Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет17/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
маған: «Қасыма келгенде 3 рет атымды ата. Не-
месе, Абайдың екі-үш ауыз өлеңін айт. Мен соны 
Құран деп қабылдаймын» деген еді. Мен барған 
сайын Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасының» 
алғашқы екі шумағын айтамын. Содан соң: «Хали-
ма Қалиақпарқызы Өзбақанова-Нұршайықова» де-
ген жазуы бар құлпытасты қайта-қайта құшақ-
тап, ішімнен егіле еңіреп, үйге қайтамын…». 


79
Міне, маған осындай тағдырлар үлгі. Хали-
мадай әжелеріміздің өмір жолы үлгі. Мұндай 
мәңгілік махаббат хикаяттарымен танысқан са-
йын ерекше елжіреймін. Өзімнің де жүрегімдегі 
ешкімге беймәлім құдіреті бар сезімімді қуаттай-
мын. Және мені бір ғана сұрақ мазалайды: «Ал 
мен қандай махаббаттың иесімін?». Мендегі сезім 
саналы сезім бе? Әй, қайдам, өзіңе белгісіз жан-
ды сүюде қандай сана бар десеңші? Бірақ мың 
бояулы тағдырым сол адаммен кездестіретінін, 
қандай ғажап күндерге куә боларымды сол кез-
де білмеуші едім. Егілгенім де, езілгенім де содан 
болар… 
***
Атам мен әжеміздің жанында өткен тағы бір 
жаз өтті де кетті. Бауырларымызбен қалаға, оқуға 
аттандық. Мен филология факультетінің үшінші 
курсына өттім. Менімен ілесіп, жұмыс бабымен 
Алматыда тұрақтаған ата-анамыздың жанына 
сіңлілерім Аққу мен Бұлбұл, інім Дінмұхаммед 
барды. Сол баяғы оқудың қамы. Аққу биыл Өнер 
университетінің екінші курсына өтіп, Бұлбұл 
спорт мектебін жалғастырып, Димаш бала «Да-
рын» мектебінің алтыншы сыныбына қабылдан-
ды. Қалған үшеуі атамыз бен әжеміздің қасында 
қалған,
олар
ауыл мектебінде білім алады. Негізі-
нен жетеуіміз де ата-әжеміздің қолында, ауылда 
өстік. Бізді ата-әжесінің тәрбиесін көрсін, ауыл-
дың иісін білсін деп, қара шаңырақта өсіп-өн-
генімізді құп көрген әкемнің, әсіресе, анамның 
ақыл-парасатына тәнтімін. Қалада өткен бір ға-


80
сырлық ғұмыр атамызбен өткізген ауыл-үйдегі 
бір ғана сырлы кешке тең келе алар ма, шіркін... 
Меніңше, теңесе алмасы анық. Жаздың үш айын-
да жарыса жыр жаттап, кітаптан-кітап оқимыз. 
Ұлдар атамнан «төте жазуды», Құран қайырыса 
білуді үйренеді. Ал біз, қыздар жағы әжемізбен 
ине-жіп сабақтасып, көрпе көктеп, жүн-түбіт 
түтісіп,
өреге
құрт жайысып жүреміз. Осындай 
қарапайым тірліктен тұратын істеріміздің үлкен 
өмірлік өнеге екенін мен енді түсіне бастадым. 
Әрине, біздің өзге жастардан айырмашылығы-
мыз жоқ, біз де шаршаймыз, тепең тірліктен қа-
шамыз, қала жаққа бір бүйіріміз тартып тұрады. 
Бірақ үйдегі тәрбие басқа, «болмайды» деді ме, 
«болмайды». Жаз шыға ауылға тартамыз. Ала 
жаздай ауылда боламыз. Сондай қатаң тәртіп... 
Ауылдағы ала жаздың жайы мынау: Бұлбұл-
дың кешке қарай ауыл балаларына қосылып, 
алаөкпе болып футбол ойнап кететіні, Аққудың 
самаурын қайнатып, тапшанға көрпеше жайып 
тастап, шай үстінде шұқшиып кітап оқып оты-
ратыны, інілеріміздің велосипед тебісіп, жердің 
шаңын бұрқыратып көкке атуы, тіпті қора-қора-
ның, ағаш-ағаштың тасасына жасырынып, бар-
лығымыздың жиналып тығылмаш ойнағанымыз 
– мұның барлығы да бір дәурен. Қайтып оралмас 
қызықтар. Есейген сайын осыны ойлап күрсі-
нетінім бар. 
Ал қалаға келсек, қаладағы өмір, өздеріңіз бі-
лесіздер, оқу, үй, кітапхана... Осылай ары-бері 
шапқыласып жүргенде түс, түстен кеш болады. 
Уақыт дегеннің қалай өткенін білмей де қаласың. 


81
Оны қойшы, күні бойы бітіп болмас көлік кеп-
телісін айтсаңызшы, әбден шаршатып жібереді. 
Алматының ана басынан мына басына жетем 
дегенше жыл өтеді. Көліктен шыққан көк түтін 
көз ашытып, кеңсірік қабады. Десе-дағы дос-құр-
былармен «Арбаттың» бойында өткізетін ғажап 
кештерге не жетсін, шіркін. 
Иә, таңды таңға жалғап, әдеби кітаптарды 
көздің майын тауыса оқитын ұзақ түндер, шет 
тілдерін үйрететін курстар, арасында спорттық 
үйірмелер... Міне, менің қаладағы өмірім осы. 
Бала жастан шет тілдеріне көп қызығатынмын. 
Филология факультетіне түскен себептің де бірі 
осы болды. Қазіргі кезде ағылшын тілінен бөлек, 
француз және испан тілдерін үйреніп келемін. 
Атам екеуміз шетелдік романдарды жиі талдай-
тын едік. Әсіресе, орыс, ағылшын, француз жазу-
шыларының шығармаларын көп оқыдық. Мен 
бірақ оқитын кітаптардың аудармасын емес, мы-
салы, ағылшыншасын ағылшын, французшасын 
француз тілінде оқығым келетін. Содан болар, 
тіл үйренуді ерте бастап кеттім.
Анам білікті әрі жоғары санатты дәрігер, оның 
күні де, түні де адам өмірін, денсаулығын сара 
қалпында сақтаумен өтеді. Әкем Өнер универ-
ситетінде және басқа да музыкалық мектептер-
де домбырадан сабақ беріп, шәкірт тәрбиелеп 
жүр. Былтыр өзінің жеке музыкалық домбыра 
мектебін ашуға ниет етіп, биылдан бастап ғима-
ратын соғып бастады. Күніміз осындай күйбең 
тірлікпен өтеді. Алайда отбасылық құндылық-
тарды бәрінен де жоғары қоятын біздің ата-ана-


82
мыз балаларына барынша көңіл бөлуге тырыса-
ды. Демалыста дастарқан басында бірігіп таңғы 
ас ішеміз, бірлесе үй ішін тазалаймыз, кешке бір 
мезгіл кино көреміз. Құдай бізді ең бақытты от-
басының мүшесі етті. Осы үшін әр таңғы дұғамды 
Алланы мадақтаумен бастаймын…
***
Таң демекші, бүгінгі жазғы демалыстан 
кейінгі, қалада қарсы алған алғашқы таң өзгеше-
леу болды. Тағы бір мазасыз түн өтіп, таң атты. 
Тағы да өлең-бесік әлдилеп, университетке тарт-
тым. Өз университетімнің (ҚазҰУ) дәріс залына 
әдеттегідей бәрінен ерте келдім. Біз қаланың 
шет жағында тұрамыз, сондықтан әкем жұмы-
сына барар жолда мені оқуыма ертерек жеткі-
зеді. Жатақханада тұратын құрбым Бибігүл де 
мені жалғызсырамасын деп, ерте жетеді. Мен әр 
жазған өлеңімді Бибігүлге оқытамын. Алғаш-
қы оқырманым да, сыншым да сол. Себебі өлең-
дерімді қалай жазатыныма сол куә. Әдетте дәріс 
болсын, семинар сабақтары болсын, қолыма қа-
лам ұстасам болды, Бибігүл парақ іздеумен әлек. 
Өткенде атама «майлыққа, жапыраққа жазылған 
өлеңдер» деп ұсынғаным да содан, кейде дәптер 
я парақ таппай қиналып кетемін. Телефонға жаза 
алмайтын әдетім тағы бар. Сондай шабытты сәт-
терде саябақта жүрсек, Бибім жапырақ жұлып 
әкеледі, асханада отырсақ, алдыма майлық қа-
ғаз қояды. Сөйтеді де, шабытты шақтарда маған 
телміріп қарап отырады. Мен болсам әбден қара 


83


84
терге түсіп, аяқ-қолым дірілдеп, санамда сай-
гүліктей жарысқан сөз тізбектерін параққа төге 
бастаймын. Ал «уф» деп, қаламымды сөмкеме 
салсам, шабытты басқа ауылға айдап, өлеңімді 
жазып болдым деген сөз. Ол мұны біледі. Бүгінгі 
күйімді бірден аңғарды да, алдыма парақ қойып, 
«жаз» деп бұйрық берді. Мен төрт шумағын жа-
зып болған соң, бірден: 
– Жазып болдың ба? Карлек?, – деді.
– Иә, Бибі... 
– Кәні, көрсетсеңші. 
– Ой, қойшы. Ұяламын. 
– Қойшы, менен ұяласың ба? Давай, оқимын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет