БАЛАНЫҢ ЖАЛПЫ ЖАРАТЫЛЫСЫ
Б
із кітабымыздың басынан бері жан кѳріністерін,
яғни ақыл, ішкі сезім һәм қайратты баяндадық.
Ержеткен адамға қарағанда баланың сол айтылған
кѳріністері басқарақ түрде болатынын білдік. Мыса-
лы, баланың әсерленуі, суреттеуі, ойлау һәм сезуі ер-
жеткен адамнан әжептәуір басқа. Баланың бұл жан
кѳріністерінің әрқайсысының жеке- жеке алғанда бас-
қалығы болған сықылды, бұлардың бәрін тұтас алғанда
да басқалық бар.
Бірінші, баланың барлық жан істері бір-біріне берік
байланған болады, бірімен-бірі берік жүреді. Мысалы,
баланың денесі мен жаны, ақылы мен сезімі, сезімі мен
қайраты – бәрі бірге іс қылады, бұлар бір-бірімен күре-
се білмейді, бірін-бірі тізгіндей білмейді. Бала бір нәр-
сеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақы-
лы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады. Бала шақта
алынған әсердің ѳмір бойы естен шықпауының мәнісі
сол: бала шақта алынған әсер ержеткенде адамның
ақылының, ой-пікірінің һәм мінезінің қандай дәреже-
де һәм түрде болуына негіз салады. Балалықта ылғи
жағымды әсер алынса, адам ѳмір бойы шат кѳңілді
болмақ. Балалықта жағымсыз әсер алынса, қорлық,
156
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
жоқшылық кѳрілсе, адам ѳмір бойы қасіретке бейім
болмақ.
Екінші, бала ылғи іске ұмтылады. Дені сау бала тіпті
қарап отыра алмайды. Бірақ бала не істеуге һәм қалай
істеуге білмейді. Сондықтан ол ересек адамдардың не
істегенін һәм қалай істегенін ѳнеге қылады. Баланың
еліктемпаз болуы осыдан. Еліктеу, затында, тіпті теріс
нәрсе емес. Еліктеу адамның жаратылысында бар нәр-
се. Еліктемейтін адам болмайды. Себебі бар нәрсені ѳз
ойымен таба алмайды, оған ѳмір де жетпейді. Бәлки
басқалардан қалған ұнамды нәрсені ала қояды. Жал-
ғыз-ақ жан ісі тіпті әлсіз балада еліктеу тым-ақ күшті
болады.
Жоғарыда айтылғанша, баланың жаратылысы ере-
сек адамның жаратылысынан басқа болғандықтан, тәр-
биешінің негізгі ұстайтын жолы:
1) Бала еліктемпаз болғандықтан, баланың ылғи сұлу
һәм құлықты әсерлер алуына ыждаһат қылу керек.
Әсіресе баланың ата-ана һәм тәрбиешісі – солардың
ѳздерінің барлық істері сұлу һәм үлгілі болуға тиісті.
Баланың еліктейтіні – солар. Және бала тіпті сенімпаз
болады. Сондықтан баланы ѳз күшіне ѳзін сендіріп үй-
рету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсең, бала
жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану
керек.
2) Бала ешбір уақытта іссіз тұра алмайтын болған-
дықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол
уақытта бала ѳмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді.
Болмаса, балаға пайдалы іс берілмесе, ол уақытта бала
ѳз бетімен қайдағы нашар, зиянды істерге әдеттеніп
кетеді.
Ұзын сѳздің қысқасы, бала кәдуілгі адам болғанымен,
баланың жаратылысында кѳп басқалық бар. Мұхамбет
«Асыл мұра» сериясы
пайғамбар: «Сѳзді әрбір адамның ақылына қарай сѳй-
ле»,– депті. Сол айтқандай, балаға тәрбиені ѳзінің ша-
масына, жаратылысына қарай беру керек. Жас бала –
жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есей-
генде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қал-
ған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып ала-
сың. «Баланы – бастан» деген сѳздің мәнісі осы. Тәрбие
деген – баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Яки
отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, кѳрбала қылып ѳсіру
де емес. Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында
ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сѳз.
Қалса – ѳзін, асса – барлық адам баласын адал жолмен
ѳрге сүйрейтін ер шығару деген сѳз. Тұрмыста түйінді
мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық
теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға
құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің ке-
рек бір мүшесі болатын тѳрт жағы түгел кісі қылып
шығару. Баланы мұндай адам қылу үшін тәрбиеші бар
күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үй-
рете білу керек. Данышпан Абайдың тѳмендегі сѳзімен
біз кітабымызды тамамдаймыз:
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға.
МАЗМҰНЫ
Асанов Н.
Қадірлі оқырман, құрметті асыл адам! ................................4
Негимов С.
Халықтың «Асыл мұрасы» ....................................................6
Жұмабаев М.
Тарту .......................................................................................9
Жұмабаев М.
Сөз алды ............................................................................. 10
Жалпы педагогика .................................................................................... 12
Тәрбие бөлімдері ...................................................................................... 14
Тәрбиеден мақсұт ..................................................................................... 15
Педагогика қандай пән? .......................................................................... 16
Педагогикамен жақсы таныс болудың керектігі ............................... 17
Педагогикаға жәрдемші пәндер ............................................................ 19
Педагогика бөлімдері ............................................................................... 20
Жалпы педагогика ....................................................................................
22
Жан тәрбиесі .............................................................................................. 40
Психология ................................................................................................. 41
Жан көріністерінің дене көріністерінен айырмасы .......................... 43
Жан көріністері мен дене көріністері арасындағы байлам ............. 45
Жан көріністерін үйрену жолдары ...................................................... 47
Жан тұрмысының түзу болу шарттары .............................................. 50
Ақыл көріністері яки жанның білуі ......................................................
55
Іскерлік ........................................................................................................ 73
Іскерліктің қымбаттылығы һәм оны тәрбие қылу жолдары .......... 75
Суреттеу ...................................................................................................... 80
Суреттеу ассоциациясы ........................................................................... 83
Жақындық ассоциациясы ....................................................................... 84
Тұқымдастық ассоциациясы .................................................................. 86
Ес (Зейін) ..................................................................................................... 88
Қиял .............................................................................................................. 92
Ойлау ........................................................................................................... 96
Хұкім ...........................................................................................................104
Ой шығару .................................................................................................107
Тіл .................................................................................................................116
Ішкі сезім көріністері ..............................................................................120
Сұлулық (эстетика) сезімдері ...............................................................132
Құлық сезімдері ........................................................................................135
Құлық сезімдерін өркендету жолдары ...............................................140
Қайрат .........................................................................................................143
Қайратты өркендету жолдары ..............................................................147
Мінез ............................................................................................................150
Баланың жалпы жаратылысы ...............................................................155
|