Тасмұрын уран-торийкен орны - Маңғыстау ойысының оңтүстігінде, Қарақия көтерілімінің солтүстік ернеуіндегі Мел кен орнынан оңтүстікке қарай 12-15 км жерде орналасқан. 1953-1954 жылдары Ферғана экспедициясы ашқан.
Теңге мұнай-газ конденсат кен орны – Оңтүстік Маңғыстау ойпаңы Жазыгүрлі ішкі ойысындағы ірі кен орны. Жаңаөзен қаласы 8 км жерде орналасқан. Кен 1964 жылы ашылып, 1970 жылдан пайдаланылып келеді.
Түрікменой газ-мұнай кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысының Өзен-Жетібай антиклинді өңіріндегі газ-мұнай кен орны. Маңғыстау облысында, Ақтау қаласының шығысында 115 км жерде орналасқан, 1969 жылы ашылған.