«Ерте, ерте, ертеде, адам аяғы баспаған ме-
кенде тоты мен торай дос болыпты. Тоты құс
ұшып жүріп торайға қай жерде қоныс, қай жерде
63
азық, қай мекенде су бар екенін айтып жүрсе, то-
рай тоты құсты әрқашан қолдап-қорғап жүріпті.
Тіпті, тотының әсем қанаттарына қызыққан
қарақшылардан досын талай мәрте арашалап
қалса керек. Бірақ тоты құстың торайдан бір ар-
тықшылығы – ол дауысын шығарып сөйлей ала-
тын. Содан да болар, ол басқалардың ойын естісе,
соны қағып алатын, қайталай алатын қабілетке
ие болыпты. Бір күні өзеннен су ішіп жатқан өзге
құстардың бірі:
–
Ой, мына торайдың түрінің жаманын-ай.
Суымызды лайлап кетпесе жақсы. Байғұстың
өмірде досы да жоқ шығар…
–
Осылай деп құстар
пыр етіп ұшып кетеді. Тоты құс басқа құстардың
сөзіне мән бермейін десе де, көңіліне алып қалады.
Сол күні кешке тоты мен торай бір ағаштың жа-
нына түнемекші болады. Ағаш діңінен бір жылан
шығып:
–
Ей, сендер кімсіңдер? А-а-а, тоты құсжан
сенбісің? Қасыңдағы кім тағы? Бәрі менің түрім-
нен сескеніп қорқушы еді. Мынауыңның түрі мені
қорқытып тұр ғой.
Бұл сөзге қарсы жауап берейін десе, торай
тоты сияқты сөйлей алмайтын. Бар болғаны
танауын жыбырлатып «қорс-қорс» етіп қана тіл
қатады.
Жылан болса:
–
Менің ағашыма жоламасын деп айт. Ал өзің
бір бұтағыма қонып шықсаң болады.
Тоты құс басқа жаққа кететіндерін айтып,
қоштасып кетті. Бірақ жыланның сөзі оны ой-
64
ландырып тастады. Осылайша тоты құс елдің
сөзін естіп-естіп әбден қиналды. Жұрттың ке-
лемеждеп-кемсіткені достықтың салмағынан
басым болып шығады. Сөйтіп, ол торайдан құты-
лудың амалын іздей бастайды. Ақыры, оны адам-
дар қонысына апаруды жөн көреді. Аз жүрді ме,
көп жүрді ме, кім білсін, бұлар бір ауылға кезігеді.
Тоты құс мал ұстайтын қораға барып, бір адам-
мен адамша тілдеседі: «Мен сендерге етті- май-
лы, тамақ талғамайтын бір түлік алып келдім.
Осыны бақсаңдар өкінбейсіңдер. Балшыққа аунап,
бергеніңді жеп өсе береді». – Осылай деп тоты
торайды қораға кіргізіп жібереді:
«
Торайжан, ор-
манымызды өрт басқанын көріп келдім. Екеуіміз-
ге басқа пана тапқанша осында бола тұр». Торай
көңілі қаламаса да, қорада қалуға мәжбүр болды.
Сүйкімсіз досынан енді құтылам деп алысқа
ұша бергенде тоты құсқа тас атып құлатып,
адамдар оны торға қамап қояды:
«
Міне, ғажап.
Адамның тілінде сөйлейтін құсты қолымыз-
ға түсірдік. Қандай реңді, әдемі десеңші? Енді осы-
ның қызығын көрейік, болмаса саудагерлерге қым-
бат пұлға өткізіп жіберейік!».
Содан бастап тоты құс адамдардың үй жа-
нуарына, саудагерлердің ең бағалы тауарына,
патшалардың ермегіне айналған екен. Осылайша
жұрттың сөзіне ерген тоты өзінің досынан да,
еркіндігінен де мәңгі айырылған деседі».
Міне, жарықтарым! «Өзгеге ор қазба, өзің тү-
сесің» деген осы. Ертегі болса да қандай мағыналы.
Әлихан, балам! Сенің кеше бауырыңның добын жа-
65
рып алып, кешірім сұрамағаның дұрыс болмады.
Әрине, Әзілханды ақтай алмаймыз, дегенмен кіші-
пейілдік танытып, кешірім сұрасаң, бәлкім, осын-
дай дау тумас па еді, ә? Ал сен, Әзілхан, бұдан бы-
лай әр ісіңді ойланып барып істе. Бүгінгі оғаш
қылығың қандай апаттарға алып келер еді, егер
әпкең келіп қой демесе. Құдай сақтап қалыпты.
Ағаштан құлап мерт болғандар да бар. Құдай сақ-
тасын ондайдан. Есесіне Алла Әлиханды емес,
сені құлатты. Жаңағы ертегідегі тоты құс сен бо-
лып тұрсың. Ұят, балам, мұның ұят! Мұның бар-
лығы балалық қой, сонда да балалық ертең шала-
лыққа соқтырып, жаман әдетке айналуы мүмкін.
Сондықтан әдепті болыңдар. Бір-біріңді кешіре
біліңдер… Бір-біріңе махаббатпен қараңдар. Ма-
хаббат дегеннің мән-мағынасы: сүйіспеншілік,
сыйластық, мейірбандылық...
Біз алма бақтан атамыздың аңыз-ертегісін,
ақыл-кеңесін арқаласып, қол ұстасып үйге қарай
беттедік.
***
«Махаббат деген не, ол өзі бар ма, жоқ па? Егер
бар болса, оның шындығы нендей нәрсе?» Бірде
атамыздан осы жайынан сұрағымыз келді. Өйт-
кені біз атамыздың әжеге деген ықылас-пейілінің
қаншалықты екенін көре-біліп жүрсек те, екеуа-
ра сыйластық пен еркелікке ұласқан ғұмырлы
махаббатының сырын білгіміз келетін. Әсіресе,
менің...
– Ата
66
– Ау, шырақ?
– Ата, тағы сол сұрақ...
– Сол сұрақ болса, сол сұрағың не жайында, ақ
құсым?
– Осы... Маххаббат дегеннің шындығы нен-
дей?.. Біз нені махаббат деп айтамыз, а?
– Оның шындығын әжеңнен сұрай қойшы, ай-
нанайын.
– Өй-бүу, атасы, мен не білейін. Білсем де, өзің
құсап айта аламын ба десеңші.
– Айта аласың, әжесі, айта аласың. Сен бастай
ғой, мен қостармын.
– Енді... Махаббаттың шындығы... Ол дегенің
ақылға бағындырып, сүзгіден өткізіп барып,
ақыл-оймен қабылданар сезім ғой, балапанда-
рым. Сезім дегенді жүректен ғана емес, ақыл-ой
елегінен де өткізу қажет.
Мен аталарыңның маған деген құрметін,
менің төркін жұртымды өз жұртындай көріп, кө-
термелеп жүретіндігін, өмірде қандай сынақ кез-
дессе де мойымай, соған төтеп беретін азаматтық
қасиетін танып, құрметтеген үсті құрметтей бас-
тадым. Құрметтеу – махаббаттың ең биік шыңы.
Аталарың мені ерекше құрметтеді, сыйлады,
жақсы көрді, қамқорлық танытты. Қолдағы ауы-
рымды, жолдағы қиынымды жеңілдетіп, менің
жан дүниеме үңіле біліп, артар назыма құлақ асу-
ға әзір-тұғын. Даланың гүлі көп болса да, қаладан
екі-үш тал хризантем гүлін ала келіп, маған сый-
лайтын. Мен оған балаша қуанатынмын. Өздерің
де білесіңдер, аталарың қалаға барса әлі де маған
гүл ала келеді. Өмір осындай майда ізгіліктерден
67
тұрады ғой. Мен де аталарыңды, оның жасаған
еңбегін, тапқан нанын, балалардың қамын ойлап
шапқылап жүргенін, маған деген махаббаты мен
қамқорлығын құрметтедім. Әрине, ата-енеме де
ерекше ықылас таныттым.
– Өй, ықыластан да асып кеттіңіз-ау, сұлу
келіншек. Марқұм жарықтық әкем: «Келіннің
бізге жасаған жақсылығын, көрсеткен қыз-
метін тоқсан жылдық ғұмырымда мен еш адам
баласына жасамаппын» деп еді. Анам да өтер-
өткенше өкпесі жоқтығын айтып, келініне риза
болып отыратын. Екеуі құдды айнымас құрбы-
дай еді. Ағайын-туған, көрші-қолаң екеуінің
ермектесіп, шүйіркелесіп жүргендеріне сүйсі-
не қараушы еді. Ей, заман-ай... Содан да болар,
мынау әжелеріңе сендердің аналарыңдай ина-
батты келін бұйырды, жарықтарым. «Анаңа не
көрсетсең, сол алдыңнан шығады» деген осы
шығар... Жарықтық жеңешем (атам анасын
«жеңеше» деп атайтын) көз жұмарда әжелері-
ңе: «Табалдырығың тозбасын, үйіңнен қонақ
үзілмесін, шырағың сөнбесін» деп, ақ батасын
беріп еді.
– Ой, Алла-ай, апамды айтып... Жүрегімді ездің-
ау, атасы.
– Жеңешемді айтсам болды, бірден-ақ жы-
лап қалады мына сұлу келіншек. Жүрегі нет-
кен жұмсақ еді өзінің. Е, енесін сағынып отыр-
ған түрінен… А-а, айтпақшы, не айтып отырған
едім жаңа... Ә-ә, сөз жаңағы батадан шығады.
Жарықтық жеңешемнің «табалдырығың тоз-
басын, үйіңнен қонақ үзілмесін, шырағың сөн-
68
бесін» деген бірауыз батасында баға жетпес
байлық жатыр емес пе...? Бір сөзбен айтқанда,
«Балаң әдепті келін алып келсін» дегендегісі
болар. Десе дегендей, табалдырықтың тозбауы-
на, үйден қонақ үзілмесіне, шырағыңның сөн-
беуіне алдымен келін баланың кішіпейілдігі,
көргенділігі күретамыр. Жатаған үйдің еңсесі
биіктеп, шамы жарқырай түсуіне бірден-бір
жауапты жан – келін. Иә, иә, жайдары жүзді,
өнегені өн бойына жиып келген келін қара ша-
ңырақтың шырағын сөндірмейді. Әй, әжесі, со-
лай ма?
– Солай, солай.
– Өй, сәулем, сен әлі жылап отырмысың... Қой,
құлындарым, бұдан былай әжелеріңнің қасында
мұндай әңгімені бастамайықшы. Әйтпесе, Әмуда-
риядай тасып жүрер. Дегенмен де әке-шешемізді
еске алып, бір жасап қалдық. Жарықтықтар, бір
аунап жатқан болар, кәне, Құран оқып жіберейік.
Дінмұхаммед, сен бастап оқы «Фатихадан», Әзе-
кең мен Әлекең жалғастырар қысқа-нұсқа сүре-
лерімен. Ал бата сөзі өзімнен. Атамыз ылғида ба-
қилық болған ата-әжелерімізді еске алып, Құран
бағыштап отырады. Біз де соған үйренгенбіз. Бұл
жолы атам ұл балалардың жанында отырғанын
пайдаланып, аят-сүрелерді соларға оқытты. Бұл
ісін ол: «Ата-бабаларыңа сендердің үндеріңмен
жаңғырған Құран Кәрімнің әр әрібі үшін сауап
жазылып, бастарына бақи дүниеде алтыннан
тәж тағылады. Әрине, оның шындығы бір Аллаға
аян» деп түсіндіреді.
69
Аруақтардың рухына Құран бағыштап, ары
қарай атаммен болған әңгімені жалғай түстік.
Әңгімеге кіріскен Аққу қыз баяғы:
– Ата, сонда әжетай ешқашан шаршамады ма?
Осындай өмірден зерікпеді ме?
– Аққуым, әжең несіне зеріксін?
– Несіне зерікпесін дейсіз, өзіңіз ойлаңызшы,
бар өмірін, жалғыз өмірін қайын жұртына арна-
ды. Қайын жұртының қасынан шықпады. Мыса-
лы, әжем төркініне өмірінде бір-ақ рет барыпты.
Бір-ақ рет! Бауырларын, басқасын сағынбай ма,
сонда? Мен болсам сіздерді бір ай көрмесем тұра
алмайтын едім. Бірден айтып қояйын, мен ертең
тұрмыс құрып жатсам, үйге жиі келіп тұрамын.
Шын, жиі келіп тұрамын. Қарлығашты қайдам,
сізді сағынып келмесе, ол да бізді сатып кетеді-
ау. Бұлбұл енді күйеу баланы біздің үйде тұр-
ғызып қойса, таңғалмаспын. Дарияшты қойшы,
кішкентай әлі, оны көрерміз. Бірақ ол да Қарлы-
ғаш әпкесіне ұқсап барады, копия.
– Ата, ренжімеңізші, бірақ айтайын, қазіргі кез-
де мынандай тенденция бар ғой: «Келін міндетті
емес, ол бірінші кезекте өзін ойлау керек» деген.
Көбіне ене мен келін сыйыса алмайды. Неге де-
сеңіз, келіні кеш тұрып, жай жатып, өзімен-өзі
болғысы келеді. Ал енесі бірге тұрып, бірге жүргісі
келеді. Жатпай-тұрмай жұмыс істегенін қалай-
ды. Ананы өйт, мынаны бөйт дегісі келіп тұрады.
Бұл – бір. Екінші, енесі ел шақырып, шай бергенді
жақсы көреді. Ал келіні күнде қонақ күтіп, ыдыс-
аяқ жуып, ары-бері шапқылап жүруді қаламайды.
70
Себебі бәрі бір-бір үйдің бикесі болған. Сіздің ай-
туыңызша, еркесі болған. Біз сияқты. Сіздер бізді
күн шуағынан да қорғаштап, қадірлеп, қастерлеп
өсіріп отырсыздар ғой. Ертең осы жылулықты
аңсап жүрмейміз бе екен деймін де...
Үшінші...
– Аққу, атаға ауыз аштырмадың ғой, тегі. Көр
де тұр, жаңағы айтқан сөзіңнің барлығынан ай-
нытып жібереді әлі.
– Ә-ә-әй, бақытты болғырлар-ай, бақытты
болғырлар. Аққудың айтқанының жаны да бар,
жөні де бар. Онысын атасы қолдайды.
– Да, ата? Дұрыс қой?
– Иә, Аққу, атаң келіседі. Сенің әр нәрсеге
өзіндік көзқарасың, тік мінезің, дегдар болмы-
сың бар. Жарықтарым, мына Аққу бауырларың
өзгенің сөзін сөйлеуден бұрын, өз ойын алға
қояды да, өзіндік ұстанымынан айнымайды.
Бұл да өмірде қажет болар мінез, бақ құстарым!
Дегенмен, айтарым да бар, Аққуым… Әжеңнің
заманы мен қазіргі күнді салыстыруға келмес,
балам. Оған қоса, әр адамның тағдыры бөлек.
Дүниеде қанша адам болса, сонша тағдыр бар.
Әжеңнің жағдайында заманның өзгешелеу бол-
ғанынан бөлек, оны менің әкем мен жеңешем,
жалпы, үй ішіміз жылы қабылдады. Әсіресе, жас
келіннің жат елде үйренісіп кетуіне енесінің ық-
палы зор. Жарықтық жеңешем келінін ерекше
сыйлайтын. Әжелеріңді бірінші кезекте өз елін
қиып, баласының бақыты үшін жаралған үрім-
дей жас қыз ғой деп қабылдап, жаңа ортаға тезі-
рек бейімделіп кетуіне көмектесті. «Алтыным»,
71
«айым», «күнім», «қөмекшім», «жаным» деп, қы-
зындай көріп, еркелетіп те қоятын. Енесінен
осындай жылулық көрген менің келіншегім де
жеңешемнен өз ілтипатын аямайтын. Менің
білуімше, сыйластық, түсіністік, жылулық екі
жақтан да есіп тұруы жөн, енеден де, келіннен
де, сонда ғана татулық орнайды. Татулық бар
жерде береке-бірлік ілесе жүреді. Бірақ тағы да
айтам, бақ құстарым-ау, әр адамның тағдыры
бөлек. Расында да, барған елінен қорлық көріп,
жарынан да, ата-енесінен де махаббат, шапағат,
жылулық көрмеген жан мұндай бақытсыздық-
қа шыдамайды. Әр қыз баласы бақытты болуға
лайық. Сондай-ақ енесі алтын бола тұра, өзінің
кесір мінезі мен миға қонбас ұсыныс-ұстаным-
дарын дұрыс санап, жарының жақындарымен
сыйыспай кететін келіндер де бар. Әр жағдай-
ға жеке-дара қарау керек шығар. Өмірде көр-
генім көп болғанымен, Құдай жаратқан тағ-
дырдың алдында дәрменсізбін. Барлық шын-
дық бір Аллаға мәлім, жарықтарым.
Достарыңызбен бөлісу: |