Мадиева Г. indd


Тақырып: Скандинав тілдерінің қолданған жазуы



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата23.11.2022
өлшемі1,26 Mb.
#52113
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Тақырып: Скандинав тілдерінің қолданған жазуы.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Скандинав тілдерінің қолданған жазуы. 
2. Швед тілінің фонетикалық, морфологиялық ерекшелігі.
3. Финляндиядағы швед тілі.
4. Швед тіліндегі жазба ескерткіштер.
5. Гуттуралдану.
6. Дәріс негізінде берілген терминдерге лингвистикалық сөз дік -
тер бойынша салғастырмалы талдау жасау.
№14 СОӨЖ
Скандинав тілдерінің қолданған жазуы. Гуттуралдану. Қос 
дауыссыздар. 
23-24 ДӘрІС
Тақырыптары: Исланд тілі: қалыптасуының тари хы,
 
негізгі кезеңдері. Негізгі құрылымдық
 
ерекшеліктері
Жалпы мәлімет. Исланд тілі Исландия мемлекетінің мемле-
кеттік тілі (272 мың адам үшін ана тілі ретінде қызмет жасайды). 
Мемлекет аумағынан тыс Канадада және АҚШ-та шамамен 25 мың 
исландықтар мекен етеді.
Исланд тілі герман тілдерінің ішінде сөзжасам мен сөздік 
қорға қатысты заңдылықтарды сақтаған тіл болып саналады. Басқа 
скандинав тілдерімен салыстырғанда исланд тілі скандинав негіз 
тіліне жақын тұр. Өзгешеліктер көне исландықпен салыстырғанда 
тілдің дыбыстық жүйесінде болған еді, ал жазуда ол өзгеріс көрініс 
таппаған. 
Исланд тілінің нақты нормаланған тұрпаты бар. Жазба әдеби тіл 
мен ауызекі сөйлеу тілі ерекшеленбейді. 
Тарихи негізі. Тарихи кезеңдері бойынша көне исланд тілі және 
жаңа исланд тілі деп жіктелінеді. 


32
Герман филологиясына кіріспе
Исланд тілінің дыбыстық жүйесінің ерекшеліктері: 1) диф тонг-
тар мен дауыстылардың ұзақ және қысқа түрлерінің ажы раты луы; 
2) ұзақ және қысқа дауыссыздардың ажыратылуы; 3) жабы сыңқы 
дауыссыздардың қатаңдығы; 4) постаспирация және преаспи ра ция-
ның болуы; 5) палаталды артқы дауыссыздардың болуы; 6) сонант-
тардың қатаң корреляттармен қарама-қарсы қою; 7) көне фоне-
малардың сақталуы /р/ (үнді вариантпен [5]); 8) екпінді буынның 
мін детті ұзақтығы; 9) бірінші буынның екпінді болуы; 10) дауысты 
дыбыстардың редукциясының болмауы; 11) күрделі морфологияның 
болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет