Магистрлiк диссертация ұлттық спoрт түрлерiнiң дене тәрбиесiнiң маңызы және oның ерекшелiктерi



бет16/17
Дата24.05.2022
өлшемі1,09 Mb.
#35497
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Исегалиев диссер

Қорытынды

1.Мектептегі дене тәрбиелеу мәдениеті сабағында қазақтың ұлттық ойындарын қолданудың теориялық негіздері мынадай компоненттерден құрылады:



  • Қазақ ұлттық ойындарының білімдік және тәрбиелік маңызы

жасөспірім ұрпақты ел қорғауға, бауырмалдыққа, ұлттық патриоттық сезімді дамытуға негізделеді;

  • Әдебиет талдаудың нәтижесінде топтастырудың бірнеше бағыттары анықталады:

а) салт-дәстүр негізінде, жастар ойындары;
ә) ат спортының түрлері, атқа мініп жүруге байланысты ойындар;
б) денешынықтыру спорт ойындары, ойлау қабілетін дамытатын ойындар;
г) зейін мен қимыл реакциясына тәрбиелейтін және негізгі қимылдық сапаларды кешенді дамытатын ойындар;
- Оқушылардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін білдік. Олардың ішінен бойын, салмағын, кеуде көлемін, оң, сол қолдың күштері т.б. көрсеткіштердің даму заңдылықтары;
- Қазіргі кезеңдегі ғылыми көзқарастардың ғалымдардың жалпы және жеке көзқарастарымен сипаттадық:
жалпы көзқарастары: қазақ ұлттық ойындары дене қасиеттерін тәрбиелей отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, зейінділігін, жатқа тоқу, елестеу қасиеттерін дамытады деп санайды, ал жеке көзқарастармен әрбір ғалымның жеке көтерген ірі мәселелері сипатталады. Ғалымдардың көзқарастарынан келесі ірі мәселелерді зерттеп анықтадық:
а) логикалық ойлау, ой қабілеттерін дамытуға көп көңіл бөледі; (Сағындықов Е.)
ә) қазақ ұлттық ойындарының шығу тарихын зерттеді; (Танекеев М.)
б) мал шаруашылығымен аңшылыққа байланысты ойындар; (Төтенаев Б.)
2. «Дене тәрбиелеу мәдениеті» пәнінен оқу процесті жоспарлау және оны іске асыру арасында қайшылықтар байқалды:
- Жоспарланған ойындар толық іске асырылған жоқ, себебі бір жағынан құрал-жабдықтардың жетіспегенінен, екінші жағынан уақыттың аз болғандығынан;
- Кіріспе және қорытынды бөлемдерде ұлттық ойындар көбіне пайдаланылмайды;
- Жоспарланған ұлттық ойындарда («тоғызқұмалақ», «асық ойыны») алдындағы қалыптастырған қозғалыс дағдарын жетілдірудің бірізділігі сақталмаған. Мысалы, спорт ойындарында (баскетболда) кольцоға лақтырудың, допты берудің дағдыларын арықарай жетілдіруге жоспарланған ұлттық ойындардың ішінде жағдай жасалмаған;
3. Колледж оқушыларының дене даму дәрежесін зерттеу барысында нәтижелері келесілер болды: 9 сынып оқушыларының ұлдары 10 сынып оқушыларының ұлдарынан 1.1см озып тұрады.
10 сынып оқушыларының қыздары 9 сынып оқушыларының қыздарынан 3.6см озып тұрады.
Салмағы бойынша 10 сынып оқушыларының ұлдары 9 сынып оқушыларының ұлдарынан 5,7кг артық көрсеткіш көрсетеді.
10 сынып оқушыларының қыздары 3,6кг артық көрсеткіште болды.
«Қол күші» көрсеткіші бойынша 9 сынып ұлдары 10 сынып оқушыларының ұлдарынан сәл озып тұрады. Ал, қыздарда 9сынып 10 сынып қарағанда сәл төмен деңгейде болды.
«Кеуде көлемі» көрсеткішінен 9 сынып оқушыларының ұлдары 10 сынып оқушыларының 138 см озып тұрады. 11 сынып қыздары да жоғары деңгей көрсетті.
Мектеп оқушыларының дене даярлығы деңгейінің көрсеткіштері келесілер болды «30м жүгіру» тестісінде 9-10 сынып оқушыларының ұлдары орташа дәрежеде, 9 сынып оқушыларының қыздары орташадан төмен дәрежеде болды.
«3 х 10метр жүгіру» тестісінде тек 10 сынып оқушыларының қыздары орташадан төмен болды.
«Орнынан ұзындыққа секіру» тестісінде 9-10 сынып оқушыларының ұлдары орташа дәрежеде болып, қыздары орташадан төменгі көрсеткішті көрсетті.
«6 минут жүгіру» тестісінде 9сынып оқушыларының қыздары орташа дәрежеде болып, қалғандары төмен дәрежені көрсетті.
5. Қазақ ұлттық ойындарының қолдану әдістемесін жасақтағанда негізгі алғы шартты болған келесілер:
- жоспарлау құжаттарында ұлттық ойындардың мазмұндық құрамының материалмен байланыстығының төмендігі;
- оқушылардың төзімділік дамуының төмен деңгейі жылдамдық, күш –жылдамдық, ептілік дамуының талаптарға сай еместігі;
- қол күшінің, өкпенің тіршілік сыйымдылық көрсеткіштердің төмендегі.
Осы алғы шарттарға сүйеніп, дене тәрбиесі мәдениеті сабағында әдістемесін жетілдіру жолдары біздің пікіріміз бойынша келесі:

  • қазақ ұлттық ойындарды тиімді жоспарлау (тоқсандық жоспарда ұсынылатын ойындардың қозғалтқыш құрамын алдыңғы және кейінгі материалмен байланыстыру);

  • дене дайындылығы мен дене дамуы деңгейінің жоспарлату әдістері (әртүрлі тәсілдер арқылы (тура және жанама) ойындардың қарқындылығын жоғарлату. Мысалы, тура тәсілге ойынның қайталану, қозғалыстардың жасау уақытын жоғарлатуы жатады. Жанама тәсілге оқушылармен өтетін арақашықтықты ұзарту, әртүрлі кедергілерді пайдалану кіреді);

6. Жоғарыдағы аталып кеткен ұлттық ойындардың қолдану әдістемесін жетілдірудің жолдарының тиімділігі педагогикалық эксперименттің нәтижесімен дәлелденеді:
9-10 сынып оқушыларының ұлдары мен 9 сынып оқушыларының қыздарының «30м жүгіру» тестінде дәрежелері 0,1 сек деңгейге көтеріледі. 2-курстың қыздарының дәрежесі 0,2 сек деңгейге көтерілді.
«3 х 10м жүгіру» тестісінде 9 сынып оқушыларының ұлдары мен қыздарының көрсеткіштері 0,2 сек-қа жоғарлады. 10 сынып оқушыларының ұлдарын 0,3 сек-қа, ал қыздары 0,1 сек дәрежеге көтеріледі.
«Орнынан ұзындыққа секіру» тестісінде 9-10 сынып оқушыларының ұлдары мен 9 сынып оқушыларының қыздарының көрсеткіштері 3 см-ге жоғарлады. 10 сынып оқушыларының қыздарының көрсеткіштері 4 см-ге көрсетіледі.
«6 минут жүгіру» тестісінде 9-10 сынып оқушыларының ұлдары және 10 сынып оқушыларының қыздарының көрсеткіштерінің төмен дәрежесі орташадан төмен дәрежеге көтерілді. 9 сынып оқушыларының қыздары орташа дәрежеден орташадан жоғары дәрежеге жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет