Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет72/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
мағжан жұмабаев педагогика 230122 134758

Құмарлық 
шектен шықпай белгілі мѳлшерде бол-
са, әрине, пайдалы. Құмарлық болмаса, адам ѳмірде 
белгілі бір жолды қуып та кете алмайды. Бірақ кѳбі-
несе құмарлық шектен шығып кетеді. Кѳбінесе адам 
бір нәрсеге құмар болса, басқа барлық нәрседен кѳзді 
жұмып безіп кетеді. Бір тілекке басқа тілектің, бір нәр-
сеге басқа нәрсенің бәрін құрбан қылады, құмар бол-
ған нәрсенің пайдалы, пайдасызына да қарай алмайды. 
Сол құмарлық жолында ұяттан, ардан, барлық адам-
шылықтан айрылады. Мысалы, қиссадағы Қарынбай-
дың малға құмарлығы сықылды. Маскүнем адамның 
арақ құмарлығы сықылды. Мұндай құмар адам – сау 
адам емес, ауру адам болады. Мұндай құмарлық адам-
ды ѳрге сүйремейді. Сондықтан тәрбиеші балада мұн-
дай құмарлықты болдырмауға міндетті.


150
МІНЕЗ 
Б
ір адамның барлық ісін басқа адамдардың істерінен 
айыратын сипаттар мінез деп аталады, адамның 
ойының яки ішкі сезімдерінің сипаты мінез ұғымына 
кірмейді. Ойы бір дәрежеде һәм сезімдері бір қалыпты 
адамдардың мінезі әртүрлі болуға мүмкін.
Яки жауыз һәм мейірімді адам, құлықты һәм құ-
лықсыз адамдар мінездес болуға мүмкін. Сондықтан 
мінез ақылға яки сезімге байлаулы нәрсе емес, қайрат-
қа байлаулы һәм мінез қайрат дәрежесіне қарап былай 
бѳлінеді. Егер бір адамның қайраты күшті болса, сѳзі-
нен бір айрылмайтын, екеуі екі бѳлек жайылмайтын 
болса, ондай адамның мінезі қатты мінез, күшті мінез, 
берік мінез деп аталады. Егерде сѳзбен, оймен іс бір- 
біріне қабыспайтын болса, ауыз айтқанда, қол істей ал-
маса, ондай адамның мінезі жұмсақ мінез деп аталады.
Мінездің жасалуы. 
Мінез адамның жаратылысы-
на қарай тума болады һәм басқа сыртқы себептермен 
тұрмыс түрі, жаратылыс, жолдас, тәрбие сықылды 
жүре пайда болады. Тума мінез кѳбінесе тұқым қуалап 
келеді. Дененің аурулы яки сау болуы, ақылды, ақымақ 
болу, ашулы, жасық болу сықылды тума мінез темпе-
рамент деп аталады.


151
«Асыл мұра» сериясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет