Магистрлiк диссертация ұлттық спoрт түрлерiнiң дене тәрбиесiнiң маңызы және oның ерекшелiктерi



бет6/17
Дата24.05.2022
өлшемі1,09 Mb.
#35497
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Исегалиев диссер

Ұшты-ұшты. Ойын бастауышы айнала отырған ойнаушыларды жаңылыстыру үшін ұшатын ұшпайтын нәрселерді араластыра тез-тез «ұшты-ұшты» сөзін айтады. Шарт бойынша тек ұшатын нәрсе аталған ғана ойнаушылар қолдарын көтеруі керек. Ал кімде-кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айып тартады: не өлең айтады, не би билейді, не болмаса басқа өнер көрсетеді.
Мысалы:
- Ұшты-ұшты – тарғақ ұшты (ұшады).
- Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты (ұшпайды).
- Ұшты-ұшты – үкі ұшты (ұшады).
- Ұшты-ұшты – үйрек ұшты (ұшады).
- Ұшты-ұшты – тырна ұшты (ұшады).
- Ұшты-ұшты – тырма ұшты (ұшпайды).
Тепе-тендік. Бұл ойынды ойнау үшін жұмыр ағаштың үстіне тақтайды көлденеңінен тепе-тең қалыпқа келтіріп қояды. Ойынды жүргізуші оң қолына құм салынған, ал сол қолына бос тостаған ұстап, тепе-тең жағдайға келтірілген тақтайдың ортасына шығып, құмды сол қолындағы бос тостағанға төгіп-шашпай құюы керек. Бұл тапсырманы мүлтіксіз орындаған ойынша жүлдеге ие болады.
Ақ сандық, көк сандық. Балалар екі-екіден тұрып, бір-бірімен күштерін салыстыруға үйренеді. Олардың тіл байлығы артып, қоршаған дүние туралы түсініктері жетіле түседі. Күш-қайраты дамып, қимылы сапаланып, жақсарады.
Мазмұны. Ойыншылар санау арқылы екі-екіден бөлініп, ойын алаңында шашырап тұрады.
Басқарушының берген белгісінен кейін, олар бір-біріне теріс қарап тұрып, қарсыласын арқасына көтеріп, алуға тырысады. Кімде-кім қарсыласын бірінші боп көтеріп алса, сол қарсыласын арқасында ұстап тұрып, сұрай бастайды:
«Аты жөнің кім?», «Не көрдің, не білдің?», «Қандай кітап оқыдың?», «Қандай тақпақ білесің?», «Менің жұмбағымды шеше аласың ба?» деген сияқты бірнеше сұрақ беріп, оларға жауап алуы қажет. Жауап алғаннан соң барып ол арқасындағы баланы жерге түсіреді.
Келесі жолы күш сынаспай-ақ кезекті екінші ойыншыға береді. Ол да бірінші ойыншы сияқты сұрақтарына тез, дұрыс жауап алуға тырысады.
Ойын басқарушының қалауы бойынша тоқтатылады. Ойынның соңында басқарушы қарсыласын көпке дейін шаршамай арқасында ұстаған, көп сұрақ қойған «күштілерді» ерекше атап өтеді.
Ойынның ережесі. Күштері бір-бірімен теңдес балалар өзара жұп құрады. Арқаға көтеру әдісі барлық ойыншы үшін бірдей болуға тиіс. Арқадағы бала аяғын жоғары көтермеуі керек. Сұрақ, жауапты әр жұп өздері ойларынан шығарады.
«Теңге» алу. Балалар ұлттық ойын түрлерімен, олардың жаттығу әдістерімен жақын танысады. Өздері ойнап жаттығады. Қимыл-қозғалыс икемділіктері артып, денелерін ықшам алып жүруге дағдыланады. Шапшаң қимылдауға, жүгіру, кезінде қосымша жаттығулар жасауға үйренеді.
Мазмұны. Ойыншылар санау арқылы 2-3 топқа бөлініп, топтар апаңның бір шетіндегі сызықтан кейін тұрады. Әр топтың алдында 15-25 м жерде ойыншылар саны қанша болса, сонша «теңгелер» (құм салған қалташалар) жатады. Одан 15-25 м қашықтыққа белгі қойылады.
Ойын басқарушының «Бір! Екі! Бастаңдар!» деген бұйрығынан кейін, әр топта бірінші тұрған ойыншылар жүгіре жөнеледі. Көп кідірмей, бір «теңгені» алып, белгіні айналып, екінші баланың алақанына соғу арқылы ойын кезегін береді де, өзі тізбектің соңына барып тұрады.
Ойын осылай топтағы (командадағы) барлық бала ойнап шыққанша жалғасады. Ойын шартын бұзбай ойнаған және ұймшылдық пен шапшаңдық көрсеткен команда жеңген болып саналады.
Ойынның ережесі. Командалар саны балалардың көп, не аз болуына байланысты болады. Әр команда 6-7 баладан болуы мүмкін. «Теңгені» тоқтамай, тез алып өту керек.
Бұл ойынды ойдағыдай өткізу үшін алдын ала балалар мынадай жаттығулар жасау керек:
- жүгіріп келе жатып, жатқан заттарды іліп алу;
- сәл еңкейіп жүгіру;
- жүгіріп келе жатып, екі қолды жерге кезек тигізу.
Жаяу көкпар. Ойын күні бұрын белгіленген орында өткізіледі. Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды (түйілген орамалды) екі жүз, төрт.
Білектесу. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі бала оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстап алған екі палуан ойын бастаушы команда берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге (жатқызуға) ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет