Магистрлiк диссертация ұлттық спoрт түрлерiнiң дене тәрбиесiнiң маңызы және oның ерекшелiктерi



бет10/17
Дата24.05.2022
өлшемі1,09 Mb.
#35497
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Исегалиев диссер

Қарғымақ. Бұл ескіден келе жатқан қазақтың ұлттық ойыны. Оны көбінесе жылышылар мен бие сауушылар желі басында ойнататын болған. Ойынның мәні, мақсаты осы күнге биіктікке секіру, алысқа секіру, сырыққа таяна секіру спорт ойындарымен шендеседі. Ойын түрлері:

  • Биіктік мөлшерін дәлдеп алып, керіп ұстаған жіптен жүгіріп келіп қарғып, ар жағына барып түседі.

  • Белгілі биіктік мөлшерінде керіліп қойылған жіптен қолына ұстаған сырыққа сүйене, оның бір басын жерге тіреп, бүкіл денесін өз күш екпінімен жоғары серпілте қарғиды.

  • Осындай әдістердің бірімен ара қашықтығы өлшеніп, белгі жасап қойған тегіс жерден секіреді. Қарғымақ ойналатын алаң не ұсақ құм, не ағаш ұнтағы төселген жұмсақ болуы шарт. Кім биік және алықса секірсе белінгенген жүлдені сол алады.

Дауыста, атынды айтам. Ойыншылар, қол ұстап, дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұраған ойыншылардыңк кез келген біреуіне ұсынып- дауысты, атынды айтам, - дейді. Таяқтың екінші ұшын ұстаған ойыншы атын біліп қоймас дауысын әдейі бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады). Көзі байлаған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесі балаға ұсынады. Осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса ойыннан шығып қалады.
Орамал тастау. Ойыншылар екі топқа тең бөлініп, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға (шеренға) тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншысына береді. Ол орамалды қарсы қатардағылардың біреуіне тастайды да: «Қа», деп дауыстайды, ал орамал тасталған ойыншы оны қағып алып «ғаз» -, дейді, болмаса «да», -дейді. Сонда қағаз, қада т.б. сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы, «са» деп дауыстаса –са-дақ, са-қа, са-бын, т.б. сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы бірінші буынға қосылып атау сөз шығатындай екінші буынды уақытында, тауып алмаса, ортаға шығып өнер көрсетеді. Одан кейін орамалды осылайша бір-біріне лақтырып ойынды жалғастыра береді.
Күміс алу. Қазақстанда, Орта Азияда, Кавказ халықтарында көп кездесетін ұлттық спорттың бір түрі. Ойын шабандоздардан ат құлағында ойнай білетін үлкен шеберлікті, асқан жылдамдықты, ерекше ептілікті қажет етеді. Ойынның мәні – атпен шауып келе жатқан жігіт айтулы мәреге дейін белгілі мәжелерге көміліп қойылған күміс теңгені, кейде бірнеше теңгелерді іліп алуы тиіс. Кейде жігіттер осындай тамаша тартыс үстінде өздерінің ат байырында ойнайтын өте күрделі акробатикалық өнерлерінде жұртшылық сарабына салады.
Қыз қуу. Қыз қуу ойыны біртегіс, жұмсақ топырақты жазық жерде өткізіледі. Мәрінің қашықтығы 300-400 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетін алаңның қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады.
Қыздар мен жігіттер екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре сызығында қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылар бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойынның шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап сүюге міндетті. Ал, жігіт оған үлгірмей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гүлеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқылығын, сынаптай сырғыған ептілігін, щабандоздық шеберлікті таныта білулері керек.
1.1 бөлімін қорытындылай келе мынадай пікірлерді анықтадық.
Әдебиет талдаудың нәтижелеріне сүйеніп, қазақ ұлттық ойындарын топтастырудың бірнеше бағыттары анықталады:
Қазақ ұлттық ойындары мен олардың түрлерін топтастыру М.П.Тәнекеевтің зерттеулері бойынша екі үлкен топқа бөлінеді:
а) ат спортының түрлері;
ә) атқа мініп жүруге байланысты ойындар.
Б.Т. Төтенаев [48] ұлттық қимыл ойындарды 2 үлкен топқа бөлуді ұсынды:
1. Салт-тұрмыс негізінде пайда болған ойындар.
2. Жастар ойындар мен қимыл ойындары.
Е.Сағындықов [49] қимыл ойындарды 3 топ бойынша сараулауды ұсынды:
а) көңіл көтеретін қимыл ойындары;
ә) денешынықтыру спорт ойындары.

Кесте 1. Қазақстың ұлттық-ойындарының жіктелуі (классификациясы)






Қазақтың ойындарының атаулары

Ойыншының жасы

Әрекеттік сапалар көрінісі

Психо-физиологиялық қуат

1

Белбеу тастау

6-12

+

+













+




2

Тырау-тырау тырналар

6-12

+







+













3

Ақсерек-көксерек

8-12

+













+







4

Аш қасқыр

8-14

+

+










+







5

Қосқұлақ

8-12

+







+




+







6

Әуе таяқ

8-14

+

+







+










7

Аңшылар

8-12

+

+



















8

Сиқырлы таяқ

7-12

+

+



















9

Бөрік телпек

8-14

+

+




+







+




10

Жігіт қуу

8-14

+

+




+




+

+




11

Алармен

10-16

+




+










+




12

Байга

7-11

+

+













+




13

Қындық-сындық

12-16

+










+




+




14

Атшылар жарысы

12-16










+

+

+







15

Жаяу көкпар

10-16

+

+




+







+




16

Аяқ күрес

13-16




+

+




+

+







17

Көген тартыс

12-16










+

+

+







18

Жүрелей секіру

10-16

+

+










+







19

Ұшты-ұшты

10-16

+



















+

20

Кім ұрды

10-16




+





















1.2 Оқушылардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері және организмнің жұйелі қызмете етуіне дене жаттығулардың әсері
Организмде өсумен қатар даму процесі жүріп жатады. Даму сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуі деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, тканьдердің дифференцияланып белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрісінің өсуіне айтады. Баланың дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орны т.с.с. Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемі, ал өкпенің функциялық дамуын анықтау үшін оның тіршілік сыйымдылығын өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму (жетілу) кезеңі немесе кәмелетке келу, кемелдену және қартаю. Бұл үшеуінің арасын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Кәмелетке келу немесе жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету.
Бұған қоса әлеуметтік өызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек қабілеттері жатады.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмнің толық жетілуі, яғни кәмелетке келуі аяқталып, кемелденуі басталады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:

  • өсу мен даму гетерохронды болады, яғни ылғи біркелкі емес;

  • мүшелері мен мүшелер жүйесінің өсуі мен даму қарқыны әр түрлі;

  • өсу мен даму баланың жынысына байланысты;

  • функциялық мүшелер жүйесі мен мүшелер қызметтерінің биологиялық беріктігі;

  • өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;

  • өсу мен дамудың акселерациясы.

Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамдап, бірде баяулайды. Тіпті бір жылдың ішінде де, бойдығ өсуі бірдей емес. Жазда бала тез өседі де қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз өспейді. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондығы дейді.
Бозбалалық кезең орнаған кезде, баланың параметрлері ұлғаяды. 2-ші балалық шақтағы қыз балалардың да ер балалардың да салмағы бірдей болады, тек 10-11 жастан бастап өзгерістер орнайды. 11-15 жасқа дейін бойдың тез өсуі жылдамдығы бұл сатыда жеткіншектердің жыныс жетілулерінің құрылымына байланысты болады
Бойдың жылдам өсуі қыздарда 12-13 жаста болады, яғни терінің өсуінен бір жыл кейін басталады. Адамның әр жастағы тыныс алу жүйесі мөлшерлік жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық жағынан да ерекшеленеді. Бұның негізінде морфологиялық құрылымдары мен функционалдық процестерде дағдының үздіксіз жетілуі кіреді. Бойдың және дағдының жетілуі бірдей емес. Мысалы: 11-12 жастан кейін ауа сарғыш жолдары ұзарып кеңейеді. Маңдай қойнауы 2 жаста дамиды немесе нақты 15 жылға қалыптасады. Кеңірдек соңы алтыншы мойын омыртқа мөлшерінде тұрады. Кеңірдек бой терісіне қарама-қарсы өседі.
Жаңа туған баланың өкпесінің салмағы 502 грамм болады, ал 12 жасқа келгенде оның мөлшері 800 граммға артады. Тыныс алу мөлшері 12 жаста 375 см3 құрайды, минуттық тыныс алу мөлшері 12 жастағы балалардың минуттық тыныс алу мөлшері ересек адамның тыныс алу мөлшерінен 8 есе артық болады.
Тыныс алу жиілігі жаңа туған балада минутына 40-30 рет, 10-12 жаста минутына 20-22 рет, 14-15 жаста 18-20 рет болады. Жыныстық жетілу сатысында тыныс алу жиілігі қыз балаларда ер балаларға қарағанда артығырақ болады (Г.П. Сальникова, [64]).
Адам өзінің күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, енбек еткенде әр түрлі қозғалыстар мен әрекеттер жасайды. Дененің жекелеген мүшелерінің жұмысына және олардың қальштасуына осылардың бәрі әсер етеді. Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасып, жетілуімен тығыз байланысты. Демек, денені жүйелі шыныктыру және денсаулыкты калыптастыру адамньң сана-сезімін жетілдіреді.
10—15 жастағы жеткіншектердің мінез-құлқында үнемі тұрақтыльқ бола бермейді. Бұл ғылыми түрде дәлелденген. Сондыктан дене жаттығуларьшен (әсіресе спорт түрімен) айналыспас бұрын, мұғалімдермен кеңесіп барьп, содан соң ғана жаттығуды бастаған жөн.
Дене жаттығулары әр түрлі болуы керек. Бұл адам организмінің қалыпты өсіп-дамуы және кызмет істеуі үшін кажет. Дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысу — адамның дене мүсінінің калыптасуына елеулі түрде әсер етеді. Дене мүсіні дегенде, дененің көлемін (бойдың ұзындығы, салмак, кеуденің өлшемі, иық пен жамбастың жалпактығы, кол мен аяктың ұзындығы және т. б.), салмағын, бұлшык еттердің және дененің калыпты дамуын түсіну керек.
Жоғарыда аталған белгілердің барлығы бірдей денеге түсетін ауырлық әсеріне байланысты өзгерістерге ұшырай бермейді. Бәрінен бұрын адамның салмағы тез өзгеріп отырады. Сондықтан салмақ қандай себептерден өзгеріске ұшырайтынын білген маңызды. Мысалы, тамақты көп жеп, қозғалыс аз болған жағдайда, салмак май талшықтарының есебінен артатын болады. Денеге оңтайлы ауырлык күш түскенде, ет талшықтарының көлемі артады.
Орташа деңгейдегі ауырлықтар (жүгірістер, спорттық ойындар және т.б.) жіліншік, жілік, аяқ пен қол ұзындығының өсуіне әсер етеді, ал шамадан тыс ауырлыктар (ауыр атлетикамен, күреспен, батппн (гантель), кір тастарын көтерумен айналысу) сүйек ұзындығьньң өсуін біршама баяулатады (дәлірек айтсак, өсу қарқынын тежейді), бірак оның есесіне, спорттың бұл түрімен айналыскандардың көпшілігі денелі, шымыр, мықты болып өседі.
Өсіп келе жатқан организмге түсетін дене жүктемелері заңдылыктарын білу дене сүйектерінің көлемі мен шамасына, дәлірек айтсак, дененің құрылымына белгілі дәрежеде әсер етуге мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесінің негізгі максаттарының бірі — организмнің тіршілік қызметі мен өсуі барысындағы сандык жвне сапалық өзгерістерді үйлестіріп отыру. Дене дамуындағы өзгерістер жас пен жыныска ғана емес, сонымен қатар қозғалыс белсенділігіне де байланысты.
«Дене даярлығы» дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларының қалыптасуы мен дамуына мақсатты түрде әсер етуі тиіс. Бұл екеуінің ұштасуы адамның әр түрлі қоғамдык пайдалы қызметті меңгеріп, жүзеге асыруына септігін тигізеді.
Жан-жақты дене даярлығы деңгейін арттыратын жаттығулар бұлшық етті және жекелеген буындарды нығайтады, мүсінді қалыптастырады, күш пен икемділікті дамытады, тыныс алу және қан айналысы жүйелеріне әсер етеді. Қимылдар үйлесімділігін меңгере білуге үйретеді. Сондықтан да жаттығуларды іріктеп алғанда, жекелеген буындарды, бұлшық еттерді нығайтуға және күш пен икемділікті дамытатъп жаттыгуларға басты назар аударған жөн.
Белгілі бір бұлшық еттер тобы үшін күшке, керіліп – созылуға, денені босаңсьггуға арналған жаттығуларды іріктеп алу және оларды жүйелі пайдалану дене даярлықтарына сөйкес келуі тиіс. Бүларды негізгі бөлімдегі жаттығулар техникасын тез меңгеру үшін организмді даярлайтындай етіп, сонымен қатар жаттығудың жалпы міндетін орындауға мүмкіндік беретіндей етіп іріктеген жөн. Даярльқ жаттығулары гимнастикалық емес жаттығулардың да техникасын меңгеруге себепші болады, мысалы, шаңғы даярлығынан (кыста) және жеңіл атлетикадан (жазда) өткізілетін сабақтар алдында шаңғымен жүрудің, жүгірудің, секірудің және лақтырудың техникасын меңгеруге байланысты бұлшық еттерді нығайтатын және дамытатьш жаттығуларды пайдалану керек.
Даярлық жаттығуларын жүйені сақтаған жөн:

  • арқа бұлшық еттерін динамикалық жұмысқа қосатын керіліп - созылу түріндегі жаттығулар;

  • қол мен иыққа арналған, асылып түруға негізделген жаттығулар;

  • кеудені аяққа жақындастыратын, алға қарай еңкейетін жаттығулар;

  • аяққа арналған жаттығулар;

  • бүйірге карай қисаю арқылы немесе айналу және бұрылу түріндегі кеудеге арналған жаттығулар;

  • қол, аяқ және дене арқылы жасалатын қимылдардың үйлесімділігіне арналган жаттығулар;

  • тапсырма түріндегі жаттығулар;

  • денеге жалпы әсер ететін жаттығулар (жүгіру, бір орында тұрып карғу, тез жүрелеп отыру және баскалар).

Көп күш жұмсалып, жүрек - қан тамырлар жүйесінің күшті қызмет істеуіне мәжбүр ететін жаттығулардан кейін дәлдікке немесе қимылдардың үйлесімділігіне арналған жаттығуларды орындауға болмайды. Мүндайда денені босаңсытатындай, организмді қалпына келтіретіндей жаттығуларды орындау қолайлы болмақ.
Жаттығулардың дененің кай мүшесіне қалай әсер ететінін түсініп, қандай да бір жаттығуды орындағанда да, оның мүсінге ықпал жасайтынын есте ұстау керек.
Жаттығуларды сабақтан сабаққа біртіндеп арттыра отырып, қатаң түрде мөлшерлеу қажет.
Дене жаттығуларының негізгі мақсаты адамның дене дамуына көмектесу, олардың денсаулығың нығайту. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте, оқу барысында толып жаткан әрекеттер мен қозғалыстар жасалады. Осы қимыл - қозғалыстар адам организміне белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Ал арнайы іріктеліп алынған дене жаттығулары жекелеген дене мүшелерінің қалыптасып дамуына, жетілуіне ғана әсер етіп коймайды, сонымен бірге жалпы организмнің жүйелі түрде қызмет аткаруына көмектеседі. Адам денесінің барлық мүшелерінің өзара әрекеттестігіне байланысты және сабақтар мен жеке жаттығуларда түрлі қимылдардың өте көп болуына байланысты организм тұтас жұмыска тартылады.
Әрбір жаттығу оқушы организміне белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Бұл әсер өте күрделі әрі әр түрлі болады жөне барлық мүшені қамтиды. Оқушылар дене жаттығуларьмен жеке дара айналысу кезінде көп күш - қуат жұмсауы мүмкін. Сондықтан да жаттығуларды саналы түрде мелшерлеп, денеге түсетін ауырлык күшті бірте - бірте, жүйелі түрде өсіріп отыру керек. Жалпы дене жаттығуларымен жеке дара айналысудан бұрын мұғаліммен ақылдасып алған жөн.
Жаттығуларды дененің белгілі бір мүшесіне пайдалы әсер ететіндей және артық күш түсіріп, оған зиян келтірмейтіндей етіп кезектестіріп отыру қажет.
Жеке жаттығуларды орындаған кезде және сабақ үстінде денеге түсетін физиологиялық ауырлықтан шаршаудың сыртқы белгілері байқалады. Шаршаудың басты белгілеріне жататындар: жаттығуды одан әрі орындауға селқос қарау, зейіннің шұғыл төмендеуі, жаттығуларды орындау техникасының нашарлауы, дененің қызынуы немесе босаңсуы, беттің қызарып немесе бозара бастауы, маңдайдың терлеуі, аяқ - қолдың дірілдеуі және т. б. Осылардың бәрі — шаршауды білдіретін белгілер. Мұндай жағдайда жаттығудың түрін өзгертіп, демалу керек немесе жаттығуды аяқтау үшін, сабақтың қорытынды бөліміне көшу кажет.
Сабактың қорытынды бөлімінде міндетті түрде шаршау пайда болатынын естен шығармау қажет, өйткені шаршау болмаса, денені жаттықтыру және организмнің жалпы жұмыс қабілетін арттыру мүмкін емес. Алайда шаршау қалыптан артық болмауы және демалғаннан кейін толығымен жойылуы тиіс.
Сонымен бірге жекелеген жаттығуларды орындаған кезде, мысалы, арқанға өрмелеп шыққанда, колдың бұлшық еттерінің шаршауымен, реттік (саптағы) жаттығулар жасаған кезде зейінмен және баскалармен санаскан жөн. Денеге түсетін бұл жүктемені мөлшерлеу қажет болады, сондай-ақ дене мүшелерін бір қалыпты, кезек-кезек дем алдыру үшін, бұлшық еттердің жекелеген топтарына және организмнің жекелеген мүшелеріне тусетін жүктемені де өзгертіп отыру керек.
Жаттығуға біртіндеп кірісу кажет. Әдетте, денеге түсетін физиологиялық ауыртпалықтын ең көбі сабақтын (жаттығудың) негізгі бөлімінің ортасына немесе соңғы үштен бір бөлігіне тура келеді, ал бұл сабақ барысында денеге түсетін ауыртпалықты бірте-бірте артыра түседі. Жалпы, жаттығулар орындаған кезде, әркім өз мүмкіншіліктерін ескергендері жөн.
Шаршау құбылысы күшті физиологиялык жүктеме түсіретін жаттығуларды аз ауыртпалық түсіретін жаттығулармен ауыстырып отыруға мәжбүр етеді. Мысалы, бұлшық етке күшті ауыртпалық түсіретін жаттығулар денені босаңсытуға арналған жаттығулармен, жылдам орындалатьш жаттығулар баяу орындалатын жаттығулармен ауыстырылады.
Дене жаттығуларымен айналысқан кезде денеге түсетін жалпы физиологиялық ауырлықты мөлшерлеу үшін мыналарды есте ұстаган жөн:

  • берілген жаттығулардың қайталау сандарын көбейту немесе азайту;

  • жаттығуларды орындау уақытын немесе ұзақтығын көбейту немесе азайту (мысалы, жүгірудің, секірудің);

  • жаттығуларды орындаған кезде бастапкы қалыпты күрделілендіру немесе жеңілдету (мысалы, алға және артқа қарай еңкейген кезде қолды бүйірге таяну, бастан жоғары көтеріп ұстау);

  • жаттығуларды орындаған кезде, мысалы, гимнастикалық таяқпен, батпанмен (гантельмен), гүрзілермен (булавалармен), ішіне мақта толтырылған доппен жаттығулар жасаған кезде аяқ, қолға салмақ түсіру;

  • осы мақсатқа өз денесінің салмағын пайдалану (мысалы, жүрелеп отыру, қолмен жоғары көтерілу) немесе өзімен бірге жаттығушылармен қарсыласу жаттығуларын жасау;

  • жаттығулардың формасын (бағытын, жаттығудың аралығын, бір мезгілде жасалуын, бірте - бірте орындалуын) немесе сипатын (жүйкеге, бұлшық еттерге күш түсуін, шапшаңдығын, қаркынын, ырғағын) өзгерту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет