«он  өлшеп  бір  кесуді»  талап  ететін  нәзік  те  күрделі,  қиын  болса  да, 

қажеттілігі зор мәселе. 



Біріншіден,  басқа  туыстас  түрк  халықтары  латын  жазуына 

көшіп  жатқанда,  қазақтардың  олардан  бөлектеніп,  бұрынғы 

жазумен  жалғыз  қалып  қоюы  –  бүкіл  түрк  қауымдастығынан, 

олардың рухани, мәдени өмірінен шеттеумен, қол үзумен бара-бар. 

Екіншіден,  кирилл  жазуы  өткен  елу  жыл  ішінде  ұлттық 

мәдениет пен ғылым-білімді біршама дамытуға негіз болса да бірақ 

ол, дүние жүзі түрк қауымдастығын былай қойғанда, тіпті бұрынғы 

КСРО-да жасайтын отыз шақты түрк халықтары мен ұлыстарының 

басын  біріктіре  алмады;  керісінше,  олар,  бұл  жазудың  кейбір 

«ерекшеліктеріне»  байланысты,  бірінің  жазғанын  бірі  еркін  оқып 

түсіне алмайтындай жағдайға келді, жарқырай түсті.

2. «Кирилл жазуының қазақ және басқа да түрк тілдері үшін жеке 

басының  қандай  кемшіліктері  байқалып  келді?»  деген  сұрақ  та  жиі 

қойылады.

Біріншіден, қазақ және басқа түрк тілдері бұл жазу арқылы өзіндік 

табиғи  ерешеліктерін  (дыбыс  құрамын,  буын  жүйесін,  үндестік  заңын 

т.б.)  емін-еркін  дамыта  алмады;  соның  салдарынан  тіліміздің  ауызша 

айту (орфоэпиялық) нормасы мен жазу емлесі (орфографиясы) арасында 

жер мен көктей алшақтық пайда бола бастады; білімділер көп болса да, 

сауаттылар аз. Мұның бәрі тілдің табиғи болмысына ғана емес, сол тілде 

сөйлеуші  жас  ұрпақтың  болашағына  да  зор  нұқсан  келтіре  бастағаны 

белгілі. Тілдегі экологиялық құбылыстың бір көрінісі осыған байланысты 

да. 


427

Екіншіден, қазақ тілі үшін қажетті небәрі 26-28 әріптің орнына 42 

таңбадан тұратын кирилл алфавитін меңгеру, пайдалану қазақ балалары 

үшін  өте  ауыр.  Ал  соншама  басы  артық  таңбалардың  алынуы  о 



бастан-ақ  ұлт  тілдерінің  мүддесін  қарастырудан,  қайткенде  де 

қазақтарды орыс тіліне жақындатудың қам-қажетінен туған іс еді. 

Үшіншіден,  қазақ  тіліне  тән  9  фонеманы  –  (ә,  ө,  ұ,  ү,  і,  қ,  ғ,  ң, 

һ)  –  жеке-дара  таңбалай  алмағандықтан,  қосымша  «жал-құйрық» 

жасап, әуре болып жүргенде, қазақ тілінің өз басына қажеті жоқ – (в), 

(ё),  (у),  (ф),  (х),  (ц),  (ч),  (щ),  (ъ),  (ь),  (э),  (ю),  (я)  –  соншама  басы  артық 

таңбалардың  қолданылуы  жазу  жүйесін  қиындатпаса,  оңайлатқан 

жоқ. Бұл мәселенің тек бір-ақ жағы. Оның екінші жағы тағы бар: қазақ 

тілі  сияқты  басқа  туыстас  түрк  тілдері  де  аталмыш  8-9  («түріктік») 

фонеманың  таңбасын  біркелкі  емес,  әртүрлі  қылып  «құйрық-жал» 

шығарып, өзінше қолданып, өзара жақындаса алмай келгендігін саяси 

тілде: «бөліп ал да, бөлшектеп билей бердің» нәтижесі деп те түсіндіріп 

жүр. Әрине, мәселенің бұл жағын тарих анықтай жатар. Бірақ болашағы 

зор,  ұзағынан  сүйіндірер  ұлттық  жазуымыздың  тағдырын  түбегейлі 

шешетін тарихи сәт келген сияқты және оны түрк қауымымен бірлесе 

отырып,  бүгін  шешпесек,  ертең  кеш  болады,  уақыт  өткен  сайын  ол 

қиындай түсуі ықтимал.

3. «Латын әліппесіне көшу» деген сөзді қалай түсінуге боладыжәне 

оны қалай жүзеге асырамыз?» деген сұрақты да жиі естиміз. 

Біріншіден, «латын әліппесіне көшу» деген қазақтар үшін де, басқа 

түрк халықтары үшін де – мүлдем жаңа жазу қабылдау емес: мұндай 

«дәуірді» қазақтар да, басқа ұлттар мен ұлыстар да басынан кешірген 

болатын.  Тіпті  бұл  жазуды  Қазақстаннан  тыс  жерлерде  жасайтын 

бауырларымыз да қабылдап, алды 20, арты 10 жыл бойы пайдаланғаны 

белгілі.  Демек,  «латын  әліппесіне  «көш»  деген  ұғымды  дәлірек 

айтсақ,  ол  –  «кезінде  бүкіл  түрк  халықтары  түгел  пайдаланған 

ортақ  жазуға  қайта  оралу».  Бірақ  бүгінгі  үрдістің  бұрынғыдан  бір 

айырмашылығы бар: егер бұрын латын жоғарыдан төменге міндеттеу 

түрінде қабылданса, бүгінде ол халықтың өз қалауымен, жаңа заман 

талаптарына  сай,  мемлекеттік  тіліміздің  биік  мәртебесіне  лайықты 

ұлттық  жазуымызға  тұрақты  тұғыр  (негіз)  ту,  туыстас  халықтармен 

бірге болу сияқты ізгі мақсаттарға байланысты қабылдануы тиіс.

4. Латын жазуына байланысты пікір сайыстарында оппоненттердің 

ылғи  көлденең  тарта  беретін  бір  сұрағы:  «Бүгінгі  еліміздегі 

экономикалық қиыншылықта жазу ауыстыру деген не?»


428

Әрине,  бұл  заңды  сауал  және  оған  жауап  беруіміз  керек,  өйткені 

жазу  ауыстыруға  қаражаттың  керек  екені  рас.  Бірақ  бұл  жерде  екі 

түрлі нәрсені ескеру қажет сияқты: Оның бірі – «Бұдан жаман күнімде 

де тойға барғанмын» деген қазақтың бір мысал сөзі. Шынында да біз 

сонау  қиын-қыстау  жылдардың  өзінде  (араб-төңкерістен  кейін,  латын 

-  1929  ж.  ,  кирилл  –  1940  ж.)  ешбір  экономикалық  қиыншылықтарды 

сөз етіп жатпай-ақ, ың-жыңсыз бір емес, жазуымызды үш рет өзгертіп 

келген  Қазақстанның  бүгінгі  жағдайы  дәл  сол  кезден  сорлы  емес. 

Мәселе  басқада  болып  отырғанын  біз  жақсы  түсінеміз  (ол  туралы 

төменде айтылады). Егер мемлекетіміз өтпелі дәуірдегі экономикалық 

қиыншылықтарды ескере отырып, өзінің шынайы тәуелсіздігін сезіне 

алса, қоғамдық пікірлермен санаса білсе және жазу өзгертуді мемлекет 

үшін қажет деп тапса, «алынбайтын қамал жоқ» дегендей, мәселені еш 

қиындатпай-ақ шешуіне болады. Жазуларын өзгерте бастаған көршілес 

республикалардың  бізден  асып  жатқан  экономикалық  жағдайын  біз 

көріп отырғанымыз жоқ. Оның үстіне, бұл мәселені «дәл қазір, қолма-

қол шешу керек» деп отырған да ешкім жоқ қой. Латын әліппесін ресми 

қабылдаған және қабылдамақшы туыстас (әзірбайжан, түрікпен, өзбек, 

қырғыз,  т.б.)  көршілеріміздей  біздің  де  оған  бірден  емес,  асықпай, 

біртіндеп,  барлық  дайындықты  жасап  алып  барып,  бер  жағы  5  жыл 

ішінде,  ар  жағы  ХХІ  ғ.  басында  көшсек  те  болатын  сияқты.  Бірақ  ол 

үшін латын әліппесін алу, алмау мәселесі принципінде қазір шешілуі 

керек.


5. Әліппе өзгертуге байланысты пікірталасында көп айтыла беретін: 

«жазуымызды алма-кезек өзгертуден шаршамадық па, сауатсыз болып 

келгеніміз,  көптеген  рухани  мұраларымыздан  мақұрым  болғанымыз 

бізге әлі аз ба еді?» деген қитарлау сұрақ. 

Біріншіден, жазуымызды үш мәртебе ауыстыруға байланыстаы қалың 

жұртшылықтың көп жылдар беделінде толық сауатты бола алмай келгені 

рас. Өйткені халқымыздың жаппай сауатсыздығы ертеден-ақ келе жатқан 

дерт еді ғой. Оның үстіне жазудың бірінен кейін бірін ауыстыру оңай болған 

жоқ. Айта беретін «сауатсыздықтың» сыры, біле білсек, осында болды. 

Ал одан кейінгі жарты ғасырда сауаттанған ұрпақ пен сауатын латынмен 

ашатын жас ұрпақтың саналы түрде, үлкен дайындықпен өткізілетін жазу 

реформасынан «сауатсыз болып қаламыз-ау» деп қорқуының еш жөні жоқ. 

Бүгінде кирилл жазуымен сауаттанған жұрт өз өмірін өз өмірінің аяғына 

дейін оны толық пайдаланып өтетініне дау жоқ. Ал латын әліппесін үйрену 

оларға ешбір қиындыққа түспейді. Мәселен, латынды бұрын оқығандар мен 


429

шет тілі арқылы үйренгендер үшін оның оқу мен жазуын меңгеру, шындап 

кіріссе, бас-аяғы екі-үш сағаттан екі-үш күнге ғана созылуы мүмкін.

Екіншіден,  шынында  да,  жазуымызды  бірінен  кейін  бірін 

ауыстыруымыздан  рухани  мәдениетіміздің  біршама  тоқырағаны  рас. 

Бірақ  ұтылғанымыздан  ұтқанымыз  көбірек  сияқты.  Елу  жылдық  жазба 

мәдениетіміз соның кепілі. Соның өзінде де жоғалттық деп жүргеніміздің 

бірі болмаса да, көбісі-ақ қалпына келген тәрізді: кейінгі ұрпақ жөнді оқи 

алмай  жүрген  араб,  латын  жазуларындағы  көпшілік  қолды  шығармалар 

негізінен  кирилге  қотарылып  болған  көрінеді.  Бұл  әрине,  басы  артық 

шығын.  Дегенмен,  қажеттілік  одан  да  артық  қой.  Әйтпесе,  Қытайдың 

Шинжаңындағы  қазақ  туыстарымыз  бізде  шыққан  том-том  кітаптарды 

арабшаға қотарып, басып шығарар ма еді?

Үшіншіден,  латын  жазуы  сөз  бола  бастағаннан  бері  (бұрын  ондай 

әңгіме  көп  болмайтын)  онымен  бір  кезде  Ахмет  Байтұрсынұлы  реттеп, 

жеңілдеткен арабтың төте жазуын таластырушылар да табылып жатыр. Егер 

бүгінгі жазу мәселесі тек қана қазақ тіліне байланысты болса, мүмкін, бұл 

ұсыныстың салмағы басқашалау болар еді. Бүгінде мәселенің қойылуы 



мүлдем өзгеше, әйтеуір жазу өзгерту емес, бүкіл түрк қауымдастығын 

жақындата түсетін ортақ жазуды сайлау керек боып отыр ғой. Ал түрк 

әлеміндегі  араб  жазуының  мәні  мен  дәстүріне  келсек,  онда  түрк,  өзбек, 

әзірбайжан, татар,түрікпен халықтарының алдына түсу бізге қиын болар 

еді. Олардың ғасырлық жазба дәстүрі араб жазуына байланысты. Соның 

өзінде де бұл халықтар латын жазуын таңдап алып отырған жоқ па? Осы 

арада  бір  нәрсенің  басын  ашып  кеткен  жөн  ғой  деп  ойлаймыз.  Бүгінде 

қазаққа «араб жазуын үйренбе» деп жүрген адам жоқ. Әрбір сауатты адам 

ол  жазуды  білгені  жөн.  Біз  де  жастарды  соған  үгіттеудеміз.  Бұл,  әрине, 

басқа мәселе. 

6.  Латын  мәселесіне  республикамыздағы  этнодемографиялық 

жағдайдың да қатысы бар екені сөзсіз.

Рас,  біз  көптеген  ұлттар  мен  ұлыстардың  өкілдері  жасайтын 

мемлекетте  тұрамыз.  Ұлт  өкілдері  мен  жергілікті  қазақ  халқының 

сандық  ара  қатысы  латын  әліппесін  қабылдап  жатқан  көршілес  түрк 

республикалардан  мүлдем  басқаша.  Жазу  ауыстыру  мәселесінің  осы 

күнге  дейін  ресми  түрде  сөз  болмай  келуі  де,  міне  дәл  осы  жағдайға 

қарайлауға  байланысты  екені  айдан  анық.  Біздің  ойымызша, 

мемлекеттік мәртебеге жаңа ғана қолы жетіп отырған қазақ тілінің 

жазуын өзгертуден басқа ұлт өкілдеріне келіп-кетер еш нәрсе жоқ 

сияқты.


430

Рас,  біз  көптеген  ұлттар  мен  ұлыстардың  өкілдері  жасайтын 

мемлекетте  тұрамыз.  Ұлт  өкілдері  мен  жергілікті  қазақ  халқының 

сандық  ара  қатысы  латын  әліппесін  қабылдап  жатқан  көршілес  түрк 

республикалардан  мүлдем  басқаша.  Жазу  ауыстыру  мәселесінің  осы 

күнге  дейін  ресми  түрде  сөз  болмай  келуі  де,  міне  дәл  осы  жағдайға 

байланысты  екені  айдан  анық.  Біздің  ойымызша,  мемлекеттік 

мәртебеге  жаңа  ғана  қолы  жетіп  отырған  қазақ  тілінің  жазуын 

өзгертуден басқа ұлт өкілдеріне келіп-кетер еш нәрсе жоқ сияқты. 

Сондықтан  да  қазақ  тілін  үйренгісі  келмейтін  жерлестерімізге 

қазақ жазуының кирилл болғаны не, латын болғаны не –бәрі бір емес 

пе? Қайта міндетті түрде шетел тілдерін оқитын барлық халықтар үшін 

мемлекет тілінің латын әліппесін қабылдауымыздың пайдасы болмаса, 

зияны жоқ. Өйткені олардың (мәс. өзбек, әзірбайжан, қырғыз, татар, т.б.) 

өз тарихи атамекендерінде де латын жазуына көшкен, не көшпекші. 

Әрине,  ұлттың  өзі  болып  бастаған  осы  бір  ізгі  әрекетті  дау 

іздеушілер, «сыныққа сылтау» таба алмай жүргендер «ойбай, қазақтар 

жазуларын  өзгертіп  жатыр»  деп,  дабыра  етуі  де,  «мұның  арты  не 

болар  екен?»  деген  күдік  пен  күмән  тудыруы  да  мүмкін.  Бірақ  қазақ 

тағдырына  парасаттылықпен  қараған  саналы  азаматтың  бұл  мәселені 

дұрыс түсінуі де ықтимал. Ойлануға да, толғануға да уақыт та ( ХХІ ғ. 

дейін) жеткілікті. 

7.  «Латын  әліппесіне  байланысты  қазақ  диаспорасының  жағдайы 

қалай болмақ?» деген өте орынды сұрақ та қойылып жүр. 

Бұл  бүгінгі  таңда  үш  түрлі  (араб,  латын  және  кирилл)  жазудан 

пайдаланып  отырған  қазақ  диаспорасының  (яғни  жақын,  алыс 

шетелдерде  жасайтын  үш  қазақтың  бірінің)  тағдырына  байланысты 

мәселе. Егер белгілі бір себептермен кирилл жазуында қала берсек, онда 

ҚХР, МХР, Ауған, Иран, Түркия, т. б. елдерде жасайтын қандастарымыз 

болса, олар сол елдердің азаматы ретінде мемлекеттік жазу деп таныған 

латынға  көшуге  міндетті.  Сонда,  екі  ортада,  онсызда  біртұтас  ұлт 

бола алмай жүрген қазақ халқы жазуының ала-құлалығынан тағы 

да ортақ рухани мәдениетті дамытуға толық араласа алмай, шөре-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет