Магистранттың педагогикалық тәжірибе бойынша есебі н 3


М01503 – «Информатика педагогтарын даярлау» мамандығының білім беру бағдарламасы пәндерінің бағдарламалы-әдістемелік қамтамасыз етілуі



бет4/6
Дата15.03.2023
өлшемі254,74 Kb.
#74422
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мазмуны

7М01503 – «Информатика педагогтарын даярлау» мамандығының білім беру бағдарламасы пәндерінің бағдарламалы-әдістемелік қамтамасыз етілуі


Оқу әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуі

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және рәсімдеу ережелері:



  1. Ереже бойынша

  1. Әдістемелік ұсыныстар М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқу-әдістемелік кешеннің рәсімделуіне бірыңғай талаптарын тағайындайды.

  2. Пәннің оқу-әдістемелік кешені келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • білім беру бағдарламасындағы арнайы мамандықтың орны мен рөлін анықтау;

  • білім беру бағдарламасының пәнаралық логикалық байланысының жүзеге асуы;

  • оқу уақытын тақырыпқа және түрлеріне байланысты бөлу;

  • студенттің өзіндік жұмыстарын аудиториялық және аудиториядан тыс уақытта ұйымдастыру;

  • оқу және зерттеу үдерістерінің өзара байланыстарын қамтамасыз ету;

  1. Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны және құрылымы

  2. Пәннің оқу-әдістемелік кешені:

  • оқытудың мақсаты, міндеті, нәтижесі көрсетілген алғы сөз, пререквизиттер және курстың қысқаша мазмұны;

  • пәннің негізгі (типтік) оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компонент болса);

  • пән бойынша оқыту бағдарламасы(Syllabus);

  • дәріс құралдары;

  • пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы;

  • дәріс кешені (дәріс тезистері, көрнекі және үлестірме құралдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі);

  • семинарлық сабақтың жоспары;

  • әдістемелік ұсыныс және семинарлық, практикалық, лабораториялық жұмыстарға нұсқау;

  • білім алушының өзіндік жұмыстары үшін қажетті әдістемелік нұсқаулықтар: үй тапсырмасына арналған мәтіндер жинағы, жеке тақырыптарға арналған өзіндік жұмыс материалдары, ағымдағы жұмыс түрлерін орындау тапсырмалары, рефераттар және басқа да үй тапсырмаларын тапсыратын уақытты белгілеу, бағалар және әдебиеттер;

  • білім алушының оқудағы жетістіктерінің бағасы (жазбаша бақылау жұмыстары, мәтіндік тапсырмалар, өзіндік жұмыс сұрақтарының тізбегі, емтихан билеттері);

ПОӘК титульді бетін рәсімдеуді қосымшадан қараңыз.

  1. Пәннің негізгі типтік бағдарламасы – негізгі мамандық бағдарламасының мазмұнын кәсіби-оқытушылық тұрғыда анықтау үшін, оқылатын пәннің міндетті компоненттерінің негізгі оқу жоспарындағы реті мен көлемін, дағдылар мен құзырларды, ұсынылатын әдебиеттерді анықтау үшін керекті құжат.

  2. Пәннің бағдарламасы (Syllabus) – оқу жоспары, оқытылатын пәннің сипатталуы, пәннің мақсаты мен міндеті, тақырыптың ұзақтығы мен қысқаша мазмұны, өзіндік жұмыс тапсырмасы, кеңес беру уақыты, білім алушының білімін тексеру уақыты, оқытушы талаптары, білім алушының білімін бағалау критерийлері және оның қысқаша мазмұны жөніндегі оқу бағдарламасы.

  1. Syllabus-ты сол пәннен сабақ беретін оқытушы әзірлейді;

  2. Syllabus-та тапсырмалардың, оқу талаптарының, ұстанымдардың, дағдылардың негізгі мақсаттары, оқылатын пәннің нәтижесі, оқытудың барлық түріндегі бағалау саясаты, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі көрсетілуі қажет.

  3. Syllabus-ты құру кезінде оқылатын пәннің логикалық-құрылымдық мақсатының тәлім-тәрбиемен сабақтастығын, сонымен қатар магистранттар үшін бакалавр оқу жүйесінің маңыздылығын ескеру қажет.

  4. Syllabus мазмұны оқылатын пән мазмұнының басқа тақырыптар мен байланысу мақсатын көрсету керек, Syllabus көлемі 4-5 беттен аспау керек.

  5. Syllabus - тың нақты құрылымдары (қосымша):

  1. Титулды парақ:

  • пәннің коды және атауы;

  • оқу курсы, тапсырмалар;

  • оқыту тілі;

  • семестр;

  • кредит саны;

  • дәрісті оқитын оқытушының аты-жөні;

  • телефон нөмері, e-mail, кенсесі;

  • оқытушының (зертханалық сабақ) аты-жөні;

  • телефон нөмері, e-mail, кеңсесі;

  • пререквезиттер;

  • постреквизиттер.

  1. Курс мақсаттары мен міндеттері;

  2. Құзыреттер;

  3. Курс құрылымы;

  4. Әдебиеттер тізімі.

  1. Әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша) студенттердің ағымдағы тапсырмаға дайындықтары және білім алу қорытындысының нәтижесі, сондай-ақ, СӨЖ тапсырмасының орындалуына қажетті мәліметтер толық беруге міндетті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет