Мінез тәрбиесі.
Балада берік һәм дұрыс мінез пай-
да болу үшін тәрбиеші мынау негізгі екі шартты орын-
дау керек: 1) Баланың ѳз қолынан келетін іске балаға
толық ерік беру. Басқаның күшіне, кѳмегіне сеніп кет-
пей, ѳз қолынан келмейтін істе ғана тәрбиеші кѳмек
кѳрсетіп жіберуге міндетті. Күштен асатын іске кірісіп
баланың тауы шағылмас үшін. 2) Баланы құбылмай-
тын, ұсақтықпен қажытпайтын темір тәртіпке (дис-
циплина) бағындыру керек. Баланы еркіне жіберу оны
ерлікке, батырлыққа үйретсе, темір тәртіпке бағынды-
ру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Осы
екі жағы тең адамның мінезі күшті болмақ қой. Баланы
тіпті еркіне жібермеу оны жасқаншақ, жасық, қорқақ
қылады. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, ләм-мим демей,
оның бар еркелігін орындай беру баланы бейбастақ,
ессіз тентек қылып шығарады.
Осы екі жақтың біреуіне аударып жібермей, баланы
ортада ұстай білу үшін тәрбиеші мынаны істеу керек:
1) Балаға бір нәрсені істе дегенде ақырмай-бақыр-
май, салмақпен һәм былай да жарайды деген сықылды
табансыздық кѳрсетпеу керек. Тәрбиешінің табансыз-
дығын сезсе, бала оны сыйлаудан, тілін алудан қалады.
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Және тәрбиеші ѳз ісінде тиянақты, табанды болуға
керек. Бала адам айтар емес, еліктемпаз болады. Тәр-
биеші тиянақты болса, бала оның тиянақтылығына
еліктейді. Тәрбиеші тиянақсыз болса, бала оның тия-
нақсыздығына еліктейді.
2) Балаға бір нәрсені істе дегеңде де, істеме дегенде
де сол бұйрықтың себебін ұққандай қылып балаға ұқ-
тырып отыруға керек. Себебін ұқса біраздан соң бала
ѳз бетімен- ақ дұрыс іске ұмтылып, теріс істен тыйыла-
тын болады. Ерінбей, жалықпай балаға әрбір істің се-
бебін ұқтыра беру керек. Мәні-жайын ұқтырмай, құр
бұйрық беруші адам – тәрбиеші емес. Данышпан Абай
айтқандай, «ұстаздық қылған жалықпас үйретуден ба-
лаға», тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын,
жұмсақ жолдасы болсын.
155
Достарыңызбен бөлісу: |