Байқап қал!. Бұл ойынға балалар екі топқа бөлініп қатынасады. Екі топ өздеріне басшылар тағайындап алады. Олар стол үстіне 15-20 ұсақ нәрселерді (қалам, түрлі ойыншық, кішкене сурет т.б.) қойып, бетін шүберекпен жабады, екі жағының топ басқарушылары өзгелерге көрсетпей стол үстіндегі нәрселердің тізімін жазып алады. Балаларға бір минут қаратқаннан кейін оларды шығарып жіберіп, өздері көрген нәрселердің тізімін жазып келулерін тапсырады. Қай топтың балалары стол үстінен көрген нәрселердің түрін көп жазып келсе, сол топ ұтқан болып саналады. Ойын көру, ойда сақтау қабілетін жетілдіре түседі.
Дәл басу. Бұл ойыншының көп аздығына қарамай жиналғандардың қатысуымен ойнала береді. Балалар жиналып болған сол, бір бала тас не кішкене орындық сықылды затты тікесінен қойып, осыны дәл басу үшін балалардың көзін кезекпен байлап, 15-20 қадамдай жерге апарып тұрады. Көзін байлаған бала қадамдап келіп, тігулі тұрған нәрсені дәл төбесінен басуы керек. Баса алмаса, айып тартады. Кім дәл басса, сол бала жеңіп шығады.
Ойын көгалда, жазық алаңда, тегіс аулада өткізіледі. Ойын бағдарлай білуге, сезімталдыққа үйретеді.
Ойынның шарты түсінікті болу үшін, әрбір ойыншының тұрған жерін бормен беліглеп қойса да болады. Сөйтіп, орнынан айрылған ойыншы ойын жүргізуші болады да, ол да бос орын іздейді. Ал тоғыз ойыншы ойнағанда әрбір қабырғаға екі адамнан тұрып, өзара екі-екіден орын ауыстырады.
Қарагие. Қарагие –жас балалар арасында көп тараған ойындардың бірі. Ойын көгалды жерде, алаңдарда ойналады. Ойынға барлық бала қатыса алады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайыңнан жонылған ұзындығы 2-2,5метр бір басы үшін сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап келтіріп алу керек, сонда мұқалмайды.
Ойын жүргізуші көмбеден 15-20метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты - әрбір ойыншы белгіленген қашықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушінің өзіне де ойнауға болады. Осылайша қай ойыншы жалаушаға көп тигізсе, сол ұтқан болып саналады.
Әріп таңдау. Ойнаушы балалар дөнгелене отырады. Бұлардың ішіндегі ересектеі ойын басқарушы болады. Өзгелерге сұрақ қоятын да сол.
Ойын былай ойналады: әркім өзіне бір әріпті А, Б, В, Г, Д немесе тағы басқа әріпті таңдап алады. Ойын басқарушы:
Сен қандай әріпті алдың?
А.
Ойыншы бала басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беруі керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы шарт.
Сенің атың кім?
Азат.
Фамилияң кім?
Алимбаев.
Қайдан келдің?
Атыраудан.
Қайда барасын?
Алматыға.
Немен барасың?
Автобуспен.
Онда не өседі?
Алма.
Тағы не өседі?
Арқан тарту (1-түрі). Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшытүйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады.
Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген командасы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді.
Арқанның өызыл мата байланған жерін күні еденге немесе сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егерде бәрі бірдей арқаннан ұстауға сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты – қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағын тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықпен өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі.
Ойнаушылардың өзара келісуі бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.