Мадиева Г. indd



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата23.11.2022
өлшемі1,26 Mb.
#52113
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
Герман филологиясына кіріспе

Тарихи мәлімет. Дат тілінің тарихын екі түрлі кезеңге бөліп 
қарастыруға болады – көне дат (Реформация кезеңі, XVI ғ.) және 
жаңа дат кезеңі.
Көне ескерткіштері – кіші рундағы жазбалар (IX-XII ғғ.), 
Оңтүстік Швеция жерлерінде табылған шамамен 400 жазбалар.
Бізге жеткен көне дат жазба ескерткіші – «Скон ғұқығы» – 1300 
ж. жатады. Одан да ерте латын тілінде сақталған рундарға XIV ғ. 
жатады. Оған әртүрлі заңдар тармақтары, діни шығармалар жатады. 
Жазба ескерткіштерінің ішінде көне дат баспа кітабы табылған XIV-
XV ғғ. шамасына жататын «Дат рифміндегі хроника» (1495). Көне дат 
кезеңінің соңында дат тілі оңтүстік швед жерлерінде Скон, Халланд, 
Блекинг (осы жерлер дат иелерінде 1658 жылға дейін болған) атты 
жерлерде таралған екен. XV ғасырда дат тілі Нор вегия мемлекетінің 
мемлекеттік тілі ретінде қызмет етті.
Басқа да мемлекеттердегідей дат ұлттық тілінің қалыптасуында 
шіркеудің қызметі (1536) аса маңызды болған екен. Сонымен қатар 
Інжілдің (1550) дат тіліне аударылуы да өз орнын тапты. 
Дат ұлты XVI ғ. ғана қалыптаса бастады. Копенгаген де аса 
маңызды қызмет атқарды, ал зеланд диалектісінің негізінде жалпы 
ұлттық тілдік норманың қалыптасуына да аса маңызды рөл атқарды. 


29
Герман филологиясына кіріспе
Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар 
тізімі:

редукция

преаспирация

постаспирация

дифтонг

диграф

дифтонгоид

морфонология

велярлану

гуттуралдану
10-семинар
Тақырып: Фриз және африкаанс тілдері
Қарастырылатын мәселелер:
1. Фриз және африкаанс тілдерінің мысалдарында «тіл» және 
«диалект» ұғымдарының аражігін ажырату.
2. Скандинав тілдерінің топтамасы.
3. Викингтер дәуіріндегі тілдік ерекшеліктер.
4. Ежелгі скандинав мемлекеттер, мәдениеті, салт-дәстүрі.
5. Скандинав тілдерінің басқа герман тілдері тобынан ерек-
шелігін атаңыз.
6. Дат тілінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері.
7. Жоғарыда берілген терминдерге лингвистикалық сөздіктер 
бойынша салғастырмалы талдау жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет