Магистрлiк диссертация ұлттық спoрт түрлерiнiң дене тәрбиесiнiң маңызы және oның ерекшелiктерi


Зерттеудің міндеттері, әдістері және ұйымдастырылуы



бет12/17
Дата24.05.2022
өлшемі1,09 Mb.
#35497
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Исегалиев диссер

2 Зерттеудің міндеттері, әдістері және ұйымдастырылуы


2.1. Зерттеудің міндеттері
1. Мектептегі дене тәрбиесі пәні сабағында қазақтың ұлттық ойындарын қолданудың теориялық негізін анықтау.
2. Оқу жылы мерзімінде қазақтың ұлттық ойындарының жоспарлау құжаттарында сағат мөлшері мен мазмұны және бөлінуін мен оларды жузуге асыруды анықтау.
3. Қазақтың ұлттық ойындарының қолдану әдістемесін жетілдірудің жолдары және олардың экспериментальдық негіздемесін анықтау.

2.2. Зерттеудің әдістері


Осы жұмыстың алдына қойылған міндеттерді шешу үшін төмендегі әдістер қолданылды:
- әдебиетті талдау.
- педагогикалық бақылау.
- құжаттарды талдау.
- бақылау сынақтары.
- антропометриялық өлшемдер.
- математикалық-статистикалық әдіс.
- педагогикалық эксперимент.

2.2.1 Әдебиетті талдау
Бұл әдісті біздер зерттеу жұмысының бағытын білу үшін қолдандық. Әдебиеттерде берілген авторлардың пікірлерімен өзіміздің жұмыста зерттелген еңбектеріміздің қорытындыларын салыстыру қажет болды. Талдаудың барысында басшылыққа ірі ғалымдардың монографиялары, ғылыми-әдістемелік құжаттары, мақалалары, оқулықтары, диссертациялары алынды.


2.2.2 Педагогикалық бақылау
Бұл әдіс зерттеуіміздің үшінші әдісін шешу үшін пайдаланылады, яғни «Оқу жылы мерзімінде қазақтың ұлттық ойындарының жоспарлау құжаттарында сағат мөлшері мен мазмұны және бөлінуін мен оларды жузуге асыруды анықтау».Бұл әдісті қолдану барысында біз төмендегіше үшінші міндеттің құрамын үйренеміз

  • дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс сабақтарда және міндетті дене тәрбиесі сабақтарында жоспарланған материалдарды таратуды анықтау;

  • оқушылардың дене тәрбиесінің даму сапасы, ұсынылған бағдарлама материалдарын меңгеру техникасы ерекшеліктерін анықтау;

  • дене мәдениеті сабағында ұлттық ойындарды қолданудуың ерекшеліктерің анықтау.

Осыған байланысты дене тәрбиесі сабақтарында педагогикалық байқау нысанының сапасы ретінде төмендегідей элементтер алынады:

  • дене тәрбиесі мұғалімдерінің қолданатын әдістері мен дене жаттығулары (спорттық жаттығулар);

  • Сабақтың, оқу жылдың барысында қолданылатың ұлттық ойындары

  • сабақтың қойылған міндеттеріне бағдарлама материалдарының сәйкестілігі;

  • оқу үрдісінің кезеңділігі;

  • сабақтарға бағдарлама материалдарының таралу техникасы;

  • дене сапасының сабақтағы дамуы.

Педагогикалық байқау 2015-2016 оқу жылында (тоқсан сайын 5 сабақ) 20 сағат көлемінде өткізілді. Аталмыш әдісті қолдану барысында біз мынадай мамандардың пікіріне сүйендік (Б.А. Ашмарин, 65; Ю.Д. Железняк, П.К. Петров, 66; В.А. Муравьев, И.П. Залетаев, 67).
Педагогикалық байқау хаттамасының үлгісі А қосымшасында көрсетілген.



      1. Құжаттарды талдау

Жұмыстың 2-ші міндетін шешу үшін мектептегі «дене тәрбиелеу мәдениеті» пәнінен оқу жұмыстың құжаттарын зерттедік (жылдық жоспар, тоқсандық жоспар және конспектілер).
Бұл құжаттар Ақтөбе қаласының №32 орта мектебінде зерттелінді. Оларды зертеу барысында біз келесі аспектілерге назар аудардық.
Сағаттын кестесінде және жылдық жоспар-графикте тоқсандарда бағдарламалық материалдық бөлінуі, сонын ішінде ұлттық ойындардын алатын орны.
Тоқсандық жоспарда бағдарламалық материалдын бірізділігі талдауға алынды. Жоспар-конспектілерде мұғалімдермен жоспарланатын әдістер, әдістемелік тәсілдер, сабақтын міндеттерін шешуге қолданылатын жабдықтар.


2.2.4 Бақылау сынақтары
Дене дайындылығының деңгейін анықтау мақсатында мынадай сынақтан жүргізілді:
- «30 метрге жүгіру» (шапшаңдық, жылдамдық)
- «3х10 метрге жүгіру» (икемділік)
- «Орында тұрып ұзындыққа секіру» (жылдамдылық)
- «6 минут жүгіру» (шыдамдылық)

2.2.5 Антропометриялық өлшемдер
Бұл бақылау бөлімін Ақтөбе қаласының №32 орта мектебі оқушыларының дене дамуын зерттеу үшін мынадай дене көрсеткіштері қабылданды. Олар «Дене ұзындығы», «Дене салмағы», «Оң және сол қол күші», «Кеуде өлшемі» (тыныштық күйдегі, дем алудағы, дем шығарудағы) сияқты көрсеткіштер алынды. Бұл мақсатқа жалпы алынған әдістер (А.Б.Ставицкая, Д.И.Арон, 68, Э.Г.Мартиросов, 69) пайдаланылды.
а) «дене салмағын» өлшегенде таңертең оқушыны ашқарында және ішкиіммен өлшеу керек. Зерттелінуші салмақ өлшейтін таразының алаңшасының ортасына тұруға тиісті. Алынған нәтижелер килограммен жазылады.
ә) «дене ұзындығы» көрсеткішін ростомер деген құралмен өлшейді. Алынған көрсеткіштерді сантиметрмен жазады.
б) «оң және сол қол күшін» анықтау үшін қолдық динамометрмен қатты қысу арқылы өлшейді. Зерттелінуші орындаған кезде қолдарын иықтың деңгейінде ұстайды. Өлшеу 2 реттен өткізіліп, 3 кг-ға дейінгі дәлдікпен ең жоғары нәтиже жазылады.
в) «Кеуде көлемінің өлшемін» тыныс алғанда, дем шығарғанда және тыныштық күйде анықтайды. Өлшегіш лента ту сырттан жауырынға тік бұрыш жасап өту керек. Алдыңғы жақтан 4-ші қабырғаның төссүйекке бекітілген жерінің төменгі жағынан өтеді. Лентамен өлшеген кезде зерттелінуші қолдарын аздап көтеріп, сосын қайта түсіреді. Өлшеу нәтижелері сантиметрлермен жазылады.



      1. Математикалық статистика әдісі

Алынған мәліметтер бойынша және әртүрлі әдебиеттердің (В.М.Зациорский, 1982) көмегімен оқушылардың дене дайындығы мен дене дамуы дәрежелерінің анықтау үшін математикалық статистика теориясының элементтері пайдаланылды.Басшылыкка орташа арифметикалық молшер, орташа арифметикалық ауытку алынды.
- oрта арифметикалық мөлшері
;
қей жерде
- қосындының белгісі;
- зерттеу барысында алынған нәтиженің мөлшері (варианты);
- вариантардың саны.
- вариацияның коэффициенті



2.2.7 Педагогикалық эксперимент
Педагогикалық эксперимент жұмыстың 4-ші тарауында көрсетілген дене тәрбиелеу мәдениеті сабағында ұлттық ойыдардың қолдану әдістемесін жетілдірудің жолдарының экспериментальдық түрде дәлелдеуге бағытталған болды. Ол 2-ші тоқсанның 30-32 сабақтың және 43-45 сабақ аралығында өтті. Оған 10-11 сынып оқушылары қатысты. Педагогикалық эксперимент дәйектілік түрінде өтті, себебі тексеру топтары болған жоқ.
Біз педагогикалық сараптау жүргізуге дайындалуды жоспарлауда Ю.Д. Железняк, Т.К. Петровалардың [66] пікірлерінің негіздерін алдық, олар сарапшылардың әрекеттеріне мыналарды міндетті етіп қосады:

  • сараптаудың мақсаты, міндетін анықтау, оның қажеттілігін негіздеу;

  • ғылыми болжамды қалыптастыру;

  • сараптаудың түрін таңдау;

  • сараптауды өткізудің жалпы жағдайын бағалау және таңдау;

- осы мәліметтерді жинақтау әдістемесінің көрсеткіштерінде берілген теңдіктерді таңдау және бағалау;

  • сараптаудың жалпы бағдарламасын, бақылау тобымен сараптауда сабақ бағдарламасының кіріспесін, сондай-ақ бақылау бағдарламасының кіріспесін құру [66, б. 73, 74].

Алдын ала зерттеуде бізге параметрлер қатары, педагогикалық сараптауды өткізу қажеттілігінің сипаты анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет