Магистрлiк диссертация ұлттық спoрт түрлерiнiң дене тәрбиесiнiң маңызы және oның ерекшелiктерi


Мектептегі оқушылардың дене тәрбиесі пәні сабағында қазақ ұлттық ойындарын қолдану әдістемесін желтіру жолдарының алғы шарттары және оның құрылымымен мазмұны



бет15/17
Дата24.05.2022
өлшемі1,09 Mb.
#35497
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Исегалиев диссер

3.3 Мектептегі оқушылардың дене тәрбиесі пәні сабағында қазақ ұлттық ойындарын қолдану әдістемесін желтіру жолдарының алғы шарттары және оның құрылымымен мазмұны

Жұмыстың 2, 3 міндеттері бойынша зерттеудің барысында жиналған нәтижелерге сүйеніп, біз ұлттық ойындардың қолдану шарттарға сүйеніп отырмыз (11 сурет).


а) Жоспарлау құжаттарында ұлттық ойындардың мазмұндық құрамының басқа материалмен байланыстығының төмендегі. «Ұлттық ойындардың» алдындағы берілген бағдарламалық материал («баскетбол», «волейбол») арқылы жинақталған оқушылардың физикалық потенциалы, «Тоғызқұмалақ», «Асық ойыны» (яғни, аз қозғалтқыш белсенділігі ойындар) ой ындарды жүзеге асырғаннан кейін төмендейді;
ә) Оқушылардың төзімділік дамуының төмен деңгейі, жылдамдық, күш-жылдамдық, ептілік дамуының талаптарға сай еместігі.
Тестілердің ішінен 6 минут жүргізудің көрсеткіші төмен деңгейде байқалды. Басқа да тесттердің көрсеткіштерінен орташа, орташадан төменгі дәрежелер анықталады.
б) Қол күшінің, өкпенің тіршілік сыймдылық көрсеткіштердің төмендегі. Осы көрсеткіштерді зерттеу барысында 9-10 сынып ұлдары да, қыздары да төмен деңгейдегі сандарды көрсетті.
Жоғарыда аталып кеткен кайшылықтарға сүйене отырып мектептегі жоғарға сынып оқушыларрымен өткізілетін дене тәрбиелеу мәдениеті сабағанда қазақ ұлттық ойындарының қолдану әдістемесінің жетілдіру жолдарын біз келесі бағыттарды жүзеге асыруды жөн отырмыз. (11 суретте).
а) Қазақ ұлттық ойындарыды тиімді жоспарлау бұл бағытта келесі жұмыстарды атқару қажет:
- тақсандық жоспарда ұсынылатын ойындардың қозғалтқыш құрамын алдынғы және кейінгі материалмен байланыстыру.
Ол үшін олардың қозғалтқыш құрамын зерттеп, бір жағынан қозғалыстарды шамамен сәйкес ойындарды таңдап, екінші жағынан жағымды тасымалдауды пайдаланып, алдынғы өткен материалдың барысында пайда болған дагдылар ары қарай жетілдіру мүмкіндік беруге бағыттандыру керек.

Сурет 11. Мектептегі оқушылардың дене тәрбиесі пәні сабағында қазақ ұлттық ойындарын қолдану әдістесін жетілдіру жолдарының алғышарттары


Мысалы, қосымша да көрсетілген, 2 тоқсанда ұлттық ойындардң алдында оқушылаға спорт ойындары материалы ұсынылды.


Баскетбол: допты алып жүру, допты торға тастау, қайтарып беру әдістері; доппен келе жатқан ойыншыға қарсы әрекеттер (жұлып алу, қағып жіберу, тартып алу, қолмен жабу). Жекелем және командалық айла-тәсілдермен шабуылға қозғалыс құрамы:
«Жаяу қөқпар»: бұл бір-бірне көкпарды беру көкпарды бір-біріне лақтыру, алмасу, жүгіру.
Кейінгі материалдың қозғалыс құрамы:
«Шанға дайындығы»: кедергілерден өту, өрге шығу, көш бастау, құып жетіп басып озу, мәреге жету, мүмкіншілікті дұрыс есептеу.
Шанғы ойындары:

  1. «Кім алысқа»

Ойын жақсы нығыздалған шанғы жолында таяқсыз өтеді, 4-5 рет қадамнан кейің /жылдамдық алу ұшін/ бір шанғымен бір тіректі сырғанайды. Мұндай жағдайда оқушы шанғы тоқтағанша сырғанап өтеді, тоқтағаннан кейін қарға жаушаны қондырады. Егер ойынға қатысушы жалаушаны неғурлым алыс тіксе, сол ойыншы ұтады.
Осы тәсілмен «ұлттық ойындар» материалын алдындағы және кейінгі қозғалыс дене сапаларың потенциалы жоғарылайды. Себебі, дене жаттығулардың (жүктемелерінің) бірізділігі сақталған.
-Жоспар конспектілерде білімдік, тәрбиелік міндеттерге байланысты сабақтың әрбір бөлімінде ұлттық ойындарды ұсыну.
Тоқсанның алдына қойған мақсаттарына сәйкес ойындарды таңдап алу. әзірлену кезеңінде «спорттық ойындар» ретінше «Аш қысқыр» ойыны, негізгі бөлімде «Жаяу көкпар», «Аңшылар» ойындарын, қорытынды бөлімінде «Кім ұрды» ойынын қолдануды ұсынамыз.
ә) Дене дайындылығы мен дене дамуы деңгейін жоғарлату әдістері.
Бұл бағытта келесі жұмыстарды атқару қажет деп ойлаймыз:

  • әртүрлі тәсілдер арқылы (тура және жанама) ойындардың қарқындылығын жоғарлату. Мысалы, тура тәсілге ойынның қайталану, қозғалыстарды жасау уақытын жоғарлатуы жатады. Жанама тәсілге оқушылармен өтетін арақашықты ұзарту, әртүрлі кедергілерді пайдалануы кіреді;

  • ғалымдардың ұсынған ұлттық ойындардың топтастырылуына сүйеніп, төзімділікті, жылдамдықты, күш-жылдамдықты, ептелікті, дамытуға ойындарды таңдау;

Мысалы, Т.Ш. Қуаныштың (1995) 1 кестедегі ұсынған топтастырылуы бойынша 15-16 жастағы оқушылардың дене сапаларын дамытуға келесі ойындар жатады. Олар қосымшаларда көрсетілген.
б) ойлау қабілетінің деңгейін жоғарлатуға арналған ойындар.
Бұл бағытта келесі әрекетті жүзеге асыру қажет деп ойлаймыз:

Кесте 9. Мектептегі оқушылардың дене тәрбиесі пәні сабағының әрбір бөлімінде қазақ ұлттық ойындарын қолдану







Сабақ бөлімдері және шешілетін міндеттер

Ойын аттары

Әдістемелік нұсқаулар

І

Кіріспе бөлім оқушыларды ұйымдастыру (зейінділіктерін дамыту)

Ұшты-ұшты

Ұшатың және ұшпайтын құстарды тез арада анықтау

ІІ

Негізгі бөлім «Жеңіл атлетика» бөлім қозғалыс жылдамдығы мен күшті дамыту

Ақ серек көк серек

Шапшан жүргізу арқылы, қарсылас команданының шынжырын үзіп, қарсылас командасын ойыншысын өз командасына қосу




Ептілік пен шапшандықты дамыту

Аш қысқыр

Аш қасқырдың міндеті; алаңдағы қашып жүрген қойларды ұстап алу

«спорт ойындары» бөлімі тықтан бір қолмен допты беру, екі қолмен кеудеден және бастан асырып беру.

Аңшылар

Аңшылар допты бір қолмен және екі қолмен кеудеден, бастан асырып беру арқылы үйретерге тигізу.

ІІІ

Қорытынды бөлім организмді бастапқы қалыпқа келтіру

Дауыста, атыңды айтам

Шеңбер ішінде көзі байлаулы тұрған оқушы шеңбердегі оқушыларға таяғын тигізіп, дауысы арқылы атын анықтау




  • ойындарды ішінде оқушылардың тез ойлау қабілетін

талап ететіндерді таңдау;

  • ойлау қабілетімен қатар үлкен қозғалыс белсенділігін

талап ететін ойындарды таңдау.
Ұлттық ойындарды жүзеге асыру барысында біз мынадай әдістемені қолдандық:

  • Таныс ойындарды ойнай отырып таныс емес ойындарға көшу. Мысалы, «Аңшылар ойынынан» кейін «Жаяу көкпар» ойыны;

  • Ұлттық ойындар арқылы оқушылар халықтың тарихы, оның әдет-ғұрыптары туралы мәлімет алады;

  • Ұлттық ойындарды таңдап алғанда, олардың өткізілетін жерлерін алдын-ала ойластыру қажет ( зал, дәліз, алаң, ауа-райы, құрал-жабдық);

  • Ойынды алдын-ала қалай өткізу барысын жоспарлдау және оны бағдарлау;

  • Ойыншыларды іріктеу және басшылық жасайтын адамды бекіту;

  • Ойынға жетекшілер тағайындау, командаларға бөлу, капитандар таңдау.

  • Ойын желісін басқару (ойынды ұйымдасқан түрде белгіленген уақытта бастау, ойынның тәртібін бақылау, қазылық ету);

  • Ойынның қортындысын шығару (тек шапшандық емес, тапсырманы сапалы орындауға көңіл аударту).

Жоғарыдағы аталып кеткен ұлттық ойындардың қолдану әдістемесін жетілдірудің жолдары экспериментальды негіздемесі педагогикалық эксперимент арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарғы аталып кеткен ұлттық ойындардың қолдану әдістемесін жетілдірудің жолдардың тиімділігі педагогикалық эксперименттің нәтижесімен дәлелденеді:
9-10 сынып оқушыларының ұлдары мен 9 сынып қыздарының «30 м жүгіру» тестінде дәрежелері 0,1 сек деңгейге көтерілді. 10 сынып қыздарының дәрежесі 0,2 сек деңгейіне көтеріледі.
«3 х 10м жүгіру» тестісінде 9 сынып ұлдары мен қыздарының көрсеткіштері 0,2 сек-қа жоғарлады. 10 сынып ұлдарын 0,3 сек-қа, ал қыздары 0,1 сек дәрежеге көтеріледі.
«Орнына ұзындыққа секіру» тестісінде 9-10 сынып оқушыларының ұлдары мен 9 сынып қыздарының көрсеткіштері 3 см-ге жоғарлады. 10 сынып оқушыларының қыздарының көрсеткіштері 4 см-ге көтеріледі.
«6 минут жүгіру» тестісінде 9-10 сынып оқушыларының ұлдары және 10 сынып оқушыларының қыздарының көрсеткіштерінің төмен дәрежесі орташадан төмен дәрежеге көтерілді. 9 сынып оқушыларының қыздары орташа дәрежеден орташадан жоғары дәрежеге жетті.

Сурет 12. 9-10 сынып оқушыларының ер және қыз балалардың дене дайындығы деңгейінің көрсеткіштері (30 м жүгіру)(эксперимент барысында)


Сурет 13. 9-10 сынып оқушыларының ер және қыз балалардың дене даярлығы деңгейінің көрсеткіштері (3х10м жүгіру)(эксперимент барысында)




Сурет 13. 9-10 сынып оқушыларының ер және қыз балалардың дене даярлығы деңгейінің көрсеткіштері (ұзындыққы секіру) (эксперимент барысында)




Сурет 14. 9-10 сынып оқушыларының ер және қыз балалардың дене даярлығы деңгейінің көрсеткіштері (6 мин жүгіру) (эксперимент барысында)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет