Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет16/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

Білетінім – махаббат санадан 
шығуы керек. Санасыз махаббат – сағалдырық-
сыз жүген
», – деп жазады. Осындай ойға жазушы 
өз тағдыры арқылы келген көрінеді. Себебі жа-
нымды мұң жанығанда қолыма алатын Әзілхан 
атамыздың «Мәңгілік махаббат жыры» кітабын 
алғаш рет оқығанымда, шынайы әрі мәңгілік 
махаббаттың үлгісін таныдым, сырын ұқтым. 
Нұршайықов бұл кітабын өзінің асыл жары Ха-
лимаға арнаған. Арнағаны бір бөлек, кітаптың 
іші Әзілхан мен Халиманың махаббатынан сыр 
шертер естеліктерге, сүйікті жар жүрегінен 
төгілген іңкәр сезімдерге толы. Менің таңғал-
ғаным – әйелді байыбына бармай көпшілік ал-
дында қалжыңмен болса да кемсіту, әйтеуір, бір 
кемшілігін тауып, соны жаһанға жария ету неме-
се «қазіргі әйелдің барлығы талапшыл, кекшіл, 
ер адамға күн көрсетпейді» деген жаттанды сөз-
ге бастау күрт көбейген бұ заманды баса-көк-
теп, Әзілхан атамыз өзінің аяулы жарына кітап 
арнап, оған ұрпақтан ұрпаққа жетер рухани ес-


77
керткіш орнатып кетті. Бұл неткен азаматтық, 
неткен адалдық, неткен даналық! 
Жалпы, сұхбаттарының бірінде Әзілхан Нұр-
шайықов Халима әжеміздің жазушы жазған кі-
таптарын өзіне арналғанын қаламағанын ай-
тып еді. Өйткені жарының қазақ әйелдеріне 
тән ұяңдыққа басып, рұқсат бермесіне сенімді 
болған екен. Десе де дүниеден озған соң еште-
ңеге қарамастан, екеуінің «әңгімесі таусылмай-
тын» ғибратты ғұмырының желісінде жазылған 
«Мәңгілік махаббат жырын» жары Халимаға ар-
найды.
«Қасиеттеп, құрметтеп, 
Сенің махаббатыңды; 
Ұрпаққа үлгі болсын деп,
Алашқа жайдым атыңды»...
Махаббат кілтін іздеп жүрген жастарға шырақ 
болар сөз емес пе, бұл? Кітапты алғаш рет оқып 
болған соң, «келешекте өз шаңырағымның шы-
рағын жаққанымда осы шығарманы қолымнан 
тастамайтын боламын» деген едім. Мәселен, кі-
таптағы жиырма сөздің ішінен күнделігіме түс-
кен мынандай үзінділерді келтіре кетейін:
«Мен аудан аралап, іссапарға кеткенде, Халима 
мен туралы жаман түс көріп қоямын деп қорқып, 
түні бойы ұйқтамай, керосин шамның жарығы-
мен кітап оқып шығады екен. Мен болсам аудан-
дағы шаруамды бітіріп, тез үйге қайтуға асыға-
мын. Екеуміз бір-бірімізді көргенде баладай мәз 
болып қуанамыз…». 


78
«Әркім өз әйелін ең асыл металл алтынға ба-
ғалайды ғой. Ол дұрыс! Ал Халима жай алтын 
емес. Менің қолыма Тағдыр ұстатқан сом алтын 
сияқты еді…».
«
Су сұрасам – сүт, қарта сұрасам – қазы, жая 
сұрасам – жал беретін еді Халима. Жанынан – 
жылу, жүрегінен 
– 
жыр беруші еді маған. Ойымды 
жалғап, өрісімді кеңейтуші еді менің. Сөйлесек – 
әзіл, күлсек – күлкіміз таусылмайтын еді біздің. 
Кемері қуанышқа шүпілдей толып тұрған сол бір 
ғажайып рухани жан дариясы Халима кеткеннен 
кейін, суы тартылған теңіздей болып, шетсіз-
шексіз шөлге айналды. «Балығы тайдай тулаған» 
сырлы, сұлу дарияның орнында сан алуан сағым 
ойнаған көлемді кеңістік қалды мен үшін…».
Халима әжеміз дүниеден озған соң да Әзілхан 
Нұршайықовтың үнемі терең толғыныс пен уа-
йым-қайғыда жүргені осындай сөзінен байқала-
ды.
«Әйеліңіздің дүниеден өткеніне қанша уа-
қыт болды?» деген журналистің сұрағына жа-
зушы: 
«Бүгін тура 496 күн. Содан бері жетіммін, 
мүсәпірмін, мұңдымын. Бұл уақыт ішінде 
әйелімнің жатқан жеріне 100 -ші рет бардым. Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет