Қайрат қалай жасалады?
Қайрат тѳмендегі бас-
қыштарды ѳтіп барып іске асады. Жанымызда бір ті-
лек бар. Сол тілекті іске асырғымыз келеді. Тілектің
іске асуының тиістілігін бекітетін себептер дәлел яки
мотив деп аталады. Бұл – қайраттың бірінші басқышы.
Ал енді бір тілектің іске асуының тиістілігін кѳрсететін
қарсы себеп те болады. Қарсы себеп – қарсы дәлел яки
контр мотив деп аталады. Дәлелге қарсы дәлел шық-
қанда, біз бұл екеуін салмақтаймыз, салыстырамыз.
Осы дәлел мен қарсы дәлел салмақтау дәлелдердің кү-
ресі деп аталады. Бұл – екінші басқыш. Егер дәлел мен
қарсы дәлелдің қүші бірдей кѳрінсе, адамда толқу пай-
да болады. Дәлелдер күресінен кейін ақырда адам екі
жақтың бір жағына жеңгізіп, бетін бір жаққа түзейді.
Бұл үшінші басқыш. Бетті бір жаққа түзеу бекіту деп
аталады. Бекітуді іске асыру орындау деп аталады. Бұл
тѳртінші басқыш. Орындау жолында адам түрлі бѳгет-
ке ұшырап, бѳгетті жеңе алмай қажып, жасып, бекітуін
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
қайтып алуға мүмкін. Бұлай істемес үшін адам табан-
ды болу керек. Табанды адам – қайраты күшті адам.
Қайраттың керектігі.
Қайрат адам ѳмірінде аса
қымбат орын алады. Адамның дене һәм жан ісін тізгін-
деп, белгілі жолға салып ѳркендететін – сол қайрат.
Мысалы, нәресте шақта адамның денесі қайрат қатыс-
пай ѳз бетімен қозғалады. Ес кірген соң қайрат жұмса-
лып қозғалады. Жүргенде аяқ қозғалуы сықылды. Жан
ісінде қайрат іскерлікке кѳп қатынасады. Шынында,
қайрат жұмсамай адам іскер бола алмайды. Қайрат-
тың ішкі сезімдерге әсері мол. Қайнап келіп қалған
ашуды біз сол қайраттың қаруымен басамыз ғой.
Қысқасы, қайрат адамның барлық ісін тізгіндеп жол-
ға салмақшы, жүзеге шығармақшы. Қайрат арқылы
ғана адам жанындағы қалың күштер жарық кѳрмекші.
Ѳмірде адам басына қиын-қыстау істер келгенде, қа-
жытпай алып шығатын – сол қайрат. Сермеген қолды
аспандағы айға жеткізбесе де, ойлаған ойға жеткізе-
тін – сол қайрат. Сондықтан тәрбиеші баланың қайра-
тын ѳркеңдету үшін қызмет қылуға міндетті.
147
Достарыңызбен бөлісу: |