Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет71/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
мағжан жұмабаев педагогика 230122 134758

ҚАЙРАТТЫ ӨРКЕНДЕТУ 
ЖОЛДАРЫ 
1
)
Тәрбиеші баланы денесін дұрыс билеп, дұрыс қоз-
ғалуға үйретсін. Дене мүшелері қайраттың тез қоз-
ғалатың, тез орындайтын қаруы болуға тиісті. Бала мү-
шелерін теріс қозғап үйреніп бара жатса, тәрбиеші тез 
түзесін. Сол уақытта бала қандай іске қай мүшені қоз-
ғау керек һәм қалай қозғау керек, соған әдеттенбекші. 
Жазғаңда, тіккенде саусақтарды қалай ұстау сықылды.
Тәрбиеші баланы әсіресе жан істерін қайратқа дұ-
рыс бағындыруға үйретсін. Бала әсіресе тілегіне қожа 
бола алмайды. Не тілесе, соны жүзеге шығарғысы ке-
леді. Бала болмайтын нәрсе болмайды деп ұғады. Тура 
мағынасымен аспандағы айға ұмтылады. Тәрбиеші ба-
ланы осындай қияңқылықтан сақтауға міндетті. Балаға 
әрбір тілектің алдын, артын, болдыратын һәм болдыр-
майтын себептерін салмақтатып, тексеріп үйретуге 
міндетті. Терең тексеріп келіп, тілекті жүзеге шығару 
қайраттылық болатыны сықылды, тексеріп келіп, ті-
лекті тоқтатып қалу да зор қайраттылық. Есте болу ке-
рек: арыстан айға шапса, мерт болмақшы, ѳтпес жар-
лық бойға қорлық болмақшы. Тілектің алдын, артын 


148
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
тексеріп үйренген адам балалықта ебетейсіз еркеліктен, 
қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман болмақшы.
2) Баланың қайраты күшті болуы үшін тәрбиеші 
баланың барлық ісін тізгіндей бермей, әрбір істе бала-
ға ерік берсін. Бала ѳз еркімен денесін қозғап, жүгіріп 
үйренсін. Әсіресе жанды жұмсап үйренсін. Яғни бала 
ѳз бетімен бір нәрсені тілеп, сол тілектің алдын, артын 
тексеріп, сонан соң иә болдыруға, иә болдырмауға ѳзі 
әдеттенсін. Сол уақытта баланың қайраты ѳркендемек. 
Әрине, баланың ісі, тілегі пайдасызға, зиянға айналып 
бара жатса, тәрбиеші кіріседі ғой. Бірақ баланы ылғи 
тізгіндеуден сақтану керек.
Әдет. 
Әрбір іс дене ісі болсын, жан ісі болсын, алғаш 
істелгенде бірталай қиындықпен істеледі. Екінші істел-
генде қиыңдық біраз жеңілденеді. Егерде кѳп істесек, 
ол істі тіпті жеңіл істейміз. Және сол істі ылғи істегіміз 
келіп тұрады. Істемесек, бір нәрсені жоғалтқандай бо-
ламыз да тұрамыз. Белгілі шарттар болғанда, белгілі 
бір түрде іс істеу әдет деп аталады. Мысалы, жазған 
уақытта саусақтарды былай ұстау, әрине, қиын. Оған 
қанша қайрат жұмсалады. Бірақ біраздан тіпті жеңіл-
ге айналады. Ойламай-ақ, ешбір қайрат жұмсамай- ақ, 
саусақтарымыздың ѳзі солай икемделе береді. Адам 
ѳмірінде әдет кѳп орын алады. Лейбниц деген ғалым 
адамның барлық ісінің тѳрттен үшеуі әдет болады 
дейді.
Әдеттің адамға кѳп пайдасы тиеді: 1) Әдет арқасыңда 
адам белгілі ғана істерді істеп, тақақтап ұшына шыға-
ды, анық орындайды. Әрбір істің басын шала бермейді. 
2) Істің тиянақты, кѳрікті болуына себепкер, әдеттенген 
істі адам тиянақты істейді. 3) Уақытты һәм күшті да-
лаға жібермейді, бәлки үнемдейді. Әдеттенген істі кѳп 


149
«Асыл мұра» сериясы
күш жұмсамай адам тез һәм жеңіл істейді. Әдеттену 
болмаса, адам бір істің соңында мыжып отырып қа-
лып, басқа жаңа істерге уақыты болмас еді. Әдет – әсі-
ресе, тәрбиешінің қолында күшті құрал. Әдеттендіру 
арқасында ғана баланы дұрыс жолға салуға мүмкін.
Шекспир: «Жақсы әдет – жақсылыққа бастайтын 
періште», – дейді. Орыстың тәрбие ғалымы Ушинский: 
«Жақсы әдет – ѳсімге берген ақша, адам ѳмір бойы со-
ның ѳсімін пайдаланады. Жаман әдет – борыш, адам 
ѳмір бойы сол борыштың бір ѳсімімен азап шегеді», – 
дейді.
Адам ѳмірінде әдет осындай зор орын алатындық-
тан, тәрбиеші барлық күшін жұмсап, баланы неғұр-
лым жақсылыққа әдеттендіруге міндетті. Бала нашар-
лыққа бір әдеттеніп қалса, оны қайта түзету оңай нәрсе 
емес, есте болу керек. Ауру қалса да, әдет қалмақ емес. 
Әдет тым бойға сіңсе, құмарлыққа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет