30
Герман филологиясына кіріспе
21-22 ДӘрІС
Тақырыптары: Скандинав тілдері: швед тілі.
Қалып та су ының тарихы, негізгі кезеңдері
Жалпы мәлімет. Швед тілі Швецияның және Финляндияның
бір мемлекеттік тілі ретінде қызмет жасайды. Швецияның 8,8
млн. ұлты үшін швед тілі ана тілі ретінде қызмет жасаса, 300.000
Финляндия тұрғындары үшін швед тілі ана тілі болып табылады.
Швед тілі шығыс скандинав тілдеріне жатады.
Тарихи мәлімет. Швед тілінің тарихи кезеңдері:
руникалық
швед тілі (шамамен 800 – шамамен 1225), классикалық көне швед
тілі (шамамен 1225 – шамамен 1375), кеш көне швед тілі (шамамен
1375-1526), ерте жаңа швед тілі (1526-1732), кеш жаңа швед тілі
(1732 ж. бастап) болып бөлінеді.
Фонетика. Швед тілінің дыбыстық ерекшеліктері: 1) ұзақ
және қысқа дауыстылардың ажыратылуы; 2)
ұзақ және қысқа
дауыссыздардың ажыратылуы; 3)
буындық тепе теңдік; 4) соңғы
мор фе малардың
қатаңдануының жоқтығы; 5) тоникалық екпін;
6) постальвеолярлық дыбыстардың болуы.
Швед тілі – скандинав тілдерінің ішіндегі дифтонгтары жоқ тіл
ретінде сипатталған, тек кірме сөздерде ғана кездеседі. Бұл құбылыс
көне дифтонтардың монофтонгдануға ұшырауымен түсіндіріледі.
Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар
тізімі:
тоникалық екпін
консонанттылық
креол
тілдері
пиджин
пуризм
эсперанто