«...Тiлi ұғымды, өмiрi таныс болғаннан ба,
немесе Барлас пен Байкөкшенiң кезектеп айт-
қан жырларының кейде шырқаған, кейде қалқып
баяулаған, кейде лекiтiп соқтырып, ескектете
желген әнiнен бе? Бебеу қаққан қоңыр майда, баяу
домбырадан ба? Қалай да болса Абай бұл күнге
шейiн өмiрiнде дәл осы Барлас, Байкөкше баян ет-
кен дастан-жырларға барабар еш нәрсе есiтпеген
сияқты болды...».
Мінеки, қос ақынның Абайдың
ақын жанына ерекше әсер еткені, Барластың қай-
тарда Абайға домбырасын ұстатқаны – атамның
біздерді ертіп алып, ертегі айтып, өлең-жыр жат-
тататын сәттеріне ұқсайды.
Қазақтың ұлы ақыны, философы, кемеңгер
Абай атамызды оқымай күн батырмаймыз, ұй-
қыға кетпейміз. Кейде үйімізге келген-кеткен-
дер атамыздың немерелерімен бірге Абайдың
өмірін, өлең-сөздерін сөз етіп, талқылап
отырға-
нын көріп: «Аузында сүті кеппеген балаға Абай-
ды оқытқаныңыз қалай, түсіне ме екен өздері?»,
– дейді. Атам болса жұмсақ үнімен, байсалды
да нық жауап береді: «Түсінбесе мен бармын!
Түсіндіремін! Қазірден түсіндірмесек, есейгенде,
сендердей кертартпа кердеңі бар мына қоғамда,
мына заманда Абай сөзін түсінетініне, қабылдай-
тынына күмәнім бар…».
57
58
– А-а-ал, «Қияға» жеттік пе? Қай бетінде еді,
жарықтарым?
– Қолыңыздағы екінші кітап, міне, ата.
– Бұлбұлым, бірден бетін ашып берсеңші атаға.
Иә, ата, «Өрге» шықтық, ендігісі «Қияда» тарауы.
Бір аптада талдап бітіреміз деген уәдеміз бар.
– Әп, бәрекелді, Қарлығашым! Бастайық...
Бісміллә! Рахманир ра-хим!
– Ата кітапты да «Бісмілләмен» бастау керек
пе?
– Димаш, қызықсың, бірінші рет естіп отырсың
ба? Сөздің басы «Бісміллә» деп айтпай ма ата?
– Дұрыс, Бұлбұл, аталарың Алланның атын
атамай бір адым баспайды. Әр істің Құдай атымен
басталғаны – сол істің аяғы тәтті болғаны. «Құ-
дайсыз қурай сынбас», жарықтарым…
Себебі, Ол,
Алла
–
Әл-Қауи, яғни қуатты, мықты, құдіретті,
оның барлығына да қуаты жетеді.
Естеріңде бол-
сын. Барлық іске Алланың әмірі жүреді.
– Ата, сонда кіші болсын, үлкен болсын, ма-
ңызды я маңызы жоқ әр ісімізді «Бісмілләмен
бастау керек пе? Мысалы, кітапты оқығанда да
ма? Біз оны жай ғана оқып, сосын жауып қоямыз
ғой, одан қайыр күту керек пе?
– Әй, Дінмұхаммед балам-ай! «Он үште отау
иесі» деген, сен де ақыл жияр жасқа келдің. Сұра-
ғың орынды, атаң қостайды. Тек мынаны білгің,
Құдай үшін істің үлкен-кішісі жоқ, себебі, табиғат-
тағы, мынау тіршіліктегі әр қозғалыс оның «бол»
деген жалғыз әмірімен орындалады. Осыны жақ-
сылап ұғып алыңдар. Димаш бала «Бісмілләны»
салмақты я маңызды істерде айтпақ керек деп
ойлап отыр, яғни, сөздің қадір-қасиетін ұғып
59
тұр. Мұнысы жөн. Бірақ кез келген істі аса қам-
қор, ерекше мейірімді Құдайдың атымен бастау –
өмірлеріңді мағыналы етер ең маңызды іс деп қа-
былдағайсыңдар. Оның үлкен-кішілігін саралау-
дың қажеті жоқ. Абайдың парасат биігіне шығып,
қазақтың философы атануында да «Бісміллә-
ның» маңызы зор.
– Неге?
– Неге, ата?
– Сабыр, жарықтарым. Түсіндірейін. Әңгіменің
бастауы мынада... Құнанбайдың анасы, Абайдың
әжесі – Зере жайлы «Абай жолының» алғашқы то-
мында жиі айтылды. Оны өздерің де білесіңдер.
– Иә...
– Біз Зере әжені кітап арқылы тани бастадық.
Абайдың әжесінің шын есімі – Тоқбала екен. Ол
найман ішінде Матайдың Қойгел руынан шық-
қан беделді әрі бай-қуатты кісісі Бектемірдің
Теңізбай деген ұлынан туған. Алайда атасының
қолында өскен соң, Бектемірдің қызы Тоқбала –
Зере атанып кеткен.
– Біздің Қарлығаш әпке сияқты ма, ата? Оны
барлығы «Атасының қызы», «Әлі атаның қызы»
дейді ғой.
– Иә, балам, менің Қарлығашым сияқты...
– Зере деп барған елінде мұрнына «зере» деп
аталатын алтын шығыршық әшекей таққанан
соң атап кетсе керек. Ал Абайдың бабасы кім еді,
жарықтарым? Құнанбайдың әкесі?
– Өскенбай емес пе еді, ата?
– Әп, бәрекелді... Сол Өскенбайдың бәйбішесі
Зереден Құнанбай, ал одан қазақтың Абайы
туады. Өскенбай да, Құнанбай да өз заманында
60
әділдікті ту еткен, ел қамын ойласқан ойсыл қара
тұлғалар еді. Осындай ойсыл қара баталы ел, ба-
ғаналы ерден Абайдай ұрпақ туары хақ. Оған қоса
жаңағы «Бісмілләдан» шығады, Абайды ерек-
ше жақсы көріп өсірген Зере әженің де аналық
адалдығы аңқыған ақ сүті ұрпағының бойына
қасиет қондырса керек. Зере әжеміз Құнанбайды
емізерде дәрет алып, «Бісмілләсін» айтып, сонан
соң барып емізген деседі. Құнанбай туарда түсін-
де Өскенбайдың алтын сақа иіріп отырғанын
көрген Зере перзентінің түбі қайырлы ұрпақтан
боларын сезіп, емізерінде асқан ықылас таныт-
қан. Бұдан түйетініміз, алтындарым, ықыласпен
иіген омырау сүті бала құрсағын тоқ қылып, құр
іңгәлап жылауға жібермейді, қайта сабырлы ой-
дың бесігінде тербейді. Міне!..
Еее, даналыққа сусындаған қазағым ай, «Адал
сүт емгеннен ал» деп бекер айтпаған ғой...
***
Біз жаз айын түгелдей ауылда өткіземіз. Апта
сайын атамыз өлең жаттатып, жұмбақ жасырып,
жаңылтпаш айтқызып үйретеді. Керек десе кі-
таптан кітап оқытып, кейін білген-түйгенімізді
сұрайды. Ертегі айтып ерлік жолға бастайды. Ер-
тегінің өзінен санамызға сәуле түскенін қалайды.
Міне, тағы жаз келді. Жаздай ауылдамыз.
Ауылдағы алма бақтың арасындамыз. Алма ағаш-
тың алмасын жеп, түбін қопсытамыз. Оны да ата-
мыз үйреткен, қолға күрек-кетпен беріп.
Бұл жолы кетпен-күректі күрке-қораға жиып
қойып, бәріміз алма бақта жүрміз.
61
– Әзілхан! Атаға айтам сені. Мені жалғыз тас-
тап кеттің, жынды.
– Өй, не бопты екен? Өзің жынды. Айта бер, ата
маған ұрыспайды.
– Ей, Әлихан, қой, ата естісе ашуланады. Бауы-
рыңа жынды дегенің не? Бетіңе не болған, қай-
дан сырып алдың?
– Аққу әпке, өзі ғой бастаған.
– Не істеп қойдың солай айтатындай?
– Тү-ү-й, әпке… тұт жеуге барғанбыз. Әлихан
сатымен ағашқа шықпақ болған, сол кезде мен
аяқ астындағы сатысын құлатып жібердім... Өзі
ғой кеше добымды жарып қойған.
– Жарайсың... Аяғын сындырып алса қайтер
ең, а? Оңбайсыңдар осы сендер. Өй, өңшең бұзық-
тар! Ақыры өзің құлапсың ғой.
– Тасқа сүрініп құладым.
Қарашы, шекемді де
саты ағаш жырып кетті. Бәрі Әзілханның кесірі-
нен…
– Кімнің кесірінен дейсің?
– Әзілханның.
– Әзілхан демей-ақ, өзіңнен көр, айнала-
йын. Өз-өзіңе ор қаздың ғой, ақылсыз. Жүр енді
сөйтіп...
– Аққуым-ау, бұл не шу сонша. Қос батырыма
ұрысқаның не?
– Әне, көрдіңіз бе, Аққу әпке, айттым ғой, ата
бізге ұрыспайды. Ұрыспайсың ғой, иә, ата.
– Қоя тұршы, Әлихан! Ата, мынау екі бұзықтың
шығармайтыны жоқ. Әлихан Әзілханның әдейі-
леп добын жарады, соның өшін алмаққа мына
бала аяқ астындағы сатыны алып тастап, Әли-
62
ханды ағаш басына жалғыз қалдырып кетіпті.
Өй, бұзық...
– Е, онда ұрысқаның жөн, балам. Әлихан-ау,
бар, сыңарыңды шақыр. Ләж болса, барлығын
шақырып кел. Димаш та қалмай келсін.
– Ата… Ұрсасыз ба сонда?
– Тәйт! Оны келе көрерсің, бар, шақыр бәрін.
... Бір сәтте бәріміз жинала қалдық. Атам «жи-
налысты» жөткіріне бастады:
– Ал енді, тыңдаңдар. Мынау егіз қозының
жаңа да ғана жасаған қылығынан не түсіндіңдер?
Атама жағымпаздықтан емес, жадымызға құй-
ған ақылын ақтарып салар сәт туған соң, бәріміз
жамыраса кеттік:
– Өш алмау керек. Егеспеу керек. Егескен ел
болмайды дегенсіз, ата.
– Бауырмал болу керек.
– Бауырыңды ренжітуге болмайды.
– Жасаған жамандық та өзіңе, жақсылық та
өзіңе.
– Тыныш жүру керек, қой, в общем.
– Ойынан от шығады.
– Тату-тәтті болу керек. «Татулық – табылмас
бақыт».
– Иә-ә, дұры-ы-ыс. Түйгендерің бар екен. Ал
енді жақсырақ ұғу үшін мына ертегіні тыңдаң-
дар, алтындарым. Ол ертегіні жас қаламгер қы-
зымыз Алтайқызы Айым жазыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |